Кластерлік модельдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 19:33, курсовая работа

Описание

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері...............................................................................................5
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы........................................................................................................................10
1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі....................................................................................................................
2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.................................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары.....................................................................................................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері...............................................................
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
ҚОСЫМША............................................................

Работа состоит из  1 файл

кластер.doc

— 927.50 Кб (Скачать документ)

     10 елдегі 100 саланың бәсекеге қабілеттілігін  талдай келе М. Портер бәсекеге  қабілетті компаниялар елде жүйесіз  шашылмаған, бір немесе бірнеше аймақта концентрация тенденциясы бар деген қорытындыға келді. Бұл құбылысты келесідей түсіндіреміз: нарықта бәсеке қабілеттілікке қол жеткізген бір немесе бірнеше фирмалар өзінің жағымды әсерін айналасына таратуда: жеткізушілерге, тұтынушшыларға және бәсекелестерге. Айналасындағы жетістіктер өз кезегінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге көмектеседі. Өзара байланысты пайдалы одақтастықтың нәтижесінде, салалары тығыз байланысқан, бәсекелестіктің өсуіне бірге ықпал еткен фирмалардың кластері құрылады.

     Көптеген  экономистер кластер анықтамаларын  талдай келе, жай кластерлерді қарастырады. Олар кластерлерді дифференциалдауға негіз бола алатын: өндіріс кластері, аймақтық кластер, инновациялық кластер және т.б

     Кластердің  әртүрлі анықтамасын қарастыра келе, келесідей қорытынды жасауға болады:

     1) көптеген авторлардың трактовкаларының ішінде кластер ұғымына қатысты концептуалды бірлік, отандық зерттеушілер сүйенетін, негізгі теоретикалық база М.Портердің “кластер” концепциясы;

     2) шетел авторларының анықтамаларындағыдай, отандық экономистер кластерге әртүрлі анықтама береді. Аумақтық локалдандыру (географиялық концентрация) өзарабайланыстың анықталған тәсілі (тігінен, көлденеңінен, тігінен және көлденеңінен).

     3) көптеген экономистер бұл ұғымға  анықтама берерде әртүрлі ұғымдар қолданады, олардың ғылыми қызығушылығына және шешілетін мәселелерге толық жауап беретін аспектілерге көп көңіл бөлінеді.

     Осыған  сәйкес кластерлерде екі орталық  кезеңді бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, кластерлердегі фирмалар әртүрлі әдістермен байланысқан. Байланыстар көлденең (сату және сатып алу тізбектері) және тігінен (қосымша өнім және қызметтер, технология немесе институттардың арнайы шығындарды қолдануы ) болып келеді. Бұл байланыстардың көпшілігі өзіне фирмалар үшін пайда әкелетін әлеуметтік қатынас немесе желілерді тартады.

     Екіншіден, кластерлер – өзекті салаға бағытталған, бір-бірімен байланысты географиялық жақын топтар. Кәсіпорындардың біріккен орны, құнды жасайтын, бірге қызмет ететін фирмалар арасындағы желілердің нәтижесі болып табылатын артықшылықтардың көбеюімен құрылуына әсерін тигізеді, өзекті сала айналасындағы интеграция барлық одақ үшін қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өндірістің географиялық локалдануы, кластердің құрылуының негізі ретінде бар болып қарастырылуы керек. Осының барлығы М.Портердің жоғарыда көрсетілген анықтамаларының дұрыс екенін көрсетеді.

     Финляндияның  экономика институтының ғалымдары  кластерлерді кемелділік деңгейі бойынша жіктейді және күшті, тұрақты, потенциалды, латентты кластерлерді бөліп көрсетеді. Мықты кластерлер үшін өндірістік циклдің негізгі этаптары жоғары бәсекелестікпен қатысушылар арасындағы белсенді байланысты көрсететін кластердің тиімді құрылымы қажет. Тұрақты кластерлер тұрақты дамиды, кластер ішінде белсенді өзараәрекетке ие болады. Агломерациядан мәнді артықшылықтарды алу үшін өндірістің потенциалының критикалық массасы жеткіліксіз. Потенциалды кластерлер дамудың мәнді ресурстарына ие, сондай-ақ құрылымы үзінділенген болып келген. Латентті кластерлерде бірнеше құрылымды буындар және әлсіз коммутивті өзарақатынастар бар.

     Кластер ұғымын түсіндіруде әр-түрлі көзқарастар  бар. Бұл:

     - кеңістікті – экономикалық (аймақтық-салалық концентрация мазмұнында кластер ішкі технологиялық және басқа да өзарабайланыстармен шарттасқан болып қарастырылады). Бұл көзқарасты қолдаушылардың бірі М.Портер;

     - құрылымды (кластердің анықтамасы оның құрылымынан және қатысушылардың өзарабайланысынан туады);

     - желілік (кластер желі түрінде  немесе желінің әртүрлілігі ретінде  түсіндіріледі);

     - институтционалды (қатысушылардың іс-әрекетіне, институттардың орнымен роліне көп орын беріледі);

     - функционалды (кластер анықтамасы тік және көлденең байланыстардың талдауына сүйенеді);

     - интеграциялы (кластердің негізін  қатысушылар арасындағы байланыс  құрайды, интеграциялы байланыстар маңызды орын алады);

     - стратегиялық (кластер стратегияны,  өндірістік саясатты жүзеге асырудың, аймақтың, кәсіпорынның бәсекеге  қабілеттілігінің құралы ретінде  қарастырылады).

     Кеңістікті  – экономикалық көзқарас жалпыланған болып саналады. Бұл көзқарастың айналасында кластер трактовкасы екі кезеңде орналасқан – бұл қатысушылар арасындағы байланыспен өндіріс концентрациясы. Бұл көзқарас екі бағыт бойынша дифференциялануы мүмкін:

     1) негізінде өндіріс күштерінің  орналасуы, жергілікті ресурстардың тиімді қолдануы, экономикалық агломерация жатқан экономика-географиялық көзқарас;

     2) аймақтық өндіріспен мамандануы негізінде құрылған көзқарас;

     Кластердің  әсерлерін және масштаб әсеріе зерттеуге  ерекше мән беріледі. Кеңістікті –  экономикалық көзқарастарды кластерді экономикалық білім ретінде қарастырғанда қолданады.

     Құрылымды көзқарас кластердің қызмет атқарып  отырған жақтарына, олардың өзара  байланысына басымдық беретін отандық  зерттеушілерге тән.

     Желілік көзқарас айналасындағы кластер  трактовкасы даулы болып табылады. Осы көзқарасты жақтаушылар кластерді бір немесе бірнеше иерархиялық кластерге сегменттелген желілердің әртүрлілігі ретінде қарастырады.

     Кластер теориясы және желілер теориясы –процестерді жақсы түсіндіруге және бір-бірімен  өзара байланысқан әртүрлі бағыттар. Кластерлер теориясы өзара қатынас пен бәсекелестік желілер теориясын байланыстырады. Кластер – географиялық аймақ айналасында бақыланатын, фирма және ұйымдардың жақын орналасуы белгілі-бір жалпылаудың формасын қамтамасыз ететін және өзара қатынастың жиілігімен күшін арттыратын желілер формасы.

     Желілер теориясы кластер қалай жұмыс  атқаратынын және шығарылымды болып  келе жатқанын түсінуге көмектеседі. Кластер теориясы өз тарапынан желілер арасында қоғамдық капиталмен, қоғамдық белсенділікпен бәсекелестік арасында, экономикалық өсумен тығыз байланыс орнату мүмкіндігі ретінде қарастырылады.

     Кластердің  құрылу процестері ішкі орта факторларының  ықпалымен жылдамдатылады, баяулатылады және бейтараптандырылады. Бұл процеске бизнес-қоғамдар, кәсіпорын ассоциациялары, салалар мен басқа да институтционалды білімдер, сондай-ақ үкімет жүргізетін саясат өз ықпалын тигізеді.

     Кластер шаруашылықтың, экономикалық қатынас  пен байланыстың жаңа формасы  болып табылады. Олар өз кезегінде  келесі бағыттарда көрініс табатын белгілі - бір әлеуметтік-экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді. Біріншіден, экономика секторларының және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігімен өнімділігі артады. Екіншіден, инновациялық және кадрлық потенциалының артуы. Кластерге қатысушылардың біріккен күші мамандарды даярлау жүйесін құруға себебін тигізеді. Кәсіби білім және мамандарды даярлау және қайтадаярлау, квалификацияны арттыру жүйелері – маңызды бәсекелестік артықшылықтар. 

      Кесте 1.

      Кластердің  дамуымен құрылуына әсер ететін факторлар 

Кластердің  дамуына ықпал ететін факторлар Кластердің  дамуына кедергі жасайтын факторлар
1 Аймақ  териториясына жеткізушілердің  концентрациясы 1  Жеткізу  жүйесінің тиімділігінің төмендігі  және жеткізушілердің сапасының  төмендігі
2  Инженерлік және ғылыми жоғары маманданған персоналдардың және оны дайындауға базаның бар болуы 2  Өндіріс  қажеттіліктеріне ғылыми-зерттеу  жобаларының адекватсыздығы
3  Ғылыми-техникалық  және эксперименталды базаның  бар болуы 3  Жоғары  және орта кәсіби мекемелердің арасындағы байланыс әлсіздігі
4  Жоғары  кәсіби білім жүйесінің сапасы  және дамуы 4  Салалық  және кәсіби ассоциациялардың  төмен тиімділігі
5  Өндірістік  кооперациялардың дәстүрлері 5  Отандық  кәсіпорындардың бәсекелестік тәжірибесінің  әлсіздігі
 

     Үшіншіден, нәтижелерді енгізумен зерттеулер жүргізу тәжірибелі өндірісті құру міндеттерін бірлесе отырып шешкен дұрыс. Төртіншіден, бұл жеткізу  жүйесінің дамуы. Кәсіпорын үшін жеткізушілер – технологиялық тізбектегі маңызды бөлік, өнімнің бағасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты. Кластердің дамуы – шикізат жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға септігін тигізеді. Бесіншіден, бұл аймақтың экономикалық дамуы, аймақ жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі, еңбекақы деңгейінің артуы және құрылымының жағымды жаққа өзгеруі.

     Қорытындылай  айтсақ, кластер ірі бизнесті дамытуға заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік  береді. Жаңа технологиямен жаңа өнім алуға қадамдар жасалады.  

     Үшіншіден, нәтижелерді енгізумен зерттеулер жүргізу тәжірибелі өндірісті құру міндеттерін бірлесе отырып шешкен дұрыс. Төртіншіден, бұл жеткізу жүйесінің дамуы. Кәсіпорын үшін жеткізушілер – технологиялық тізбектегі маңызды бөлік, өнімнің бағасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты. Кластердің дамуы – шикізат жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға септігін тигізеді. Бесіншіден, бұл аймақтың экономикалық дамуы, аймақ жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі, еңбекақы деңгейінің артуы және құрылымының жағымды жаққа өзгеруі.

     Қорытындылай  айтсақ, кластер ірі бизнесті дамытуға заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік  береді. Жаңа технологиямен жаңа өнім алуға қадамдар жасалады.  

     1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы 

     1991 жыл Егемендік алғанға дейін экономикадағы Қазақстанның орны тек астық өсірумен, метал шығарумен және пайдалы қазбаларды табумен ғана шектелді. Қазақстан экономиканы басқарудың әкімшілік басқарушылық үлгісі кезінде бәсекелестіктен қорғалған өз тауарлары үшін, сапаға байланыссыз өткізім нарығына және ресурстарына ғана сүйенетін. Кеңес өкіметінен кейін бұл орталық жоспарлау жүйесі құлады, бұл өз кезегінде еңбек өндірісінің құлауына әкеп соқты. Соның нәтижесінде нарықтық экономикада өндірістік көп салалары бәсекеге қабілетсіз болды. Егемендіктің басқы 5 жылында экономикалық құлдырау жылына 10%, ЖҰӨ-дегі өндірістің үлесі 1992 жылы 31%-ға түсті, 1996 жылы 21,2% болды. 1996 жылдан бастап экономикалық дамудың жаңа кезеңі басталды. Мұнайға баға өскеннен бастап экономикалық өсім жылына 9-10% құрады.

     Соңғы жылдары мұнай саудасынан түскен түсім артуда, бұл өз кезегінде  экономикалық және әлеуметтік жағдайдың  артуына көп септігін тигізеді.  Мұнайға баға өсуіне байланысты қысқамерзімді өсу экономикадағы жалған бәсекеқабілеттілікті тудырады. Үкімет мұнайдың бағасының өсуіне байланысты туындайтын қатерді біледі. Сол себептен бәсекеқабілеттілікті арттыру үшін жоспар ойлап щығарды.  Экономикалық саясаттың артықшылығы болып экономиканың бәсекеқабілеттілігін арттыру болып табылады. Осы мақсатпен 2003 жылы 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялды – инновациялық стратегия қабылданды.  Бұл стратегияның мақсаттарының ішіне еңбек өнімділігін 3 есе арттыру, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы климат,   жоғары технологиялы өндіріс салаларын дамыту жатады.

     Экономиканы диверсификациялау, еңбек өнімділігін  арттыру үшін Қазақстандық кластерлік бастама туындады.

     Қазақстандық  кластерлік бастаманың мақсаты (жобаны жүзеге асыру 2004 жылы маусым айында басталды) - жоспарды игеру экономиканың маңызды салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданылады.  Жоспарды игеру процесі келесідей жоба бойынша кластерлерге бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін талпыныс береді. Өйткені бұл процесске БАҚ бар болуымен байланысты басқа да қызығушы тараптар қатысады, жылдам нәтижелерді алуға бағытталған шаралар қолданылады. Ол өз кезегінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін артқанын көрсетеді. JAA (J.E. Austin Associates Inc.) Қазақстанға кең тәжірибеде дәлелдемеге негізделген динамикалық әдісті қолданып, мәселелерді шешуге көмектеседі.

     Бұл жобаның мақсаты – Қазақстандағы  кластерлердің өміршеңдігін құптау, бәсекеге қабілетті артттыру үшін индустриалды базаны жасау мақсатында 5-7 пилоттық кластерлерді анықтайды. Экономиканың табылмайтын секторларының бәсекелестік дамуы еңбек өнімділігін арттыруға, елдің экономикалық өсуін жеделдетуге көмектеседі. Бұл секторға кіретін кәсіпорындардың көбі: шағын және орта кәсіпорындар. Бұл кәсіпорындардың басты артықшылығы инновацияға негізделген, жылдам экономикалық өсуді арттырады. Жобаны табысты жүзеге асырудың Қазақстан үшін маңызды салдары бар, оның көбі жобаның соңына қарай белгілі болады. Мынадай нәтижелер күтіледі:

     - тұрақты экономикалық өсу және  одан болған кірістерді тең  бөлу;

     - экономикалық диверсификацияның өсуі;

     - ішкі инвестицияның өсуі;

     - табылмайтын өндіріс саласындағы  мықты бизнес-қоғам бәсекелестікке негізделген, іскерлік климатттың нақты жақсаруы;

Информация о работе Кластерлік модельдер