Махамбет өтемісұлы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 15:38, реферат
Описание
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан
Работа состоит из 1 файл
Махамбет Өтемісұлы.docx
— 35.26 Кб (Скачать документ)Махамбет Өтемісұлы
(1803 - 1846)
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей
ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде
туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі
Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген
- қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге
1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар
кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде
де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи
қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің
Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының
Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі,
әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар
болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де,
шешендер де шыққан.
Халықтың азатығын көксеген күрескер,
ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай
елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы,
Жөнібек ауданы) дүниеге келді.
Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге
кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың
жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды
сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне
бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы,
даналығы мен адамгершілігі арқасында
да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып
жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі
істерді өлеңдеріне арқау еткен.
Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған
асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп,
билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер
шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда
көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына
мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған
үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті
қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында
Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде
отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай
Таймановқа қосылды.
Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен
екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан
еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша
өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы
хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды,
халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен
аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау,
Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті
жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл
ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында
қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады.
Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін
Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде
өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң
аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың
жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке
қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы
қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен
Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты
батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған
көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге",
"Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде
үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта
шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы
ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай
- ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы.
"Тайманның ұлы Исатай", "Исатай
деген ағам бар", "Исатай сөзі",
"Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың
адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы,
қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған.
"Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр
қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа
жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж.
Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық
көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында
8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар
мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы
жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев,
З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин,
Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б.
ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер,
мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы
Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны,
күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы
Исатай Тайманов бастаған көтерілісті
(1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы
көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен
жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп
аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының
Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре
дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір
бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден
Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз
деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен
Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен
Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан
- төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі
ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам.
Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі
ауылдардың бірі.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен
көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың
бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар
батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы,
Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет
сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын
көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген
заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік
меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар
адам болған. Шағатай, орыс, татар, араб
тілдерін жазбаша тәуір меңгерген. Мұны
ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Махамбет Ресей отаршылдығының барша
ауырлық тауқыметін көзімен көріп, оның
барша зорлық зомбылығын басынан өткеріп,
ғұмыр кешкен адам. Сондықтан да 1836 жылы
әбден шыдамы таусылған халық теңіздей
толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді
дүмпудің дем берушісі Махамбет болды.
Ол Исатай батырмен бірге арыстандай ақырып,
азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық
үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің
мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен
халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет
жеріне жеткізе жырлаған әйгілі ақын.
Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде
де сондай дара.
Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау
жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан
соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің
қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған
сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей.
Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына
шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып
келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет
тәрізді. Егер, қазақ халқының рухани үрдісін
кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер
болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен
Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз
бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып,
ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін
жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар
ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық
естуге болады. Махамбет – жорық жырауы.
Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған,
рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен
батыр-жырау. Махамбет заманы көшпелілер
рухының айының батып, күнінің тұтылған
кезі. Сондықтан да, көшпелілер мәдениетіндегі
эпикалық синкреттілік Махамбет болмысымен
түйінделеді. Бұдан былай өнер қоғамдық
құбылыстарды реттеушілік міндетінен
айрылып, эстетикалық алданыш болуға көшкен.
Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі
шешен, әрі жырау, әрі күйші болуында осындай
тарихи әлеуметтік сұраным болған. Бұл
тұрғыдан келгенде, Махамбет жорық жаруларының
ішіндегі соңғысы.
Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған,
өзінің бойына халықтық дәстүрді терең
сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы
бастаған халық көтерілісінде маңызды
рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы
халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне
қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері
бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің
батырлығын қалың халық бұқарасына паш
ету мақсатында жазылды. Оның өлеңдері
бұқара халықтың жүргеніне тым жақын болды.
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет
шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан
өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді
жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы
келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге
аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып
келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға
қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе
бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып,
Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған
"енді қайтып бүлікке қатысушы болма"
деген ескерту жасап, босатады.
Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді.
Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың
бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып,
оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның
тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы —
теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес,
қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып
келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып
жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған
көне дәстүр бойынша философиялық терең
толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.
Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер
тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің
бастау көздерінің бірі ретінде саналады.
Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге,
өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы
бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға
арнаған ардақты ақын.
Қай халықтың да
қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін
қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың
ғана бойынан табылар сарқылмасжігер
мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел
мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке
бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің
болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел
кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған
қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап,
кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі.
Ал, осы екі қас қасиет бір адамның басына
сыйып, бағына бітсе ше… Онда таңданатын
не тұр! Тек батыр бас тігер көзсіз ерлікке
алдымен ақынның дәті барып, қарымдас
халқына жар салса, тек ақынның асқақ шабытына
лайық нар тәуекелге тек батыр ғана бел
буар болса, одан жарасымды, одан ғанибет
не болушы еді!
Сондықтан да, ол табиғаттан қалаған уақытында
табыла бермейтін асылдай аса сирек кездесетін
құбылыс.
Махмбет те сол асылыдң, сол сиректің бірі.
Ондай құбылыс тек қазақ түгілі барша
адамзаттың ғұмырында да көп кездесе бермеген.
Махамбет кәдімгі он екі жілік, бір мығым
жұмыр басты пенденің ертегідегідей аңызға
айналуының, тек ертегіде ғана кездесетін
ғажайып ерлердің қайтадан шындыққа айналуының
таптырмас бір мысалы.
Бұрын кез-келген қазақ жырын жатқа білетін
ақын Махамбет, атының әрбір әрпі атой
салып тұрғандай естілетін батыр Махамбет
кейінгі жылдары табылған бұлтартпас
дәйекті деректер көрсеткендей күйші
де екен. Қапелімде, қай құлаққа да таңсық
естілер бұл дерекке де таң қалатындай
ештеңе жоқ сияқты. Батырдың найза ұстамауы
миға қандай қонбаса, ақынның домбыра
ұстамауы да сондай ақылға сыймайтын нәрсе.
Бірақ, бұл екеуінде ақынды да, батырды
да желпіндірер халық басындағы тасқын
күш, топан ашу, толағай тағдыр болғанымен,
кез-келген көк найзалы батырдың қызыл
сөзге суырылып тұрған ділмәр шешеннің
семсерін жарқылдатып қан майданға шыға
бермесі қандай ақиқат болса, қолына домбыра
ұстаған кез-келген ақынның сөзді қысып,
сазды сөйлетер аруақты композитор бол
бермейтіні де сондай ақиқат. Ал, Махамбеттің
адам таң қалатын жері де, сол бола берместің
бәрін болдырта білгендігінде ғой. Алдымен
Махамбет болу қиын, ал Махамбет болғасын
батыр болу да, күйші болу да оп-оңай сияқтанып
тұратындығы да осыдан шығар.
Сол бір туар Махамбеттің қайда салсақ
та саф алтындай жарқылдап, ақ алмастай
қиып түсіп, шыны майдай шыжғырынды шындықпен
көкірегіңді өртеп түсер құдіреті неде?
Батыр болса кез келген тымақты шоқпар
ұстаған сотқар заманда екіленген есер
болмай, еңіреген ер болуының, ақын болса
– бардың алдында байпақтап, жоқтың алдында
шайқақтап шыға келер өзге әріптестеріндей
мақтаушы болмай, жоқтаушы болуының сыры
неде?
Міне, гәп қайда жатыр? Махамбеттің Махамбет
болуының себебі де осында ғой. Оның тұсындағы
дүркіреген көп ақынның өзі де, сөзі де
халық жадынан шыққанда, оның тұсындағы
күркіреген көп батыр сазбауға біткен
құба талды сайғақ қып жатып алып, бүгіндері
топографтардың ғана қырағы көзіне ілігер
белгісіз жер төмпекке айналған кезінде
ақын Махамбеттің ащы айғайы әлі күнге
дейін құлағыңда саңқылдап, батыр Махамбеттің
тап көз алдыңда көлбеңдей шауып бара
жатқандай әлі күнге дейін делебеңді қоздыруының
себебі де, міне, осында, Махамбеттің кімнің
сөзін сөйлеп, кімнің сойылын соға білгенде
ғой.
Істе де, сөзде де шынайылық пен шындықтан
туады. Махамбет те өзінің батырлығын,
ең алдымен, өз дәуірінің шындығына тура
қарауға арнады да, өз ақындығын сол көзі
көріп, көңіліне түйген шындықты еш қалтқысыз,
еш бұлтақсыз айта білуге салды. Сөйтіп,
мезгілмен бірге өлетін өтіріктің сөзін
сөйлемей, халықпен бірге қимылдап, тарихты
жасайтын ақиқаттың сөзін сөйледі. Сондықтан
да Махамбет халықпен бірге жасап, бірге
жаңғырығып келеді. Махамбеттің Махамбеттігі
де сол шындық қуғандағында. Ол сөйлеген
сөз бен ол істеген істің тарихи өміршең
боп келетіндігі де осыдан.
Махамбет ақын мен Махамбет батырдың осы
қасиеттерін біз күйші Махамбеттен, композитор
Махамбеттен де анық байқағандаймыз. Егер
біз Махамбет тағдырын ел кегін жоқтаған
кескекті ердің ереуіл ғұмыры деп танитын
болсақ, оның жырларын сол ереуіл өмірдің
поэтикалық шежіресі деп білеміз. Мынау
жеті күй бізге сол асқақ ақын, асқаралы
азаматтың жүрек соғысы мен жүрек тынысының
үнмен жазылып қалған кардиограммасындайкөп
жайды аңғартып, көп нәрсені түсіндіріп
тұр. Мұнда да Махамбеттің сол таныс даусы,
таныс шабыты, Махамбет жүрегінің сол
таныс дүрсілі.
«Исатайдың Ақтабаны-ай» баяғы ереуіл
атқа ер салғандардың дегені болып, тастары
өрге домалап тұрған қайран дәурендерін
жарқылдатып көз алдыңа тосса, «Шілтерлі
терезе» сол өктем көңіл, өр жүректің торға
түскен торғайдай бұлқынған, бірақ қиянатшыл
тағдырға көнбей тайталасқан арпалыс
халынан зар төккендей. Онда да тауы шағылып,
таусылған мүскіннің мүсәпір жылап-сықтауы
емес, намысына қыл бұрау түсіп, бұлқынған
арыстың арпалысып буырқанғаны естіледі.
Біз осы хал, осы әуенді Махамбеттің «Өкініш»
атты күйінен де жақсы аңғарамыз. Онда
қалт жіберіп, қапы соққан кісінің ызасы
тепсінгенімен, «мұны неге істедім» деп
өкінген өксік жоқ. Күйдің әуен бітімі
оның Исатайдан айырылып, көтерілістің
дағдарысқа ұшыраған тұсында туғанын
аңғартқан. Бірақ сондай жер жарылып, аспан
шытынаған кездегі күйші жүрегі неткен
сабырлы, күйші зары неткен мәнді, неткен
ұстамды!
Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын
қапысыз таныта алатын шығармалар санатына
«Жұмыр, Қылыш» пен «Қайран Нарынды» жатқызуға
болады. Орындаушылар «Жұмыр, Қылышты»
Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті
Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан
құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр
мен Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы
ғажап емес. Күйде шалт қимылды батырлыққа
лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар.
Ол күмбіррлей төгілген қоңыр сазбен ара
жігі білінбей әдемі жымдасқан. Ал, «Қайран
Нарын» Махамбеттің ақындық творчествосының
басты арнасына айналдырған туған ел,
туған елдің мүддесі мен мерейі жолындағы
кескесті ұрыс тақырыбына арналған. Күйден
«аһ» ұрған зар, қайнаған ыза, езілген
мұң, серпілген арман, ашылған күндей шуақты
қиял қатар білінеді. Одан Махамбеттей
кемеңгер азамат, кемел жанның басында
бола берер тоқсан толғақ, сексен серпін,
сергелдең сезімдердің кең тынысы табылады.
Нарынның шағыл бұйраттарындай жонданып,
бұратыла бүктеліп, кейде сүр бесіннің
көк сағымына көкірегінен малынып тұрған
Қараойдың қатқылындай көсіліп қоя берер
шежіре күйлер азаматтық қарым, батырлық
қайрат, ақындық шабыттың неден туып отырғанынан
хабар бергендей. «Батыр болмақ адам-ды»,
- деп Махамбет өзі айтқандай, аламанды
артыңа ертер ер болу да, қарымдас халқың
аузыңа қарар ақын болу да, заманыңның
батпан жүгін қара нардай қайыспай көтерер
ұлы болу да, ең алдымен, сол ел қамына,
оның болашағына теңселе тебіренген терең
ойлы азамат болу екен.
Дүниеде Махамбеттей адамдардың болғаны
өзіңнің адам деген нәсілдің төлі екендігіңнің
заңды мақтанышын туғызады. Дүниеде Махамбеттей
адамдардың жасауы топырақ жалаған жауын
құрттай жер бауырлаған жебір пенделік
пен сұңқардай саңқылдаған асқар азаматтықтың
арасындағы шырқау айырмашылықты айқындай
түседі. Ал, енді Махамбеттей асыл азамат
қанын қиған халықтан туып, Махамбеттей
адам құдіреттер аңсаған армандар мен
мұраттарға өзіңнің де мүдделігіңді сезіну
- өз алдына ғанибет, өз алдына сүйініш.
Махамбеттер аңсаған адамгершілік мұратын
ту етіп көтерген біздің дәуірде Махамбеттің
аты өлуші ме еді, сөзі өлуші ме еді, тегі
өлуші ме еді. Ендеше, сондай сұңғыла азаматтың
сезімнің сергек дірілін өз үні, өз тынысымен
жеткізгісі келген жүрекжарды сырларының
күміс құймасы – күйлері неге ұмытылсын!
Ұмытылмайды! Кеше ғана Махамбет күйі
болған сарын енді, міне, қадірлі оқырман,
сенің күйіңе, сенің жүрек сарыныңа айналмақшы!
Алдыңнан ақ күн туа берсін, Махамбет сарыны!
Көшпелiлер болмысындағы
кезеңдiк мәнi бар iрi құбылыстар әсте өз
төңiрегiмен ғана шектелмейдi, әсте өз уақытының
аясында тани қоюға көнбейдi. Ондай құбылыстардың
тамыры ғасырларды көктей өтiп, тұтас дәуiрлiк
үрдiстермен астасып жатады. Мұның жарқын
айғағы- Өтемiсұлы Махамбеттiң (1803-1846) өмiрi,
оның тал бойы мен тағдырында тұтас дәуiр
болмысының көрiнiс табуы.
Махамбет- азаттықты көксеген курескер,
қол бастаған батыр, құдiрет ақын, дәулескер
күйшi. Мұның бәрi рас. Алайда, дәл осылай
жiлiктеп, бiртұтас құбылысты бөлшектеп
танимыз десек, онда Махамбет бойындағы
осынау қасиеттердiң сыр-себебi, мән-мағынасы
толық ашылмас едi. Махамбет әлемiн оның
жеке басына таңырқау арқылы тану, жеке
басын марапаттау арқылы түсiну мүмкiн
емес. Керек десеңiз, Махамбет болмысын
танып-түсiну үшiн тек қана өзi өмiр сүрген
заман мен қоғамды саралаумен шектелуге
де болмайды. Өйткенi, ол тұтас бiр дәуiр
толғағы дүниеге әкелген ұлы тұлға.
Белгiлi бiр дәрежеде, адамзат баласының
тарихы көшпелiлер мен отырықшылардың
бәсекесiнен тұратын сияқты. Түптеп келгенде,
соңғы үш-төрт мың жылдың қою тарихы осылай
ойлауға дес бередi. Мұның өзi, екi түрлi
даму үлгiсiнiң бәсекесi, екi бөлек системаның
теке тiресi, екi арнамен дамыған мәдениеттердiң
өрелесуi едi. Отырықшылар дүние- тiршiлiктi
атомдық бөлшекке дейiн ыдыратып, нақтылы
таным жолын дамуына тұғыр еттi. Бұл орайда,
олар өздерiн табиғаттың қарсыластары
ретiнде танытты. Бұл қасиет отырықшылардың
бүкiл тарихи-әлеуметтiк өмiр салты мен
мәдени-рухани болмысында дарыды. Ал көшпелiлер
болса (бұл жерде Еуразияның ұлы даласындағы
классикалық көшпелiлiк сөз блып отыр),
дүние-тiршiлiктi рухани игерiп, табиғатпен
тiл табысуды өмiр сүрудiң тәсiлi еттi.
Орта ғасырдың соңына дейiн отырықшыларға
қарағанда көшпелiлердiң рухы биiк, күшi
басым болып келдi. Тек ол ғана емес, көшпелiлер
өзiнiң мәдени-рухани болмысы мен салт-дәстүрiн
де мейлiнше шыңдап үлгiрген едi. Орта ғасырдың
соңын ала тапанша, мылтық, зеңбiрiк сияқты
отты қару пайда бола бастады. Әрине, мұндай
қару түрлерi текқана отырықшылар ортасында
пайда болуға тиiс едi. Өйткенi, отты қару
жасайтын кәсiпорын көшпелiлердiң өмiр
салтына жат. Мiне, осы кезден бастап адамзат
баласының даму үрдiсi өзiнiң альтернативтi
сипатын көмескiлеп, бiрыңғай технократтық
даму үрдiсiн өзектi мұратына айналдырды.
Көшпелiлердiң тарих сахнасынан шығып,
аттан түсуiнде осындай сыр себеп бар.
Әрине, системаның өзгерiске ұшырауы және
зорлықпен өзгеруi сол ойкумендегi ел-жұрт
үшiн оңай шаруа емес. Мұндай өзгерiстер
бiрер ұрпақтың өмiрiнде жүзеге асып үлгермейдi.
Системаның екпiнi әлденеше ғасырларды
көктей өтiп, әлденеше ұрпақтың өмiрiн өксiтiп
барып саябыр тартады. Iзiнен қан шұбырып,
тарихи тағдырға мойын ұсынады. Сөз жоқ,
мұндай кесек құбылыстар өзiне сай кесек
тұлғалардың өмiрбаянына айналады. Мiне,
Өтемiсұлы Махамбеттi дәуiрлiк құбылыс
деуiмiздiң мән-мағнасы осында.
Махамбет - көшпелiлер өркениетiнiң осынау
жарық дүниемен шырқырап қоштасқан соңғы
үнi. Жалына қол тигiзбейтiн көшпелiлердiң
қыл сағағын тарих тұзағы қылғындырған
сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серiпкендей.
Қазақты ұлт ретiнде даралап, тарих сахнасына
шығарған көшпелiлер мәдениетiнiң буырқанып
келiп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет
сияқты. Шыны да сол. Егер, қазақ халқының
рухани үрдiсiн кең аяда тарихи құбылыс
ретiнде елестетер болсақ, онда Қорқыттан
Асанқайғыға дейiн, Асанқайғыдан Махамбетке
дейiн, Махамбеттен Абайға дейiн, Абайдан
бүгiнге дейiн деп төрт кезеңге бөлуге
болар едi.
Махамбет заманы көшпелiлер рухының айының
батып, күнiнiң тұтылған кезi. Сондықтан
да, көшпелiлер мәдениетiндегi эпикалық
синкреттiлiк Махамбет болмысымен түйiнделедi.