Ұлық Мұхаммед

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:19, реферат

Описание

Ұлық Мұхаммедтің тағдыры XI ғ I-жартысында Алтын Ордада саяси тарихын толық сипаттайды. Осы уақыттарда да ханзадалар билігі үшін соғыс әлі тоқтамаған еді. Орда бірорталыққа бағынбай, жеке ұлыстарға бөлінді. Кешегі жауларының кейбіреулері одақтастары болды және керісінше одақтастары жауларына айналды. Осының бәрі Ұлық Мұхаммедтің ұзақ әрі оқиғаларға толы өмірінде болды. Мұхаммед-оғлан 1-ші рет 1419 жылы таққа претензия білдіреді-бұл уақытта оның атымен ең ерте монеталар жатады. Соған қарағанда ол Қырымдық текті әулетінің қолдауын пайдаланған болса керек; таққа ол Шырын руынан шыққан Текне әмірінің көмегімен келді. Мұхаммед хан Едіге өлгеннен кейін, Алтын Ордадағы анархияны пайдаланып Еділ Булгариясын, Хаджы Тарханды басып алады және өзін бүкіл Ордалық хан деп жариялайды.

Содержание

1. Ұлық Мұхаммедтің таққа келуі
2. Ұлық Мұхаммедтің Барақпен Сарай үшін шайқасқа шығуы
3. Ұлық Мұхаммед пен Кіші Мұхаммед арасындағы шайқас
4. Келісімге келуі
5. Ұлық Мұхаммедтің Василий II мен қарым-қатынасы
6. Руське жорығы

Работа состоит из  1 файл

улык мухаммед.docx

— 39.12 Кб (Скачать документ)
align="justify">           4 Әмірлерге көп күту керек болмады: 1432 жылыҰлық Мұхаммедке қарсы кезекті рет Кіші Мұхаммед шыққан кезде, Текне мен Хайдар өзінің билеушілерінен кетіп, Қырымға өздерінің жақтаушыларымен бірге көшіп кетті.

Олар  таққа жаңа үміткер  - Тоқтамыстың  немересі Сайид Ахмад б. Керім  Бердіні ұсынды. Оның билігін көп  кешікпей Бүкіл Қырым мойындады.                                                                                                                               Басқа қиындықтар аяқталғаннан кейін, 1430 ж Ұлық Мұхаммедтің бұрынғы қолдаушысы және одақтасы литовтық Ұлы князь Витовт қаза тапты.Оның ізбасарлары арасында польшалық король Ягайлоның ағасы – Свидригайло Ольгердовичпен және Витовтың өзінің ағасы Сигизмунд Кейстутьевич билік үшін күрес басталды.

1431-1433ж  Ұлық-Мұхаммед Свидригайло қолдады  және корль Ягольмен (яғни,туған  ағасы) күрес үшін әскер жіберіп  отырды. Ұлық Мұхаммед Сигизмундтың  қолдауының келісімін алуға тырысты.  Бірақ ол өзі Свидригайломен  болған күресте жеңіліп, пайдалы  одақтас бола алмады.

     Осылайша, Сарай ханы Кіші Мұхаммедке өзі қарсы шықты

      Нәтижесінде, Кіші Мұхаммед кезекті рет шабуыл жасағанда Ұлық Мұхаммед бұрынғы иеліктерінің ең болмаса бір бөлігінде билігін сақтап қалу үшін дипломатияға жүгінуге мәжбүр  болды.                                                                                         1432-1433ж шамасында Ұлық Мұхаммед және Кіші Мұхаммед келісімге келеді: Ұлық Мұхаммед Еділ бойында қойған талаптарынан бас тартып, Еділден батысқа қараған иеліктерін , Қырым және Солтүстік Қара теңіздің бойындағы иеліктерді сақтап қалды.  Кіші Мұхаммед осылай, Алтын Орданың орталық облыстарын басқарды, ал Саайда билейтіні күмән туғызды,өйткені дәл сол кездерде Казан билеушісі Гийас ад Дин Шәдібек Сарайға көз тігіп жүр еді. Кіші Мұхаммедтің басты ордасы- Хаджы-Тархан болып қала берді.                                                                                    

                1433-1436ж Алтын Ордада осылайша тепе-теңдік сақталды: 3 хан- Ұлық Мұхаммед, Кіші Мұхаммед және Сайид Ахмед – бір-біріне шабуыл жасамайын деп шешті. Сондықтан, 1434ж Ұлы Мәскеулік князь қиындыққа ұшырап қалғысы келмей, үш ханға да Ордалық “шығу” төледі.

1436-1437ж  Наурыз, Ұлық Мұхаммедтің беклер-бегі  кезеңінде, ханмен келіспей қалып,  Кіші Мұхаммедке кетіп қалды. Одан беклер-бек атағын алды.

   Ұлық Мұхаммедтің әлсірегенін пайдаланған Саийд Ахмад оған шабуыл жасайды. Біраз уақыттан кейін Хаджы-Тарханнан Кіші Мұхаммед келіп,өзінің бұрынғы жауын талқандайды.Ұлық Мұхаммедті өлтіруге оған өкінішті ұсақ түйек кедергі болды:

Кіші  Мұхаммед оңтүстік қалаларда соғысып  жүргенде Сарайды Казандық билеуші  Гийас Ад дин жаулап алған еді. Кіші Мұхаммедке өзінің жаңа жауын  ресми астанадан шығару керек  болды. Гийас ад дин жеңіліп, Кіші Мұхаммедтің қолынан өлген болса  керек.

Ұлық Мұхаммедтің әскері 2 айқастан кейін әлсіреді. Қоластындағыларының бір бөлігі оның қарсылас хандарының жағына өтті. Екінші бөлігі Литваға көшті. Енді оның 3000 дай адамы ғана қалды. Хан Руське қашып кетеді.1437ж соңында қашқан хан өзінің келесі әрекетін ойлап,Белеев басқарған лагерьді талқандады.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

              5 Ұлы Мұхаммед I Мәскеу князінен Русьте мекендеуге рұқсат алу үшін жолдау жіберді. Алайда, Белеевте өз қалашығын тұрғызған ханға көптеген жақтаушылары келе бастады.

Бұл жағдай Белеевтің княздеріне мазасыздық шақыртты. Сөйтіп, олар Ұлы князьға шара қолдануға өтініш білдіріп жолдау жіберді.                    

         Василий II қиын жағдайда қалды: бір жағынан ол Ұлық Мұхаммедпен достық қарым-қатынаста еді, екінші жағынан Белевте өз билігін нығайтуға тырысты. Ақырында Ұлы князь ханның одақтасы да, қауіпті жауы да бола алмайтынын түсініп, оған Белевтік княздіктен кету жөнінде жолдау жібереді. Ал Мұхаммед хан Василий II – нің сатқындығына ашуланып,  одан бас тартады. Сол кезде оған қарсы Мәскеулік басшы әскер жібереді.

Мәскеулік әскердің басшылары,Юрий Звенигородтың  ұлдары және Ұлы княздің немере інілері  Дмитрий Шемяк пен Дмитрий  Красный Белевке қарай бағыт  алды.

  Ұлық  Мұхаммед мәскеулік әскерлердің  алдында қалып қояды да, қашып  кеткесі келеді. Ол өзінің жездесі  Елтеберіні және әмірі Хусайн  Сарайды  мәскеу әскербасыларымен  бірге келісімге келу үшін  жібереді.

Бейбіт  айырбас ретінде : тек қана мәскеуді «шығу» салығынан босатып қана қоймай, Ұлы князьға өзі салық төлеп  отыратынын айтып, ант береді.

  Алайда ұлы княздің ағалары өз күштеріне сеніп, өркөкіректік танытып, ұсынысы мен өтінішін қабылдамайды.

 Ханның  жіберген елшілері өзінің басшысына  ұсыныстан бас тартқанын жеткізгенде,  хан шайқастан қашу мүмкін  еместігін түсініп шайқасқа дайындалады. 

     Белевтегі 1437жылы 5 желтоқсанда басталған шайқаста Мәскеу әскерлері алдымен хан әскерлерінің қашып жатқанына назар аударды, бірақ Ордалықтар кенеттен қоршалған Белевке кірді:

Мәскеулік әскербасылар Петр Кузмынский және Семен  Волынец қаза тапты.

Хан оны  пайдаланып күреске өзі шығып, княздік  әскерді талқандады.

Соңғы жазушылар бұл жағдайды быай түсіндіруге  тырысты:

   « Азғантай әскермен жеңіп  кеткен шайқаста » кінәліні  тез тапты. Ол белгілі Мцендік  әскербасы Григорий Потрасьев  еді. Оны бір кездері  Орда  тұтқынан Ұлық Мұхаммед босатқан  еді. Ол мәскеуліктерді ханмен татуластыруға тырысқан секілді, сөйтіп, келіссөз жүріп жатқанда, ханның әскеріне орыс лагеріне басып кіру үшін белгі берді, бұл Ұлы княздің әскерлерінің жеңілуіне алып келді. 2 жыл өткен соң 1439ж Василий II Григорий Потрасьевті ұстап, сатқындығы үшін қатты жазалады: Ұлы князь оның екі көзін ойды.

     Мәскеу әскерін жеңген Ұлық Мұхаммед жаңа иеліктерге бекініп алуға мүмкіндік алды. Көп кешікпей оған Орта Еділ бойы иеліктерінің мордовтық және болгарлық княздері сонымен қатар Казан қожасыСарайды алу кезіндегі қаза тапқан Гийас ад-Диннің орнын алған Али-бек те келіп ант береді.                                                                                                                                          Осылай Орта Еділ бойында тағы бір тәуелсіз Джучидтік мемлекет құрды: 4 карачи би кеңесін де құрды (Арғын, Барын, Шырын және Қыпшақ руларынан)және оларды басқаруға даруғаларды (баскак) қойды.

   Хан үшін үлкен сәттілік : Саийд ад дин 1441ж Қырымдағы биліктен кетті де Кіші Мұхаммедпен Солтүстік Қара теңіз бойы мен Еділ үшін шайқасқа шықты. Олардың бақталастығын пайдаланып, Ұлық Мұхаммед Алтын Ордадағы Кавказ вассалдарымен жағдайын түзетіп алды.

    Белев шайқасынан кейін 1438ж хан осы кезде Мәскеудің қол астында болған Төменгі Новгородты басып алды және осы жерде бір жылдай болды. 1439 ж кенеттен Мәскеу дуалынан шықты.

Василий II – нің астанасын басып ала алмады, алайда оның маңындағы қалаларды талқандады.

1443-1444 ж  оның ұлы Мұстафа  рязань княздығына қарсы шабуыл жасап біраз елдімекендерді қиратып көптеген тұтқындар ұстады. Ханзада басқа ақылды ақылды амал таба алмай, тұтқындарды туыстары сатып алар деген үмітпен, сол Рязанның жерінде сатуға кірісті. Сол кезде қатты аяз болды да, Мұстафа Переяславлдың тұрғындарын өзінің әскерін қалаға қыстау үшін кіргізуге мәжбүр етті. Мұны естіген Ұлы князь Василий II  ханның ұлына қарсы әскер жіберді, бұған Ұлық Мұхаммедпен жауласқан мордовтық княздар да қосылды. Үрейленген Переяславлықтар ханзаданы қаланы босатуын өтінді.

Сөйтіп  ол қатты аязда  бірден 3 фронтпен күресуге мәжбүр болды

1. Мәскеуліктермен

2. Мордовалықтармен

  1. Рязандық казактармен

Нәтижесінде Мустафа отрядтарымен бірге Листани  көлі маңында қаза тапты,  ал аман қалған әмірлер мен әскерлердің біразы мәскеуліктердің тұтқынына түсті.

    Ұлының өлімі Ұлық Мұхаммедке  қатты батып, одан кейін ол  мәскеу басшысына өшігіп алды.

1444ж  Төменгі Новгородтың ханы болған  данил Борисович қайтыс болғаннан  кейін, Төменгі Новгородқа мәскеулік  наместниктер қайта кірді. Ұлық  Мұхаммед қаланың Мәскеу қолаастына  өтуін қаламай, тез арада қаланы басып алғысы келді. Мәскеулік әскербасылар қалада берік бекініп алып үлгерді, ал қалған қалалар ханның бақылауында болды. Стратегиялық маңызы бар қалада орныққан Ұлық Мұхаммед, орыс жерлеріне шабуылдарын жалғастырды. Сол жылдың аяғында оның әскерлері Муромды да басып алды.

    

   
 
 
 
 

6      Орта Еділде жаңа хандықтың пайда болуы, Мәскеу басшылығының мазасын қашырды.

     Ұлы князь Василий Васильевич Ұлық Мүхаммед Муромды жаулап алғаннан кейін, ханға қарсы әскер жіберді.

Ұлы князға көмекке оның жақын туыстары  Дмитрий Шеляк Голыцкий, Иван Андреевич  Можайский, ағалары- Михаил Белозерский, Василий Ярослав Серпуховский келді.

     1444-45 ж қыста Мәскеулік Русьте біріккен әскер, ханға қарсы шықты.Ұлық Мұхаммед ашық күреске дайын болмай, Муромнан кетіп , Төменгі Новгородқа оралды.

Бірақ 1445ж көктемде хан Руське жорыққа  өз ұлдары Якоб пен Махмудты жібереді. Сол кезде ханға Черкесседегі одақтастарынан 2000 әскер келіп, кешікпей ханзадаларға қосылды.

      Василий II қыста ханды жеңгеннен  кейін, оның ұлдарының әрекетіне  үлкен мән бермеді. Ол қайтадан  князь-көмекшілерін жинады, бірақ  ол бұл жорыққа жауапкершілікпен  қарамады. Солай, князь Иван және  Михаил Андреевич азғантай адамдарымен  келді, Дмитрий Шемяк тіпті  келген жоқ.Ал татарлық ханзада  Бердедет Кудудатович ( Худайдаттың  ұлы) шешуші шайқас басталар алдында Суздалдағы Юрий-Польской жанында еді.

Дегенмен, 1445ж 7 шілдеде Нерли өзені жағалауындағы  Спасо- Ефимьевский монастыры маңында алғашында басымдылық орыс әскерлерінің жағында болды. Махмуд пен Якуб әскерлері кері шегінді, кейін бұл шегіну жаппай қашуға ұласты, Мәскей князінің атшысы қуғынға түсті.

     Алайда орыс әскерлерінің бір  бөлігі жеңіске жеттік деп  ойлап, өлтірілген жауларының  денелерін тонай бастады. Аз  ғана уақытты қамтыған шайқаста орыстар өзінің барлық командалық құрамынан айырылды: Иван Можайский және Василий Серпуховский жараланып, қалған әскерлерімен қашты, ал Василий II – нің өзі ерлікпен шайқасып, бірнеше жарақат алды, Михаил Белозерскиймен бірге Махмудтың тұтқынына түсті.

    Ордалықтар бұл күресте шамамен 500 мыңдай адамынан айырылды.

Осы үлкен  жеңістен кейін Ұлық Мұхаммедтің  ұлдары Суздальға кіріп, оны 3 күн  тонады. Одан кейін Владимирге қарай  жылжыды, алайда оның тұрғындары бұл  жаулаушылыққа дайындалып үлгерді.және Ордалықтар оны тонамай, босатты. Одан кейін олар Муромға оралды, сол  жерден – Төменгі Новгород ханына кетті.

      1445ж тамызда Ұлық Мұхаммед тұтқындағы Ұлы князбен бірге Төменгі Новгородқа кетіп, Курмышқа  келді. Осы жерден ол өзінің елшісін Бегичті Мәскеуге, Василий II ден кейін уақытша мемлекет басшысы болған, Дмитрий Донскойдың ұрпақтарының бірі- Дмитрий Шемякқа жіберді. Шемяк Бегичті құрметпен қарсы алып, ханға деген ниетінің түзу екенін айтты.

Дмитрий Шемяк Бегичті өзінің жеріне жайғастырғысы  келіп, оның көптеген пир ұйымдастырды. Бірақ ақкөңілді Шемяктар оған нашар қызмет жасады: Ұлық Мұхаммед өзінің елшісінен ұзақ уақыт бойы хабар келмегендіктен, Бегичті өлтірді деп ойлап, тұтқындағы Ұлы князьді босатты.

     Василий  II – нің босатылуы  оған қымбатқа түсті:

Ол өзіне  және туыстары, бояр және әскерлері  үшін төлем төлеу керек болды, сонымен бірге Ұлық Мұхаммедтің  2 ұлы Қасым мен Юсифке Мәскеудің қарамағындағы Мещердегі аймақтарды бөліп беру керек болды. Бірақ ең бастысы Ұлы князь ресми түрде өзін Ұлық Мұхаммедтің вассалымын деп жариялап, оған Ордалық «шығу» төлемін төлеуге міндетті болды. Осы шартты шығарғаннан кейін, ханды 1445ж 26 қазанда  Василий  II – ні босатып, оны Мәскеуге 500 ордалықтар ішінен әскери күзетімен жібереді.

Информация о работе Ұлық Мұхаммед