Француз тарихнамасында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 10:18, курсовая работа

Описание

Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм солшыл либералды ссубъектизммен қарсыласты. Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылармен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………… 2
Негізгі бөлім
Әлемдегі міндетті данаға негізделген алғашқы
библиографиялардың пайда болуы………………………………..... 3
Франциядағы университеттік және мектептік библиография
және Британ мұражайындағы франция қорлары…………………… 6
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының
қорындағы Франция ұлттық библиографиясы……………………... 11
I ші және II дүние жүзілік соғыстар кезіндегі
Франция библиографиясы…………………………………………... ..
17 Қорытынды……………………………………………………………...... 24

Работа состоит из  1 файл

курсавая франция.docx

— 78.10 Кб (Скачать документ)

 

4   I ші және  II дүние жүзілік соғыстар кезіндегі Франция библиографиясы

 

     Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттық өзіндік санада француз қоғамында үлкен орын алған осы оқиғаға байланысты патриоттық рухты жанаша ойлау болды.Елде әлеуметтік күрестің ықпалымен әлеуметтік..экономикалық мәселелерге қызығушылық өсті.Әдістемелік ғылымды дамытуда танымдық ахуалдың үлкен әсерімен А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясына ауды осыған сәйкес: физикалық құбылыс есебінен абсолюттік жүйе бақылаушыға тәуелсіз өмір сүрмейді   және абсолютті уақыт болмайды, қандай да бір есептік жүйеден байланыссыз,микроәлем заңдылықтары нағыз сипатқа иеленеді.Адамның мінезі оның санасымен жиі анықталмайды,ол сана бөліктері және сана бөліктерінің әртүрлі кешенінде бекиді деген З.Фрейд идеясын зор қызығушылықпен қабылдаған болат ын.Бұл барлық идеялар, салыстырмалы қағидадан фрейдизмге дейін,әлемді объективті тануға ақыл-ой қабілетсіз екендігінің куәсіндей жиі талқыланды. Францияда А.Бергсон философиясы осы салада танымал болуы оның сөзі бойынша,түпкі өмірді ұғыну адамның шығармашылық әрекетінің ақылдылығынан емес деген тұжырыммен, оның интуициясында деп ақылдылық көзқарасты басуға ұмтылды

        Бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталған соң,француз тарихи ғылымына зор ықпал еткен ,дәстүрлі позитивистік бағыт болды.Олар көпшілік француз университеті кафедраларын басқарды,журналдарды басқарды,бірнеше ірі жинақтық басылымдарды әзірледі           «Қазіргі Франция тарихы төңкерістен бейбіт 1919 жылға дейін     «(1920-1922) 10 томдық,Француздың ұлттық тарихы» (1929) 19 томдық, 1933 жылы Сеньобос: «Француз ұлтының ақиқат тарихы» деген еңбегі басылып шықты.Соғыстан кейінгі кезеңде француз тарихнамасына « адам географиясы» идеясы мектебі ықпал ете бастады, оның негізін қалаған Пьер Видаль де ла Бланш (1845-1918) болды.Бұл мектеп демографиялық фактор мен қоршаған табиғи қоғамға ықпалын зерттеді және оның өкілдері тұрғындардың көші -қоны мәселесін қарастырып,экономикалық және демографиялық өсуді,тарихи зерттеудің объектісі салдары тұрғысынан алғашқылар болып бастады.

          Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында -ақ, 1938 жылы Р.Арон Философияға кіріспе тарихын ол релятивистік және субъективистік тұрғыдан тарихты ұғынудағы немістік неокантиандық рухты қалады.

       Француз тарихнамасының жалпы позитивистік кейпін өзгертуде Люсьен Февр  (1878-1956) және Марк Блок (1886-1944) басты рөл атқарды.Февр Дижонда және Страсбургта профессор болды, содан кейін Коллеж де Франста қазіргі өркениет тарихы кафедрасын басқарды.Оның қызығушылық шеңбері:география, ортағасыр мәдениеті тарихы және тарихи психология болды.Блок Страсбург университетінде жұмыс істеді, содан кейін  1936 жылы Париж университетінде экономика тарихы кафедрасын басқарды.Феврдің негізгі еңбегі:»Мартин Лютер тағдыры»(1928)»Проблема неверия в  16 веке. Религия Рабле»   (1942) . Февр тағы да көптеген санды мақалалар, рецензиялары жарық көрді.оның жинақтары:» Тарих үшін күрес» (1962),»Тарихтың тұтастығы үшін» (1962) .М.Блоктың негізгі еңбектері:»Короли чудотворцы»(1924),Франция тарихының аграрлы ерекшелік сипаты»(1931),»Феодальдық қоғам» (1939-1940) 2-кі томдық.

          Л.Февер мен М.Блоктың көзқарастарыА.Берра, Э.Дюркгейм және маркисизм әсерімен қалыптасты.Февер мен Блок дәстүрлі позитивистік құбылыстық тарихнаманы өткір сынады.Олар тарих құбылысты суреттеп қана қоймай ,болжамдарды қозғап, мәселе қойып, шешіп және жалпыкөлемдік синтетикалық ғаламдық тарихты жасауға ұмтылып,адамдар өмірін жан-жақты қамтитын  әлеуметтік,психологиялық,моральдық,дінилік және эстетикалық, саяси ,экономикалық көзқарасты білдірді.Февр мен Блок әлеуметтік экономикалық қатынасты қоғам тарихында географиялық және демографиялық фактордағы зерттеуге және тарихшыларды пәнаралық синтезге бағыттады.Жаңа зерттеу мәселесі, олар көңіл аударған, қоғамдық психология тарихы,ұжымдық құндылықтар мен көріністерді зерттеу болды, сондықтан Февер мен Блок тарихи ділділікті анықтаған. Олар тарихи фактілер қатарына оқиғалар ғана емес, әлеуметтік- экономикалық даму үрдісі және қоғамдық психология өзгерістірін де кіргізген.Блок пен Февер пайдаланатын деректер шеңберін кеңейтуге шақырыды және жазбаша деректерге сүйеніп, зерттеу мақсатына барлығын қолданып,адамдарға қатысты, адамға қызметке байланыстының болуын көрсетті.Олар тарихи үрдістің барысына ықпал ететін  қандайда бір факторды түсіндірмеді, бірақта үнемі  маңызды фактор рөліне ұжымдық психология, ділдікті алға қойды.Зерттеу барысы бойында барлығы тарихшының көрсетіп,бейнелеуімен берілгендіктен, осы тұрғыда Блок пен Февер көрсеткендей, тарихи факты тарихшысыз өмір сүрмейді,олардың ашылып, құрылуында тарихшының зерттеу фактысы барын атаған.Бірақ та Блок пен Февер тарихшының танымдық мүмкіндігіне сенеді, және адам мен табиғатты тануға, түсіндіруге болады деген.   1929 жылы Блок пен Февер жаңа жалпы тарихи журнал бағдарламасымен « Анналы экономической и социальной истории »  атты журнылдың негізін қалайды.Олар «жаңа тарихи ғылымдар» негізін салып, екінші дүниежүзілік соғастан кейін АҚШ..та «жаңа ғылыми тарих» атауын алды.

       «Аналлдар» негізін қалаушылармен қатар француз тарихнамасында әдістер мен тақырыптарды жаңартуда экономикалық тарих мамандығы бойынша:Франсуа Симиан (1873-1935) және Эрнест Лабрусс (1895-1988) Ф. Симиан қоғам өміріне экономикалық циклды кіргізуге ұмтылды: ұзақ үлкен , қысқа, аралық циклдар. Ол циклдардың ауысымдық себептерін ақша массасының кірісі мен шығысынан қарастырды, ақшаның баға өзгерісіне, бағаның ауытқуына, қозғалысына қарады, онда еңбекақы деңгейі анықталды,табыс және басқадай табыстар,  баға ауытқушылығы және табыстар, оның талқылауынша, ұжымдық психологияға ықпал етіп, сол арқылы әлеуметтік қатынасқа әсер еткен. Осы бағытта Э.Лабрусс еңбегінде :экономикалық цикл өзінің ырғағымен, тарихи дамуды анықтайды,өйткені бағадағы өзгерістер, әртүрлі әлеуметтік топтар табыстары және әлеуметтік..саяси күрестерге бұрып әкеледі деген ойды дамытқан.Осы көзқарасқа тоқтаған Лабрусс, екі көлемді еңбек жазады:  «18 ғасырдағы Франциядағы баға қозғалысы мен табыстары очеркі» (1933 -1936) 2- кі томдық және « Француз экономикасындағы ескі тәртіптің соңында және төңкеріс  басындағы дағдарысы»(1944).Лабрусс ауқымды мұрағат материалдары негізінде  1726-1789 жылдары ұзақ уақыт еңбекақының төмендеуі және өмір сүру құнының өсуін анықтады. Ол 18 ғасырда Францияда әлеуметтік қайшылықтардың өршуіне әсер еткен ірдістерді көрсетіп,онда шаруалардан ондық және заттай сеньорлық төлемдердің өскенін, жалдық төлемдер динамикасын  көрсетті. Лабрусс мынадай қортындыға келді: 1789жылы төңкеріс басында,ұзақтығы әртүрлі үш экономикалық үрдіс болған «ұзақ толқын» жоғарғы нүктесі, экономиканың өрлеуі және бағаның өсуі, 1730 жылы француз буржуазиясын байытқан; экономикалық конъюнктурдың құлдыраған цикларалық шыңы ,ескі тәртіптің соңғы екі он жылдығына  келеді; онда егіннің шықпауы,өткір азық-түлік тапшылығы дағдарысы мен жаппай кедейлердің маусымдық қымбаттаушылығының апаттық шырқауы, 1789 жылы шілде тоқуына жеткізеді.  18 ғасырдағы экономиканың өрлеуі, бағаның өсуі тым ұзақ уақыт ахуалдың дамуына ықпал еткен; мұның өзі буржуазияның өрлеуін қамтамасыз етіп,оның реформатырлықшылдығын тудырды.

       Лабрусс өзінің логикасына жақындай келе, әлеуметтік қозғалысты, төңкерістік және саяси дағдарысты сөзсіз экономикалық ауытқушылықты  коньюктурамен байланыстырады.Француз төңкерісі онда «ескі типтегі» экономикалық дағдарыстың салдары «қайыршылық дағдарысты» тудырған және нан бағасын қымбаттатқандықтан қозғалыста басты рөлді айқындаған.

         Соғыс аралық кезеңде Француз тарихнамасының ортақ тақырыбы Ұла Француз төңкерісі болып қалды. Француз тарихшылары ерікті және еріксіз 1789 жылғы төңкеріспен, Ресейдегі қазан төңкерісін өзара талдауға көңіл бөлді. Консервативті тарихшы П.Гаксотт 1928 жылы «Француз төңкерісі» деген кітабын басып шығарды,онда, якобиншілдер мен большевиктерді үйлестіріп,төңкерісті анархияны талқылап, коммунистік террор дың ізі артында қалады.   1947 жылы П. Гаксоттың кітабы 180 басылымда шығарылады.

        Дәстүрлі республикалық бағыттағы тарихшылар А.Олар басқарған Француз төңкерісін ,Қазан төңкерісі мен толық үйлестіруден қорғап,Франция төңкерісі террор қолданғанымен, Францияда ол  жариялылықпен заңды сипат алды деген.Олар қайтыс болған соң, ол құрған « Француз төңкерісі тарихын зерттейтін қоғам » тарихи төңкерістердізерттейтін басты орталық бола жағдайын жоғалтады және 1935 жылы өмір сүруін тоқтатты.Ұлы Француз төңкерісі тым солшыл бағыттқа көшті де, қызметінде радикальды республикализмді кеңестік бағдарға біріктірді.Оның көсемі Альбер Матьез (1874-1932) болды. 1920-жылдың басында ол коммунистік партия мүшесі болды да, кеңестік тарихшылармен ынтымақтасып, КСРО Ғылым Академиясы корреспондент мүшесіне сайланды, содан кейін 1930-1931жылдары КСРО дағы саяси қуғыннан кейін ынтымақтастық қаиынасы үзілдіМатьезаны якобиншілдер мен большевиктер арасындағы талдаулар қорқыта алмады.Матьезаның негізгі ғылымға қосқан жұмысы Ұлы Француз төікерісі тарихын әлеуметтік тарихпен байланыстыра зерттеуі болды. Матьезаның басты еңбегі « Франция төңкерісі»  (1922-1927) 3 том , және монографиясы, « Борьба с дороговизной и социальное движение в эпоху террора»  (1927) жылы қарапайым қалалықтар жағдайы алғаш рет нақты , 1792-1794 жылдары төңкеріс кезеңінің сынынында халық,экономикалық либерализмге қарсы шығып,осындай төтенше жағдайларда, аграрлы шараларды теңестіріп, сауданы реттеуді,Матьез көрсеткендей болуын талап еткен. Алғашқа баспаны Матьез            « террористерге» деп атаған және тек      1926 жылы ол Сорбонда дәріс оқыды ,ал  1932 жылы университетте семинар уақытында миына қан құйылып сол жерде қайтыс болады.Ұлы француз төңкерісін зерттеудің жетекшіліе рөлі Жоржу Лефеврге  (1874-1959) өтеді.Ол 50 жыл орта мектепте тарихты оқытып, содан кейін университетке оқытушы болады.1932 жылы ол Матьездің орнын ауыстырып, « Робаспьерлік зерттеу қоғамы» және «Француз төңкерісі тарихының анналдары» журналының редакторы, ал 1937 жылы Сорбонда Француз төңкерісі тарихы кафедрасын басқарады.Левефер маркисизмнің ықпалын басынан өткерді,социологтар  Э.Дюркгеймді, орыс тарихшысы И.В.Лучицкий Франция тарихы туралы еңбектерін жоғары бағалады,Ф.Симиан және Э.Лабрусстың есептік әдістерін пайдалануды жақтады.Ж.Лефевр Француз төңкерісі  тарихын зерттеп, оқытуды, азаматтық зор мәні бар,теңдіктің және демократиялық құндылықтығын көрсетті.Оның төңкеріс туралы түсінігі якобиншілдік болғанымен, Робеспьер идеялизмінсіз еді.Лефевр француз тармхшыларының ішінен алғашқылардың бірі болып, төңкерістегі шаруалардың рөлін және келешектегі шаруалардың тарихи тағдырына төңкеріс қалай ықпал еткенін тереңінен зерттеді.Бұл мәселелерді ол « Француз төңкерісі кезіндегі Нор департаменті шаруалары деген еңбегінде  (1925) « Ұлы үрей»,  (1932), « Террор дәуіріндегі аграрлы мәселе»  (1932) жылдары қарастырған.Лефевр, төңкеріс уақытында шаруалар буржуазияны қолдаушы ғана емес ,жеке еркі мен жеке саналы мақсатпен өзбетімен қоғамдық топ болып қатысқан деп көрсетеді.Лефевр,Ұлы Француз төңкерісі төңірегінде ,ерекше автономиялы шаруалар төңкерісіболып,капиталистік тенденцияға қарсы шыққан деп түйеді.Олардың төңкерістегі мақсаты:шаруалар қожалығын нығайтып, сақтап,өмір үлгісін, әлеуметтік және рухани ауылдық әлемді қорғау болды деген. Шаруалар буржуазиялық төңкерісте сеньорлық құрылысты жоюға мәжбүр етті,бірақ олар буржуазиялық жер меншіктенуге қарсы протест қойып,қауымдық институтты сақтауды  және ірі жериелерін шектеуді талап етті.Францияда төңкеріс феодальдық тәртіпті талқандады,бірақ та ұсақ шаруалардың аграрлы құрылымы бекіді.Нәтижесінде француз ауыл шаруашылығында:капиталистік даму эволюциясы өте баяу жүрді және ұзақ уақытқа созылып, аяқталмады.Лефеврдің « Ұлы үрей «        (1932) ,әлеуметтік психология мен ділдік тарих бойынша жаңашылдық еңбегі бар.Ол осы еңбегінде 1789 жылы шілде айының екінші жартысын қамтыған, жаппай толқулар мен ылаң тудырып, өзіне қаратқан, жалған естілген қарақшы бандиттер туралы бүкіл Франция территориясына  таралған алаңдатушылықты қарастырған. Лефевр1934 жылы «Революционные толпы» яғни « Төңкерістік тобыр» деген мақаласын жариялады.Оған дейін Француз тарихнамасында бұл мәселені ойластырған И.Тэн және Г. Лебон,болған онда төңкерістік тобыр психологиясын екі инстинкте .. тағырық тобырға қайтып оралу,өйткені көпшілік адамдар наразылық жағдайда деген және жаппай жергілігті санада, көзсіз көсемдерге бағыну бар.Лефевр осы құбылысты тереңінен зерттеуге ұмтылды.Соғысаралық кезеңде өз қызметін « Төңкеріс тарихы қоғамы         1848 жылы  19 ғасырда» жалғастырды.Оларға жалғасқан тарихшылар 1830, 1848 және 1870 жылдары, 19 ғасырдағы төңкеріс тарихын, Франциядағы экономикалық және әлеуметтік қатынастар туралы бірқатар еңбектер жариялады.Бірақ та  19 ғасырда төңкеріс тарихына қызығушылық қоғамда сөне бастады.

       Соғыс аралық кезеңде сондай ақ  жұмысшы және социалистік қозғалыстар да зерттелді.Александр Зеваэсаның редакциялауымен (1873-1953) «Франциядағы социалистік партиялар тарихы» (1911-1923) жылдары 12-кі томдық басылып шықты.Тұтастай тарихшылар еңбектері, осы мәселелермен айналысқан, позитивистік және оқиғалық сипатта болған, және еңбектерде дәлелді материалдары болды. Оңшыл тарихшылар сынаған, Париж коммунасы тарихын зерттеу де, көрінекті орын алды. Париж коммунасы тарихы бойынша ірі маман Жорж Бужен    (1879-1958), болды. Ол Сорбондағы профессор, социалист. Ол өзінің қортындысында  Париж коммунасы тарихына құрметпен қарағанмен,оны мемлекеттің жаңа типі социализмге ұмтылған деп санамады,бұл тек кеңестік тарихнамада еөрсетіліп,Коммуна пролетариат диктатурасын орнатудың алғашқы тәжірибесі деп бағаланған деген.Соғысаралық кезеңде Француз тарихнамасы менбасылымдарында,өте қзекті мәселенің бірі , бірінші дүниежүзілік соғыс мәселесі болды.Версаль шарты 231 бапта  1919 жылы Германияға соғыс үшін барлық  жауапкершілікті жүктеген деген көзқарас француз үкіметінің официаналды көзқарасы еді.Бірақ та, Француз тарихшыларының қатарында, Германия соғыс бастауға ұмтылған жоқ, қарақшы Ресей менФранция одағы соғыстың басты себебі болды деп провакациялады.Осы мәселені зерттеуде кеңестік құпия шарттар басылымдары үлесін қосты. Онда Германияның бейбіт сүйгіштік мақсатын әшкерелейтін,немістің дипломатиялық құжаттарының басылымдарын және Антанта елдерінің экспанциялық мақсатын әшкереледі. Осыған жауап ретінде Француз үкіметі, Францияның саясатын ақтау үшін,өздерінің дипломатиялық құжаттарын баспаға әзірледі.Олардың  43 томдық басылымы  1929-1959 жылдарға дейін созылып, таза үгіттік төңіректе, немістің басылым құжаттарынан жоғарғы сапада басылып шықты.Француз тарихын зерттеушілердің қатарында жетекші рөл атқарған  бірінші дүниежүзілік соғос кезінде Пьер Ренувен(1893-1974) ,Сорбон профессоры А.Олараның шәкірті және « Обозрение истории мировой войны» журналы редакторы болды.Ол соғыстың шығу себебі туралы тұтастай антантофильдік көзқараста болып,Францияны қорғай отырып, олалғашында Германия мен Австро..Венгрия соғысты қаламады, бірақ Россия Францияны қайшылыққа итермеледі деп бағалаған.Алдағы уақытта ол белсенді түрде Германияның жалпы қарақшылық жолы Антантаны осы жолға түсірді деген.Осы тұрғыда басталған соғыстың  15 жылдығына 1929 жылы француз тарихшыларының ұжымдық еңбегі «Дипломатическая история Европы»  (1871- 1914) жарыққа шығарады, ол сөйтіп үлкен беделге ие болады.Оған қатысқан Ренувен дәстүрлі тарихи дипломатия Ұлы державалардың экономикалық бәсекелестігін ашып, толықтырулармен, қару- жарақтан басып озуды талдаумен  соғысқа идеологиялық әзірлікті түсіндірумен, ұлт..азаттық қозғалыстың ықпалымен , әлеуметтік өмірді қарастырумен, психологиялық және моральдық соғысушы халықтардың  ұмтылсымен түсіндірді.Ренувеннің пікірінше: әскери бәсекелестік және ұлттшылдық,соғысты тудырған, ал экономикалық және сауда бәсекелестігі ұлы державалардың Ренувен  екінші орынға қойған, және ол  қаражыгер мен кәсіпкерлерге әртүрлі тарихи кезеңде үнемі бейбітшілік қажет деп санаған. Ренувен Француз тарихшыларының арасынан халықаралық тарих  мамандығы бойынша зор репутицияға иеленді.Соғыстағы жеңіс және француз отарларын иеленуді келешекте кеңейту,оаршылдық тарихнамада өзінің бейнесін табады.Француз тарихшылары:олардың елі  артта қалған елдерге мәдениетті және өркениетті еңгізді, сондықтан бірінші дүниежүзілік соғыста бұратана әскерлер француз әскері қатарына кірді деген.Соғысаралық кезеңде өте белгілі еңбек       « Француз экспансиясы және француз отарлары тарихы» (1929-1933) 6- ы томдық авторлар ұжымы құраған,отарлаудың өркениеттік миссиясы туралы идеяны  уағыздаған.  1931жылы Алжирды жаулаудың  100 жылдығын осындай рухпен атап өткен.Францияның отарлау саясатын сынаған тарихшылар тек ғана социалистердің оңшыл қанаты болды Соғысаралық кезеңде .саяси ғылымдар қатарында «элективті географияны» дамытуда өзіне  көңіл аударған Францияның әртүрлі аудандарында саяси партиялардың ықпалын және дауыс беру қорытындысын зерттегендер болды.Осы салада инициатива көтерген, оңшыл саяси қайраткер, саяси ғылымдардың ерікті мектебі профессоры Андре Зигфрид (1875- 1959)   болды.Ол дауыс беру қортындысына табиғи жағдайлардың және әлеуметтік – экономикалық құрылымы сәйкестенетін аудандар мен тұрғындардың саяси дәстүрі мен жекешелік құрылымының ықпалынан деп түсіндіруге ұмтылды еншіктің Батыс Франциядағ әктік топырақ жағдайында,саяси еркіндіктің, республикашыл және демократияшыл негізі болады деп түйіндеген. Тұрғындары сирек орналасқан, топырағы тастақты жерлердегі ірі меншіктік кедейлерге тән сипаты болуы, шіркеулерге, монархистерге, аристократтарға артықшылықтар берді. .Француз саяси ғылымының келешектегі дамуында,сайлаушылардың саяси тәртібінің мотивін зерттеуді жалғастыру болды.

       Соғыс аралық кезеңде Француз коммунистік партиясының құрылуымен, Француз тарихнамасында дамудың жаңа стимулы болды.1930-шы жылдың ортасында ғана компартия сектанттыққа икемделіп және «интернационализм» мен қызыл тумен,төңкеріс символы «Марсельеза» мен Ұлы Француз төңкерісінің үштүсті туын мойандады.Соғысаралық кезеңде кәсіптік тарихпен айналысқан,алғашқы француз тарихшы марксистері ұрпақтарының қалыптасуы жүрді. 1934 жылы Огюст Корню Париж университетінде : « Карл Маркстың жастық шағы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

        1930 жылдың екінші жартысында болашақ белгілі марксист..француз тарихшысы Альбера Собуля Ұлы Француз төңкерісі тарихын алғаш рет жарыққа шығарды [5].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Қорытындылай келетін болсақ қазіргі кезеңге дейін біз Франция библиографиясын бір басылыммен ғана байланыстырып жүрдік. Алайда Францияның төңірегінде көптеген әднебиеттер шыққан.

      1956 жылы  библиографиялық мәліметтер жайлы үнемі сипаттаулар жүргізіліп отырды. Сонымен қатар олар Францияның ұлттық кітапханасының «Библиографиялық құжаттаманың бюлитеньі» деген әдебиетте  сипатталған. Осылайша  Фпанцияда кітаптарды есепке алу жүргізіліп отырды.

     19 ғасырдың аяғында-20 ғасырдың басында қалыптасқан Француз тарихы ғылымы ұйымы екі соғыс кезеңі аралығында сақталды. Көпшілік тарихшылар жұмыс істеген тілдік лексикалық сөздік факультеті университеттің тарихшыларды даярлайтын және басты тарихи зерттеу орталығы болды. Ғылыми дәреже атағын және диссертация қорғауды тек ғана Франзуз университеті қабылдайтын. Тарихи ғылымды дамытуда маңызды үлес қосқандар: Ұлттық хартия мектебі, Жоғарғы қалыпты мектеп, Колледж де Франс, ертеректе құрылған ірі ғылыми -білімдік мекеме. Маңызды тарихи кезеңдерді мәселелерді зерттеуде, үлкен ұйымдастырушылық рөл атқарған және бұл кезеңдерді зерттеу әрекетімен айналысқан тарихи қоғамдар мен журналдар болды. 1958 жылға дейін француз тарихшылары,диссертация қорғауда,гуманитарлық ғылымдары докторы дәрежесін алуға ұсынылған.Бұл дәреже тарихшылардың филологтармен бірдей атауда  болды.Докторлық дәрежеге талап өте жоғары болды.Ізденушіден екі мәтін тапсыру ұсынылған:негізгі және қосымша.Негізгі мәтінде зерттеудің түпкі мазмұны кең деректік негізде алынған болса, ал диссертацияға қосымша да автордың деректанушылық және тарихнамалық  зерттеу мәселесі аймағындағы компетенттігін көрсететін болған.Қорғалған диссертация жарыққа шыққандықтан, француз тарих ғылымы көлемді зерттеулермен үнемі толықтырылған.

      Осыған байланысты Францияның библиографиясы ретроспективті және ағымдағы кезеңде үлкен дамудан өтіп қазіргі кезде ірі орталық болып есептеледі.

Информация о работе Француз тарихнамасында