Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 15:32, шпаргалка
Адам өлтіру (ҚК 96-бабы) қылмыстық заңдылықта былай танылады
+ басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру
«Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» (ҚК 97-бабы) үшін жауапқа кім тартылады
+ өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде 16-жасқа толған анасы
Адам өлтіру (ҚК 96-бабы) қылмыстық заңдылықта былай танылады
+ басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру
«Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» (ҚК 97-бабы) үшін жауапқа кім тартылады
+ өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде 16-жасқа толған анасы
Абайсызда кісі өлтіру (ҚК 101-бабы) деген - бұл
+ басқа адамға қылмыстық менмендікпен және қылмыстық немқұрайдылықпен /ұқыпсыздық/ салдарынан қаза келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК 103-бабы) мынамен байланысты
+жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты жоғалтумен
ҚК 117-бабы, 1-бөлігіне сай заңсыз аборт жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке кім тартылады
+ тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ 16-жасқа толған кез келген адам
ҚР қолданыстағы қылмыстық заңы бойынша Авторлыққа мәжбүрлеу (ҚК 184-бабы) қол сұғады
+ меншік қатынастарына
Зорлау (ҚК 120-бабы) жасағаны үшін жауапқа тартылады
+ 14-жасқа толған еркек жынысты тұлға
Жас балаларды азғындату (ҚК 124-бабы) қылмыс болып саналады
+ 14-жасқа жетпегендігі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттер жасау
Қорлау (ҚК 130-бабы) дегеніміз - бұл
+ басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартушы (ҚК 131-бабы) және оған өзі қатысушы тұлға деп саналады
+ осы қылмыс атқарушысы, сол сияқты оның іс-әрекеттері ҚК 131-бабының жиынтығы бойынша сараланады
Заңсыз банктік қызмет (ҚК 191-бабы) қай құрамның түріне жатады
+ заңсыз кәсіпкерліктің
Бала асырап алу құпиясын жария еткендігі (ҚК 135-бабы) үшін кімді қылмыстық жауапқа тарту керек
+ бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпияны сақтауға міндетті 16-жасқа толған жауаптылыққа қабілетті және өзге де тұлғалар
Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (ҚК 136-бабы) деген - ол
+ ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты 18-жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу ҚК 142-бабында былай түсіндіріледі
+ адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе
Азаматтардың хат жазысу құпиясын бұзудың заңдық негізі (ҚК 143-бабы)
+ мемлекеттік органның қылмыскерді анықтау және ұстау мақсатымен танысуы
ҚК 152-бабында «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» қылмысының қандай нәтижелері көрсетілген
+ абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру
«Мемлекеттік опасыздық» (ҚК 165-бабы) үшін кімді жауапқа тарту қажет
+ жауаптылыққа қабілетті 16-жасқа толған ҚР азаматын
ҚК 176-бабы, 1-бөлігі қарастыратын «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» қылмысы үшін кімді жауапқа тарту керек
+ егер олар өз қызметтік бабын пайдалануға ұштасса, мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаны
«Алаяқтық» (ҚК 177-бабы) қылмысын жасау әдістері неден байқалады
+ алдау немесе сенімге қиянат жасау
«Тонау» (ҚК 178-бабы) сипаттамасы
+ бөтен мүлікті ашық ұрлау
«Қарақшылық» (ҚК 179-бабы) дегеніміз - бұл
+ бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау
«Қорқытып алушылық» (ҚК 181-бабы) сипаттамасы
+ бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау
«Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» (ҚК 188-бабы) үшін қылмыстық жауаптылық мына жағдайда туындайды
+ егер іс-әрекет абайсызда жасалып, ол ірі зиян келтірсе
«Жалған кәсіпкерлік» (ҚК 190-бабы) дегеніміз - бұл
+ кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат /лицензия/ алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз /лицензиясыз/ немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану
«Экономикалық контрабанда» (ҚК 209-бабы) түсінігін беріңіз
+ ҚР кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарын немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуі шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу
«Заңсыз сыйақы алу» (ҚК 224-бабы) сипаттамасы
+ мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкерінің немесе оған теңестірілген адамының, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқарушылық қызметтерді атқармайтын адамның өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз алуы
ҚК 228-бабы қарастырушы
«Өкілеттіктерді теріс
+ мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы не мемлекеттің үлесі кемінде 35% болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын адам
ҚК 233-бабының 2-бөлігі
қарастырушы «Терроризм»
+ 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру
ҚК 234-бабы қарастырушы «Адамды кепілге алу» қылмысы үшін жауапқа кімді тарту керек
+ 14-жасқа толған жауаптылыққа қабілетті тұлғаны
«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» үшін (ҚК 242-бабы) кім жауапқа тартылады
+ 14-жасқа толған жауаптылыққа қабілетті тұлға
«Радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу» (ҚК 248-бабы) дегеніміз
+ радиоактивті материалдарды пайдақорлық мақсатпен құқыққа қарсы тегін алу және (немесе) оларды иесіне немесе басқа да меншік иелеріне зиян келтіруші кінәлінің немесе басқа тұлғалардың пайдасына айналдыру, сол сияқты осы материалдарды беруді немесе оларға құқықты немесе мүліктік сипаттағы басқа әрекеттерді жасауды талап ету
ҚК 250-бабы қарастырушы «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» қылмысын қандай заттар құрайды
+ есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін, күшті әсет ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жару құрылғыларын, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтар
ҚК 253-бабы бойынша Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау дегеніміз
+ атыс қаруын, оны басқа адамның пайдалануы үшін жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса
«Жезөкшелікпен айналысуға тарту» (ҚК 270-бабы) дегеніміз
+ күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру не алдау жолымен арқылы
«Жерді бүлдіру» (ҚК 285-бабы) дегеніміз
+ жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғышты және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезінде оларды ұстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтің зиянды өнімдерін бүлдіру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соқса
«Заңсыз аңшылық» (ҚК 288-бабы) дегеніміз
+ қажетті рұқсатсыз, тыйым салынған жерлерде, мерзімде, тыйым салынған құралдармен және әдістермен аңшылық жасау
ҚК 292-бабына сәйкес «Ормандарды жою немесе зақымдау» белгілері
+ отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдау
ҚК 296-бабы қарастыратын «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» қылмысы үшін кім жауапқа тартылуы керек
+ жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, 16-жасқа толған жауаптылыққа қабілетті тұлға
«Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚК 307-бабы, 1-б.) сипаттамасы
+ мемлекеттік қызмет функцияларын орындауға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаның өзіне не өзге тұлғаларға не ұйымдарға пайдакүнемдік мақсатпен немесе өзге тұлғаларға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатымен өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне керағар пайдалануы
ҚК 308-бабының 1-бөлігі қарастырушы Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады
+ мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті не оған теңестірілген тұлға
ҚК 310-бабы, 1-бөлігі қарастырушы «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» қылмысы үшін кім жауапқа тартылады
+ мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті не оған теңестірілген тұлға
«Пара алу» (ҚК 311-бабы) болып саналмайды
+ егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, тұлғаның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға құқық алуы алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК 195-бабы) үшін қылмыстық жауаптылық шарттары қандай
+ ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін әдейі жалтару
«Қызметтік жалғандық жасау» (ҚК 314-бабы) қарастырады
+ мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не әдейі жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруі
«Қызметтегі әрекетсіздік» (ҚК 315-бабы) дегеніміз
+ мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті не оған теңестірілген тұлғаның өзіне немесе өзге тұлғаларға немесе ұйымдарға пайдакүнемдік мақсатпен не өзге тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатымен өзінің қызметтік міндеттемелерін орындамауы
«Өзінше билік ету» (ҚК 327-бабы) дегеніміз
+заңмен бекітілген тәртіпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру
ҚК 342-бабына сәйкес
Сотты құрметтемеу қалайша
+сот процесіне қатысушыларды қорлау
бұрмалау
ҚК 353-бабына сай /көрсетпе/-жауап беруден қандай тұлғалар босатылады
+жақын туыстары, дін өкілдері
Қашқындықтың (ҚК 373-бабы) субъектісі кім
+кез келген әскери қызметкер
Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзудың (ҚК 142-бабы) топтық объектісі
+дамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтары
Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға жатады
+кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
Талан-таражға салу нысанына жатпайтын қылмысты атаңыз
+қорқытып алу
ҚК 117-бабы, 1-бөлігіне сай заңсыз аборт жасаудың субъектісі кім
+тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адам
Кәмелетке толмағандарды саудаға салудың (ҚК 133-бабы) субъектісі болуы мүмкін
+сатушы, сатып алушы
Бандитизмнің (ҚК 237-бабы) белгілері
+азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру
Қорқытып алушылық (ҚК 181-бабы) мына сәттен бастап аяқталған болып саналады
+қорқытумен ұштасқан бөтен мүлікті беруді талап ету
Қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады
+ерроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін
Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (ҚК 221-бабы) үшін қылмыстық жауаптылық басталады
+азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеуі арқылы не декларацияға кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық төлемеуге әкеп соқса
Тұтынушыларды алдау (ҚК 223-бабы) үшін қылмыстық жауаптылық туындайды, егер ол әрекеттер жасалса
+елеулі мөлшерде
СОЗ ауруын жұқтыру (ҚК 115-бабы) аяқталған болып саналады
+ауыр зардаптар туындаған сәттен бастап
Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (ҚК 296-бабы 1-б.) үшін жауаптылық басталады (егер)
+байсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе
Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ\ЖҚТB) (ҚК 116-бабы 1-б.) жұқтыру аяқталған болып саналады
+басқа адамды көрінеу ВИЧ\ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупінде қалдыру сәтінен бастап
Адамдар тобы жасаған зорлау (ҚК 120-бабы 2-б., «а» тарм.) дегеніміз
+қылмыс екі немесе одан да көп адамдармен жасалады
Заңсыз аңшылықтың (ҚК 288-бабы 1-б.) белгілерінің бірі
+ірі зиян келтіру
Зорлау (ҚК 120-бабы) - бұл
+жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланған жыныстық акт