Қылмыстық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:00, реферат

Описание

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары
Ә) Қылмыстық кодекске жалпы сипаттама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын.docx

— 25.73 Кб (Скачать документ)

Тәуелсіз  Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің  бірі өз азаматтарының бостандықтары  мен заңды құқықтарын барынша  қорғау болып табылады. Қазақстан  мемлекеті адам құқықтары жөніндегі  халықаралық  нормаларды толық қуаттай  отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға  толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының ҚР Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы  болып табылады. ҚР Конституцияға  сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары  танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары  әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан  ешкім айыра алмайды, заңдар мен  өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай  анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Адамның және азаматтың  өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа  адамдардың құқықтары  мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа  нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ). Конституцияның 2-бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен  міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың  кез келген азаматының  нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге  көзқарасына тағы басқа да белгілеріне  қарамастан құқықтар мен бостандықтар  тендігіне кепілдік беріледі. Азаматтық  құқық  пен бостандыққа; саяси  құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға ҚР Конституциясында ерекше  мән беріледі. Конституцияда  жария етілген азаматтардың осындай  құқықтары мен  бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің  бірі деп санайды (1-бап) Айтылып отырған  қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.

Қылмыстың тікелей объектісі-халықтар арасындағы бейбітшілік. Мемлекеттердің бейбіт қатар  өмір сүруі және  достығы. Объективтік  жағынан қылмыс  басқыншылық соғысты  жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру  арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың  объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі-басқыншылық  соғысты жоспарлау. Жоспарлауға  халықаралық құқық  нормаларына  қайшы түрде бейбіт тұрғындарға  қарсы соғыс әрекеттерін  жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау, соғыс  әрекеттерін жүргізуге бағытталған  әртүрлі әдістемелік құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін  жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады. Басқыншылық соғысты  әзірлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерін  жүзеге асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы, соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердің  санын күрт көбейту, азық-түлік немесе жағар-жанар май қорларын ұлғайту, соғыс жағдайына сай келетін  жаттығушыларды жүзеге асыру, тұрғындарды  соғыс ісіне  моральдық тұрғыдан бейімдеп дайындау т.с.с. әрекеттер  жатады. Басқыншылық  соғысты тұтандыруға  осындай соғысты кез келген тұрғыда  бастау жатады. Көрсетілген қылмыс  формальдық құрамға жатады, сондықтан  да заңда көрсетілген-басқыншылық  соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру әрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп  танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы. Басқыншылық соғысты жүргізу  деп тұтандырылған соғыс өртін  аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерін  жалғастыруды айтамыз.

Өз  Отанына сатқындық жасау әр уақытта  да ең ауыр мемлекеттік қылмыс ретінде  қарастырылған, Қазақ КСР-інің 1959 жылғы  Қылмыстық кодексінде мұндай  қылмыстың  атауы- Отанға опасыздық деп көрсетілген  еді. 1997 жылғы   Қылмыстық кодекс бұл атауды Мемлекеттік опасыздық  деп жаңа атаумен алмастырады. Өйткені  Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумақтық  ұғымды, яғни адамның туған  жерін бейнелейтін ұғым ғана еді. Қазақстан Республикасының азаматы  болып оның аумағынан сыртқары жерде  тұрған ҚР азаматтығын алған кез  келген ұлттың өкілі танылатыны баршаға  аян. Осыған байланысты дүниежүзілік құқық  стандарттарына сәйкес Отан деген  түсінік мемлекеттік деген  түсінікпен алмастырылуы заңды құбылыс.

Мемлекетке  опасыздық дегеніміз-соғыс уақытында  немесе қарулы жанжал кезінде жау  жағына өтіп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа  беруден не ҚР қарсы дұшпандық  әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, ҚР азаматы ҚР сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру  немесе әлсірету мақсатында жасаған  қасақана әрекет (165-бап). Мемлекеттік  опасыздықтың тікелей объектісі-ҚР мемлекеттік қауіпсіздігі болып  табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең  маңызды  мүдделері-конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы,  сыртқы және ішкі қауіпсіздігі жатады. Мемлекеттік опасыздықты жасаған  адам басқа бір нақты  мемлекеттің  пайдасына  іс-әрекеттер істейді. Конституцияда  көрсетілген осындай  және басқа  ережелердің  мазмұны  конституциялық құрылыстың  мәнін  білдіреді. Республиканың егемендігі дегеніміз-ел ішіндегі мемлекеттік  өкімет билігінің  үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі болып  табылады. Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы қылмыстық кодекстің 165-бабының диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: соғыс уақытында  немесе қарулы жанжал кезінде жау  жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттік құпияларды жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық  әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың  өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Осы  іс-әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың  объективтік жағының орын  алғандығын көрсетеді. Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету дегеніміз-ҚР азаматын жау  басып алған аумақта орналасқан жау жағына өз еркімен  өтуі, жауға  көмек  көрсетуі, жау жағының тапсырмасымен  өзі тұратын аумақта әр түрлі  іс-әрекеттер істеуі; жау жағына ерікті түрде шығып кетуі; тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Жау  жағына өз еркімен өту соғыс уақытында  немесе қарулы жанжал  кезінде ғана орын алады.  Мемлекетке опасыздықтың бұл түрі-ҚР азаматының шпиондық жасауы болып табылады. Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне  мемлекеттік құпияларды беру дегеніміз-ҚР азаматының мемлекеттік құпия болып  табылатын мәліметтерді шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып  табылады. Мемлекеттік құпияларды  жатқа беру әр түрлі тәсілдермен-ауызша, жазбаша, схема түрінде, әр түрлі  өнімдердің бейнелері арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мемлекеттік құпияларды жатқа  бергенде  кінәлы адам қызметі  немесе жұмысына байланысты өзі білетін  мемлекеттік құпия мәліметтерді жатқа береді. Ал  шпиондықта мұндай мәліметтерді кінәлы адам  жинайды, ұрлайды. Міне, осы белгі бойынша  бұл ұғымдар бір-бірінен ажыратылады. ҚР қарсы дұшпандық әрекет жүргізетін шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзгедей көмек беруге (шпиондық жасау мен мемлекеттік құпияны  жатқа  беруден басқа) мына іс-әрекеттерді істеу жатады: шетел барлау агентін паналату немесе оны жалған құжаттармен, азық-түлікпен, қорғаныс құралдарымен жабдықтау; баспасөз құралдары арқылы  арқылы  ҚР  сыртқы қауіпсіздігі туралы, халықаралық қатынастардағы оның беделін әлсірететін жалған мәлімдемелер жариялау; республикаларға басқыншылық соғысқа әзірленіп жатыр деген жалған жала жабу; мемлекетаралық соғыс өртін насихаттайтын әр түрлі ұйымдарды құру, нәсілдік, ұлттық жікшілдікті тудыратын насихатты өрістеу; ҚР басқа мемлекеттермен қырғи қабақ соғыс жағдайына итермелейтін әр түрлі іс-әрекеттер жасау. Мемлекеттік  опасыздық субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет әр түрлі көрініс алады, бірақ-та ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған ҚР азаматы ғана танылады.

Қорытындылай  келер болсам, қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні дегеніміз-қылмыстың жеке түрлерін қылмыстық жауаптылық белгілеу және осы қылмыстың белгілерін, оларға тиісті жазаны анықтайтын нормалардың мазмұнын ашу болып табылады.Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларының нақты мазмұнын ашудың түпкі мәні олардың әлеуметтік-саяси бағытын анықтау болып табылады. Мұндай бағыттарды анықтау үшін  ең алдымен қылмыстық заң нормаларын қабылдаудың қажеттіліктері мен  себептерін, қылмысқа қарсы күресте осы қабылданған заңдардың атқаратын қызметі, қылмыстық іс-әрекеттердің  қоғамға  қауіптілік  дәрежесін анықтау, қылмыстық құбылыстың  себептері  мен оған жол беретін жағдайларды зерттеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Уголовное права Республики Казахстан  1998; Уголовное право России. Особенная  часть. Учебник под ред. Б.В. Здравомыслова  М. Юрист. 1996.; Уголовное право Росийской  Федерации. под ред. Козаченко И.Я. Особенная часть. М. Юрист. 1996.; Уголовное  право Особенная часть. Учебник  для вузов М. Норма. 1998.; Курс  советского уголовного права. Л. 1973-1981. 3-5 т.; Курс советского уголовного права. М. 1970-1971. 4-6 т., А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті жарғы, 2000  ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

А) Қылмыстық  құқықтың негізгі ұғымдары

Ә) Қылмыстық  кодекске жалпы сипаттама

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер


Информация о работе Қылмыстық құқық