Кластерлік модельдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 19:33, курсовая работа

Описание

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері...............................................................................................5
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы........................................................................................................................10
1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі....................................................................................................................
2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.................................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары.....................................................................................................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері...............................................................
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
ҚОСЫМША............................................................

Работа состоит из  1 файл

кластер.doc

— 927.50 Кб (Скачать документ)

мұндағы, ТАС - ағымдағы активтер.

     К0та 2008=30251/13058=2,32

     К0та2009=42409/29184=1,45

     К0та2010=45730/ 10562=4,33

     Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің  артқанын көрсетеді. Егер 2008 жылы кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32 тиын, ал 2009 жылы 1 теңге 45 тиын, 2010 жылы 4 теңге 33 тиын келтірді.

     5) Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті 

     КЗО= SN/ ЗС           (23) 

мұндағы, SN - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

                ЗС - өндірістік материалдық қорлар.

     КЗО2008=16871/8720=1,93

     КЗО2009=34712/9384=3,69

     КЗО2010=24893/8898=2,79

     Біздің  кәсіпорынымызда сатылған өнімнің  өндірістік өзіндік құны негізінде  есептелген материалдық айналым  құралдарының айналымдылық коэффициенті 2008 жылы – 1,93 рет; 2009 жылы - 3,69 рет, 2010 жылы – 2,79 рет болды.

     6) Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.

     

     КОД/З= DN / DЗ          (24)

мұндағы, DЗ - дебиторлық борыш.

     КОД/З 2008=  2022902/140007 =14,45

     КОД/З 2009=1095416/199832 =5,48

     КОД/З 2010=896568/141069 =6,36

     Біздің  кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті 2008 жылы – 14,45 рет; 2009 жылы – 5,48 рет, 2010 жылы – 6,36 рет болды.  Дебиторлық борштың  айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның дебиторлық борышының төмен бөлуын көрсетеді.

     7) Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.  

     КОК/З= DNЗ           (25) 

     КОК/З 2008 =30251/14998=2,02

     КОК/З 2009 =42409/13819=3,07

     КОК/З 2010 =45730/80769=0,57

мұндағы, КЗ - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

     Біздің  кәсіпорынымызда кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті 2008 жылы –  2,02 рет; 2009 жылы – 3,07, 2010 жылы – 0,57 рет болды 

     2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік  дамудың жағдайы мен проблемелары 

     Бәсекелестік  – нарықтық экономиканы дамытуды тиімді жүргізудің негізгі механизмі. Егер бәсеке мен бәсекеқабілеттілік жоқ болса өнім өндіретін нарықтық экономиканы тиімді әрі тұрақты деп айта алмаймыз. Бұл экономикалық теория мен тәжірибенің әліппесі. Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттыру басымдықты міндет. Бұл тек қана басымдықты міндет ғана емес, ұлттық ауқымдағы маңыздылық деңгейі жоғары міндет. Қазіргі біздің өндіріп және тұтынып отырғанымыз ішкі және сыртқы нарықта бәсекеқабілетті болуы керек. Сонда ғана тиімді және тұрақты дамушы экономикаға қол жеткіземіз. Нарықтық экономикада өндіріс тиімсіз бола алмайды, нарық заңына сай банкротқа ұшырауы тиіс. Бәсекеқабілетсіз өнім шығару бұл – материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын және ең басты ресурс уақытты жоғалту, ұлттық дамуға деген ұмтылыс жоқтығы. Қазақстандық экономиканы жұмыс күші ретінде географиялық, технологиялық жағдайды ескерсек өте қиын. Егер Еуропаның орташа дамыған елдерінің деңгейіне жеткізіміз келсе, тек қана бәсекеқабілеттілікті емес, жоғары технологияны, қосымша құны жоғары, экспортқа бағытталған дайын өнім болуы тиіс. Дамушы елдердің міндеті осы. Бірақ қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Үкіметі бәсекеқабілеттілікті арттыруда проблемаларды көрмей отыр. М.Портер кластерлік даму үшін 7 саланы таңдап алған, ол өз кезегінде мақсатқа жету үшін жеткілікті болып табылады.

     М. Портердің бәсекеқабілеттілік концепциясына  сәйкес елдер жеке салада ғана емес, бір-бірімен байланысты салаларда немесе экономика секторында жетістікке қол жеткізеді. М. Портердің айтуынша, кластер бұл – ұдайы өндіріс байлнаыс жүйесі мен технологиялық инновацияның салааралық кешені. Басқаша айтқанда, кластер – аймақтық концентрация базасында құрылған бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдар. Олар нарықта өзінің бәсекелес позициясын қамтамасыз ету үшін мамандығы мен жақын орналасуынан пайда көреді. Қазіргі таңда әлемдік нарыққа шығу үшін бір өнім мен бір сала емес, бір кәсіпорындардың жетістігі онымен байланысты байланысты басқа кәсіпорындардың жетістікке жетуіне себеп болатын, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестікте үлкен жетістікке жетуге кедергі болатын ортақ проблемаларды шешуге бірігетін үлкен кешен қажет.  Көбінесе, бұл кешен бірнеше мамандандырылған жеткізушілермен, техникалық тізбекпен байланысқан негізгі өндірушілер мен тұтынушылардан тұрады. Кластер мүшелерінің байланысы тігінен ғана емес (жеткізуші – сатып алушы), көлденең (жалпы клиенттер, технология, делдалдар, инфрақұрылым т.с.с) болуы мүмкін. Кластерлік механизм бәсекеқабілеттілікті арттырудағы аумақтық –ұйымдық фактор бәсекелестік артықшылық үшін алғашқы қажетті негіз жасайтын өндіріс факторына қосымша қызмет атқарады. Өндіріс қаншалықты аумақтық ұйымдасқан болса да, бірінші кезекте техникамен, прогрессивті технологиямен, жоғары сапалы жұмыс күшімен жабдықталуы тиіс.

     Жабдықталып қана емес, сондай-ақ техникада, технологияда, жұмыс күшінде бәсекелестік артықшылық алуы тиіс. Ол өз кезегінде, халықтың жалпы білім ұйымның формасына және оларды басқару әдістеріне, ғылым мен техниканың жетістігін тез игеруге, ақпарат жағдайы мен байланыс құралдарына, елдің даму ауқымына тәуелді, яғни өндіріс факторы қолданылатын ортаға. Әлемдік тәжірибе, М. Портер және басқа ғалымдар дәлелдегендей, өндіріс факторлары соған сәйкес ортада ғана емес, өндірістің кластерлік ұйымдасу кезінде де қолданылады. Бірақ кластер биліктің нұсқауымен құрылмайды, оны жеке кәсіпкерлер құрады, компанияны функциялаушы базада он шақты жыл қосылады. Бір-бірімен байланысты кәсіпорындар кәсіпкерлері бірге қызмет атқарып, бірін-бірі толықтырып, тәжірибе жинап, білім жинақтап, ғылыми – техникалық базаны жетілдіріп, белсенді маркетинг өткізуі қажет. Сонда ғана кластер ел үшін тиімді және өнімді бола алады. М. Портердің кеңесшісі К. Кетелстің айтуынша, “уақыт өте келе кластер мемлекеттік қызметшінің шешімінсіз, табиғи жолмен пайда болуы мүмкін”. Өкінішке орай, біздің кәсіпкерлер мұндай деңгейде жеткен жоқ.  Өз инвесторларымен арада сенім әлі қалыптасқан жоқ. Қазақстандық жеке кәсіпкерліктің құрылғанына көп жылдар болған жоқ және аймақтарда қалыптасқан іскерлік, инвестициялық климат бұған сай келмейді.

     Биліктің  бизнеске көп араласуы, тең бәсеке шартының болмауы, жабық бизнес, инвесторлар  құқығының қорғалмауы, парақорлық, құқық –қорғаудың әлсіздігі негізгі кедергілер болып табылады. Демек, елде кластерлік даму үшін басты жағдай жасалмаған. Егер бар үміт билікте, әкімшілік механизмде болса, кластер тиімсіз болады. Кластерді дамыту үшін биліктен өндірісті дамыту үшін әкімшілік тірек, инвестициялық құйылым қажет емес, керісінше құрылымдық және институтцианалдық реформалар негізінде құрылған іскерлік және инвестициялық климат қажет. Өндіріс инфрақұрылымының тез дамуы және кластер қатысушыларына көмек бәсекеқабілетті болуға кедергі болатын ортақ мәселелерді шешуге көмектеседі. Әзірше ол тек қана экономикадағы бәсекелестікті шектеп отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өндірістік жағдайда егер салада бәсекелестік артықшылық жоқ болса, кластер ішкі және сыртқы нарықта бәсекелік басымдық алуға көмектесе алмайды. Кластер жасау шешімін биліктің бұйрығымен басымдықты саланы таңдау,  яғни қате әрі пайдасыз саясатты таңдау. Қанша рет 20 жыл ішінде басымдықты саланы таңдадық, ал нәтиже қайда? Ещбір елде басымдықты саланы таңдауда қателіксіз өткен емес.

     Артықшылықты  саланы таңдау оңай емес. Ол әртүрлі  преференциялар ұсынған қуатты мемлекеттік  қолдауды шарттастырады, бұл коррупцияның өсуіне, мемлекеттік ресурстардың жоғалуына  әкеп соғады. Жіберілген қателіктер үшін халық зардап шегеді. Экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері М. Фридмен айтпақшы “үкіметтің әрбір қателігі үшін біз өз ақшамызбен, ал олар – біздің ақшамызбен жауап береді”. Кластер құрылған аумақты әлемдік осындай зоналарды жасау нормасына сай үкімет еркін зона деп жариялады. Бірақ бұл бәсекелестікке мемлекеттің араласуы, кезінде М. Портер осы мәселе экономиканың бәсекеқабілеттілігін төмендететін ірі фактор деп атап көрсеткен. Бұл салаларға тең емес бәсеке шарттарын жасайды. Нарық пен кәсіпкерлер ғана өз капиталын қайда салу керек екенін анықтай алады. Ешқандай үкімет инвесторларға өз капиталын қайда салып қайда салмау керек екенін нұсқай алмайды. М. Фридмен айтқандай “үкімет анрықтан ақылды емес”. “Жеке кластер үшін үкімет жағдай жасау керек пе” деген өз сұрағына К.Кетелс “Жоқ. Өз көрсеткіштерін жақсартқысы келіп бірге жұмыс атқарғандар, барлығы үшін ашық болуы тиіс” деп өзі жауап қайырды. Протекцианистік шаралар мен бәсекелестікті шектеу, кластердің дамуына кедергі келтіреді.

     Қазақстан қазіргі таңда жоғары технологиялы, ғылыми, жоғары қосылған құны бар инвестициялық процесс шын мәнінде экономикалық өсу сапасының  темпіне әсер ететін өндіріс индустриалды емес, постиндустриалды кезеңде дамуда. Жоғары технологиялы және ғылыми сыйымды өнімдердің салалық шегі жоқ. Биоақпараттық, электрондық, коммуникативті, химиялық, лазерлік және басқа да жоғары технологиялар кез-келген салада, кез-келген өндірісте қолданыла алады. Елге оның қандай сала екені маңызды емес, тек осы өнімдер өндіріліп, бәсекеқабілетті және жоғары қосылған құнмен елдің максималды табыс көзі болса. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жеке салаларды таңдап алудың қажеті жоқ. Қазақстан экономикасын ішкі және сыртқы нарықта бәсекеқабілетті ету үшін кластерлік саясатты жүргізген кезде, онда бәсекелік басымдықтың бар болуы аса маңызды болып табылады.

     Елдің бәсекелестік артықшылықтары елдің  шаруашылық жағдайында тарихи қалыптасқан, шаруашылық қызмет субьектілерінің  әртүрлі тәсілдерімен және табиғи болуы да мүмкін. М. Портердің айтуынша, “белгілі бір стратегияны жүргізуде елдің ерекшеліктерінің көбі жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін ”. Қазақстан шаруашылығындағы тарихи қалыптасқан және табиғи шарттар: бұл – сыртқы нарығы “тар” болып келетін, бірақ табиғи-минералды ресурстарға бай, әсіресе көміртекті ресурстар, ауылшаруашылықты дамыту үшін жер алқаптары бар ел. Территориясы өте үлкен, халықтың қоныстану тығыздығы төмен, бір-бірімен жалпы өндірістік инфрақұрылымда әлсіз байланысқан бес ірі аймаққа бөлінген, теңізге тікелей шығуға жол болмағандықтан, теңізге тікелей шыға алатын елдермен салыстырғанда өнімді жеткізу 4 есе қымбат. Қазақстандық өнім энергия сыйымды: энергия сыйымдылық еуропа елдерінің көрсеткіштерінен 3-4 рет, АҚШ және Жапониядан 4-5 ретке артық. Бұл шарттар әлемдік нарықта бәсекеқабілеттілікті баяулатады. Инфрақұрылымның дамуы да әлсіз. Қазақстандық мамандар арасында елдің табиғи ресурс көп болса, басқа елдермен салыстырғанда бәсекелестік басымдығы жоғары деген жалған пікір қалыптасқан. Қазақстан табиғи ресурстарға, мұнайға бай болған күннің өзінде әлемдік нарықта, сыртқы нарықта да бәсекелестік басымдыққа ие емес. Қазақстандық мұнайды тасымалдау және өзіндік құны Парсы шығанағы аймағындағы елдердікіден 6-9 есеге, басқа мұнай өндіретін елдермен салыстырғанда 4 есеге артық. Қазіргі таңда Қазақстандық мұнай сапалы, бағалы, тұтынушылардың сұранысына ие болғандықтан жақсы сатылып отырған жоқ. Әлемдік нарықта мұнайға деген баға қымбат, әрі тапшылыққа байланысты мұнайға сұраныс көп болып отыр. Қазақстанда ресурстық бәсекелестік артықшылықты табиғи ресурстардың бірнеше түрінде көруге болады. Олар: ішкі нарыққа өндіріліп шығарылатын темір рудасы, хром, астық, метал, әсіресе болат. Басқа ресурстардан Қазақстан Ресей, Аустралия, Канада,ОАР сияқты елдерге жол беруде. Тағы да екі жағдайды ескерген жөн. Біріншіден, елдің ресурстарын тұтынатын Қазақстандықтар нарық жағдайында мұнайды әлемдік бағамен сатып алуы тиіс.

     Үнемдеу транспорттық шығындар есебінен тек  қана ішінара болуы мүмкін. Екіншіден, табиғи ресурстардың молшылығына негізделген, бәсекелестік басымдық тұрақты болмайды, әрі бәсекелестік күресте елдің мықты позициясын  сақтауға кепілдік бермейді. Қазақстандық кәсіпорындардың техника - технологиялық деңгейі әлі төмен. Қазіргі таңда ескірген, тозған техникалар жетіп жатыр. Қосымша құнның жоғары үлесімен байланысты басымдық беретін технологиялық лидерлік алуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан технологияны шетелден сатып аламыз, ал шетелде ол технология өмірлік циклінің соңғы кезеңінде болады. Мұндай технологиялар өнімді көптеп өндіруге мүмкіндік береді, бірақ онда қосылған құнның көлемі аз, өйткені жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер жоғары қосылған құнды жаңа тауарлардың бірінші түсімінің бағалық артықшылықтарымен, лицензияны сатумен, жаңа өнімді шығару үшін құрал – жабдықтармен байланысты өмірлік циклінің бірінші кезеңінде береді. Қазақстан ТМД және Азия елдерінің кейбірімен салыстырғанда еңбек ресурстарында бәселестік артықшылыққа ие емес.

     Үкімет  ұсынған кластерлер қашан ұлттық экономиканы “алдыға жетелейтін күш” болады? Бұл сұрақ көбінесе тігін кластеріне қатысты, Қазақстандық мақта бағалық, сапалық, тұтынушылық жағынан египеттік, үнділік, қытайлық, пәкістандық матаны айтпағанда өзбек және түрікмен мақталарынан әлдеқайда төмен тұр. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстандық мақта көбіне ішкі істер министрлігіне қажет әскери арнайы киімдерді тігу үшін қажет болды. Ондай жағдай қазіргі кезде де қайталануда. Қазақстан мақтасымен жұмысшыларға киім тігуде. Қазақстандық мақтаны сапасы, тұтынушылық қасиеті көбіне оны өндіретін аймақтың табиғи ресурстарының жағдайымен анықталады. Олардың жақсаруына мақта өндіретін ескірген технология әсерін тигізбейді, шаруалардың жеткілікті білімінің жоқтығы, өндірудегі нормалар мен шарттардың бұзылуы. Егіннің 90%-ы қолмен жиналады. Жиынды механизациялауда шаруалардың қаржылық мүмкіндігі жоқ. 1-2% түсім алатын болса, өндірісті 10% және одан жоғары несиелендіруде жағдайды қиындатады. Осының барлығына қарамастан кластерді бастамашылар оны Қытайға экспорттауға болады деп есептейді.

     Қазақстандық  төмен сапалы мақтаны Қытайға  экспортқа бағыттаудың негізі жоқ. Қытай төмен сапалы, қымбат мақтаны темір жолмен тасығанша, теңіз жолы арқылы Аустралия, АҚШ, Египет, Грециядан сапалы әрі арзан мақтаны импорттаса сол тиімді. Әрине егер Қазақстаннан мақтаны контрабандалық жолмен тасымалдамаса. Қазірде саланың барлық шикізатының тек 3% ғана қайта өндіріледі, ал қалғандары – мақта, жүн, терілер арзан бағаға елден шығарылады (сондықтанда біздің мақта Латвия мен Ресейге экспорталады).

Информация о работе Кластерлік модельдер