Қылмыстық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:00, реферат

Описание

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары
Ә) Қылмыстық кодекске жалпы сипаттама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын.docx

— 25.73 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық  жауапкершіліктің негізін, қылмыстың  түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен  жазадан босатудың  негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке  түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының  белгілерін, сондай-ақ оған  тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың  жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым, жаза түрлерінің тізбегі, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан  босатудың жалпы принциптері (қағидалары) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты  қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттің  қауіпті қылмыс  болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы  бөлімінің нормаларымен  белгіленген  нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.

Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы  екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан  Республикасының қылмыстық  құқығын  құрайды.

Қылмыстық құқықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім  деп бөлудің себебі, осы пәнді  ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең  оқытудың қажеттігінен туындап отыр. Өйткені Қылмыстық құқықтың Жалпы  бөліміндегі теориялық мәселелерді  Ерекше бөлімнің әрбір бабы бойынша  тағы да қайталамау үшін, сондай-ақ Ерекше бөлімдегі жеке қылмыстардың құрамының  белгілерін қайталап сипаттап жаттау үшін осы пән екі бөлімге бөлініп  оқытылады. Негізінен алғанда Жалпы  және Ерекше бөлім тұтастай бір қылмыстық  құқық ғылым пәнін құрайды.

Жалпы және  Ерекше бөлімнің бірлігі сот  тәжірибесінде айқын көрінеді. Жалпы  бөлімнің нормаларын басшылыққа алмайынша  Ерекше бөлімнің нормаларын қолдану  мүмкін емес, немесе Ерекше бөлім нормалары  болмаса Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес.

Қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген  Қылмыстық құқықтың нақты белгілі  бір бабы бойынша қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық  жауаптылыққа тарту үшін Жалпы бөлімде  көрсетілген нормаларға соқпай өтуге болмайды. Мысалы, кінәнің нысандар және олардың мазмұны, қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас мөлшері, қылмысқа қатысудың ұғымы, қылмысқа қатысу нысандары және қатысушылардың түрлері, қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық сияқты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде айқындалған. Істелген қылмысқа жаза тағайындағанда да Қылмыстық  кодекстің Жалпы бөліміндегі нормаларды айналып өтуге болмайды. Өйткені жазаның ұғымы мен мақсаттары, жазаның түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздері қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату тек қана Жалпы бөлімде көрсетілген.

Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы ерекше.

Қылмыстық құқықтың 19-бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған  адам ғана қылмысқа кінәлы деп танылады.

Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін және оны қылмыс жасағаны үшін кінәлы деп табу үшін оның жасаған іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының  белгілері болуы керек екендігін  және қылмыстық заңда көрсетілген  қылмыс құрамының барлық  белгілері  бар іс-әрекетті істеу қылмыстық  жауаптылықтың бірден-бір негізі  болып табылатынын айқындайды (ҚК-тің 3-бабы). Осыған ұқсас нормалар ҚР қылмыстық  істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері  жоқ адамдар қылмыстық жауапқа  және жазаға тартылмайды.

Адамды  қылмыстық  жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір  немесе бірнеше қылмыс құрамының  белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, тағылық, әйелді зорлау, т.б. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға  қайшы істелген іс-әрекетті нақты  бір  қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің  Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша  құқықтық баға беруді қылмыстық құқық  теориясы қылмысты саралау-деп атайды. Қылмысты дұрыс саралау құқық  қолдану органы қызметкерінің қызметтік  борышы, негізгі міндеті.

Қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа  қайшы  іс-әрекеттерді  Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме-дәл жатқызу, дұрыс саралау-заңдылық принципін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады. Егер нақты  бір іс-әрекетті, мысалы ұрлықты, бір сот ұрлық деп, екіншісі тонау, ал үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөніндегі конституциялық принциптің өрескел бұзылғандығы болып саналады. Сондықтан да қылмысты дұрыс саралаудың өзі мемлекеттің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғышарты болып табылады. Қылмысты дұрыс саралаудың нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін.

Қылмысты  дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс  анықтауға мүмкіндік береді. Істелген қылмыстың статистикалық есебін нақты  белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық, сапалық көрсеткіштерін, жасаған  қылмыстардың мәнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мәселелерді  анықтамай тұрып, қылмыспен күрес  жүргізу өзінің оңды нәтижелерін  бермейді. Қылмысты дұрыс саралау  сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік  принциптерінің іске асырылуының  басты  шарты болып табылады. Құқық қорғау және құқық қолдану органдары  беделінің мәртебесінің биік болуы  да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды  баға беруіне де тікелей байланысты.Заңға  негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады.

Қылмысты  дұрыс саралау-жеке адамдардың  Қазақстан  Республикасы Конституциясында, басқа  да заңдарда көрсетілген құқықтарын, бостандықтарын қорғаудың кепілі болып  табылады.

Адамның және азаматтың құқықтары мен  бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтары  мен бостандықтары»,-деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан  Республикасы барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар  береді. Сондықтан да ҚР ҚК Ерекше бөлімінің  бірінші тарауы жеке адамға қарсы  қылмыстарға арналған. Осы тарауға  кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс  іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай  жеке адамға қарсы қылмыстар мынандай түрлерге  бөлінеді:өмірге қарсы  қылмыстар; адам өлтіру (96-б); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-б); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-б); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-б); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (100-б); абайсызда кісі өлтіру (101-б); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-б), денсаулыққа қарсы қылмыстар; жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар; жеке адамның ар-намысына және адамгершілікке қарсы қылмыстар; жыныстық қылмыстар.

Адам  өлтіру-материалдық құрамға жататын  қылмыс. Адам  өлтірудің субъективтік жағы-Қылмыстық  кодекстің 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық  тікелей және сол сияқты жанама болуы  да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде  кінәлы өзінің басқа адамның өміріне  қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің  болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде  кінәлы өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін  мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде  оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ  оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына  немқұрайдылық  танытады. Соңғы уақытта жарылыс  жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары  кең таралып отыр. Мұндай кезде  белгілі бір құрбандардан басқа  бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада  кінәлы белгілі бір құрбанға қатысты  адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде  адамдарды өмірінен айыруға қатысты-жанама ниетте әрекет етеді.Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты  айқындаудың іс жүзінде үлкен  маңызы бар.

Адам  өлтіруге оқталу, яғни кінәлының әрекеті  ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша  ол  болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей  қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлының  ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың  тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды  органын жарақаттау), кінәлының қылмыстық  әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлының қылмыс істеу алдындағы  және одан кейінгі мінез-құлқын оның жәбірленушімен  арақатынасын ескеруі  тиіс.

Жәбірленушінің  өліміне әкеліп соқтыруы кінәлы үшін белгілі болып табылатын өмірлік  маңызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлының өлтіруге шынайы ниетте  болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлының адам өлтіру ниетінде  болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлы өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлының өлімінің міндетті түрде болуын қаламайтындығын  да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес  жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің  бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің  қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұқсас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәлының шын мәніндегі анық тілегін білдірмейді. Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге қаруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге  жасалған  оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек. Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал Қылмыстық кодекстің 97-102- баптарында көрсетілген  жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толған адамдар болып  табылады.

Өзін-өзі  өлтіруге жеткізу (ҚК-тің 102-бабы)Қылмыстың  мәні-қорқыту, қатыгездікпен қару немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін кемсіту  жолымен  тұлғаны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі  өлтіруге қастандық  жасауға жеткізуде. Қылмыстың объективті жағы-қорқыту, қатыгездікпен қарау  немесе жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту жолымен тұлғаны  өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі  өлтіруге қастандық жасауға жеткізумен сипатталады. Сондықтан да, қорқыту  сипаты барынша әр түрлі болуы  мүмкін деп айтуға болады: күш қолданумен, бостандығын шектеумен немесе бостандығынан  айырумен, тіршілік ету құралына айырумен және т.б.

Жәбірленушіге  қатыгездікпен қарау, оны ұрып-соғудан, азаптау, денеге жарақат салудан, оны  тамақтан, үй-жайдан айыру, бостандығын  шектеуден ж.т.б. көрінеді. Жәбірленушінің адамдық қасиетін ұдайы кемсіту, кінәлының жәбірленушімен  екі жүзділік қарым-қатынаста болуы: оның жеке  басын кемсіту, оның кемшіліктерін  келеке қылу, оны басыну, оны масқаралайтын мәліметтер тарату ж.т.б. жағдайларда орын алады. Сонымен қатар мұндай фактілер біреу емес, ұдайы, яғни екі реттен көп болуы тиіс. Жоғарыда аталған әрекеттер әрекет жасау жолымен, сондай-ақ әрекетсіздік жолымен де жасалуы  мүмкін.

Жәбірленушінің  өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі  өлтіруге қастандық жасауы осы қылмыстың  объективті жағының міндетті белгісі  болып табылады. Кінәлының мінез-құлқы  мен аталған зардаптың арасында себептік  байланыс анықталуға тиіс.

Адамды  ұрлау (125-бап) Адамды оның еркінен тыс  жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың  билігінде ұстаудың адам ұрлау деп  айтамыз.

Қылмыстың тікелей объектісі-адамның жеке бостандығы, қосымша тікелей объект-жәбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі. Қылмыстың  жәбірленушісі-жасына, денсаулық жағдайына, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына  қарамастан ұрланған адам. Өз баласын  басқа ата-анасынан, туыстарынан  ұрлап алып кету бұл қылмыстың  құрамына жатпайды. Қылмыс объективтік  жағынан мына әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асыру арқылы көрініс  табады: тірі адамды оның еркінен тыс  жағдайда жасырып, ашық түрде немесе алдау жолымен қолға түсіру, оны  тұрғылықты мекен-жайынан немесе уақытша  тұрып жатқан жерінен басқа жерге  апару; ұрланған адамды бас  бостандығынан  айырып ұстау. Қылмыс адамды оның еркінен  тыс жағдайда қолға түсірген уақыттан бастап аяқталған деп  танылады, қылмыс формальдық құрамға жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тек  тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың  субъектісі-16-ға толған кез келген адам.

Бас бостандығынан  заңсыз айыру (126-бап) Бұл құрам Қылмыстық  кодекстің 125-бабында көрсетілген  қылмысқа ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі  тұратын жерден басқа жерге  ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп  қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек қойылады, егер бұл талапты  орындамаса оған ескертілген зиянның  келтірілуі есіне салынады.Қылмыстың  тікелей объектісі-адамның жеке басының бостандығы, қосымша тікелей  объектісі-адам өмірі мен денсаулығының  қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі  кез келген адам болуы мүмкін.  Объективтік жағынан қылмыс  адамды, оны ұрлауға  байланысты емес  жағдайда  бас бостандығынан айырумен сипатталады.Яғни жәбірленушінің еркін- қалауынша жүріп-тұруына тыйым салынады немесе оны бір тұрғын жайға  жауып қояды не байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен  айырылады. Қылмыстың жасалу тәсілі жәбірленушіні күш қолданып немесе күш қолданбақшы  болып  қорқыту болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық. Адам бас бостандығынан заңсыз айырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп  танылады. Заңсыз бас бостандығынан айыру мерзімі қылмысты саралауға  әсер етпейді. Субъективтік жағынан қылмыс  тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі: қызғаныш, кек алу, бұзақылық т.с.с. болуы мүмкін.Қылмыстың субъектісі-16-ға толған жай адам.Лауаазым адамдарының мұндай әрекеттері Қылмыстық кодекстің тиісті басқа баптары бойынша саралануға жатады.

Информация о работе Қылмыстық құқық