УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Студентердің білімін бағалау

 

Баға

Әріптік

эквивалент

Рейтингтік балл

пайызбен (%)

Балмен

Өте жақсы

А

А-

95-100

90-94

4

3,67

Жақсы

В+
В
В-

85-89

80-84

75-79

3,33

3,0

2,67

Қанағаттанарлық

С+
С
С-
D+
D

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0-49

 

0

 

1.9 Курстың саясаты

      сабақтан қалмау

      сабақ кезінде сөйлемеу, басқа іспен  айналыспау

      ұялы телефондарады сөндіру

      сабаққа күнделікті  іскерлік киіммен келу 

      ауырған жағдайда  дәрігерлік анықтама алу

      келмеген сабақтарды оқып өткізу

      тапсырманы орындамаса қорытынды баға кемітіледі

      оқу үрдісіне белсенді қатысу

      шыдамды, ашық, мейрімді  бол

      келісімге сүйенген  қатынастарды қолдау

      тәртіпті, жауапты болу

 

2.      ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

 

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ АТАУЫ

 

Академиялық сағат саны

 

 

Дәрістер

Тәжірибелік сабақ

СӨЖ

 

СОӨЖ

 

1

2

3

4

5

1. Кәсіпкерлік құқығына кіріспе.

1

 

 

 

2. Кәсіпкерлік құқық оқу пәні ретінде

1

1

 

 

3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің негіздері.

2

1

4

2

4. Кәсіпкерлік қызмет: түрлері және нысаны. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері.  

2

1

4

2

5. Міндеттемелік қатынастарға шаруашылық субъектілерінің қатысу ерекшеліктері

2

1

4

2

6. Кәсіпкерлік саласындағы шарттарды жасау ерекшеліктері.

2

1

4

2

7.  Сыртқы экономикалық шарттар түсінігі.

2

1

4

2

8. Биржаның құқықтық жағдайы.

2

1

4

2

9. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу.

2

1

4

2

10. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік.

2

1

4

2

11. Шаруашылық қызметтерді мемлекеттік реттеу.

2

1

4

2

12. Лицензиялау – мемлекеттік реттеудің бір түрі.

2

1

6

2

13. Банкроттықтың түсінігі.

2

1

4

2

14. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.

2

1

4

2

15. Коммерциялық құпия түсінігі.

2

1

4

2

16. Бәсекелестік құқықтың негізгі ережелері.

2

1

6

4

Барлығы

30

15

60

30

 

2.2 Дәріс сабақтарының  конспектісі

2 тақырып.  Кәсіпкерлік құқық түсінігі, пәні, қағидалары, қайнар көздері

 

Кәсіпкерлік құқық болып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болатын мүліктік және жеке мүліктік емес сипаттағы қоғамдық қатынастарды реттейтін кейбір арнайы сипаттағы азаматтық заң нормаларынан құралған құқық саласын айтамыз.

Кәсіпкерлік құқық пәні ретінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар танылады. Сонымен қатар кәсіпкерлікке қатысты коммерциялық емес қатынастар, халық шаруашылығын мемлекеттік реттеу жатады. Бұл қатынастарды екі топқа бөлеміз:

кәсіпкерлі қатынастар (кәсіпкер мен кәсіпкерлер арасындағы қатынастар);

коммерциялық емес (кәсіпкер мен басқару органдары арасындағы қатынастар).

Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып табылатын қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік сипатта көрініс табады. Сондықтан да бұл қатынастарды реттеу үшін азаматтық заң нормалары қолданылады.

Кәсіпкерлік құқық шаруашылық қатынастарын реттейтін заңды нормалардың, құқықтардың жиынтығы.

Шаруашылық қатынастарды құқықтық реттеу принциптері:

кәсіпкерлік қызмет бостандығы;

кәсіпкерлік қызметте қолданатын әр түрлі меншік нысандарының заң тұрғысынан теңдігі;

монополиялық қызметті шектеу және бәсеке бостандығы;

кәсіпкерлік қызмет мақсаты ретінде пайда табу;

кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы;

кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.

 

Кәсіпкерлік құқықтың басқа құқық салаларынан төмендегідей ерекшеліктері бар:

Кәсіпкерлік құқық нормалары мен кез келген қоғамдық қатынастар емес, тек кәсіпкерлік қатынастарды ғана реттейді;

кәсіпкерлік құқықтың субъектілері болып кез келген тұлға емес, арнайы құқықтық тәртіппен кәсіпкер ретінде танылған тұлғалар ғана табылады;

кәсіпкерлік құқықтың нормалары негізінен диспозивті сипатта болады және кейбір нормалар императивті сипатта да көрініс табуы мүмкін;

кәсіпкерлік құқық нормалары мен бірге кәсіпкерлік қызметті әкімшілік құқықтық нормаларды қоса реттеледі.

 

Кәсіпкерлік құқықтың реттеу тәсілдері екі түрлі сипатта көрініс табады:

1.      Императивті (міндеттеуші);

2.      Диспозивті (ерік беруші).

 

 

Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:

1.      Конституция;

2.      Азаматтық Кодекс;

3.      Салық Кодексі;

4.      Кеден Кодексі;

5.      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекс;

6.      Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР заңы;

7.      Кәсіпкерлік қызметті реттейтін өзгеде азаматтық заңдар;

8.      Халықаралық шарттар, конвенциялар.

 

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың екі түрі болады:

1.            Мүліктік сипаттағы кәсіпкерлік құқықтық қатынастар қандай да бір мүлікке материалдық игіліктерге байланысты пайда болады және бұл қатынастар құндық сипатта болады, яғни бұл қатынастарда экономикалық мазмұн болады.

2.            Жеке мүліктік емес қатынастар кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғалардың абыройын, ар ожданың, іскерлік беделіне қатысты көрініс табады сондай ақ заңды тұлғалардың кәсіпкерлік беделіне байланысты.

 

Жеке мүліктік емес қатынастарда айқындалған нақты экономикалық мазмұн, яғни бұл игіліктердің нақты бағасы, құны айқындалмаған, ол тек субъективті бағалау бойынша ғана шешеді.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.

Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері болып жеке, заңды тұлғалар және мемлекет танылады. Аталған тұлғалар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік рәсімдеуден өтіп қана кәсіпкерлік субъектісі бола алады.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкер болуға мүдделі тұлғалар салық органдарында арнайы тіркеуге алынады.

Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.

 

3 тақырып.                      Кәсіпкерлік қызмет

(ұғымы, нысандары және түрлері)

 

1. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және белгілері.

Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет – бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет – ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындалған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет – бұл өндірісті, сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет. Экономикалық қызмет өндірісті, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды қосқандағы материалдық және рухани игіліктер үдерісінен көрініс табады.

Егер осы ұғымдарды салыстыратын болсақ, онда төмендегіні айқындауға болады: кәсіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.

ҚР заңдарында «кәсіпкерлік қызмет» түсінігінің орнына «кәсіпкерлік» деген термин енгізілген. Сөйтіп, «жеке кәсіпкерлік» деп жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және олардың тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігі үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері атынан жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтамыз. (1 б. 5 т.). Сондықтан заң шығарушы жеке кәсіпкерліктің белгілері ретінде мыналарды:

1.      Бастамашылығы мен дербестігі;

2.      Табыс табу;

3.      Меншіктің болуы;

4.      Кәсіпкердің тәуекелі;

5.      Кәсіпкердің дербес мүліктік жауапкершілігі.

 

Бастамашылығы мен дербестігі: кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге жосықсыз араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы, олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді.

Меншіктің болуы: кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады. ҚР Конс-ң 26 б. 4 т. сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы.

 

2. Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері.

Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік ҚР ғы кәсіпкерліктің негізгі нысандары болып табылады. ҚР АК меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік аражігін ажыратып көрсетеді – жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқығына негізделген (ҚР АК 10 б.1 т.). Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, а шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) және кәсіпкерлік қатынастардың жай қатысушысы (деңгейлес қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Сонымен бірге шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорындар ғана құра алатын еншілес кәсіпорындар да кәсіпкерлік катынастардың қатысушысы бола алады («Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» ҚР Заңы 46 б. 19.06.95).

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық