Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:49, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлермен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы даудамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда. [ 1 ]
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Бірте-бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға айналды.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.........................................4-6
1.1 ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫШАНДАРЫ...........................................7
1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ....................................8-11
1.3 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ...........................................12-14


2 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАРДЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.....................................................14-22
2.1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ...................................................23
2.2 ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ...................24-28

Работа состоит из  1 файл

айдос.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

11.Құқықтық экзистенциялық теориясы. (Г.Кон, М.Хайдеггер, В.Майхофер). Экзистенциалистср адам өмірін тек кездей-соқ оқиғалардан болатын құбылыс деп таниды. Сондықтан барлық адамдарға тән жалпы нормаларды қабылдау, бекіту, орнату мүмкін емес. Жеке адам тек өзіне қажетті әрекеттерді істейді. Себебі, өмірде қандай болған жағдайда бір-бірінен айнымайтын істер мен әрекеттердің болулары да мүмкін емес. Адамның санасы бәріне бірдей орнатылған құқықтық нормалары қабылдамайды. Адам индивидуализмнен еш уақытта ажырай алмайды, сондықтан құқық бір сәтте болған әрекеттерді шешу үшін пайдаланылады және оның ролі қақтығыстарды реттеуге келіп тіреледі.

Кеңес мемлекеті құқтың теориясын жасауда идеологиялық, таптық талаптарды басты назарға алады. Қазан төңкерісінен кейін пролетариат диктатурасының идеологтері құқықтың мәнін, оның функцияларын тек таптық мағынада түсінумен шектеледі. К.Маркс пен Ф.Энгельстін буржуазиялық құқыққа берген сипаттамасы классикалық деп танылады. Соның нәтижесінде кейбір зерттеушілер құқықты ескі қоғамның қанаушылық рөль атқаратын құралы ретінде танып, бағалауға дейін барды. Мысалы, А.Г. Гойхбарг деген құқықтанушы 1924 жылы мынандай тұжырым жасаған: «Дін — халық үшін апиын. Бірак, .... құқық сол халық үшін апиыннан бекер уландыратын, бас айналдыратын апиын».

20 жылдарда Кеңес өкіметінің ірі заңгерлерінің бірі П.И. Стучка құқықтың ұғымын негізінде қоғамдық қатынастардың жиынтығымен тікелей байланыстырып қарап, оған мынандай анықтама береді: «Құқық деген үстем тап өкілдерінің мүдделеріне сәйкес келетін және оның ұйымдасқан күштерімен қорғалатын қоғамдық катынастардың жүйесі (тәртібі)». Ал, марксизмнің құқық теоретигі болып саналатын Е.Б. Пашуканис құқықты құқықтық қатынастардың жүйесі деп бағалады. Екі зерттеуші де құқықты тануда динамикалық мағынаны білдірді, оны үнемі өзгеріп отыратын құбылыс деп таныды. Осы жылдарда Кеңес мемлекетінің ірі қайраткері Н.В. Крыленко және басқа заңгерлері құқық дамып нығайған сайын оған жаңа талаптар қойылатынын дәлелдеп: «Құқық деген заңдар мен әдеттік құқықта қоғамдық катынастардың білдірілуі», - деген пікір білдірді. Бұл анықтамада нормативтік сипат айкын байқалады.

1938 жылы Бүкілодақтык советтік құқық ғылымының отырысында А.Я. Вышинский өзінің жасаған баяндамасында құқыққа мына мағынадағы анықтама береді: «Құқық дегеннен үстем тап өкілдерінің еркін білдіретін, заңнамалық тәртіппен мемлекеттік өкіметпен орнатылған әдет-ғұрыптардың қолданылуы мемлекеттік күшпен қамтамасыз етілетін мінез -құлықтардың, әдет-ғұрыптардың және тұрмыстық ережелердін жиын-тығы».

50—60 жылдары заң ғылымында құқықтың анықтамасын кең келемде түсіну қажеттігі туралы мәселе көтеріледі. Атап айтқанда А.К. Стальгевич, С.Ф. Кечекьян, А.А. Пионтковский сияқты ғалымдар «құқық деген мемлекет бекіткен және құқықтық қатынастар негізінде пайда болған құқықтық нормалардың жүйесі» - деген аныктаманы ұсынып, құқықтық нормалардын құқықтық қатынастармен тығыз байланыста болатындығы дәлелденеді. Я.Ф. Миколаенко деген зерттеуші С.Ф. Кеченьянның және А.А. Пионтковскийдің құқыққа берген анықтамасын одан әрі қарай кеңейте түсіп, «құқық деген құқықтық қатынастар, құқықтык сана, субъективтік құқық, құқық қолдану көсімдері негізінде пайда болған құқықтық нормалардың жүйесі», - деген тұжырымды алға тартты. Жоғарыда айтылған көзқарастар құқық теориясында құқықты кең көлемде түсіну деген ұғымды қалыптастырды.

90 жылдары зан ғалымдарынын докторы, профессор Л.С. Явич кұқықтың мазмұнын адамгершілік тұрғыдан түсіну қажеттігі мазмұндық мағанаға ие болып, өзіндік сипатымен ерекшеленетінін атап көрсетті. Атап айтқанда ол былай деп жазды: «Құқықты адамгершіліктің бір бөлшегі, яғни теңдік және еркіндіктің өлшемі деп мөлшерлеуіміз тиіс. Мұндай қасиеттерден жұрдай нормативтік жүйе ешқандай да құқық болуы мүмкін емес».[ 4 ]

В.С. Нерсесянц құқықты еркіндіктің өлшемі деп тану құқықтың барлық функцияларын, мәнін нақтылы айқындайтынын дәлелелдеп, мынандай қорытынды жасады: «Мен құқықты адамдардың қоғамдық қатынастары формалды теңдігін білдіретін нормативтік түр ретінде түсінемін. Бұл кағида құқықтың жеке қасиетін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оны басқа да әлеуметтік реттеушілерден айыруға көмектеседі. Негізінен әр түрлі адамдардың формальды тендігін мойындау — олардың еркіндігі мен тәуелсіздігін тану деген сөз. Тек қана азат, еркін адамдар ғана кұқықтың субъектісі болуы мүмкін, ал ол екеуі жок жерде кұқық бар деп айту тіпті де мүмкін емес. Сондықтан да кұқықтық нормалар бағынатын субъектілер мен олардың ара қатынастарына ортақ еркіндіктің тең өлшемі деп қарастырылады. Құқықтың бұл түсінігі әділеттілік қоғамдарымен тығыз байланысты. Әділеттілік құқықтан туындайды. Әділеттіліктің құқықтық сипаты мен мәнін жоққа шығару - үстемдікке жол беру деген сөз. Бұл кезде әділдік ұғымы құлықтылык, діни, дүниетану, саяси, әлеуметтік, ұлттық және тағы баска мүдделерімен алмастырылады. Әрине, құқық айтылған нақтылы бұл мүдделерді ешқашанда жоққа шығармайды, керісінше, олар осы құқық арқылы танылып, қорғалуы керек. Дегенмен де құқық осы жеке мүдделердің нормативтік бекітушісі емес. Керісінше, әділеттілік құқықтың жалпыға ортақ негізі ретінде барлық осы мүдделерді салыстыра отырып, оларға әділ құқықтық өлшем болып табылады».

Г.В. Мальцевтің пікірінде мынандай идея бар: «Біз позитивтік құқықтықты жақтағаннан не ұлттық? Құқық пен азаматтық коғамның теориялык байланысы мүлдем үзілді. Яғни, құқық мемлекеттін саяси әміршіл құрамы болып, аппараттың күшін бекітті. Біздін көптеген мемлекет және құқық  теориясы оқулықтарына қарап отырып одан құқықтық нормалар бір лабораториялық жағдайда жасанды түрде заң шығарушылар көмегімен пайда болып, содан соң ерекше бір реттеуші тетік арқылы нақтылы өмір мен әрекетке түсетін сияқты. Құқық мәселесі — адам, қоғам, құлықтылық ұғымдарынан бөліп алынып, жеке қаралды. Сондықтан да демократиялық қоғамның құқық деп халыктың мүддесіне сай келетін және де адамдардың ерікті іс-әрекеттерін мемлекет билігі күшімен қорғаушы және реттеуші жүйе деп түсінуіміз керек».

Пікір таласқа араласқан заң ғылымдарының докторы, профессор Д. Зоркин, В.С. Нерсесянцтың пікірін қолдай келе өз ойларын былай деп тұжырымдады: «Құқық еркіндіктің өлшемі деген ойды қолдай отырып, біржағынан бұл норма(тең өлшем, жалпыға ортақ масштаб) құқықтың көп қырларының бірі ғана екенін ұмытпауымыз керек. Ал, басқа жағынан алғанда құқық ол анықталған, бір өлшемге келген соң еркіндіктің өзі ...Сана мен күш-жігер әр адамға тән қасиет екені белгілі, сондықтан да ол өзінің ішкі сезімі арқылы қандай іс-әрекетпен айналысқысы келетінін таңдап алуға ерікті. Осыған байланысты еркіндіктің екі қыры ашылады: ішкі және сыртқы түрлері. Кәдімгі әлеуметтік өмірдегі құқық еркіндіктің сыртқы түрі, яғни адамдардың қимыл-әрекеттерін реттейтін құрал. Осыдан барып сыртқа еркіндік түріндегі құқық пен мемлекеттік күштердің арасында орнайды. Ал, құлықтылық адамның ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Егерде құқықтың субъектісін сатып алу шартын орындауға көндіруге болатын болса, адамды, біреуді жақсы көруге немесе жек көруге күштеп көндіру мүмкін емес. Сол себепті құқық адамның ішкі жан дүниесімен араласпауы керек. Дегенменде, осы сыртқы мен ішкі еркіндік бір-бірімен байланысты. Құқық пен құлықтылық екеуі бірге отырып, адамның рухани дүниесін кұрайды. Құлықтылықтың құқықтан тыс қалуы үстемділіктің, зорлық зомбылықтың өркендеуіне жол береді. Тек қана құлыктылықпен байланысты құқық өзінің нақты мәнін табады».

Құқыққа деген көзқарас заманның дамуына байланысты шексіз болып қала бермек. Азаматтың тарихы - оның мәдениетінің жабайылытқан, тағылықтан өркениеттік үлгіге көтерілуінің үнемі қозғалыстағы үрдісі. Осыған байланысты біз еш уақытта құқықтың функцияларын, мәнін, мазмұнын, мәдениеттен бөліп, ажыратып зерттей де, қарай да, тани да алмаймыз. Мәдениет — құқықтың іргетасы, қалыптасуының қайнар көздері. Әр халықтың өзіне тән мәдениеті, салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері құқыққа өзінің әсеріи тигізбей қоймайды. Сондықтан құқық дегеніміз әрбір этнос мәдениетінің үлгісі ретінде қалыптасып, мемлекетнен қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында бекітілген, адамгершілік қасиеттерді анықтайтын, әділеттілік қағидаларын жариялайтын және қажет болған жағдайларда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.[ 7 ]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 ҚҰҚЫҚ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ

 

 

    Құқықтың мәнін толыққанды дәрежеде ұғыну үшін экономика мен құқықтың арақатынастарын терең түсіну қажет. Экономика мен құқық негізіңде мынандай байланыстық пен арақатынас арқылы көрініс береді:

1. Құқық экономиканың туындысы және еш уақытта одан жоғары бола алмайды. Құқық экономикалық қатынастардың жиынтығын, онын заңдарын қамтамасыз етеді. Қоғамның, мемлекеттің экономикалық негізін құрайтын өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік құқықтық қатынастары әрқашан құқықтың барлық мәнін, мазмұнын, функцияларын айқындайды. Құқық экономиканы қамтамасыз етеді. Оның бағыты мен дамуының соңынан ілеседі. Бірак, сонымен қатар құқық экономиканың дамуына тосқауылдар қоюыда мүмкін.Ғылыми негізсіз, субъективизм желісімен жасалған құқықтық реформалар экономиканын дамуын тежеуі әбден мүмкін.

2. Сонымен қатар, құқық экономикадан бөлек, өз бетімен экономиканың дамуына тікелей әсер етеді. Экономикалық қатынастарды тиімді реттеу, қорғау арқылы құқық үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Реформалар жасау арқылы экономиканың мүмкіндіктерін жоғарғы санатқа көтереді. Мысалы, АҚШ-та Ф.Рузвельт, Д.Кениеди сияқты Президенттер құқықтық реформа арқылы экономиканы дағдарыстан алып шыққан. Мұндай мысалдар көп елдерде болған.

Саясат құқықтан кең мағынада танылады. Теориялық мағанада саясаттың ұғымы әр түрлі түсініктермен айқындалады және анықтамалары беріледі. Саясат деген мемлекет ісіне қатысу (В.И. Ленин) деген ұғым үлкен мәндік сипатқа ие. Саясат бірнеше бағытта дамиды: сыртқы, ішкі, мәдени, тіл ұлттық идеология, дін сияқты көптеген салаларды қамтиды. Мемлекет жүргізген саясаттар құқық арқылы іс жүзіне асырылады. Құқық саясатты іс жүзіне асырады, оның туындысы ретінде бағаланады. Құқықтық қағидаларға негізделмеген саясат халықтың назарлығын қалыптастырады [ 9 ]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҰҒЫМЫ  ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

      

          

       Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтын тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылык ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Негізінде дүниежүзінде қалыптасқан құқықтық жүйелер жалпы ұғым ретінде кабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттык ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.

     Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз әр мемлекеттерде қалыптасқан құқық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы.

   Дүниежүзілік құқықтық жүйе негізінде бес түрге бөлінеді:

1. Мұсылмандық құқықтық жүйе (діни);

2. Роман-германдық құқықтық жүйе;

3. Англо-саксондық құқықтық жүйе;

4. Дәстүрлік құқықтық жүйе;

5. Көшпелі өркениетінін құқықтық жүйесі.

1 Дүние жүзі мемлекеттеріңде ислам діні кең тараған елдерде қалыптасқан жүйе ретінде Сауд Арабиясында кең көлемде және барлық талаптарға сай орныққан. Ливия, Тунис, Йемен, Біріккен Араб Эмираттары, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Индонезия сияқты мемлекеттерде қалыптасқан. Мұсылман құқының пайда болуы ислам дінінің негізін салушы, Мұсылмандық сенімімен Құранның уағызы бойынша, Алланның жердегі елшісі, ұлы пайғамбар Мұхаммедтің (570-632) есімімен тікелей байланысты. Алланың сөзі өлмес өсиет ретінде Қасиетті Құран пайғамбарымызға аят беру арқылы түсірілген. Онда мұсылмандардың барлық мінез-құлықтары реттелген.[ 5 ]

Мұсылман құқына тән мынандай ерекшеліктер бар:

1. Құқықты жасаушы жаратушы болып табылады, оны қабылдау, орындау бәріне міндетті. Құқық бұзушылыққа бару алла қойған талаптарға қарсы шығу болып саналады, құдай алдында кешірілмейтін күнә.

2. Мұсылман кұқының қайнар көздері ретінде құран, хадис, иджма, тәфсир, қыяс танылады.

а)Құран адамдарға Мұхаммед пайғамбар арқылы түсірілген алла сөзі «Жәннәттан бәрінде түсіндер, — деді — сендерге менен тура жол (кітап, расул) келеді. Кімде-кім сол жолмен жүрсе, оған қауіп-қатер жоқ және олар ешқашан өкінбейді.Ал, аяттарымызға күпірлік келтірушілердің және оны өтірікке шы-ғарушылардың орны тозақ. Олар тамұқта мәңгі қалады». Құран алла сөзі ретінде адамдарға жазылған зандар.

б)Хадистер (сунна) — жаңалық, хабар. Мұхаммед пайғам-барымыздың өз ауызымен айтқан ұлағатты сөздері мен істерін
баяндайтын, сунниттер аса құрмет тұтатын, ереже, қағидалардың жиынтығы.

в)Иджма (келісім, бір ауыздан пікір білдіру) — қаралған,
талқыланған іс бойынша беделді мұсылман құқынын білгірлері
шығарған, қабылданған қорытынды пікірлері.

г)Тәфсир - құранды оқу барысында оның мазмұнына, аяттарына берілген доктриналдық түсініктемелер жиынтығы.

д)Қыяс (ұқсастық) - қаралатын, шешілетін мәселелерді
бұрын шешімін тапқан істермен салыстыру арқылы Құран, хадистер негізінде шешім қабылдау, прецедент жасау.

3. Мұсылман құқықтық шариғат заңдары құқықты жариялық және жеке деп бөліп қарамайды, реттеу жүйесі біртұтастык мағана ретінде танылады.

4. Адам құқықтарында Алла алдында міндеттіліктін басымдылықтанытуы, тыйым салынған әрекеттерді бұлжытпай орындау.

5. Мұсылман құқы дін, өмір, сана, ар-ождан және тұқым жалғастыру, меншік сияқты бес құндылықтарды қорғауға бағытталған.[ 5 ]

       2  Роман-германдық құқықтық жүйе дегеніміз тарихи даму барысында рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануы. Бұл кұқықтық жүйенің қалыптасып және дамуына VI ғасырда дүниеге келген Византияның императоры Юстинианың «Corpus iuris civilis» деп аталатын құқықтық құжаты ерекше рөл атқарады. XVIII—XIX ғасырдың бас кезеңінде континенталдық Европа мен АҚШ-та Конституциялар мен салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың 1789 жылы, Францияның 1791 жылғы Конституциялары 1804 жылы Францияда кабылданған Наполеонның азаматтық кодексі. Роман-германдык құқықтық жүйенің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:

1.Мемлекетте міндетті түрде ең жоғарғы күші бар Конституцияның болуы.

2.      Құқықтық жүйенің жариялылық (мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық) және жеке болып бөлінуі (азаматтық, неке, сауда).

Информация о работе Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі