Этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 11:45, автореферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еңсесін көтерген шақта бүкіл Еуразия аумағына, тіпті ғаламға танылып, беделі артып, дамып келеді. Егемен мемлекет дамудың жаңа сатысына көтеріліп, толғаулы, түйінді, маңызды мәселелерді шешуді стратегиялық мақсаттарға сәйкес кезегімен күн тәртібіне қоюда. Сондай кемелді проблемалардың ішіндегі негізгілерінің бірі - тәуелсіз Отанымыздың тарихын тану.

Работа состоит из  1 файл

avtorev1.doc

— 259.50 Кб (Скачать документ)

   Алматы  айналысындағы жақын территориялар  үшін маятниктік байланыстардың ең жоғары дәрежесі екі жақтылығы байқалады: жұмысқа барып жүрген тұрғындар саны, қаладан келіп жүргендерден анағұрлым басым болғандықтан, бұл қатынастарды қала ішіндегі жүріп қайтуларымен теңестіруге болады. Мысалы, Алматы – Байсерке, Алматы – Ащыбұлақ (Іле ауданы Алматы облысы) олар транспорттың бір сағаттың арасында жетуге қолайлы территориялар. Ауыл тұрғындары қала ішінде болып, қалалықтармен тығыз байланыс жасап, тіліне, мәдениетіне жағымды әсерін тигізеді. Екінші – ол маятниктік еңбек миграциясы басым дамыған тұрғын территориялар, негізінде тек қалаға бағытталған. Ол екі сағаттың арасында жетуге қолайлы Чапаево, Междуреченск (Іле ауданы Алматы облысы) территориялар. Келесі байланыстарға назар аударатын болсақ, ол магистраль бойында орналасқан қаламен байланыстары болымсыз территориялар – Ақши, Шеліккемір (Іле ауданы Алматы облысы)  Алматы қаласынан екі жарым сағаттық қашықтықта орналасқан, өзінің әкімшілік шеңберінде территориясы шектелген, маятникалық байланыстары шамалы ол Қараой, Қосөзен (Іле ауданы Алматы облысы). Территориялар арасындағы байланыстарды IV тұрақты зонаға бөлдік. Ол арақашықтыққа, көлік қатынасына байланысты бөлінеді. Осыған орай көліктердің саны әр түрлі: яғни Алматы – Ақши қашықтықта 2 маршрут –300 теңгеден, ал Алматы- Ащыбұлақ 9 маршрут- 40 теңге. І тұрақты зонада маятниктік қатынастар жиі болуы ықтимал, ал IV зонаның қатынасы бір жақты және маятниктік байланыстары өте сирек екені айқындалады. Аудан тұрғындарының маятниктік миграциялық қатынастарға араласуы ауданның транспорттық қатынастарының жақсы дамығанына байланысты. Қала түбіндегі ірі агроөндіріс кешендерінде жұмысқа қаладан тек тәжірибелі, жоғары білімді мамандар ғана тартылады. Ал агломерациядан қалаға көбінде жастар ұмтылады. Енді алшақ орналасқан ауылдағы  адамдар қала іргесіндегі ауылдарға ұмтылса, ал ондағы турғындар ірі мегаполиске қарай жұмыс істеуге бет алады. Әрине, күнделікті жолсапарына шыққан адамдардың тұрмысында елеулі өзгерістер байқалады. Енді олар  ауылды жерлерде тұрса да, қосалқы шаруашылықпен айналысудан бас тартады, себебі оған олардың біріншіден уақыттары болмайды, екіншіден керекті заттарды енді олар жанын қинамай  - ақ   ақшасына сатып алуға тырысты.   Олардың ірі мегаполиске көш басын бағыттамағаны, тіпті  маятниктік мигранттар қатарына  қосқан жағдай – транспорттық магистральдық байланыстарының жоғары дамығандығы екені сөзсіз. Бұл келешекте қала мен даланың арасындағы айқындалған шекаралардың жойылуына әкелуі  ықтимал.

   Қоғамдық  көліктерін үнемі пайдаланған мигранттар «транспорттық шаршау» жағдайына тап болуы ықтимал, ол денсаулықтарына зиянын тигізетіні анық. Бос уақытының көбін жолсапарға жұмсаған олар демалу мен серуендерге арналған  уақыттары шектеулі болады.  Енді ол мәселесін шешу үшін олар  қоғамдық көліктерден гөрі жеке меншік автокөліктерін қолдануын құптайды. Маятниктік миграция шеңберінде әрбір кеңістіктің өзіндік ерекшіліктері мен артықшылықтары бар. Мәселен, бірінші кеңістікке қарасты елді мекендер қалаға өте жақын орналасуымен, миграцияға кететің уақыттың аздығымен ерекшеленеді. Ал төртінші кеңістіктегі елді мекендер орталық қаладан алыс орналасқан. Агломерациядағы маятниктік байланыстардың өзіндік қиындықтары болғанмен, ол жолаушылар тасымалының қарқынды жүруіне орай миграция кедергісіз іске асырылады.

   Жоғарғы қарқынмен жүргізілген кенттену нәтижесінде халықтың, өндіріс орындарының  бір жерде жоғары дәрежеде шоғырлануы онсыз да жағымсыз экологиялық жағдайдың күрт төмендеуіне жеткізгені анық. Және де қоғамның даму барысында айқындалғаны, осы уақытқа дейін еліміздегі кенттену үрдісі экстенсивті тәсілімен жүзеге асырылуда, яғни  ірі қала  тұрғындарының саны  миграциялық өсім арқылы ғана жылдан жылға  көбейіп келеді. Бірақ ірі қаланың кез-келген кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы ауылдан ағылып келген  арзан еңбек күшін бірден жұмыспен қамтамасыз етуі мүмкін емес. Соған қоса ірі мегаполис өзінің территориялық қорын да әбден пайдаланып болып, енді өзінің жерін тек агломерация есебінен ғана ұлғайта алады.    

   Маятниктік  миграциялар урбанизациялық үрдістерді ілгері жылжытып халықты қоныстандыру барысына әсерін тигізеді. Сондықтан  маятниктік еңбек байланыстарының  келешекте даму дәрежесінің деңгейін, халықтың ерекше қоныстану жағдайларын есепке алмай анықтау мүмкін емес.                                             

   Диссертациялық  жұмыстың «Қорытынды» бөлімінде оның мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, тұжырымдар мен агломерацияға қатысты ұтымды ұсыныстар жасалынған.

    Алматы  агломерациясының қалыптасуы республикадағы урбандалу процесінің ауқымында  жүріп, ұзақ уақыттарға созылды. Қазақстан  өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін бұл үрдіс күшейіп, қалалық  агломерация өзіндік белгілерін айқын танытуда. Алматы агломерациясы моноцентристік типке жатады. Орталық қала Алматы мен оның маңындағы елді мекендер арасында әлеуметтік-мәдени байланыстар айтарлықтай деңгейге көтерілген. Қала маңы қаланы қажетті жұмыс күшімен қамтамасыз етеді. Ал орталық қала қала маңы үшін мамандар даярлайды. Бір жағынан қала маңы мегаполисті азық-түлікпен қамтамасыз етсе, екінші жағынан қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени мүмкіндіктерін пайдаланады. Кез – келген өркениетті елдердегі кенттену үрдістері бірнеше ғасырлар бойы жүргізілсе, олардың қала тіршілігіне үйренуі кедергісіз, жоспарлы жүргізілді. Ал жедел қарқынмен жүргізілген республикамыздағы кенттену үрдісінің жағымсыз салдары кез – келген аймақтарда, әсіресе агломерацияда айқын сезілді. Ішкі миграциялық ағымдарын реттеу үшін  агломерацияның өзінде шаруашылығы жан-жақты жетілдірілген орталық аймақтар құрып, дамыған инфроқұрылымы бар, шаруашылыққа жағымды жағдайлар жасалған тірек тұрғын орталықтарға халықты қоныстандыру керек.

    Республикада ішкі миграцияларының табиғаты толық зерттеліп, мемлекет тарапынан салалы бағдарламалар қабылданып, орындалуы тиіс немесе миграцияны тұрақтандыру, бір жерден екінші жерге көшуді азайту үшін неғұрлым жергілікті жерлерде тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыс және экологиялық, экономикалық түйіткілдерін шешу соғұрлым миграцияның қарқынын басады. 

   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

   1 Алаев Э.Б. Понятийно-терминологический  словарь. - М. Мысль, 1983   -218 с.         

   2 Гали А. «О Шаныраке », казахской нации и ее интеллигенции …               //  Мегаполис. - 2007, 19 марта.

   3 Назарбаев Н.Ә. Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша республикалық  кеңес //  Егемен Қазақстан. - 2007 ж., 6 наурыз.

   4 Лаппо Г.М. Развитие городских агломераций в СССР. - Москва: Наука, 1978. – 152 с.

   5 Саушкин Ю.Г., Глушкова В.Г. Москва среди городов мира. - М: Мысль, 1983. - 285 с.

   6 Маятниковая миграция сельского населения. - М: Финансы и статистика, 1981. - 88 с.

   7 Хорев Б.С. Проблемы городов. - М: Мысль, 1975. - 98 с.

   8 Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). - А-Ата: Ғылым, 1991. – 43 с.

    9 Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. - Алматы: Атамұра, 1997. - 140 с.; Они же. «Казахи» (демографические тенденции 90-х годов). - Алматы: «Өркениет», 2002. - 144 с.      

   10 Алдажуманов К.С., Алдажуманов Е.К. Депортация народа – преступление тоталитарного режима. - Алматы: Фонд «XXI век», 1997. – 168 с.

   11 Омарбеков Т. Қазақстанға қанша халық көшіп келген? // Ақиқат. – 1994. – №1. - 44-48-бб.; Депортация: корейлер қасіреті // Ақиқат. – 1997. –№ 6. -35-38- бб.; Депортация: Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарын қуғындау // Ақиқат. – 1997. – № 8. -19-24-бб.

   12 Тәтімов М. Ұлттық урбанизациямыздың ұтымды үрдістері. - Алматы: Атамұра, 1993. – 102 б.

   13 Ақынжанов М.А. Проблемы межнациональных отношений и общече-ловеческие ценности / Сб. Гуманизации двух сферы общества. – Алматы, 1992. – С. 72-79.

   14 Алексеенко Н.В. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997 г.г.). - Усть-Каменогорск: Полиграфия, 1999. - 113 с.; Алексеенко А.Н. Население Казахстана 1920-1990 г.г. - Алматы. Ғылым, 1993. - 222 с.

   15 Кадыркулова Г.К.  Население  Семиречья в 1867-1926 г.г. (историко-демографические аспекты ): Автореф. ... кан. ист. наук. - Алматы, 2000. -  31 с.; Төлекова М.К. Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897- 1999 ж.ж.): Автореферат ... т.ғ.к. - Алматы, 2002.  - 395 б.

   16 АОММ. 685-қ. «Алматинский областной Совет народных  депутатов и его исполнительный комитет 07.10.77-12.02.92, с 12.02.92. Алматинский областной маслихат». 8-т., 3294-іс, 209-п.

   17 АОММ. 1078-қ. «Алматинский областной маслихат». 1-т., 37-іс, 87-п.

   18 ҚРОММ. 3-қ. «Областное правление Оренбургскими киргизами Министерства Внутренних дел», 1- т., 7-іс, 68-69-пп.

   19 ҚРОММ. 3-қ. «Областное правление Оренбургскими киргизами Министерства Внутренних дел», 1-т., 7-іс, 71-п.

   20 ҚРОММ. 48-қ. «Верненская городская управа» Министерства  внутренних дел г. Верный Верненского уезда, 1- т., 875-іс, 1-п.

   21 АОММ. 350-қ. «Семиреченский областной революционный комитет 1918-1923 гг.». 1-т., 18-іс, 146-п.

   22 Алматы қаласының ОММ. 174-қ. «Алматинский городской совет народных депутатов и его исполнительный комитет. Горсовет и его исполком.», 15-т., 259-іс, 2-32 -пп.

   23 АОММ. 1078-қ. «Алматинский областной маслихат». 1-т., 22-іс,     60-61 –пп.

   24 Алматы қаласының ОММ. 107-қ. «Статистическое управление г. Алма-Аты. Центральное Статистическое Управление Казахской ССР». 17-т., 107- іс, 7-8-пп.

   25 Омарбеков Т.  Депортация: Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарын қуғындау // Ақиқат. – 1997. – № 8. -19-24-бб.

   26 АОММ. Қапшағай филиалы. 210-қ. «Аппарат акима Илийского района», 1-т., 27-іс, 23-п.

   27 АООМ. Талғар филиалы.18-қ. «Талгарская районная администрация», 1-т., 19-іс, 32-п. 

    

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ  БОЙЫНША  ЖАРИЯЛАНҒАН        МАҚАЛАЛАРДЫҢ   ТІЗІМІ

   1 Қазақстандағы тілдер процестеріне маятниктік миграцияның әсері  // «Парасат» атты Қазақстандық көпсалалы институдында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, 2006, 26-27 сәүір. –  226-229-бб.

   2 Алматы  агломерациясындағы  этномиграциялық үрдістері ( Қарасай ауданы  мысалында) // «VII Сәтбаев оқулары» Павлодар Мемлекеттік Университеті. Халықаралық ғылыми конференция. - Павлодар, 2007, 12 сәуір. -152-157-бб.

   3 Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық үрдістер. (Талғар ауданы  деректер негізінде). // «Парасат» атты Қазақстандық көпсалалы институдында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, 2007, 26-27 сәуір. –  324-329-бб.

   4 Қазақстандағы этнодемографиялық үрдістердің динамикасына оралмандардың әсері ( Алматы агломерациясы мысалында ) // «Отан және әлем тарихы XXI ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері » атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми материалдары. – Алматы, 2007, 22-23 қараша. –  315-319-бб.

   5 Қазақстандағы ірі қала түбіндегі  экономикалық тіршілік процестеріне  маятниктік миграцияның әсері  (Алматы облысы Іле ауданы мысалында) //Қаз. ҰУ хабаршысы, 2006. -№ 2. - 125-128- бб.

   6 Аймақтағы  әлеуметтік-демографиялық   үрдістердің  даму ерекшеліктері  (Іле ауданы  деректері негізінде)  // Ізденіс,  2007. - № 3. - 178-184-бб.

   7 Қала маңына қоныстану: этнодемографиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктері ( Талғар ауданы мысалында)  // Ізденіс,  2007. - № 4. - 143-148-бб.

   8 Алматы мен Қарасай ауданының  арасалмағы немесе Алматы  агломерациясындағы  маятниктік миграцияның  ерекшеліктері  // Қазақ тарихы,  2007. - № 3. - 78-81-бб.

   9  Алматы агломерациясы: шығу тарихы, маңызы және келешегі  // Қазақ тарихы,  2008. - № 2. -110-115-бб.  
 
 

                                               Р е з ю м е 

   на  автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук 07.00.02 - Отечественная история (История Республики Казахстан)

   Сулейменова Кымбат Касымовна 

   Алматинская агломерация: особенности и динамика этнодемографического и миграционного развития (1991-2007 г.г.) 

   Актуальность  темы исследования. Актуальность  исследования истории формирования и развития Алматинской агломерации, изучения ее социально-экономических особенностей, этнодемографического развития, этномиграционных процессов заключается в том, что это один из особенных регионов Казахстана, который занимает важное место в экономическом, культурном и политическом развитии страны.

Информация о работе Этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы