Француз тарихнамасында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 10:18, курсовая работа

Описание

Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм солшыл либералды ссубъектизммен қарсыласты. Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылармен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………… 2
Негізгі бөлім
Әлемдегі міндетті данаға негізделген алғашқы
библиографиялардың пайда болуы………………………………..... 3
Франциядағы университеттік және мектептік библиография
және Британ мұражайындағы франция қорлары…………………… 6
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының
қорындағы Франция ұлттық библиографиясы……………………... 11
I ші және II дүние жүзілік соғыстар кезіндегі
Франция библиографиясы…………………………………………... ..
17 Қорытынды……………………………………………………………...... 24

Работа состоит из  1 файл

курсавая франция.docx

— 78.10 Кб (Скачать документ)

      Экспедицияны ұйымдастыру алдында тізімдер жасалып, тексерілді, жазба дерек көздері бойынша бірқатар ғылыми еңбектер мен монографиялар зерделенді, тарихшылардан, деректанушылардан, тарихнамашылардан, мәдениеттанушылардан кеңестер алынып, тиянақты дайындық жұмыстары жүргізілді. ҚР 'Мәдени мұра' Мемлекеттік бағдарламасына қатысушы мекемелермен үйлестіру байланыстары орнатылды.

      Ғылыми - іздестіру экспедициясына қатысушылардың біліктілігі мен жауапкершілігі лайықты оң нәтижелер берді (Шаймерденова З.Д.-т.ғ.к. ҚР ҰК құжаттамалық мұраны зерделеу және сақтау Орталығының директоры, экспедиция жетекшісі, Тулибаева Ж.М. – т.ғ.д. шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, Замзаева Т. – ҚР ҰК құжаттамалық мұраны зерделеу және сақтау Орталығының бас кітапханашысы). Экспедиция барысында 77 қолжазбамен, 362 баспа кітабының және мерзімдік басылымдардың көшірмелері алынды, еліміздің кітапхана қорларында бұрын болмаған 57 кітап сатып алынды.

       Ватикан мен дала әміршілерінің дипломатиялық хат алмасуларының бастамасы болған Алтын Орда хандары мен Ватикан папаларының хаттары тұңғыш рет анықталып, ксерокөшірмелері әкелінді.

      Бұл құжаттардың көшірмелерін ғылыми айналымға енгізу ел тарихын айтарлықтай толықтыра түседі.

     Осы ақпараттық есеп экспедициясының ғылыми-іздестіру жұмысына арналады. Есепте ең маңызды жазбаша дерек көздері мен Қазақстанның шетелдік тарихнамасы жөніндегі әдебиеттер мазмұндалады да, оларға қысқаша аңдатпалар жасалады.

     Осы есепте Қазақстандық ғылым үшін Ватиканның құпия мұрағаттары мен Ватиканның Апостомикалық кітапханасы туралы тұңғыш рет мәліметтер келтірілді. Экспедиция кезінде Ватиканның құпия мұрағаттарының директоры Сержио Пагано өздерінің тарихында Қазақстаннан келген ғалымдар тұңғыш рет зерттеу жүргізгенін атап өтті. Сонымен қатар, зерттелген кітапханалар мен мұрағаттардағы шығыс тіліндегі қолжазбалардың құрамы мен саны бойынша мәліметтер келтірілді.

      Кітапханалар мен мұрағаттарға бірнеше рет барудың арқасында 'Мәдени мұра' Мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат берудің сәті түсіп, олардың елімізге деген құрмет пен қызығушылығы арта түсті. Осының арқасында кітапханалық-библиографиялық жұмыс саласында тәжірибе алмасуға, Шығыс Еуропадағы Ұлттық кітапханалар мен ҚР ҰК арасындағы өзара тиімді ақпарат алмасу мақсаттары жолындағы әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ұласты.

       «Данышпан» аталған Карл 1368 жылы Луврде 817 қолжазбадан тұратын кітапхана ашты. 1537 жылы Король бұйрығының негізінде сатуға шығарылған  кітаптың бір  данасын баспагер кітапханаға беруге міндеті болды.Міндетті дана деп аталған осы міндеттеме кітапхананы құрудың негізгі күні болып саналады. XVI Людовик тұсында кітапхана өз коллекцияларын жасауда барынша өсіп-өркендеді. Француз революциясы кезінде (1789 ж) мәдени құндылықтарды тәркілеу саясатының шеңберінде кітапхананың қоры айтарлықтай байыды.

       ҰКҚ коллекциялары саналуан, олар: баспа кітаптары (1537 ж.), эстамптар, карталар мен жоспарлар (1648 ж.), музыкалық мұра (1793 ж.), суреттер мен фонограммалар (1925 ж.), бейнеграммалар мен басқа да құжаттар (1975 ж). Кітапхана жыл сайын міндетті дана бойынша 55 мыңға жуық кітап, 15 мың фонограмма, 7200 бейнеграмма, 7500 мультимедиа-құжаттар, 2000 музыкалық партитура, 3000 сурет алып отырады. BN-OPALINE Plus электронды каталогында 770000 жазба бар, олар баспа құжаттарын, сондай-ақ 755 мыңдау шолу жазбаларын қамтиды. BN-OPALINE деректер базасы карталар мен жоспарларды, эстамптармен суреттер, музыканы, тиындарды, медальдарды, қолжазбаларды  енгізеді, барлығы 800 мыңға жуық  жазба.

Шығыс қолжазбалары бөлімі түрлі заттарға жазылған қолжазбаларды сақтайды. Олар папирустан, былғарыдан, пергаменттен, піл сүйегінен, жібектен, ағаштан жасалған. Грек-латын мәдениетінен бөлек басқа көне Египеттен, ТаяуШығыстан, СолтүстікАфрикадан, Азиядан, сондай-ақ Океания мен Колумбиядан алынған қолжазбалар түп нұсқада берілген. Қолжазбаларда математика, құқық, медицина мен формакология, география, тарих, әдебиет пен дін сияқты барлық білім саласы қамтылған.

     Қолжазбалар тілге сәйкес 50 қорға: араб (7270 қолжазба), пеллио-қытай (3700 қолжазба), пеллио-тибет (3100 қолжазба), парсы (2600 қолжазба), түрік тілдеріндегі (2000 қолжазба), санскрит (1900 қолжазба) ивретте (1480 қолжазба), копт, мексикан және египет тілдеріндегі жинақтарға бөлінген.

Француз зерттеушілерінің позитивистік тарихнаманы сынаулары 1890- жылдардан басталды, 1920 жылдығының бірнеше онжылдығында бұл сынаулардан тұтас позитивистік программа құрылған емес. ХХ ғасырдың басында антипозитивистік орталықтың негізі ретінде Эмиль Дюрггеймнің (1858 – 1917) әлеуметтік мектебі болды, ол «Социологический ежегодник» және «Международный центр синтеза» деген журналдар басып шығарған, ол Анри Берромен (1863 – 1954) «Обозрение исторического синтеза» деген журналымен  бірлесіп шығарды. Бұл мектептер позитивизмнің фактографиясына, иррационализм мен спиритуализмге қарсы шықты.

      Беррдың ойынша, тарихи синтезге шақырулар тарихқа деген тәжірибедегі іс қимылдармен бірдей, болашаққа ретроспективті түрде болды. Дюркгеймнің жақтастары тарих және әлеуметтану бірлігі үшін шыға бастады, себебі, тарих әлеуметтану қорытындылары үшін негізгі матриалдары болып есептелінді.

Позитивистік тарихнаманың критиктері болып жатқан жағдайларға әсерететін терең факторлар болады деп есептеген.

        ХХ ғасырдың басында француз тарихнамасында негізгі орынды саяси тарих және идея тарихы (саяси-құқықтық, административтік, дипломатиялық және әскери тарих мамандықтарымен) алды. Әлеуметтанудың ықпалымен экономикалық және әлеуметтану тарихы қалыптаса бастады. Зерттеудің дәстүрлі кеңістігі кеңейе бастады, және Жерторта теңізінің бассейні мемлекеттерінің тарихымен жұмыс істеуде, Африка, ТаяуШығыс, Латын Америкасы елдерінің тарихы қызықтыра бастады. Студент тарихшылардан ұйымдар құрылды және Париж университетінің құрамына Хартия ұлттық мектебі, Жоғары орта мектебі, Әлеуметтік білімдердің практикалық мектебі кірді. ХХ ғасырдың басында Францияның жаңа тарихын зерттеу бірнеше түрлі профессионалды тарих ұйымдарымен бөлінді, олар мемлекеттегі тарихтың негізгі кезеңдері мен проблемаларын зерттеу мен болды, «Общество исследования эпохи Рабле» және «Шестнадцатый век» атты журналадары, қоғам және бюллетеньдері «История французского протестантизма», общество и журнал «Восемнадцатый век», сонымен қатар, қоғам және журналдар «Французская революция», «Политические науки», «История французских колоний» болса , «Военная история» және «История экономических и социальных доктрин» атты журналдары болды. Бұл журналдар өздерінің ғылыми программаларымен зерттеушілік мектептердің өмірге келуіне ықпал етті. Мемлекетте сонымен қатар, көптеген жергілікті тарихи қоғамдардың беделі түсе бастады. 1830, 1848, 1870 – 1871 жылдардағы француз революциясына қатысты құжаттар және осы проблемаға байланысты монографиялар шыға бастады.

       Француз тарихшыларына қатысты саяси көз қарастарды көбінесе француз тарихы ғылымында либералды-республикалық бағыттағы тарихшылар білдірді. Олар консервативті бағыттағы тарихшылар мен қарсыласты, бұл тарихшылардың айтуынша, тарих ғылымға емес, керісінше өнерге және әдебиетке жақындеді. Оңды көзқарастардағы тарихшылар өздерінің трактаттарында Францияның  атағын шығарған Бірінші империя кезіндегі, Наполеонның беделдігіне өте үлкен мәнберген. 1912 жылы оңды көзқарастардағы тарихшылар наполеон екезеңінің тарихын зерттеуге қатысты Қоғам құрды.Осы кездегі ірі мамандардың бірі Альбер Вандаль (1853 – 1910) болды . Радикалды демократиялық және әлеуметтік бағыттағы тарихшылар өздерінің саяси көзқарастары бойынша тематикамен айналысты. 1907 жылы демократияға жақын тарихшы Альбер Матьез (1874 – 1932), робеспьеризмді зерттейтін Қоғам құрды, «Аналы французской революции» атты журнал шығарды. ХVІІІ ғасырдың аяғындағы революцияны зерттеудегі жұмыстарды мемлекеттегі әлеуметтік қозғалыстың бір басшысы Жан Жорес (1859 – 1914) еді. Ол көптомды «Социалистической истории 1789 – 1900 гг.» деген еңбекті шығарды. Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген  жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм сол либералды субъектизм мен қарсыласты. Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылар мен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды.

        Тарих ғылымы Университетінің, мектептегі білімнің, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы тәрбиеші, әрі ірі ұйымдастырушысы Эрнест Лависс (1842 – 1922) болды, ол А. Рембо мен бірге 12- томдық «Всеобщую историю» еңбекті шығарған, сонымен қатар, 1884 – 1950 жылдары миллиондаған басылымдарымен бастауыш сыныптарға Франция тарихына байланысты кітаптар шығарған.

     Мектепке арнаған еңбегінде отанына деген патриотизмін көрсетіп жазады, ал республика деген барлық Франция тарихының қорытындысы деп есептейді.

      19 ғасырдың аяғында - 20 ғасырдың басында қалыптасқан Француз тарихы ғылымы ұйымы екі соғыс кезеңі аралығында сақталды. Көпшілік тарихшылар жұмыс істеген тілдік лексикалық сөздік факультеті университеттің тарихшыларды даярлайтын және басты тарихи зерттеу орталығы болды. Ғылыми дәреже атағын және диссертация қорғауды тек ғана Франзуз университеті қабылдайтын. Тарихи ғылымды дамытуда маңызды үлес қосқандар: Ұлттық хартия мектебі, Жоғарғы қалыпты мектеп, Колледж де Франс, ертеректе құрылған ірі ғылыми -білімдік мекеме. Маңызды тарихи кезеңдерді мәселелерді зерттеуде, үлкен ұйымдастырушылық рөл атқарған және бұл кезеңдерді зерттеу әрекетімен айналысқан тарихи қоғамдар мен журналдар болды. 1958 жылға дейін француз тарихшылары,диссертация қорғауда,гуманитарлық ғылымдары докторы дәрежесін алуға ұсынылған.Бұл дәреже тарихшылардың филологтармен бірдей атауда  болды.Докторлық дәрежеге талап өте жоғары болды.Ізденушіден екі мәтін тапсыру ұсынылған:негізгі және қосымша.Негізгі мәтінде зерттеудің түпкі мазмұны кең деректік негізде алынған болса, ал диссертацияға қосымша да автордың деректанушылық және тарихнамалық  зерттеу мәселесі аймағындағы компетенттігін көрсететін болған.Қорғалған диссертация жарыққа шыққандықтан, француз тарих ғылымы көлемді зерттеулермен үнемі толықтырылған.

      Қазақстан мен Франция арасындағы өзара мәдени қатынасты дамыту мақсатында француздың әйгілі Лувр, Версаль, д’Орсе, Помпиду сынды өнер орталықтарының жинақтамасынан ұсынылған ең үздік өнер туындыларының бұл көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысының қоры, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Француз Республикасының Мәдениет және коммуникация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрменің ашылу салтанатында ҚР Тұңғыш Президенті –Ұлт көшбасшысы қорының директоры Дариға Назарбаева, Францияның бұрынғы Мәдениет және коммуникация министрі Фредерик Миттеран және ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай арнайы қатысып сөз сөйледі.

       Көрмеге Француз төңкерісі, Құрметті Легион, Мобилье Насиональ, Сите де Мюзик ұлттық мұражайларынан, галереялардан әкелінген қолөнер жұмыстары да қатыстырылып, жалпы экспозицияда төрт жүзден астам өнер туындылары қойылып отыр. Оның ішінде кескіндеме және мүсін, түпнұсқалар мен графика, тоқыма және шпалера, зергерлік, сәндік бұйымдар орын тепкен.

     Француз өнерінің шебер туындылары Қайта жаңғыру мәдениеті заманынан бастап ағартушылық, шыншылдық, романтизм, өнеркәсіптік төңкеріс, қазіргі заманғы және авангардтық дәуірлеріндегі француз халқының бүкіл тыныс-тіршілігін, өмір сүру салтын бейнелеп, көз алдыңа келтіргендей әсер тудырады. XVI ғасырға қарай өзінің шарықтау шегіне жетіп, Еуропа мәдениетіне едәуір ықпалын тигізген Қайта өрлеу дәуірі ойшылдық пен әсемдіктің үйлесіміне деген ұмтылыстың таңдай қақтырарлық тамаша үлгісін әйгілей түседі. Мысалы, Франческо Бардонидің XIII Людовик бейнеленген қола мүсіні, Бартелеми Тромбленің салт атты Генри қола мүсіні, сөз жоқ, әр заманда да баламасы болмайтын теңдессіз дүниелер. Оның ары жағында Антонио Фантуциидің «Жеңілген надандық» гравюрасы ағартушылық дәуірдің ауылы алыс емес екендігін дәріптеп, суретшінің батыл да табанды ұстанымын паш етіп тұрғандай. Аталмыш шебердің жасанды мәрмармен безендірілген пейзажы да көз тұндырарлық. Тылсым табиғат сырын бойына сіңіріп, өзін оның ажырамас бөлігі екендігін терең сезінген адам баласының мүмкіншілігінде шек болмайтындығына тағы да көз жеткізе түседі.

        Көрмеге қойылған басты, ерекше туындылардың бірі – үлкен гобелендер. Ақсүйектік әдебиет пен ғылым ортасында танылып, Францияны мықты ұлтқа айналдырған XIV Людовиктің арнайы назарына мықтап ілігіп, айырықша мәртебе алған бірегей мануфактура – француз халқының мақтанышы. Осы корольдік өнеркәсіп ордасында гобелендерге әдемі де қымбат жіптермен қылқалам шеберлерінің туындылары өрнектеледі. Ал онда Франция патшалығының ұлылығы мен жарқылы, сарай салтанаты, оның айналасындағы қалың жұрттың бақытты да алаңсыз өмірі бейнеленеді.

       Адамзат құндылығына Вольтер, Дидро, Руссоларды қосқан «ойлану ғасыры» Еуропаның үстінен соққан еркіндік желін еске түсіреді. Эстетикалық санадағы түбегейлі өзгерістердің сол заманның суретшілері мен мүсіншілерінің де шығармаларында көрініс тапқандығын, өнердің нақты дүниені бейнелеуге бет бұрғандығын аңғаруға болады. Ортағасырлық дәстүрлер құрсауынан сытылып шығып, ой-сана еркіндігін аңсаған қылқалам шеберлері өз шығармаларының бойына романтика жүгіртуге ерекше қызығушылық танытқан. Қолөнердегі рококо стилінің ірі өкілі Франсуа Бушенің 1750 жылы майлы бояумен салынған атақты «Маркиза де Пампадуры» да француз бейнелеу өнеріне жаңа серпін ала келгендігін байқатады.

        Өнеркәсіптік төңкеріс, қазіргі заманғы және авангардтық дәуірлерін толық қамтитын бұл айшықты көрмеде замануи шығармашылыққа да айырықша орын берілген. Сондай-ақ, мұражай қабырғаларына француздың аты әлемге танымал Ален Делон, Бриджит Бардо сынды жұлдыздарының, француздың басқа да көрнекті тұлғаларының әр уақыттағы фотосуреттері тізілген. Сән әлемінің саңлақтары Кристиан Диордың 1947 жылы, Коко Шанельдің 1965 жылы тіккен сәнді костюмдері, Ив Сен Лоранның 66-67 жылдарға арналған атақты қысқа көйлегі де төрден лайықты орын алыпты.

      Бейнелеу өнері, мүсін өнері, гобелендер мен кілемдермен қоса, түрлі бұйымдар, әшекейлер, гравюра, фотосуреттер француз інжу-маржандарының теңдессіз мол мұра екендігін әспеттеп, ұлттың ұлылығы мен халықтар алдындағы беделін айшықтап тұр.

        Бұл Қазақстанда кең ауқымды көлемде ашылып отырған Францияның алғашқы көрмесі. Оны ашуға ұйытқы болған – ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысының қоры және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Көрмедегі туындылар Францияның 40 өнер мұражайынан алынған. Осыншама бай ізгі туындылар ұлттың темірқазығы, өнер атаулының ең әсем жауһары іспетті. Өз тарихында француздар талай қиыншылықтарды бастан өткерген, небір төңкерістерді еңсерген. Оған қоса, қоғамдағы басқарудың көптеген кемшіліктерінен де айналып өтпеді. Соған қарамастан мұндай рухани байлықты, інжу-маржанды сан ғасырлар бойы аса ұқыптылықпен сақтап, өз ұрпақтарына жеткізіп келген француз халқының отансүйгіштігіне, мемлекеттің өнерге, мәдениетке деген көзқарасының ерекшелігіне тәнті боласың. Біз де өз өнеріміз бен мәдениетімізді дамытуда осы француз елінің рухани ұлттық мүддесінен үлгі алып, қолымызда бар асыл мұраларымызды зерттеп, толықтырып, сақтауымыз қажет. – дейді Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайының директорының орынбасары Еркін Нұразхан.

Рас, заман талай құбылады, уақыт  сырғып алға жылжи береді. Бірақ, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттың келешегі, ертеңгі  күнге сенімді қадам жасау  – ең алдымен рухани сананың жаңғыруына байланысты. Бұл өзгермейтін шындық. Қазақстандықтар француз інжу- маржандарын  тамыз айына дейін тамашалай  алады [4]

Информация о работе Француз тарихнамасында