Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:49, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлермен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы даудамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда. [ 1 ]
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Бірте-бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға айналды.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.........................................4-6
1.1 ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫШАНДАРЫ...........................................7
1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ....................................8-11
1.3 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ...........................................12-14


2 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАРДЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.....................................................14-22
2.1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ...................................................23
2.2 ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ...................24-28

Работа состоит из  1 файл

айдос.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)


 

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

 

                                                                            Қорғауға жіберілді

                                                                            Кафедра меңгерушісі

                                                                            з.ғ.к., доцент

                                                                            --------------------

                                                                             А.А.Алимбаева

 

                                                                              2009ж «----»---------------

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Құқықтың пайда болуының  себептері,құқық түсінігі»

 

 

050301 « Юриспруденция»

 

 

 

 

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

                                                                  Ю-12cк тобының студенті

                                                Адамбеков А.О                                      

                                                                ----------------------------------

             

                                                          Ғылыми жетекшісі:

                                                        з.ғ.м аға оқытушы

                                                 Қосжанов А.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ 2009

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................3

 

1     ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.........................................4-6

1.1  ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫШАНДАРЫ...........................................7

1.2  ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ....................................8-11

1.3  ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ...........................................12-14

 

 

2    ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАРДЫҢ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.....................................................14-22

2.1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ...................................................23

2.2 ЖҮЙЕЛЕРДІҢ  ҰҒЫМЫ  ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ...................24-28

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

   Менің осы курстық жұмысымды таңдаған себебім « Құқықтың пайда болуының  себептері,құқық түсінігіне» тоқталғым келді.Бұл тақырыпта негізнде алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес».                      Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың эволюииялық өсуі мен дамуы жүздеген мыңжылдар бойы тыйым салатын әдет-ғұрып нормаларымен қатар табиғи күштеге қарсы тұра алмағандықтарына байланысты табыну нормалары да қалыптасады, салт-жоралар пайда болады. Келе-келе бұлардың барлығы бір жүйелік әдет-ғұрып нормаларына айналады және қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқарады.

 

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

       

         Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлермен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы даудамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда. [ 1 ]

Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Бірте-бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға айналды. Алғашқы қауымдық құрылыстың эволюииялық өсуі мен дамуы жүздеген мыңжылдар бойы тыйым салатын әдет-ғұрып нормаларымен қатар табиғи күштеге қарсы тұра алмағандықтарына байланысты табыну нормалары да қалыптасады, салт-жоралар пайда болады. Келе-келе бұлардың барлығы бір жүйелік әдет-ғұрып нормаларына айналады және қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқарады. Зигмунд Фрейдтің пікірі бойынша құқықтың пайда болуының алғашқы формасына тотемизм және шаманизм сияқты діни сезімдермен тығыз байланыста қалыптасқан табу жатады.

Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан әдет-ғұрып нормаларына мынандай сипаттар тән:

1. Әдет-ғұрыптың пайда болуы, қалыптасуы негізінде шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға байланысты қалыптасады. Тауда мекен еткен адамдар мен далада, шөл, шөлейт аймақтарында тұратын адамдардың әдет-ғұрыптары мүлдем басқа. Мысалы, Африка халықтары мен қазақ халқының әдет-ғұрыптарын салыстыруға болмайды.

2. Әдет-ғұрыптар аумақтың кеңістікте пайда болған алғашқы адамдардың, ру мүшелерінің еріктерін білдіреді, бәріне бірдей қолданылады. Ешкімге ерекше пұрсаттағы әлеуметтік артықшылық берілмейді. алыптасқан әдет-ғұрып нормалары әрқайсысын бәрінің қамқорлығына алады.

3. Әдет-ғұрып алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл нормаларды орындау, іс жүзіне асыру — алғашқы адамдардың санасына сіңірген дағды.

4. Әдет-ғұрып нормаларының мәні мен талаптары ру мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып, күн көруді қаматамасыз етті. Қабылданған нормаларды орындамау қауымның тыныс-тіршілігіне, оның өмір сүруіне орны толмас нұқсан келтіреді.

Әдет-ғұрып нормаларды орындау санаға сіңген және мінез-құлық арқылы көрініс беретін жүйелі дағды арқылы іс жүзіне асырылып отырады. Дағды алғашқы адамдардың әрекеттерінің өлшемі нормалардың жиынтығы, оларды орындау барлык ру мүшелерінің міндеттері және құқықтары болып табылады. Міндет пен құқық бір мағынадағы мызғымастықта.

Қоғамның даму заңдылығы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеп соқтырады. Тарихи құқықтық әдебиетте құқықтың пайда болуының жолдары мемлекеттің пайда болу себептерімен тікелей байланыстырылады. Мемлекеттің пайда болуының себептері құқықтың да шығуына әкеп соғады. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамдық катынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасыларының қолдарында шоғырлануы, байлар мен кедейлер арасындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет-ғұрып нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын, байқатады. Жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге басқа әлеуметтік пормалар Қажет болды. Ол құқық еді. Құқық негізінде үш жолмен пайда болады:

Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі уақыты ол күшпен қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерді шығара бастайды. Әдет-ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары пайда болады.

Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдсрі болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылды. Мысалы, хандық дәуірдегі көшпелі қазақ өркениетінде «істі шешкен қағида, нақтылы сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, болашақта осыған ұқсас іс, дау-жанжал болғанда қолданылып отырған». Мемлекет және құқық теориясында сот перцеденті дегеніміз соттың нақтығы іс бойынша шығарған шешімдеріне нормативтік сипат беріп, болашақта болатын ұқсас істерге қолданылатын үлгі. Схема жүзінде құқықтық пайда болуы былайша көрініс береді:

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1  ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН НЫШАНДАРЫ

 

 

    Құқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. Парламент- заң, президент- жарлықтар, үкімет- қаулылар мен өкімдер, салалы министрліктер - ережелер мен бұйрықтар, жергілікті органдар - шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие:

1. Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне қарамайды, бәріне тең және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.

2. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданатын нормалардың жиынтығы. Әдет-ғұрып, діни, дәстүр сияқты нормаларға қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субъектілердің бәріне қатысы бар.

3. Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік-құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.

4. Құқық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.

5. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені құрайды.

6. Мемлекеттін күші мен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану арқылы іс жүзіне асырды.[ 8 ]

Информация о работе Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі