Ұлық Мұхаммед

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:19, реферат

Описание

Ұлық Мұхаммедтің тағдыры XI ғ I-жартысында Алтын Ордада саяси тарихын толық сипаттайды. Осы уақыттарда да ханзадалар билігі үшін соғыс әлі тоқтамаған еді. Орда бірорталыққа бағынбай, жеке ұлыстарға бөлінді. Кешегі жауларының кейбіреулері одақтастары болды және керісінше одақтастары жауларына айналды. Осының бәрі Ұлық Мұхаммедтің ұзақ әрі оқиғаларға толы өмірінде болды. Мұхаммед-оғлан 1-ші рет 1419 жылы таққа претензия білдіреді-бұл уақытта оның атымен ең ерте монеталар жатады. Соған қарағанда ол Қырымдық текті әулетінің қолдауын пайдаланған болса керек; таққа ол Шырын руынан шыққан Текне әмірінің көмегімен келді. Мұхаммед хан Едіге өлгеннен кейін, Алтын Ордадағы анархияны пайдаланып Еділ Булгариясын, Хаджы Тарханды басып алады және өзін бүкіл Ордалық хан деп жариялайды.

Содержание

1. Ұлық Мұхаммедтің таққа келуі
2. Ұлық Мұхаммедтің Барақпен Сарай үшін шайқасқа шығуы
3. Ұлық Мұхаммед пен Кіші Мұхаммед арасындағы шайқас
4. Келісімге келуі
5. Ұлық Мұхаммедтің Василий II мен қарым-қатынасы
6. Руське жорығы

Работа состоит из  1 файл

улык мухаммед.docx

— 39.12 Кб (Скачать документ)

Жоспары

1. Ұлық Мұхаммедтің  таққа келуі

 2. Ұлық Мұхаммедтің Барақпен Сарай үшін шайқасқа шығуы

 3. Ұлық Мұхаммед пен Кіші Мұхаммед арасындағы шайқас

 4. Келісімге келуі

 5. Ұлық Мұхаммедтің Василий II мен қарым-қатынасы

 6. Руське жорығы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ұлық Мұхаммедтің  тағдыры  XI ғ I-жартысында Алтын Ордада саяси тарихын толық сипаттайды. Осы уақыттарда да ханзадалар билігі үшін соғыс әлі тоқтамаған еді.                                                                                                                                            Орда бірорталыққа бағынбай, жеке ұлыстарға бөлінді. Кешегі жауларының кейбіреулері одақтастары болды және керісінше одақтастары жауларына айналды.  Осының бәрі Ұлық Мұхаммедтің ұзақ әрі оқиғаларға толы өмірінде болды.                                                                                                                                    Мұхаммед-оғлан 1-ші рет 1419 жылы таққа претензия білдіреді-бұл уақытта оның атымен ең ерте монеталар жатады. Соған қарағанда ол Қырымдық текті әулетінің қолдауын пайдаланған болса керек; таққа ол Шырын руынан шыққан Текне әмірінің көмегімен келді.                                                                                                                                                    Мұхаммед  хан Едіге өлгеннен кейін, Алтын Ордадағы анархияны пайдаланып Еділ Булгариясын,  Хаджы Тарханды басып алады  және өзін бүкіл Ордалық хан деп жариялайды.                                                                                                                       Едіге өсиеті бойынша , оның ұлдары, маңғыт әмірлері Шибанид руынан шыққан түменбасшысы  Хаджы-Мұхаммед ханды қолдады. Ол кезінде бұрынғы Көк орданың  едәуір бөлігінде билік жүргізген .                                                                                                              Еділ бойын жаулап алу әрекетін жүргізбей, Хаджы  Мұхаммед Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікке қанағаттанды және ол , оның ізбасарлары  “Дешті Қыпшақ хандары” деп аталуын жалғастырды, яғни өздерін Алтын Орда мемлекетінің орынбасарларымыз деп санады. Іс жүзінде, олар жаңа мемлекеттің билеушілері болды, тарихта белгілі яғни, “ көшпелі өзбек мемлекетінің”

Осы уақыттан бастап Алтын Орданың Шығыс бөлігі сарай  хандарының билігінен түбегейлі  шықты.Алайда, батыс қанаттың ( Бұрынғы  Ақ Орданың) төрелерінің барлығы  Мұхаммед ханның билігін мойындағысы  келмеді.Оны тіпті өзінің немере інілері- Худайдат б Али және Девлет-берді  Таш – Тимур да қолдамады, өйткені  олар да тақтан үміттенген еді.                                                                                                     Нәтижесінде, Мұхаммед  хан  1421-1422 ж қарсаңында Ұрыс ханның немересі Барақ Койричиден жеңілді.                                                                                                  Барақтың Көк Ордада көптеген жақтаушылары болды және ол Самархандық билеуші  Ұлықбек мырзаның қолдауын пайдаланды..Сонымен бірге Барақтың жағына Едігенің үлкен ұлы, Маңғыт Ордасының билеушісі титулына ие болған – Мансур өтті.                                                                                                                            

Алдымен Мансур әкесінің өсиеті бойынша, Хаджы –  Мұхаммедті қолдады, бірақ кейін  ол Барақ ханның жағына өтті, өйткені  Барақ Мансурды беклер-бек  етіп  тағайындады.

Көптеген  маңғыт әскерінің қолдауымен, Барақ  Мұхаммедті жеңеді де, оны Еділден  қуып жібереді.                                                                                      

     Мұхаммед хан өзінің одақтасы Ұлы князь Витовтқа, Литваға қашып, бірнеше жыл сол жерде болды. Ол ақылмен әрекет жасап, Барақтың басқа да қарсыластары болатынын біліп, бірден тақты қайтарып алуға тырыспады. Оның бірі Мұхаммед ханның немересі, сонымен қатар Қырым ханзадасы Худайта б. Али еді. Одан кейін бұл күреске Хаджы-Тарханды, Еділ булгариясын басып алған Гиас ад – дин б. Шәдібек хан  келді.

Барақ алғашында біраз жетістіктерге  жетеді:

1422ж  ол Худайдатты талқандап, оны  Русь шекараларына қуып жіберді 

   Худайдат Литва немесе Мәскеу ұлы князінің көмегіне сүйенген сияқты, бірақ қателесті:                                                                                                                                           Келесі жылы Барақ Одоева княздығы ішіне ескертпе жорық жасады, оның нәтижесінде Литва  да, Мәскеу де өздерінің шекараларының  қорғанысы үшін  Орданың өзара қырқысына араласпады.                                                                                                                  1424 жылы Худайдат Литва князін көмекке келмегені үшін жазалайын деп шешті, және өзі Одоевқа жорыққа шықты. Алайда оған қарсы Мәскеулік Ұлы князь Василий Васильевичтің отрядына көмек ретінде әскер жіберді. Мәскеуліктердің келуін  күтпестен литвалықтар қашқан Худайдатты жеңді. Осыдан кейін деректемелерде Худайдат аты кездеспейді. Сірә ол әскерінен айырылып, Худайдаттың қолынан қаза болса керек.                                                 

               Дәл осы кезде Витовт өзара қырқыстан әлсіреген Алтын Орданы көріп, Мұхаммед ханға көмек көрсету керек деп шешті.                                                                        1424-1425 ж қарсаңында Мұхаммед литвалықтардың көмегімен Қырымда өзін хан деп жариялап, кейін өзіне барлық түбекті бағындырды,  сонымен қоса Оңтүстік жағалаудағы генуялық колонияны да. Одан кейін Мұхаммед хан солтүстік-шығысқа қарай беттеді де, Хаджы-Тарханды оңай жаулап алып,ақырында Барақпен Сарай үшін айқасқа шықты. Бұл жолы Мұхаммед ханның жолы болды: 1426ж қарсыласын жеңіп, кері шығысқа қуып жіберді.  Барақ шығыстағы иеліктерімен, батыстағы шығынның орнын толтыруды ойлады да, Мәуенахрдағы билеуші, өзінің қолдаушысы Ұлықбектен Алтын Ордадағы бұрынғы иеліктерін қайтарып алуға тырысты. Ұлықбек және оның ағасы Мұхаммед-Джуки Бараққа қарсы шықты. Алайда, көп әскері болғанымен жеңіліп қалды. Олардың соғысына әкесі Хорасанның Ұлы билеушісі Шахрух араласты. Ол Мәуенахр шекарасынан Барақты қуып жіберді.                           Сәтсіздіктің нәтижесінде Барақтан көптеген жақтаушылары  сонымен бірге өзінің беклер-бегі Мансур да  кері айналды.Мансур Барақтың бақталастарының бірімен келісөздер жүргізді. Мұны естіген Барақ оны өлтіруге бұйрық берді. Мансурдың өлтірілуі Барақтың басқа да әмірлерін қорқытты, сонымен қатар оның жағдайын нығайтты. 1427 ж ол тағы Еділ бойына басып кіріп, Мұхаммед ханды жеңіп Сарайды алды, Мұхаммедті жеңді.                                                 

     Жеңістің  себебі: Мұхаммед хан өзінің әскерін  Қырымға тастап кетеді. Сол жерде  Мұхаммед ханның тағы бір немере  інісі Девлет-Берді Таш-Тимур  өзін хан деп жариялаған еді.  Нәтижесінде Мұхаммед хан Барақтан  жеңіліп, тек қана Еділ Булгариясында және Хаджи-Тархандағы билікті сақтап қалды да, Сарайдан кетуге мәжбүр болды.                                                                                                                              Мұхаммедтің бақытына орай, Дәулет Берді оның қиындықтарын пайдаланып, оған қарсы шыққан жоқ. Оның орнына Сарайға жорық жасап, өз кезеңінде астананы басып алып, Алтын Ордада өзін хан деп жариялайды. Алайда, Дәулет Бердінің қуанышы ұзаққа созылмады. Бараққа тақты кайтып беруге мәжбүр болды.Соған қарағанда Дәулет Берді Барақпен күресте қайтыс болған. 1427жылдан кейін оның аты деректемелерде кездеспейді.                                        

           Немере інісінің өлімі Мұхаммед ханға екі есе пайда әкелді:                                       Біріншіден, Қырым билігі үшін бақталасы ғайып болды.                                             Екіншіден, Барақ олармен күресте көптеген шығынға ұшырағандықтан, Мұхаммедке оны Сарайдан қуып жіберу ешқандай қиындық туғызбады.                                                                                                                         1428-1429 ж қарсаңында Барақ қайтыс болды:                                                                Оны Едігенің ұлдары Гази мен Наурыз өз ағаларының өлімінен кек алу үшін өлтірді. Осылай  Мұхаммед хан басқалардың қолымен билік үшін таластағы 3 бақталасынан құтылды.                                                                                                                                                 Мұхаммед хан тақты қайтарып алып, Алтын Орданың әлсіреген беделін халықаралық аренада нығайтуға тырысты.                                                                                                                              (27 жұмада-ал-аввал 831ж) 1428ж 14 наурызда, ол түрік сұлтаны Мұрад II ге қарсыластарын жеңген жеңісі туралы хабарлап және ұрпақтары сақтаған достық пен одақты қайта нығайту үшін ұсыныс білдіріп, жолдау жіберді.    Бір жылдан кейін хан Египетке хат жіберді, алайда бұл жолы іс конфузбен аяқталды: Олармен бірге сыйлық және 2 хат болды. Оның бірі арабша, екіншісі- ұйғыр тілінде, бірақ оның мазмұнын түсінетін ешкім болмады.                                                                                                                  Келесі жылы  Мұхаммед ханға герман императоры Сигизмундтан, түріктермен күрес үшін коалиция құрған  уақытта жолдау келеді. Сондықтан Мұрад II және оның одақтасы Египет сұлтаны Барсбай Мұхаммедтің ынтасына көңіл бөлмеді. Хан олардың қарсыластарымен одақтасып, императордың жолдауын өз еркімен қабылдады.

   Осы уақытта Мұхаммед хан белсенді түрде өзінің қолдаушысы Литва князі Витовтпен жақсы байланыста еді.Витовт 1429ж Ливондық орденнің Ұлы магистріне былай жазған еді:  «Махмет патша... өзінің жолдауы арқылы бізге мықты одақ ұсынды»

     Кейінірек,  1433 ж Мұхаммед хан өзі  ливондық магистрмен келіссөздер жүргізіп отырды.Ақырында, Алтын Орда тағына, барлығын өзінің билігіне біріктіріп, қайтадан Джучид державасының халықаралық беделін көтере алған хан келді.

3   Мұхаммед ханға халықаралық саясатпен айналысу керек болмады: көп кешікпей, оның мемлекетінде жаңа толқулар басталды:                                                                            Біріншіден, Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік жүргізген – Шибанидтер билігін мойындаған Барақтың ұлы Абу-Сайд және немере жиені Гирей Барақ ұлысын басқарды.

  Екіншіден, Гази және Наурыз Барақпен күресті бастап, Мұхаммед ханның мүддесіне қарама-қарсы әрекет жасады:                                        

Шамамен 1428 ж  олар таққа жаңа үміткер – Мұхаммед сұлтан Тимур ханды қолдады.

                 Жаңа үміткер өзінің билігіне бастаған жол, Хаджы-Тархандта мықты қолдау тапты. Осы кезден бастап Алтын  Ордадағы тақ үшін күресте 2 Мұхаммед хан қақтығысып қалды.Сондықтан екеуін шатастырмау үшін басты кейіпкерімізді Үлкен деп атай бастады, ал оның қарсыласын Кичи-Мұхаммед (Кіші) деп атай бастады.                                                                      Дәл осы уақытта Еділ далалары құрғақшылық және індеттен зиян шекті.

                 Ұлық Мұхаммедтің өз азаматтарына көмектесе алмауы олардың көбісінің одан алшақтап, Кіші Мұхаммедтің қол астына өтуіне мәжбүр болған сияқты.Төменгі Еділ бойының халықтарының және Ұлы Ноғай княздері Гази жәнем Наурыздың қолдауларын таба отырып, Кіші Мұхаммедтің Ұлық Мұхаммедті жеңуі қиынға соқпас еді. Ал Ұлық Мұхаммед Еділ бойында тұрғандықтан Қырым әмірлері мен Литваның қолдауын пайдалана алмады. Оның бақытына орай, Кіші Мұхаммед  пен  Едіге ұлдарының арасында ұрыс болады. Оның нәтижесінде, Маңғыт әмірлері ханнан кетіп қалды.                                                                              Гази Шығыс Дешті Қыпшақтың жаңа ханы Шайбани Юмадукке кетіп қалып, оның беклер-бегі болды, бірақ  көп кешікпей жақындарының қолынан қаза тапты. Ал Наурыз өзінің барлық әскерімен бірге Ұлық Мұхаммед жағына ауысты. Қуанған Сарайдың ханы оны өзінің беклер-бегі етіп тағайындады және онымен бірге Кіші Мұхаммедке қарсы шықты.                                                                                                                             Алайда Ноғай әмірінің көтерілуі Ұлық Мұхаммедтің басқа да ықпалды туысы – Шырын руынан шыққан Текнені және коңырат руының басшысы, көптеген жылдар бойы ханмен байланысқан және оның келуіне көптеген септігін тигізген Хайдарды да қатты қорлады.

                   1430ж Хайдар Коңырат ханның бұйрығынсыз,литовтың шет жағына шабуыл жасап, Мценск қаласының әскери жетекшісі, Григорий Потрасьевті алдау арқылы қолға түсірді:                                                             Қаланы ала алмаған әмір әскербасыны келіссөзбен алдап әкелді де, тұтқындады. Бірақ Хайдар тұтқынды ханның Ордасына әкелген кезде Ұлық Мұхаммед Хайдарға ұрсып, Григорийді ақтап,босатуға бұйрық берді. Бірақ бәрінен бұрын хаг өзінің одақтастары-литовтық князбен арасындағы қарым-қатынасты үзгісі келмеді.                                                                                                                                               Алайда Хайдар ханның әрекетін өзін қорлағандық деп қабылдап, кегін ішіне сақтады.  

         Қарсыластарымен күресінде жеңістеріне орай 1420 ж соңы мен 1430 жылдың басында Ұлық Мұхаммед Алтын Ордада барлық вассалының көзінше, жоғарғы хан саналды және оларға соттық инстанция болды. Сондықтан соған 1431 ж Ұлы  княздікке дауды шешу үшін Василий Васильевич Московский және оның ағасы Юрий Дмитриевич Звенигородский келді.

      Юрий Текне келісімін алып койды. Текне Звенигородтық князға: «сенің ханға үлкен ықпалың тиеді, өзің ұлы княздікке үміткер боласың », деп сендірді.

       Алайда Василий Васильевичтің ынта,талаптарын тәжірибелі дипломат және пәлеқор – боярин Иван Дмитриевич Всеволожский таныстырды.

      Нәтижесінде Ұлық Мұхаммед хан өзін тек қатал билеуші деп санамай, сонымен қатар  әділ сот ретінде Василий II жағына иілді.                                                                 1432 ж жеңіп шыққан Василий Васильевич Мәскеуге оралды.

 Ұлық Мұхаммедтің сот төрелігі алайда оған қымбатқа түсті :  Текне басқа жәбірленгендермен – Хайдар Қоңыратпен келіссөз жүргізді, ханнан кек алу үшін жоспар құрды.                 

                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                                                                               

                      

Информация о работе Ұлық Мұхаммед