Кластерлік модельдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 19:33, курсовая работа

Описание

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері...............................................................................................5
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы........................................................................................................................10
1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі....................................................................................................................
2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.................................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары.....................................................................................................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері...............................................................
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
ҚОСЫМША............................................................

Работа состоит из  1 файл

кластер.doc

— 927.50 Кб (Скачать документ)

     - кластерлік концепцияны таныстыру;

     - артықшылықты бастамалар мен стратегияларды  анықтау; 

     - коммерциялық қызмет үшін мүмкіндіктер және желілік мүмкіндіктер;

     - кластердің дайындық деңгейін анықтау;

     - потенциалды басшыларды анықтау.

     Кластердің  қатысушыларының жиналысы жиі болып тұрады. Бұл жиналыстардың масштабы және күнтізбесі  саланың сұранысымен байланысты жоба координаторларымен белгіленеді. Жоба координаторлары кластер қатысушыларының бірінші жиналысында кластер дамуының жалпы құрылымын зерттеу дұрыс деп шешуі мүмкін (мүмкін, бірінші 4 жиналысында).

     Үкімет  жалпымемлекеттік және аймақтық деңгейде нақты жобаларды жасауға, олардың  бизнес өкілдерімен жүзеге асуына қолдау көрсетеді. Мысал ретінде тігін  өнеркәсібіндегі аймақтық еркін  экономикалық зонаның білімін алуға болады.  Сондай-ақ жергілікті өндірушілер салық төлеуден босатылады, ол өз кезегінде бизнестің жылдам өсуіне себепкер.

     Таяу жылдары ел дамуындағы абсолютты басымдық - Қазақстанның жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамуы. Мұндай қарқынмен, таяудағы 7-10 жыл көлемінде еліміздің жаңа тиімді экономикасы құрылуы тиіс.

     Бірақ қазіргі Қазақстандық индустрияның негізінде құрылады. Сондықтанда  қазіргі таңда қабылданған даму жоспарларының қалай жүзеге асып жатқанына, жүзеге асыру барысында  басқарушылар мен менеджерлер қандай сабақ алғанына көңіл бөлуіміз қажет.

     Қазіргі таңда кластерлік бастама 2005 жылы қабылданған Үкіметтің "Экономика секторында 7 пилоттық кластерді дамыту және құру бойынша жоспарларды қабылдау туралы " қаулы негізінде жүзеге асады. Негізгі бағыт кластерлік бастама. Соңынан, 2006 жылы жеке қалаларда пилоттық кластерлерді дамыту жөнінде жоспарлар қабылданды. Кластер бағытындағы жұмыстармен салыстырғанда, олар жайлы ақпараттар легі біраз қысқырталды. Азық – түлік кластерін дамыту үшін технопарктер қажет.

     "Қазақстанда азық –түлік кластерін жылжыту және дамыту үшін технопарктер керек. Кластерді қолдаудың қаржылық жағы «Даму» қоры арқылы немесе жергілікті әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар арқылы шешілуі тиіс" - деп У.Казуми атап көрсеткен. Оның ойынша азық – түлік өндірісінде кіші және орта бизнесті дамытуды қамтамасыз етуде технопарктердің маңызы зор.

     Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы "азық-түлік өндірісі" кластерін төрт артықшылықты және бәсекелесті бағыттан тұрады: сүтті, етті, майлы, астықты. Облыс ауданында азық – түлік өндірісінің өнімін шығаруда мамандануда әлі он шағын кластер құрылады деп жоспарлануда. Астық, ет, сүт, жеміс – жидек және балық өндірісі бағытында кластерлер құруға көп көңіл бөлінген.

     Ауылшаруашылық  өндірісін тікелей және жанама мемлекеттік қолдау ауылшаруашылығында кластерлер құрылуы жақсы жүргізуде. Мұндай құбылыс елдің көп аудандарында  белең алуда.

      

     1.3  Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі

     Саланың эволюциялық процесі кластерлердің пайда болуын немесе ұлғайғанын көрсетеді. Сонымен кейбір секторларға серпін беріледі, сөйтіп сала шегінен шығып экономиканың дамуының күшті қуатына айналады. Кластерлердің пайда болуы фирмалардың көптеген типіне байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалардың алға тартушы күші ақтық өнімге қойылатын талапқа байланысты. Ақтық өнімді щығаратын сала бәсекеге қабілетті сүйемелдеуші саланы туындатады. Жоғарыда айтылғандай, Жапонияда көптеген бәсекеге қабілетті өндіріс іргелес салалардан өсіп шықты.

     Кластерлердің пайда болуы жеке салаларда прогресті  жылдамдатады. Кластердің ішіндегі өзара  байланыс инновацияны күшейтетін тіпті  ұлттық экономиканың көптеген секторларында  да осындай жағдай кездеседі. Бұл  қазіргі кезде Жапонияда электрониканы  тұтынудағы көршілес салаларда анық байқалып отыр.

     Экономикадағы үнемі дамып отырған өндірісте  кейбір кластерлердің азайғаны байқалады. Бәсекеге қабілеттік әртүрлі детерминаттарға  сүйенгендіктен ұлттық позицияны сақтау әртүрлі кластерлерде біркелді болмайды. Технологиясы күрделі емес, өнімі нашар жіктеліп топтасқан салалар өздерінің бәселестік басымдығынан айрылады. Құндылық тізбегіндегі өнімділігі аз қызмет түрі шет елге ауысады.

     Саланың пісіп-жетілуіне байланысты инновациялық процесс баяулайды немесе бүтіндей тоқтайды. Осындай жағдайда фактор шығыны шешуші рөл атқарады. Егер де жағымсыз жағдайлар өздерінің ықпалын  таңдаса, өндірісті жетілдіруге  серпін береді. Ел жоғары дамыған сегментте (салада позициясын жоғалтқанмен) дұрыс жүргізілген бәсеке негізінде өзінің позициясын сақтап қалады.

     Мобильді  технология әлемдік нарықта шешуші рөлді факторлық шығын атқарады деген пікір туғызады. Алайда технологияның  мобильділігі имитациялы лагты қысқартқанымен, басқа елдерден технология алатын фирмалар тұтас бір ұрпаққа артта қалып қояды. Фирманы күшейтетін фактор технологияға ену емес, технологияны дамыту болып табылады. Импортталған технологияны орналастыру және жетілдіру көптеген жағдайда ұлттық “ромбыға” тәуелді. Жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік фирманың білім мен технологияны жасап, оны пайдалануына байланысты. Ақпарат технологиясын дамыту, жаңа материалдарын өндіру, биоинжерия жаңалықтарының толқынына қажетті жағдайларды жасайды. Тіпті дәстүрлі немесе бір қарағанда қарапайым салалардағы “кемелдену” қорқынышының жалған болуы мүмкін.

     Италия  осы жағдайда жиі пайдалана алды, дәстүрлі салаларда (жиһаз, аяқ киім және киім) фирмалар өздерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Швеция “көзге түсетін” салалар негізінде жақсы дамып келеді. Олардың қатарына жататындар тұрмыстық электр приборлары, жүк машиналары, кен қазу құралдары.

     Бәсекеге  қабілетті салалардың кластерлерінде бәсекеге қабілетті салалар ұлттық экономикада біркелкі бөлінбейді. “Ромбаның”  жүйелік табиғаты ұлттық бәсекеге қабілетті салалардың кластерлерін жасайды. Гүлденіп отырған сала әдетте вертикалды (сатып алушы жабдықтаушы) немесе горизантальды (жалпы клиенттер, технология, делдалдар және т.б) өзара қарым-қатынастарымен байланысты болады.

     Бұған жақсы мысал Дания. Осы елде әлемдік  рынокта бәсекеге қабілетті салалар  өзара тығыз байланысты. Бұған  қоса Данияда бәсекеге қабілетті  салалардың кластері бар. Олар үй жиһаздарны жасайтын және медицина салалары. Денсаулық  сақтау кластерлері ауыл шаруашылық кластерлерімен технология және шикізатқа қойылатын талап арқылы байланысқан.

     Швецияның целлюлоза және қағаз өндірісінде  ғана емес, ағаш өңдеу құралдары, бақылау-өлшеу  аспаптары, конвейерлі жүйелер, қағаз  кептіру құралдары, сондай-ақ целлюлоза мен қағаз өндіретін құралдар өндірісінен бәсекеге қабілеттігі бар. Швецияда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі болмағанмен, целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне арналған химиялық заттар өндірісінен дүниежүзілік деңгейге жетті. Италияда ірі кластерлер тұрмыстық тауарлар, тамақ, сәндік киімдер мен аяқ киім өндіруді біріктіреді. Герменияда мына төмендегідей салалардың кластерлері бар: химия өндірісі; металлургия; көлік және қағаз басу. Осы айтылғандардың бәрі де өнім шығару арқылы табысқа жеткен. Мысалы, Израильде негізгі кластерлер ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш, су жүйесі т.б) және қорғаныс саласында жинақталған.

     Қорыта  айтқанда, жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі бар елдердің бәрінде, барлық жерінде кластерлер кең орын алған. Бұл жағдай барлық жоғары деңгейде дамыған ұлттық экономиканың негізгі белгісіне айналған.

     Кластерлердің пайда болуы ұлттық басымдық детерминанттарына  тікелей байланысты, олардың жүйелілік  сипатының көрінісі болып табылады.

     Бәсекеге  қабілеті бір салада өзара күшейту  қатынасы арқылы басқасына көмектеседі. Бұндай сала тауарлардың сатып алушылары мен қызмет көрсететіндерге талап қойғыш болып келеді. Елде олардың болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің маңызды факторы болады.

     Бәсекеге  қабілетті жабдықтаушылар, сондай-ақ елде тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік береді. Олар технологиямен қамтамасыз етеді, жалпылама өндіріс факторларын дамытады, жаңа өндірушілерді туындатады. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бір сала жөнінде де осыны айтуға болады.

     Кластер қалыптасқанда барлық өндіріс бірін-бірі сүйемелдейді және пайда барлық бағыттағы байланыстар бойынша таратылады. Бір саладағы белсенді бәсеке басқа салалардың кластеріне таратылады. Басқа салалардан келген кластер жаңа өндірушілердің дамуын жылдамдатады. Бұлар жаңа стратегияны және біліктілікті ендіруге қажетті қаржылармен қамтамасыз етеді. Сөйтіп ақпаратпен еркін алмасу мен жаңалықтың тезірек тарауы жүзеге асады. Кластерлердің ішкі өзара байланысы күтпеген жерден бәсекеге жаңа жол жасауға көмектесіп, жаңа мүмкіншіліктерді туындатады. Адам ресурстары және идеялар жаңа комбинация құрайды. Силикон алқабы осыған айқын мысал бола алады.

     Кластер ішкі проблемалардағы тұйықтықты, салғырттықты, икемсіздікті және бақталастар арасындағы келісімді жеңуге арналған құрал болып табылады. Кластердің болуы ақпарат алмасуын және жаңа әдістерді, жаңа өндірушілерді туындатады. Белгілі бір ұғымда кластер аутсайдерлерді дүниеге әкеледі. Олар бәсеке күресіндегі тартысқа жаңалық қосады, сөйтіп ұлттық сала өзінің артықшылығын сақтап қалуға мүмкіндік алады. 

     Барлық  кластердің қолда болуы ішкі бәсекелес  тобы бар салаларға  факторлар  жасауды тездетеді. Кластердегі  барлық фирмалар (өзара байланысты) инвестицияны мамандырады т.б. Осы  жағдайлар жаңа фирмалардың көптеп пайда болуына әкеліп тірейді. Кластер ірі капитал жұмсауға және мамандануға итермелейді.

     Үкімет  пен университеттер кластерге көп  көңіл аударады. Кластерге барлық жаңа дарынды адамдарды тартады, сөйтіп елдің халықаралық деңгейде беделі өседі.

     Кластер кеңею үрдісіне ие болады. Өйткені бәсекеге қабілетті сала басқа, жаңа саланы туындатады. Осы өсу бағыты кластердің құрылымына тәуелді. Бұл әр елде біркелкі емес. Ақындайтын екі мысал келтірейік. Жапонияда кластерлердің даму үрдісі горизанталь бағытта болды. Өйткені мұндағы компаниялар көршілес салаларға еніп кетуге дайын. Бұған олардың мақсаттарының табиғаты және ішкі диверсификацияға бейімділігі әсер етеді.  Италияда кластерлер вертикальды бағытта дамиды. Жұмыс істеп тұрған компаниялардың аралас диверсификациясы неғұрлым сирек кездеседі.

     Кластердің  даму процесінде оқшауланған салалардан экономикалық ресурстар құйыла бастайды. Егер де сала халықаралық бәсекеге бет алса, кластердің пайда болуы  ерекше көзге түседі.

     Қорыта  айтқанда, ұлттық бәсекеге қабілеттік көп жағдайда жеке салалардағы кластерлердің даму деңгейіне байланысты. Осы жағдай үкімет саясатына және компания стратегиясына барынша маңызды болады.

     Кластерлердің ішіндегі өзара алмасуы - ұлттық ромбаның негізінде және кластерлердің құрылуында алмасатындар мыналар: қажеттілік жөніндегі ақпарат, сатып алушы салалар арасындағы жабдықтаушылар мен тектес салалардың арасындағы техника мен технологиялар. Осындай алмасу жүзеге асқанда және әрбір салада белсенді бәсекені қолдағанда бәсекеге қабілеттілігіне жақсы жағдайлар жасалады. Ендігі сөз кезегінің тізгіні жоғарыда аталғандардың өзара әсерлерінің механизмдері жөнінде болмақ. Ұлттық кластерлердегі фирмалардың айырмашылықтары бар, тіпті кейде қарама-қарсы мақсаттары да болады. Жабдықтаушылар мен сатып алушылар баға мен пайданы бөлісу жөнінде жанжалдасып қалады.

     Осындай жағдай ақпаратпен алмасуға кері әсер етеді, өйткені әрқайсысы жеке дара пайдаланғысы келеді. Бәсекеде өзара  алмасу жергілікті фирмаларға пайдалы  жағдай жасайды.

     Әрбір елде және сол елдің ішінде, әрбір  салаларда кластерлердің сипатында және тиімді әсер етуінде айтарлықтай өзгешеліктер болады. Егер де кластерлердің ішінде өзара алмасу (жеке салаларда немесе нарық сегментінде) бәсеке қабілеттілігіне тез қол жеткізеді және ұзақ мерзім сақталады. Бұған дәлел – шведтік тау-кен өнеркәсібі және оған құрал-жабдық шығару.

     Кластерлердің өзара алмасуына көмектесетін тұтқалар ақпарат ырғағын жеңіл жүргізетін, фирманың горизантальды және вертикальды  байланыстарын үйлестендіретін. Төменде  солардың бірнеше мысалдар келтіріліп отыр.

Информация о работе Кластерлік модельдер