Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:49, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлермен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы даудамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда. [ 1 ]
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Бірте-бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға айналды.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.........................................4-6
1.1 ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫШАНДАРЫ...........................................7
1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ....................................8-11
1.3 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ...........................................12-14


2 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАРДЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.....................................................14-22
2.1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ...................................................23
2.2 ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ...................24-28

Работа состоит из  1 файл

айдос.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

3.      Мемлекетте парламент қабылдаған заңдарды іс жүзіне асыру үшін заңға сәйкес нормативтік кесімдердің қабыддануы (жарлық, қаулы, ереже, шешім және т.б.), заңнаманың делгғациялануы.

4.      Қоғамдық қатынастардың құқықпен реттелінетін негізгі салаларды кодекспен реттеледі.

5.      Құқықтың қайнар көздері ретінде нормативтік құқықтық кесім болып саналады, құқықтық әдет-ғұрыпты пайдалану жоққа тән немесе мүлдем қолданылмайды.

6.      Судьялар мемлекет қабылдаған нормативтік құқықтық кесім негізінде ғана шешім, үкім шығарады.

7.      Сот прецеденті құқықтық қайнар көзі бола алмайды және сот тәжірибесінде қолданылмайды.

       3 Дүние жүзінің кейбір мемлекеттерінде англо-саксондық құқықтық жүйе қалыптаскан. Атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия және басқа да Англияның бұрынғы отары болған елдерде кеңінен дамыған. Англо-саксондық құқықтық жүйенің ең негізгі ерекшелігі сот билігінің шешімдірі мен үкімдерінің сот прецедентіне айналып, болашақта ұқсас іс болғанда бұрын қабылданған шешімдерді үлгі, норма ретінде пайдалануы. Негізінде англо-саксондық құқықтық жүйе Ұлыбританияда пайда болды.

Англо-саксондық құқықтық жүйесінің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:

1.        Жариялық және жеке құқық арасында үлкен айырмашылықтардың болмауы.

2.        Сот прецедентінің кең қолданылуы және оның құқықтың қайнар көзі ретінде танылуы.

3.        Судьялар құқық жасайтын субъект ретінде танылады.

4. Құқықтық жүйенің жалпы құқық және әділет құқы болып бөлінуі.

5. Заңнаманың кодификацияға ұшырамауы.

       Дәстүрлік құқықтық жүйе қалыптасқан мемлекеттерде құқықтың мазмұнына және қалыптасуына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен әдет ғұрыптары әсер етеді, құқықтың негізгі қайнар көзіне әдет-ғұрып жатқызылады. Бұл құқықтық жүйе негізінде Қытай, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Африка, Мадагаскар жоне т.б.мемлекеттерде қалыптасқан.

Дәстүрлік құқықтық жүйенің мәні мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

1.       Құқықтық қатынастардың субъектілерінің дау-дамайлары мен шиеленістерді шешуі өзара келісім арқылы болады. Істің сотта қаралуын қоғамдық сана, ұлттың психологиясы мүлдем қабылдамайды. Мысалы, жапондықтардың «санасындағы құқық идеясы осы күнге дейін жаза мен тұрмемен байланысты; құқық жеккөрінішті ұғым, адал адамдар құқықтан аулақ жүрулері тиіс». Жапондықтардың экономикалық қатынастардың реттелуі де тәжірибиеге тікелей байланысты болып қалыптасқан, патерналистік көріністср өзінің тиімді нәтижелерін беруде.

2.       Құқықтың қайнар көздерінің негізгі қағидаларын әдет-ғұрып құрайды, жергілікті халықтардың тарихының қойнауынан қалыптасқан діни-мифологиялық, философиялык көзқарастар әдет-ғұрыптың мазмұнын айқындаған.

3.       Көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін ұжымдык жауапкершілік үлкен рөл атқарады, рулық қатынастар мызғымайтын көрініс мағанасында.

4.       Мемлекетте қабылданған нормативтік-кұқықтық кесімдер әдет-ғұрып, жергілікті ерекшеліктері міндетті түрде ескереді. Дәстүр заңның қабылдануына, реттеуіне тікелей ықпал етеді. Дәстүр мен әдет-ғұрыптарды ескермей қабылданған кесімдердің реттеу функциялары тиімді нәтиже бермейді.

5.          Құқықтық сана құқық бұзушылық жасамауды әдет-ғұрыпты қатаң сақтаумен байланыстырып баға береді. Бұл дәстүр аталмыш мемлекеттерде өзінің тиімді нәтижесін беруде. Мысалы, Жапониядағы гири институты — әркімнің отбасында, ұжымда, келісімшарт жасасуда алатын орнын бекіткен. Әркім өзінің орнына, мәртебесіне қарап әрекет жасауы тиіс. Себебі, қоғамдық құқықтық сана гириді құқықтан да жоғары қояды. Қарыз алдың ба, міндетті түрде гири бойынша мерзімінде қайтаруың тиіс, әкеге бағынуың тиіс, күйеуді әйелі құрметтеуі тиіс және т.б. соңдай дәстүрлі талаптар қойылған.Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқықтарға тоқталатын болсақ мемлекет пен құқықтың типологиясын жасауда формациялық түсінікпен қатар өркениеттік көзқарас қалыптасуда. А.То-инби, О.Шпенглер сияқты зерттеушілер мемлекет пен құқықтың дамуын арнайы бір мәдениеттің, этностың бір сатыдағы дамуда жеткен нәтижелердің жиынтығы деп бағалап, өркениеттің түрлерін қоғамдық-экономикалық формациядан тыс египеттік, қытай, сирия, мая, православие, араб, иран, батыстық, мексика, инкрлер, ацтектерге бөліп қарайды. Бұл типологияда жалпы көшпенділер өркениеті мүлдем көрсетілмеген. Біздің ойымызша, көшпелі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтар да адамзат өркениетінің дамуына үлес қосып, өзінің орнын алғаны даусыз. Атап айтқанда көшпенділер адамзатқа құспен аң аулау, шалбар қию, арба, ер тоқым жасау, ту көтеру, темір қорыту, күресті пайдалану сияқты құндылықтарды ойлап тауып, дүние жүзі халықтарына таратқанын естен шығармауымыз қажет. Немістің ірі ғалымы Г.Э. фон Грюнебаум түркі мәдениетінің рөлі туралы мынандай тұжырым жасады: «Тек арабтар мен парсылар ғана емес, түркілер де өз халқының, мұсылман жұртының, жалпы әлемдік мәдениеттің дамуына елеулі үлес қоскан».

Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқықтық жүйе өзінің құндылықтары және ерекшеліктерімен көптеген ғасырлар бойы Еуразия континентінің жартысын мекен еткен көшпенділердің қоғамдық қатынастарын тиімді реттеп, тыныс-тіршілігін, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде қалыптасқан кұқықтық жүйеге қарағанда мынандай ерекшеліктермен айшықталады:

Көшпелі қоғамда, құқықтық реттеу функциясының негізге алынатын мәселесі жеке адамның мінез-құлқының моральдық талаптарын асқақтату ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық құндылықтарға қол сұғып, көшпелі қазақ өркениетінің мызғымас негіздері мен құндылық бағыттарын шайқалтуға бағытталған теріс қылықтар мен қылмыстар қоғамға ете қауіпті деп танылады. Міне, сондықтан да көшпелі қоғамның әлеуметтік тәжірибесі ұяттың құдіретті күшін барлық игіліктерден жоғары қояды.

2. Қазақтың көшпелі құқығы арнайы норма тәртібімен жұртшылық, ағайыншылық, ат майы, қызыл көтеру, қонақ жайлылық және т.б. институттармен молшылықты, байлықты әділетті бөліп беруді бекітеді. Бұл қоғамның табиғаттың ауыр жағдайларынан қорғанатын тетіктері ретінде танылады.

3. Көшпенділер құқықтық санасының міндетті белгісі - ру мүшесі жасаған қылмысқа бүкіл ру болып жауап беру қағидасын жариялау. Ру - бір организм ретінде қабылданып, оның мүшелері тірі клеткалар болып табылады. Жалпы қабылданған нормалар мен тәртіптерден ру мүшелерінің мінез-құлықтарының ауытқуы бүкіл рудың атына кір келтіреді. Сондықтан қандай да болмасын кұқық бұзушылық үшін моральдық, материалдық жағынан ру жауапты болып табылады.

4. Қазақтардың көшпелі құқығы халықты қоркытып-үркітуге бағытталған жазаларды бекітпейді. Жаза колдану жүйесінде бастапқы назарға мүліктік композицияны жаткызады. Яғни, шығын келтірген жағына кінәлі адамдардың, немесе ру мүшелерінің төлем ақы беруі. Көшпенділердің құқықтық жүйесі адамды өртеп жіберу, айналып тұрған дөңгелекке салып, талқандап өлтіру, ішкі құрылыстарын ақтарып тастау, денемүшелерін шабу, тірідей көму, үшкір қазыққа отырғызу сияқты қинайтын қылмыстық жазаларды қолданбаған, ал қанды кек пен талион қағидалары дамыған жоқ.

5.                  Құқықтың ең маңызды қағидаларына экзогамиялық табудың бекітілуі жатады. Бұл қағида этностың өзін-өзі қан араласуынан сақтап қана қоймай, сонымен қатар қазақ мемлекетінің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтап қамтамасыз еткен күшті және ақылды ұрпақты қалыптастырады. [ 10 ]

      

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

      Курстық жұмысымды қорытындылай келгенде құқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. Парламент- заң, президент- жарлықтар, үкімет- қаулылар мен өкімдер, салалы министрліктер - ережелер мен бұйрықтар, жергілікті органдар - шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие.

Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне қарамайды, бәріне тең және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.

   Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданатын нормалардың жиынтығы. Әдет-ғұрып, діни, дәстүр сияқты нормаларға қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субъектілердің бәріне қатысы бар.

    Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік-құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.

    Құқық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.

    Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені құрайды.

     Мемлекеттін күші мен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану арқылы іс жүзіне асырды.

    Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялык және революциялық дамуы барысында қоғамдық-экономикалыұ формация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқықтың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Адамзаттың тарихи дамуы құқықтың негізінде төрт типін қалыптастырады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялык және социалистік. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған. Құл иеленушілік құқықтың өзіне тән ерекшеліктері мынандай сипаттармен айқындалады.

    Құл иеленушілік құқық құл иеленушілердің еркін біддіреді және олардың шексіз саяси биліктерін, диктатурасын бекітеді, үстемдігін жариялайды. Фараон патшалар құдайдың әмірімен болған, жердегі оның әміршісі деп танылды. Құқықтың барлық тетіктері осы билікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

1.   Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды: Болашақ -Баспа, 2002. - 320 б.

2.   Баймаханов М. Т. Ағымдағы Заңдардың дамуына және жұмыс істеуіне Конституцияның ықпал етуінің кейбір формалары. Жалпы құқық және мемлекет. 2001.№1. 15-бет

3.   Баққұлов С. /Құқық негіздері/ Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -248 б.

4.   Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары: Қысқаша шолу. -/Ағымдағы аударым. - Алматы: Ғылым, 1999. 320 б.

5.   Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Жеті жарғы, 2000, - 32 б.

6.   Жоламан Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық: «Тұр - пресс» - Алматы, 2005 - 296 б.

7.   Қазақ  мемлекеттік  заң  академиясының  5   жылдық  мерейтойына арналған ғылыми - теориялық конференциясының материалдары (Алматы қаласы, 17-наурыз 1999ж) - Алматы БПО Қаз МЗА, 2000.-480 б.

8.   Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық. /Құрастырған Е. Баянов. -Алматы: Жеті жарғы, 2001. - 624 б.

9.   Мемлекет туралы ойлар /Құрастырған: Н. Қазыбек. - Алматы: Жазушы, 1998.-200 б.

ІО. Өзбекүлы С, Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 264 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 



Информация о работе Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі