Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:49, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлермен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы даудамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда. [ 1 ]
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Бірте-бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға айналды.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.........................................4-6
1.1 ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫШАНДАРЫ...........................................7
1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ....................................8-11
1.3 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ...........................................12-14


2 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАРДЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.....................................................14-22
2.1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ...................................................23
2.2 ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ...................24-28

Работа состоит из  1 файл

айдос.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

4. Гуманизм. Адамгершілік касиетінің асқақтауы ең жоғарғы құндылықтар санатына көтеріледі, табиғи құқықтардың позитивтік құқықта орын тебуі. Гуманизм негізінде адам құқықтарын ең қастерлі қүндылықтар санатына жатқызады және оның іс жүзіне асырылуы 3 мәселені қамтиды: Біріншіден, адамгершілік идеяның құқықтың барлық саласына енуі. Екіншіден, мемлекеттің күш қолдануы ереже, кек алу емсс, керісінше, тек қана қажеттіктен туындайды, келтірілген зиянды зардаптардың орнын толтыру, болашақта алдын алу үшін пайдаланылады. Осы бағытта жасалған қадамдардың ең бастысы ретінде өлім жазасын қолдануға мораторий жариялау болып табылады. Үшіншіден, құқық бұзушылық жасаған субъектілерге кінәләрінің ауырлығына байланысты қажетті жазаны тағайындау. Гуманизм қағидасы құқықтық мемлекет құру барысында адамдар діни нормаларды кеңінен қажеттікке жаратады, оларды саналы дәрежеде орындау, іске асыру аркылы, ұлы Абай айтқан имани гүлді қалыптастрады. Бұл ең жоғарғы дәрежедегі гуманизм алланы сүю, оны жаратқан адамды және пендешіліктен арылып, әділеттілікті сүю. [ 8 ]

5. Әділеттілік. Қабылданған құқықтық нормалар әділеттілік сипаттарға ие болулары қажет. Әділеттілік — құқықтың іргетасы. Бұл қағиданы құқықтық реттеудін барлық саласына енгізу мына бағытта іс жүзіне асады:

   а)              Мемлекет байлығы әділеттілік құқықтың талаптар негізінде азаматтардың қоғамға қосқан еңбек, үлесіне қарай бөлінуі тиіс. Артықшылық тек халыққа сіңірген еңбегіне қарай ғана берілуі мүмкін.

ә) Әділеттілік тек қана заңдылық негізінде іс жүзіне асады. Заңды орындау әркімнін азаматтық борышы, оны бұрмалау әділсттілікті аяққа таптау.

б)Әркімнін кінәсіне қарай заң алдындағы тең жауаптылығы.

6. Адам құқықтары мен міндеттерінің біртұтастығы. Құқықтар мен міндеттерді еш уақытта бөліп қарауға болмайды. Бұл екі ұғым бір-бірінен ажырамайтын, бір тұтастық мағынаны білдіреді. Адам құқықтары мен міндеттерін бөліп қарау әділетсіздік пен заңсыздыкка жол ашады.

7. Сендіру мен мәжбүр етуді үйлестіру. Құқықтық реттеудің негізгі қағидалары ретінде коғамда кеңінен пайдаланылатын талап. Қалай болған жағдайда да, адамды ең алдымен сендіру қажет, тек бұл жағдайда тиімді нәтижелер болмаған жағдайларда ғана мәжбүр ету шаралары қолданылады. Сендіру құлықтылық (мораль), әдет-ғұрып нормаларын қолдану негізінде болатын болса, мәжбүрлеу шаралары заңнама негізінде іс жүзіне асырылады. Құқықтық мемлекетте сендіру мен мәжбүр ету прагмативтік көзқарас негізінде тәжірибеде пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  ҚҰҚЫҚ  ТУРАЛЫ   ҚАЛЫПТАСҚАН  ТЕОРИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

 

Саяси-құқықтық ілімдер тарихында құқықтың пайда болуы туралы көптеген тұжырымдамалар қалыптасқан. Олардың барлығы құқықтың пайда болуының себептерін, жолдарын әр түрлі мағынада түсіндіреді. Осы күнге дейін қалыптасқан теориялардың мәні, мазмұндық сипаттары әр түрлі, тіпті бір-біріне қарама-қайшы келеді. Оларды салыстырмалы түрде зерттеп, ақиқатын анықтау мемлекет және құқық теориясы ғылымының басты мақсаттарының бірі. Қазіргі кезеңде мынадай теориялар қалыптасқан:[ 6 ]

2.        Марксистік теория (К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин, И.В. Сталин). Бұл теория бойынша құқық үстем тап өкілдерінін заңда бекітілген еріктері болып табылады. Мемлекет пайда болғанда құқық та пайда болып, экономикалық жағынан үстемдік еткен тап өзінің мүдделерін қоғамның барлық мүшелеріне міндеттейді, құқықтың мазмұны таптық сипатқа ұласады. Мемлекепен үстемдік еткен тап құқық арқылы өзінің мүдделерін қорғау үшін билік жүргізеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс, «Коммунистік партияның манифесі» деген еңбегінде буржуазия табына үндеу тастап, құқыққа мынандай анықтама береді: «сіздердің праволарыңыз - өз таптарыңыздың заңға айналдырған еркі ғана, мазмұны өз таптарыңыздың материалдық тұрмыс жағдайларына қарай белгіленетін еркі ғана». Бұл ағымды жақтайтындардың өкілдері құл иеленушілік мемлекеттегі құқықты үстем тап өкілдері - құл иеленушілердің еркі, феодалдык мемлекеттерде феодалдардың, буржуазиялык мемлекетте буржуазия табының еркі деп бағалайды. Социалистік мемлекетте құқық үстемдік ететін жұмысшы және шаруалар таптарының еркі. Оладың пікірлерінше болашактағы даму адамзатты коммунизмге жеткізеді, ал ол қоғамда құқық мемлекетпен бірге мүлдем жойылады, коммунистік қоғамдық өзін-өзі басқару орнайды.

3.           Табиғи-құқықтық теория. (Лао Цзы, Конфуций, Аристотель, Г. Гроций, Т. Гобсс, Ж.Ж. Руссо, Д. Локк, А. Радищев). Табиғи-құқық теориясын уағыздайтын ойшылдардың пікірлері бойынша құқық пен заң бір мағынада танылмайды. Ежелгі Рим шешені, қайраткер Цицерон мемлекет шығарған заңдардың (позитивтік құқық) табиғи құқыққа қайшы келіп, сай болмайтын болса, оларды заң деп есептемеуге шақырған. Бұл мағынада табиғи құқық туа біткен, өмір сүру, бостандық, меншікке ие болу сияқты құндылықтарды қоғамның барлық субъектілерімен (мемлекет, заңды және жеке тұлғалар) міндетті түрде мойындалатын құқықтық талаптар мен идеялар. Құқық ең жоғарғы құлықгылық құндылықтар ретінде заңнамаға қарағанда бастапқы болып саналады, адамның туа біткен көрінісі ретінде бағалануы тиіс және заң шығарушынын еркіне тәуелді емес.

Табиғи құқық идеясы негізінде Еуропада 17-18 ғасырлар аралығында кең көлемде дамып, буржуазия идеологтерінің шығармаларынан өзінің шешімін тапты, Табиғи құқық адамдардың табиғаты мен саналыққ талаптары мемлекетте қабылдаиған заңдар мен басқа нормативтік-құқықгық кесімдерден міндетті түрде өзінің көрінісін табу керек. Табиғи құқыққа сай келмей қабылданған заңдар адам құқықтарының аяққа тапталуына жол ашады, тоталитарлык жүйені қалыптастыруы мүмкін. Бірақ, табиғи-құқықтық тұжырымдама көп жағдайда құқық пен құлықгылықты шатастырады және мемлекет шығарған заңнамаға жазылмаған идеяларды қарсы қояды.

3. Тарихи-құқықтық мектеп (Г.Гуго, Г.Ф.Савиньи, Г.Ф.Пухта). Теорияның негізгі мәні құқықтың пайда болуын әдет-ғүрып, тіл сияқты өзінен-өзі «халық рухының» дамуы арқылы болатын құбылыс. Қоғамнын дамуында пайда болып, қалыптасып үлгерген әдет-ғұрыптарды заң қабылдау арқылы бекітеді және заң шығару, заң қабылдау барысында сырттан төлінген заңдар мен идеялардың жетегінде кетпей, қоғамда қалыптасқан, шешуді талап ететін қоғамдық қатынастарды ескеруге міндетті. Бірақ, бұл теория құқықтың пайда болу заңдылыктарын мойындай келе, адам құқықтарының табиғи талаптарын мойындамайды, «халық рухы» деген мағынаны ашып көрсетпейді.

4. Теологиялық теория (Аристотель, Ф. Аквинский, А. Ав-густин). Бұл теорияны ұсынушы ойшылдар құқықтың жалпы негізі ретінде кұдайдың еркін және Інжілді алады. Мемлекетте қабылданған барлық зандар құдай еркін және діни кітаптарға сәйкес болулары тиіс. Ф.Аквинский «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы ұсынып, құқықты танытатын зандарды төрт түрге бөліп қарады: [ 5 ]

1. Мәңгілік заң - құдайдың саналық қабілеті арқылы бүкіл әлемге басқару жүргізетін заң. Бұл заң негізінде табиғат пен қоғамның барлық дамуының негізін қалайды.

2. Табиғи заң - мәңгілік заңның адамнын санасында орын теуіп, тұқым жалғастыру, өзін-өзі сақтау сияқты қатынастарды дамыту.

3. Адамдардың заңдары - қағаз бетіне түскен, жазылған заңнама (позитивтік құқық), ол мәңгілік заң мен табиғи заңдарды қамтуы тиіс. Құқық табиғи заңның талабы ретінде бағаланады.

4. Құдай заңы - Інжіл болып саналады. Оның мазмұны құдай сөзі болғаңдықтан мәңгілік ақиқатты түсінуге тікелей жол ашады. Адамдар құдай заңын сақтау, орындау арқылы барлық гармонияға жетеді, қоғамдық қатынастар тиімді ретеледі.

5. Нормативистік теория. (Г.Кельзен) Аталмыш теория бойынша құқық, жалпы юриспруденция идеологиядан мүлдем ажыратылған және оның негізгі міндеті тек қана құқық нормаларының мәтіндерімен айналысуы керек. Құқық теориясы идея бойынша қалыптасқан немесе әлеуметтік тұрғыдан өмірлік тәжірибеде болып жаткан жағдайларға назар аудармауы тиіс. Құқық нормасы - ең негізгі құндылық, бірінші клетка. Сондықтан құқық теориясы тек қана құқықтық мазмұнымен емес, керісінше тек қана құқық нормасымен айналысуы қажет. Форма - құқық нормалары. Ол құқық нормасын саясаттан, әлеуметтік жағдайлардан, психологиядан мүлдем бөліп карайды. Г.Кельзен мемлекеті құқықтық нормалар жүйесі деп танып, оның барлық мазмұнын құқықтық тәртіпке әкеліп тіркейді. Құқық оның ойынша өмірде әлеуметтік техника, кұрал ретінде пайдаланылады. Г.Кельзеннің«таза құқық теориясы» негізінде құқықты экономикалық, әлеуметтік қатынастардан мүлдем бөліп қарайды. Кеңес мемлекетінің құқық теориясының негізін қалыптастырған заңгерлердің бірі Е. Б.Пашуканис нормативизм туралы мынандай пікір білдірді: «Құқықтың мұндай жалпы теориясы еш нәрсеге түсінік беруге ынта білдірмейді, нақтылы фактілерге, былайша айтқанда әлеуметтік өмірге күні бұрын теріс айналады және нормалармен ісі болып, олардың пайда болуымен, қандай да болмасын материалдық мүдделермен байланыссыз шахмат ойнындағы теория есебінде айтылғандай болады. Мұндай теория ғылыммен ешқандай байланыста емес».

Нормативистік теория, былайша айтқанда «таза кұқық тео-риясы» әлеуметтік тәжірибе мен саясаттың құқыққа үлкен әсері бар екенін жоққа шығарады.

6. Құқықтың «психологиялық» теориясы. (Л.И.Пертражицкий, Г.Тард, Д.Фрэнк, М.Рейснер). Бұл теория негізінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында Ресейде және Батыс Европада кеңінен насихатталды. Ресейде онын негізін қалаушылардың бірі, Санкт-Петербург университетінің профессоры Л.И. Петражицкий болды. Оның тұжырымдамасы бойынша құқықтың объективтік шындық екені жоққа шығарылады. Оның ойынша құқық деген «психиологиялық әсерленушілік, сезімнің билеушілігі - эмоция». Бұл мекетептің өкілдерінің ойларынша кодекстерді жойғанның өзінде құқық адамдардың саналарында құқықтық сезім ретінде мәңгі орын тебеді. Құқық бұл тұжырым бойынша қоғамның дамуының нәтижесі емес, ол жеке адамның психикасынын жемісі. Құқықтық норма психикалық әсерленушілік, сезімнің билеушілігі ретінде бағаланады және қабылданады.

Л.И.Петражицкий былай деп жазды: «Бүгінде құқықтың ұғымы заңгерлердің пікірлері бойынша шындықта, құқық аймағында тіршілік ететін (құқық нормаларынын жиынтығын немесе объективтік құқықты) жоққа шығарудан басталады. Құқықтық құбылыстар - бұл индивидтің психика өрісінде болатын ерекше түрдегі күрделі эмоционалдық интеллектуалдық психикалық процестер».

Л.И.Петржицкий ңегізінде позитивтік құқықты екінші санаттағы құбылыс деп танып, интуитивтік құқықты асқақтатып, индивидтердің құқыққа деген көзқарастарын ішкі сезімнен, психикадан туындайтын ойдың жемісі ретінде бағалайды. Құқық екі жақтың бір-біріне деген міндеттер мен талаптардан тұратын «императивтік - атрибуттык эмоция» ретінде танылады. Мысалы: міндетті адам затты, мүлікті беруі керек болса, екінші жақ талап етуге құзыры бар. Құқықтың психологиялык теориясы негізінде құқықтық әсерленушілікті (переживание) өмірдің тыныс-тіршілігінен бөліп қарайды.

Бұл теория қазіргі уақытта «скандинавиялық құқық мектебі» деп аталатын ағымда кең өріс жайған. Оның ірі өкілдерінің бірі Карл Оивекрон тіпті құқықты нормалар жиынтығы деп мойындайды, бас тартып, құқықтың қайнар көздерінің күші әлеуметтік дағды мен инстинктте деген пікір білдіреді.

7. Құқықтың социологиялық (әлеуметтік) мектебі. (О.Холмс, П.Эрлих, С.И.Муромцев, Р.Паунд, Г.Канторович). Бұл мектеп негізінде прагматизм (пайдалы істер мен қолайлылыққа ұмты-лу) идеологиясының құқықтану саласындағы бір ағымы ретінде бағаланады. Оның негізгі мазмұны құқықтың мәнін танудан бас тартады. Мысалы, бұл мектептің ірі өкілдерінің бірі Оливер Холмс (1841-1935) өзінің зерттеулерінде «құқықтың өмірі логикада емес, тәжірибеде», «қоғам нені пайдалы деп тапса, сол құқық» деген қағидаларды ұсынып, жалпы құқықтың мәніне сенімсіздікпен қарады, пайдалы істердің бәрі құқық деп бағаланды. Р. Паунд құқықты өмірдің дамуы мен үнемі өзгеріп отыратын дәлелдей келе, ол нормаларда бекітіліп, қатып қалған, «құқық кітаптағы емес», керісінше өзгеріске ұшырап отыратын «құқық әрекетінде», қозғалыстағы құбылыс деп бағалайды, соттардың істерді қарағанда құқық нормаларымен шектелуі олардың ойларын қысымға ұшыратады. Сондықтан құқық нормалары судьяларға үкім, шешім шығаруға болжам ғана болады. Судья істі шешкенде құқық жасайды. Құқық еш уақытта заңдардың мәтіндерінде толығымен қамтылмайды. Өмірдегі қатынастар жан-жақты, әр түрлі, сан алуан, қайталанбайтын болғандыктан әр ұйым, мекемелер мен кәсіпорындар өздерінің тәртіптеріне бағынады, мемлекетсіз-ақ құқық жасаумен айналысады. Е. Эрлихтың пікірі бойынша заң шығарушы орган жаңа нормаларды жасамайды, тек өмірде қалыптасып үлгерген қатынастарды, талаптарды қағаз бетіне түсіреді. Ол былай деп жазды: «Құқық қатып қалған догма емес, керісінше, ол өзгермелі, жанды күш, себебі заң шығарушының кешегі айтқаны бүгін қажетке жарамауы мүмкін».

8.           XIX ғасырда Францияда құқықтың концептуалдык мәселелері қайта қаралып, экзегездер мектебі қалыптасып үлгерді. Бұл мектептің өкілдері негізінде заң ғылымдарының мәнін, мазмұнын және міндеттерін тек қана қабылданған заңнамаға түсініктеме берумен шектелуі қажет деп түсінді. Олардың ойынша Наполеонның 1804 жылы қабылдаған азаматтық кодексі нағыз классикалык үлгідегі кодекс, сондықтан ғалымдар занды өзгертуге теориялық ұсыныстар емес, керісінше тек түсініктеме берулерімен шектелулері тиіс. Францияның даңқын шығарған Наполеонның Азаматтык кодексі Юстинианның зандары сияқты мәнгі өзгермейтін заң ретінде қабылдануы тиіс болды. Ал, ұлы қолбасшы болса, өзінің кодексі туралы мақтаныш сезіммен былай деп жазды: «Менің нағыз даңқым мен жеңген қырық ұрыста емес. Ватерлоо олардың бәрін сызып тастады. Бірақ, азаматтық кодекс ұмытылмайды, ұмытылуы тиіс емес». Солай болып қалды да. Себебі, француз зерттеушісі Сейдюдің тұжырымдары бойынша бұл кодекс имам Мәлік жазған мұсылмандық кітаптан құрастырылған. Францияда экзегездер мектебінің кең еріс жаюына байланысты заң ғылымында формальді - догматикалық көзқарастар үстемдік етті, жаңа тұжырымдамалар мен тсориялар мүлдем ұсынылмады.

9. Адхократиялық теория (Э.Тоффлер). Бұл теория XX ғасырдың 70-жылдары Англияда дүниеге келді. Тұжырымдаманы жасаушылардың бірі футуролог Э.Тоффлер «заңдылық» ұғымының жалпы дағдарысқа ұшырауын айта келе, постиндустриялық қоғамға адамдардың барлық мінез-кұлықтарын заңмен реттеу олардың барлық әрекеттеріне тыйым салу мүмкін емес. Қоғамдық қатынастардың күрделенуі күнделікті өмірге, адам-заттың санасына кірмейтін оқиғалар мен сәттерді енгізуде. Сондықтан құқық барлық әрекеттерді реттей алмайды. О.Тоффлер қажеттіліктен туындайтын сәттік дау-дамайды адамдар өздері ереже жасап шешулері қажет деген пікірді алғатартады. «Заңдылықтың алтын ғасыры артта қалды, ол күрделі урбанизацияланған қоғамның пайда болуымен байланысты болды және тарихтан мемлекеттің орталықтан басқару институттарымен, өкілетті демократиямен бірге кетеді, бостандық келісімімен шарт топтардың аралық қатынастарының негізі болады. Классикалық құқықты қайта жандандыру философия, этика, адамның дүниедегі және ғарыштағы орныны қайта ұғыну, кұқықтың түсінігіне қайта оралу арқылы болмақ. Құқықтың іргетасы адамгершілік болып табылады. Болашақта құқықты жандандыру үшін космизм бастауларын мойындау арқылы метафизика, ироциональдық (ақылға сыймайтын), мистикалық (жұмбақ) білім, тірі көзқарас керек, бірақ құқық туралы болымды білімнің орнына емес, онымен бірге». Бұл жерде теорияның негізін қалаушылар келісім шарт жасау арқылы әділетсіздіктің кең етек жаятынын мүлдем ескермейді.

10. Идеяциалық теория. (П.А.Сорокин). Теорияның негізгі қағидасы қоғамда құқықтың сананың дағдарысқа ұшырап, адамдардың гуманистік, адамгершілік құндылықтардың күйреуі және адам саналарында информациялық атқылаудан, тек прагматикалық ой-сананын үстемдік етуі құқық қағидаларының аяқ қатапталғанын ашына жариялайды. П.А.Сорокин құқыққа деген көзқарасты қалыптастыру адамдардың барлық сезімдерін, қимыл-әрекеттерін құдай ісіне, діни сезімдерге баулау қажет. Себебі, постиндустриялық қоғамда кеңетек жайған қатыгездік, порнография, секс, айуандық әрекеттердің кеңінен насихатталуы адам санасын антигуманистік қасиеттермен ластауда. Сана дағдарысы барлық құқықтық нигилизмді, немқұрайдық пен жағымсыз әрекеттерді қалыптастыруда. Оны шешудің жолы — құдай, жаратушы сөзімен санадағы жараларды емдеу. Құқықтық сана бетбұрысын қалыптастыру діннің негізгі іргетасы. Жаратушы — Алла алдында жауап беруге сендіру, соның нәтижесінде құқықтық тәртіп орнату барлық қатынастарда үйлесімділікті орнатудың қайнар көзі. Ұлы Абайдың сөзімен айтқанда: «иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, сыртын қанша жуса да іші оңбаған».

Информация о работе Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі