Этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 11:45, автореферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еңсесін көтерген шақта бүкіл Еуразия аумағына, тіпті ғаламға танылып, беделі артып, дамып келеді. Егемен мемлекет дамудың жаңа сатысына көтеріліп, толғаулы, түйінді, маңызды мәселелерді шешуді стратегиялық мақсаттарға сәйкес кезегімен күн тәртібіне қоюда. Сондай кемелді проблемалардың ішіндегі негізгілерінің бірі - тәуелсіз Отанымыздың тарихын тану.

Работа состоит из  1 файл

avtorev1.doc

— 259.50 Кб (Скачать документ)

     Зерттеу жұмысының нысаны Алматы агломерациясының шаруашылық, әлеуметтік, этнодемографиялық, этномиграциялық дамуы болып табылады.

       Зерттеу жұмысының пәні Диссертациялық жұмыста Алматы агломерациясының қалыптасуы мен дамуындағы этнодемографиялық, этномиграциялық үрдістерінің ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.

         Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның тарихи демографиясы және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі мазмұны ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімге сәйкес 5 жарияланымда ғылыми мақалалар түрінде жарық көрді. Әр түрлі деңгейдегі 4 халықаралық және республикалық конференцияларда баяндамалар жасалып, талқыланып, топтамаларда басылды.

         Диссертацияның  құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.Қосымшада зерттеу тақырыбына байланысты Алматы облысының және Алматы қаласында ҮАААЖ картасы. 

   Жұмыстың  негізгі мазмұны 

   Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде  ғылыми зерттеудің  жалпы  сипаттамасы, тақырыптың өзектілігі көрсетіледі, зерттелу деңгейі қарастырылып, мақсаты мен міндеттері айқындалады. Диссертациялық зерттеу барысында  айқындалған ғылыми жаңалықтары, қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар көрсетіліп, зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері талданып, оның практикалық маңыздылығы мен құрылымы баяндалады.

   Диссертацияның  «Алматы маңының тарихи және әлеуметтік-шаруашылық жағдайы»  атты  тарауындағы бірінші параграф «Алматы агломерациясының шығу тарихы мен маңызы және келешегі» деп аталады. Әлем елдерінің тарихынан айқын көрінетіндей алып қалалардың айналасында әр түрлі тарихи кезеңдерде ірі агломерациялар құрылып отырған. Алматы агломерациясындағы орталық ядросы - Алматы қаласы және  сыртқы зоналары - қала маңы аймағынан тысқары орналасқан серік-қалалар мен елді мекендер тобынан тұрады. Бұл агломерацияның орталығы – 2008 ж. есеп бойынша 1247896 адамы бар Алматы қаласы. Ірі қаланың аймағында: Қапшағай, Қаскелең, Талғар қалалары және 4 қала типтес - Боролдай, Өтеген батыр, Покровка, Первомайский поселкелері бар. Алматы агломерациясына кіретін аудандар: Іле, Қарасай және Талғар. Аудандар құрамындағы кейбір ауылды мекендер Алматы облысының аумағы есебінен Алматы қаласына қосылған, олар Көктөбе, Түрксіб [16] және Алатау ауылдық аймағындағы 503 гектар жер. 1998 ж. Шеңгелді ауылдық аймағындағы Шолақ ауылы Қапшағай қаласының әкімшілік билігіне берілді [17] Агломерацияның транспорттық құрылымы дамыған темір жол, автокөлік жүйесімен шектелмейді, Алматы қаласындағы және Боролдай аэропорты мен Қапшағайдағы су жолдары арқылы сипатталады.

   Қазіргі Алматы  мен оның іргесінде тұрған аудандар аумағы ертедегі б.з.д. VI–III  ғасырларда көшпелі тайпалардың тұрғылықты жері болған. Теңіз жолдары ашылғанына байланысты «Жібек Жолы» өзінің маңыздылығын жоғалтты, сонымен қоса оның бойындағы қалалық қоныстар да құлдырай бастады. Дегенмен, Алматы аймағында отырықшылық тұрмыс толық тоқтаған жоқ, бұл жерде 1855 ж. дейін қазақ халқының отырықшы және жартылай отырықшы ауылдары болды. Іле алқабында орнығуы үшін Ресей империясы әскери бекіністер салуға кірісті. 1853 ж. шілде айында Батыс-Сібір генерал–губернаторлығының әскери әкімшілігі майор М.Д. Перемышльскийді арнайы жасағымен Іле сыртына жіберді. Ондағы негізгі мақсаты: «Отыскать за рекой Или удобное место для возведения укрепления, чтобы овладеть кочевьями Большой Киргизской Орды, между рек Или и Чу, равно и путей ведущих оттуда в Китай, необходимо утвердить и упрочить преданность Российскому престолу Заилийских ордынцев» [18]. Кіші Алматы өзенінің  сол жағалауында ежелгі Алматының ескі орнына жақын жерде майор Перемышельскийдің жасағы Іле сыртқы бекінісін сала бастады: «Обозрев с вершины Алматы, осмотрясь в Илийской долине нашли по удобству добывания большому количеству прекрасной, изрезанной арыками хлебопахотной  земли, пажитей и сенокосных мест, далеко превосходящие урочища на Иссыке и Талгаре» [19]. Бұл орынның таңдалуы барысында ресейліктер ежелгі Алматының тұрғындары сияқты бұл жерді тоғыз жолдың торабында орналасқаны үшін, яғни Сібір, Қытай, Орта Азия мемлекеттеріне бағытталған жолдарының тиімділігі үшін таңдады. Ұлы жүздің Ресейге қосылған аудандарын басқару үшін Іле сырты өлкесінде құрылған «Үлкен Орда» приставы Алатау округіне айналды, орталығы Верныйға көшті. Жетісу Ресейге қосылғанан кейін Верный бекінісі қала статусын алды. Жетісу облысының бірінші губернаторы және казак әскерінің бірінші атаманы генерал Г.А. Колпаковскийдің 1867 ж. 19 қазанында шығарылған бұйрығына сәйкес Верный қаласын басқару комитеті құрылды. Комитет қаланың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік дамуына толық жауапты болды. Жер мәселесіне қатысты Верный қаласын басқару комитеті жерді тиімді жалға беру жолдарын үнемі қадағалап отырды, оған дәлел қабылданған шешімі: «Из торгового делопроизводства изволили усмотреть, что за самые плохие участки, как например, на предгорьях, совершенно не орошаемые земли, цены выданы из 50 рублей за десятину, такие же участки, которые могут иметь полив пошли за 200-300 рублей за десятину, находя выданную арендную плату выгодной для городской кассы» [20]. Қаланың атауын өзгерту туралы шешім 1921 ж. 5 ақпанында Верный калалық комитетінің салтанатты жиынында қабылданды.

     Қалаға өзінің тарихи атауы, орналасқан жеріне байланысты «Алматы» қайтарылып, бірақ тек ол енді «Алма-Ата» - деп өзгертілді. (Орта Азиядағы ежелгі қала атауларына ұқсас).  Қаз АКСР-ның VI Кеңестер съезінің шешімі бойынша елдің астанасы Қызылордадан Алматы қаласына 1929 ж.                    19 шілдесінде көшірілді. 1930-1935 ж.ж. аралығында темір-бетон, күйген кірпіш сияқты жер сілкінісіне төзімді материалдардан салынған ірі ғимараттар бой көтерді [21]. Қаладағы социалистік құрылысқа, көп салалы шаруашылық және мәдени тұрмысына неғұрлым кеңінен, нақты басшылық жүргізу үшін аудандастыру төрт рет, яғни, 1936, 1938, 1972, 1980 ж.ж. жүргізілді. Алғашқыда қалада – Ленин, Сталин, Фрунзе; кейін Ленин, Сталин, Фрунзе, Каганович, соңғысында Әуезов, Калинин, Ленин, Октябрь, Совет, Фрунзе аудандары болды. 1982 ж. - Алатау, Әуезов, Калинин, Ленин, Москва, Октябрь, Совет, Фрунзе аудандарына бөлінген. Алматы қаласындағы сегіз әкімшілік аудандарына Алатау поселкелік әкімшілігін қосқанда тұрғылықты территориясы 22850 гектарға жетті, ал халықтың саны 1172,4 мың адамды құрады [22]. 1995 ж. 23 наурызында Елбасының «Ақмола қаласына Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Жарлығы шықты. Астананы көшіру – ол тарихтағы ерекше құбылыс. Көп шоғырланған орыс тілді халықтарының қазақ тілді халықтарымен тиімді әкімшілік – территориялық өзгерістер арқылы біріктіріп қосу, бұл мемлекеттің саяси және территориялық тұтастығының нық сақталуы жолдарының бірі, астананы географиялық орталыққа көшіру, Қытай шекарасынан алыстату мақсаты да ескерілді. Енді көш басын халқы тығыз орналасқан оңтүстіктен кең байтақ солтүстіктегі қазақтың жазық даласына бағыттады. 1995 ж. 12 желтоқсанында Алматы қаласының кейбір аудандарына жаңа атаулар берілді: Совет ауданы – Алмалы, Калинин ауданы – Бостандық, Ленин ауданы – Жетісу, Октябрь ауданы - Түрксіб, Фрунзе ауданы - Медеу аудандары болып өзгертілді. 1997 ж. 28 қаңтарда Алатау және Москва аудандары таратылды. Медеу ауданының әкімшілік қарамағында болған Алатау поселкесі 503 гектар жер көлемімен қалалық жер құрамына қосылды [23].

   2008 ж. Алматы төңірегіндегі ауылдарды  бір аудан аумағына біріктіріп, аумағы 7190 гектар жерді құрайтын  жаңадан ірі мегаполистің жетінші Алатау ауданы ашылды. Ол туралы Алматы  қалалық мәслихатының 2008 ж.                  2 шілдедегі IV сайланған XI сессиясы шешім қабылдады. 1998 ж. 18 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Об особом статусе города Алматы» Заңы қабылданды. Алматы дамыған интеллектуалды-ғылыми базасымен ерекшеленеді. Бұған дәлел, оның аумағындағы 66 жоғары оқу орны мен        700 ғылыми-зерттеулермен айналысатын мекемелердің болуы. Мұнда ядролық медицина, қазіргі кезеңгі ғарыштық технологияларды дамыту, заманауи бағдарламалармен қамтамасыз ету, қорды сақтап қалу технологияларын дамыту және т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі.

   2007 ж. 3 қарашасында IV шақырылған Алматы қаласы Мәслихатының     IV сессиясында «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дамуы» өңірлік-аумақтық бағдарламасы қабылданған. Ол бойынша Алматы қаласы-индустриалдық кеңістіктегі аймақ ретінде қаржылық, инвестициялық, көліктік-логистикалық және туристік орталық болып айқындалған. Оның қалыптасуы үш кезеңге бөлінеді де, 2010 жылға қарай мұнда 1,5 миллион шаршы метр ғимараттар кешені бой көтереді. Қаржы орталығы әлемдік бизнес-қауымдастыққа қаржы қызметін көрсетудегі ең жоғары стандарттарға жауап бере алатын жаңа замандық кешенді ұсынып, Қазақстан қор биржасы базасында Алматы қаржы орталығының арнайы алаңы жұмысқа кірісті. Ірі мегаполис пен Алматы облысының бірыңғай Алматы аймағы ретінде дамуы мүмкіндіктері мол. Алматы облысының экономикасы аграрлы-индустриалдық бағытта дамығандықтан, ол ірі мегаполистің азық-түлік белдеуі,  яғни қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін бірден-бір аймақ. Облыстың ауыл шаруашылығы республика көлемінде ауылшаруашылық өніміннің 13 пайызын құрайды, ауыл шаруашылық өнімдерінің 60-қа жуық түрлері өндіріледі. Агломерацияны келешекте жандандырып, жетілдірудің мынандай факторларын атауға болады: Алматы қаласы мен маңының бай табиғи ресурстары; адами ресурстар, яғни тиімді демографиялық жағдайы; байланыс жүйелері; көлік жолдарының жетілдірілуі; өнеркәсіп мен ауыл шаруашылығының экономикалық жағынан тұрақты дамуы; еліміздегі саяси тұрақтылық. Міне осындай мәселелерді түпкілікті шешкенде ғана Алматы қаласы және оның маңының агломерациялық жағдайы жақсара түспек.

   Жұмыстың  екінші «Қала маңына қоныстанудың этнодемогрфиялық ерекшеліктері» параграфында Алматы қаласы тұрғындарының динамикасы туралы қарастыралады. 1959 ж. халық санағының қорытындылары бойынша 457,7 мың адам өмір сүрген. Бұл көрсеткіш 1979 ж. санақ қорытындылары бойынша 956,8 мың адам немесе 47 пайызға  өскен болса, 1989 ж. - 1071,9 мың адам, яғни халықтың 89 пайызға өскенін көрсетеді; 1999 ж. – 1122009 адамға жетіп немесе 95 пайызға өскен [24]. 2007 ж. қала тұрғындарының саны 87 пайызға өсіп немесе  1287246 адам болса, олардың 488202 тұрғыны қала халқының қатарында болса, 1132494 ауыл тұрғындары болды. Қала халқының өсуіне, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуы әсер еткені сөзсіз.

    2007 ж. туу мен өлу туралы  келтірілген мәліметтерді 1991 ж. салыстырып көрейік, 1991 ж. әрбір 1000 адамға шаққанда туу - 16,5, ал өлім-жітімі 11,8 болса, енді 2007 ж. бұл көрсеткіштер туу - 25,2 болса,  яғни 65 пайызға өскен, ал өлім-жітімі 4 пайызға азайды. Қала бойынша табиғи өсімнің үлес салмағы үнемі өсуде екені байқалады.

   1999 ж. агломерация тұрғындарының  саны 422443 адам болса, оның 130000-ны  Іле ауданында қалалық жерде  47100 адам немесе 38%-ы. Қарасай ауданындағы 159800 тұрғындарының 37300 қалалық жердің, яғни жалпы тұрғындардың 24 %-ы. Ал Талғар ауданындағы 132643 тұрғындардың 43400 адам, немесе 33% -ы қалалық жердің тұрғындары. Осы белгіленген жылдар арасында агломерацияда қалалық тұрғындарының саны үнемі азайғаны байқалады. Бұл агломерациядағы ауылды жерлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарғаны айқындап, ауыл мен қаланың тұрмысы теңестірілгенін көрсетеді.

     Ал 2003 ж. агломерацияда қала мен  ауыл тұрғындарының санында айтарлықтай  айырмашылықтары жоқ. Бірақ 2007 ж. 446725 тұрғындарының арасында Іле  ауданының 137687 тұрғындарының арасында 52000 адам немесе 37 %-ы қалалы жерді мекендейді. Қарасай ауданының 162495 тұрғындарынан 34600, яғни 22%-ы қалалы жерді мекендегені анық. Ал Талғар ауданы тұрғындарынан 146543 адамнан 46700-і, немесе 32 %-ы ғана қалалық жерді мекендеген. Осы жылдар аралығында қала тұрғындарының саны күрт төмендегені, ал ауыл тұрғындарының саны жоғарлағаны агломерациядағы ауыл аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және тұрмыс жағдайы қаламен теңестіріліп, ауылдағы өмір деңгейі көтерілді, бірақ халықтың басым көпшілігі тіршілік көзін қаладан тапса да, тұрақты қоныс орындарын агломерацияның ауылды жерлерінен таңдағаны сөзсіз. Жоғарыда айтқанымыздай, 1991-2007  ж.ж. аралығында агломерация халқы 12725 адамға көбейген. Тұрғындардың 37%-дан астамы қалаларда, қалған 63%-ы ауылдарда қоныстанған. Халық санының динамикасы негізінен табиғи өсім және оралмандардың есебінен артып отыр. Әрбір 1000 адамға шаққанда туудың орташа мөлшері 14, өлім 9 адамды құрайды. Туу 1991-1999 ж.ж. аралығындағы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары болса, ал өлім елеулі түрде азайған.

   Агломерациядағы тұрғындардың этникалық құрамы жөнінде мәлімет беруді жөн көрдік. 1999 ж. агломерация тұрғындарының саны 422 443 болса, оның 127 577-і немесе 30%-ы қазақтар, орыстар 81 388 немесе 19%-ын көрсетті, ұйғырлар 16 051 немесе 4 %, күрдтер 5 921 немесе 2%, түріктер 798 адам немесе 0,1%, әзербайжан 4811 немесе жалпы тұрғындардың 1%-ын  көрсетті, украин 3654 адам немесе 0,8%, неміс ұлты өкілдері 4484 адам немесе 1 %-ын құрады, татарлар 3307 адам немесе 0,7 %, кәрістер 1795 адам немесе жалпы тұрғындардың 0,4%-ын құрады.

   Ал  2007 ж. жалпы тұрғындардың саны 446725 адам болса,олардың 243961 немесе 55 %-ын қазақтар құрады, ал орыстардың саны 115298 адам немесе 26%,  ұйғырлар 22458 адам немесе жалпы тұрғындардың 5%-ын құрады. Күрдтердің саны екі есеге көтеріліп 5365 адам яғни 2%-ын көрсетті. Түріктер 15036 адам яғни 3%, әзербайжан 3421 адам немесе 0,7%-ын көрсетті, украин ұлтының саны 3090 адам немесе 0,6%, немістер 2688 адам яғни 0,6%, татарлар 2357 адам  яғни 0,5%, кәрістер 2070 адам немесе 0,4% - көрсеткен. Осы мәліметтер арқылы біз агломерацияның 1999-2007 ж.ж. аралығындағы этникалық құрамының динамикасын анықтадық. Агломерацияда қазақтардан өзге жекелеген ұлт өкілдерінің кейбіреулерінің бір аудан аумағында шоғырлана қоныстанғандары байқалады. Мәселен, күрдтердің басым көпшілігі Іле ауданында өмір сүретін болса, ұйғырлар негізінен Талғар ауданында, Қарасайда түріктер тығыз қоныстанған. Тарихи тағдырларының салдарынан Жетісу өлкесіне келген аталмыш диаспора қазақ жеріндегі алғашқы күндерінен-ақ осы өңірлерге табан тіреп, қоныстанғаннан бері табиғаты мен байырғы халқы жайлы аумақтарда ұрпақ өрбітіп қала берген. Аталмыш ұлттардың агломерация өңіріне көшіп келуінде өзіндік тарихы бар. Мысалы, Қиыр Шығыстағы корейлер Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің алғашқы қуғын-сүргініне түскен ұлт болып саналады. 1935-1936 ж.ж.  «Жапонияның тыңшылары» деген айдар тағылған жүздеген корейлер деректердің дәйектеуінше, қуғындалып, тергеуге алынып, абақтыға жабылып, атылған. Тіпті Қазақстанға күшпен қоныс аударылып келген корейлерді жазалау ары қарай жалғастырылған. 1941 ж. күзінде жаңа жерлерге, 1 млн 120 мың неміс орналастырылды. Соның ішінде Алматы облысына 30 мың неміс ұлтының өкілдерін қоныстандыру жоспарланды. Олар біз қарастырып отырған Алматы агломерациясының ауылды жерлеріне орналастырылды. Еділ өңірінен ешбір негізсіз қуғындалған немістер Іле, Талғар, Қарасай аудандарының елді мекендеріне осылай көшіп келді. 1944 ж. 31 қаңтарындағы КСРО Мемлекеттің Қорғаныс комитетінің қаулысына сәйкес шешендер мен ингуштерді Қазақ КСР-на жер аудару шешілді. Алайда бұл шешім өте құпия сақталды. Тек 1944 ж. 21 ақпанында КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының жер аудару операциясын бастау жөніндегі бұйрығы шықты [25]. Таулы климатқа бейімделген Алматы облысына жер аударылған шешендердің біраз бөлігі Іле Алатауын жағалап, Талғар, Қарасай аудандарын паналады.

Информация о работе Этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы