Француз тарихнамасында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 10:18, курсовая работа

Описание

Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм солшыл либералды ссубъектизммен қарсыласты. Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылармен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………… 2
Негізгі бөлім
Әлемдегі міндетті данаға негізделген алғашқы
библиографиялардың пайда болуы………………………………..... 3
Франциядағы университеттік және мектептік библиография
және Британ мұражайындағы франция қорлары…………………… 6
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының
қорындағы Франция ұлттық библиографиясы……………………... 11
I ші және II дүние жүзілік соғыстар кезіндегі
Франция библиографиясы…………………………………………... ..
17 Қорытынды……………………………………………………………...... 24

Работа состоит из  1 файл

курсавая франция.docx

— 78.10 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар

 

 

 

Кіріспе………………………………………………………………………… 2

Негізгі бөлім

  1. Әлемдегі міндетті данаға негізделген алғашқы

       библиографиялардың пайда болуы……………………………….....      3

  1. Франциядағы университеттік және мектептік библиография

         және Британ мұражайындағы франция қорлары…………………… 6

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының

        қорындағы  Франция ұлттық  библиографиясы……………………... 11

  1. I ші және  II дүние жүзілік соғыстар кезіндегі

     Франция библиографиясы…………………………………………... ..  17 Қорытынды……………………………………………………………......   24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Француз зерттеушілерінің позитивистік тарихнаманы сынаулары 1890- жылдардан басталды, 1920 жылдығының бірнеше онжылдығында бұл сынаулардан тұтас позитивистік программа құрылған емес.  ХХ ғасырдың басында антипозитивистік орталықтың негізі ретінде Эмиль Дюрггеймнің (1858 – 1917) әлеуметтік мектебі болды, ол «Социологический ежегодник» және «Международный центр синтеза» деген журналдар басып шығарған, ол Анри Берромен (1863 – 1954)  «Обозрение исторического синтеза» деген журналымен бірлесіп шығарды. Бұл мектептер позитивизмнің фактографиясына, иррационализм мен спиритуализмге қарсы шықты.

Беррдың ойынша, тарихи синтезге шақырулар  тарихқа деген тәжірибедегі іс өимылдармен  бірдей, болашаққа ретроспективті түрде  болды. Дюркгеймнің жақтастары тарих  және әлеуметтану бірлігі үшін шыға бастады, себебі, тарих әлеуметтану  қорытындылары үшін негізгі матриалдары  болып есептелінді.

Позитивистік тарихнаманың критиктері болып жатқан жағдайларға әсер ететін терең факторлар болады деп есептеген.

        ХХ ғасырдың басында француз тарихнамасында негізгорынды саяси тарих және идея тарихы (саяси- құқықтық, административтік, дипломатиялық және әскери тарих мамандықтарымен) алды. Әлеуметтанудың ықпалымен экономикалық және әлеуметтану тарихы қалыптаса бастады. Зерттеудің дәстүрлі кеңістігі кеңейе бастады, және Жерторта теңізінің бассейні мемлекеттерінің тарихымен жұмыс істеуде, Африка, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің тарихы қызықтыра бастады. Студент тарихшылардан ұйымдар құрылды және Париж университетінің құрамына Хартия ұлттық мектебі, Жоғары орта мектебі, Әлеуметтік білімдердің практикалық мектебі кірді. ХХ ғасырдың басында Францияның жаңа тарихын зерттеу бірнеше түрлі  профессионалды тарих ұйымдарымен бөлінді, олар мемлекеттегі тарихтың негізгі кезеңдері мен проблемаларын зерттеумен болды, «Общество исследования эпохи Рабле» және «Шестнадцатый век» атты журналадары, қоғам және бюллетеньдері «История французского протестантизма», общество и журнал «Восемнадцатый век», сонымен қатар, қоғам және журналдар «Французская революция», «Политические науки», «История французских колоний» болса, «Военная история» және «История экономических и социальных доктрин» атты журналдары болды. Бұл журналдар өздерінің ғылыми программаларымен зерттеушілік мектептердің өмірге келуіне ықпал етті. Мемлекетте сонымен қатар, көптеген жергілікті тарихи қоғамдардың беделі түсе бастады. 1830, 1848, 1870 – 1871 жылдардағы француз революциясына қатысты құжаттар және осы проблемаға байланысты монографиялар шыға бастады.

       Француз тарихшыларына қатысты саяси көзқарастарды көбінесе француз тарихы ғылымында либералды- республикалық бағыттағы тарихшылар білдірді. Олар консервативті бағыттағы тарихшылармен қарсыласты, бұл тарихшылардың айтуынша, тарих ғылымға емес, керісінше өнерге және әдебиетке жақын деді. Оңды көзұарастардағы тарихшылар өздерінің трактаттарында Францияның атағын шығарған  Бірінші империя кезіндегі, Наполеонның беделдігіне өте үлкен мән берген. 1912  жылы оңды көзқарастардағы тарихшылар наполеое кезеңінің тарихын зерттеуге  қатысты  Қоғам құрды.Осы кездегі ірі мамандардың бірі Альбер Вандаль (1853 – 1910) болды.

       Радикалды-демократиялық және әлеуметтік бағыттағы тарихшылар өздерінің саяси көзқарастары бойынша тематикамен айналысты. 1907 жылы демократияға жақын тарихшы Альбер Матьез (1874 – 1932), робеспьеризмді зерттейтін Қоғам құрды, «Анналы французской революции» атты журнал шығарды.

       ХVІІІ ғасырдың аяғындағы революцияны зерттеудегі жұмыстарды мемлекеттегі әлеуметтік қозғалыстың бір басшысы Жан Жорес (1859 – 1914) еді. Ол көптомды «Социалистической истории 1789 – 1900 гг.» деген еңбекті шығарды.

      Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм солшыл либералды ссубъектизммен қарсыласты.  Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылармен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Әлемдегі міндетті данаға негізделген алғашқы библиографиялардың пайда болуы

       Францияда XII – XIII ғасырда Европадағы алғашқы үниверситеті ұйымдастырылған.  1470 жылы  ерте кітап басу пайда болды. 1631 жылы ал ғашқы Француз баспа газеті жарық көрді. 1665 жылы әлемдегі ең алғашқы ғылыми журнал шықты.

      Франциядағы заманауи  кітапханалардың пайда болуы орта ғасырға жатады. 1257 жылы  Карбонна  кітапханасы құрылды, 1480 жылы Корольдік кітапхана нақты түрде құрылды,  ол 1792жылы Ұлттық деп ауыстырылды. 1537 жылы Франциск I әлемнің барлық шығарылған  кітаптардың  бір эгземплярын өткізу керек деген бұйрық берді. Ол міндетті  дана туралы шығарылған алғашқы заң.

       Осылайша Француз  библиографиясы ерте және  интенсивті түрде дами бастады. Және оның көптеген бастамалары сол бірінші деген бастамалары сол бірінші деген эпитетпен түсіндіріледі. Францияда әлемдегі алғашқы библиографиялық пособье нің сілтемесі құрылды; әлемдегі бірінші ТНБ органы құрылдыя; сонымен қатар XVI ғасырда РНБ аумағындағы тәжірбиелерде осы біріншілер қатарына  жатады.

      1584 жылы және 1585 жылы «кітапана» деп аталатын екі сілтеме шықты.  Оның біреуін  Ф.Г. Де Ла Круа  Дю Мэном , келесісі Антуан Дю Верьдие. Авторлар  бірігіп жұмыс істеген алайда басқа қалаларда жүрген ( Парижде және Лионда), бірақ екеуіде алдарына  бірдей мақсат қойған. Яғни, кітаптарды француз тілінде шығару болды, алайда ол жұмыстар тек жартылай жазылып, аяқталмай қалды.    

      XII ғасырда  париж кітапханасының кітапханашысы әрі библиографы , библиофилі Луи Жакоптың жұмыстарына көп көңіл бөлінді. Ол сілтеменің екі данасын шығарды. Біріншісі « Галльсктік библиографиясы»,  және « Париждік библиография». Ол басылым жөніндегі алғашқы талпыныстар еді.

      XVIII ғасыр  Энгельстің сипаттауы бойынша негізінен Француз заманы болған. Ол Қайта өрлеу заманы мен  Ұлы Франуцз ревалюция заманы болған. Сол кезеңдегі Француз библиографиясы үлкен даму кезеңінде болған. Көптеген басылымдар мен журналдар жарыққа шыққан. Көптеген әдебиеттер әлемдік деңгейге көтеріліп кеткен.

       1584 – 1585 жылы Францияда  Ф.Дзюмен және  А.Дзювердия басып шығарған  француз  тіліндегі кітаптардың  көрсеткіші пайда болды. Осы және басқа да еңбектер Европада Ұлттық библиография басылымының ретроспективті еңбектерін есепке алудың бастамасы болды. Көп жағдайда бұндай іс –шараларды, өз қалауымен жасады. Одан кейінгі ғасырда ғылым мен білімнің дамуына байланысты кітап басу үлкен орын алды.

      Кітап саудасы пайда болған. Бұндай жағдайда жаңа еңбектерді міндетті түрде есепке алу керек болды. Сондықтан он сегіз және онтоғызыншы ғасырларда кітаптарды есепке алумен  көбінесе кітап саудасы айналысты. Ұлттық библиографияның қайтадан өркендеп өсу кезеңі  XIX ғасыр болды. Оның ең алғашқы органы 1811 жылдары Францияда пайда болды.

      XIX ғасырдың біріншщі жартысында Францияда көптеген танымал сілтемелер шыға бастады. Оны барлық  әлемде «Керар» және «Лоренц» деп атаған.

     Жозеф Мари Керар « Әдеби франция» деген сілтеме шығарған. Оның мазмұны ұзың тақырыпшаны «францияның ғылыми, тарихи, әдеби сөзігі» дегенді түсіндірген. Сонымен қатар шетел әдебиеттерінде құрамына енгізген.

      Бұл сілтемені кейін Керар « Заманауи Француз әдебиеті» деген сілтемемен жалғастырды.

      1870 жылдың 23 қыркүйегінде Жерорта теңізінің Көкшіл жағалауында Канн қаласында тамаша француз жазушысы Проспер Мериме дүние салды. Оның көз жұмар алдында оқыған жазушысы Тургенев болды. Өлерінен бірнеше сағат бұрын Мериме оның «Трофманды жазалау» очеркін оқып шығып, ауыр науқастан әлсіреген қолы дірілдеп, орыстың ұлы жазушысына баянсыз дүниедегі ең ақырғы хатын жазды.

       Арада бес күн өткен соң, 28 қыркүйек те, Германияның түскей-батысындағы шағын курортты қала Баден-Баденде жатқан Тургенев жазушының қазасына қатты қайғырып, тебіреніп, ол туралы көкейінде жүрген ойын айтты, бұл азанама «Петербургские ведомости» бетінде со жылдың қазан айында басылып шықты: «Мериме қазасынан кейін әдебиет нәзік те ақылды әңгімешінің бірінен айырылды, оның таланты Гетенің биік қолдау-құрметіне ие болған еді, ал біз, орыстар, оны – халқымызды, тілімізді, бүкіл тұрмыс-тірлігімізді адал да ақ жүрекпен жақсы көрген адам ретінде, Пушкин алдында ізетті-ілтипатты көңіл танытып, оның поэзиясын дұрыс та терең түсініп, сұлулығын жоғары бағалаған адам ретінде қадір тұтуға міндеттіміз. Өз басым жақын достан айырылдым… Сырттай самарқаулық пен салқындық астарында ол өзінің іңкәр жүрегін жасырып жүруші еді», – деп жазды. Одан отыз-қырық жылдай бұрын, Проспер Мериме шығармашылығын жоғары бағалап, мұндай пікірді көзі тірісінде Пушкин мен Гоголь де айтқан болатын. Мұның бір мәнісі – П.Мерименың орыс тарихы мен әдебиетіне деген құрметі мен махаббаты болса керек.

    Бұл Проспер Мерименің «Қиямет түні» кітабына жазылған алғысөзден үзінді. Мен осы кітапты оқып жатырмын(электронды нұсқасы емес). Дени Дидроның: «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген .

     Франциялықтардың өз сөзімен айтқанда, Францияның қазіргі поэзия әлемінен екі түрлі бетпе-бет бейнені көреді екен; бірі, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты, енді бірі, осы заман трагедиясының мәні. Әркім өзі білгенімен болып жатқан Батыс қоғамындағы осы заман трагедиясының мәнін ұғыну онша қиынға соқпаса да, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты дейтін түсіну тым оңайға түсе қойғандай емес. Неге десеңіз, Франция поэзиясы романтизм табалдырығын аттағаннан бастап, ақындар обеъктив мәнге бой ұрып, өлеңді «ақынның көңіл-күйі», «жанның тынысы» деп қараған екен. Әсіресе, реализмге жеткен шақта, мұнанда бір адым ілгерлей түсіп, адамның қалыпты писихологиялық қалін ғана емес, адамдағы аңдаусыз сананы да поэзия дүниесіне жатқызады. Аңдаусыз сананың поэзияда бұлайша дәріптелуі дәстүрлі поэзиямен ат кекілін кесіседі. 50-жылдардан бастап етек алған конструктивизм(құрлымшылдық) осы заман поэзиясы обеъктив поэзия дегенге ойысып, өлеңнің мәні оның мазмұнында емес, ұйқасында да емес, қайта оны жарататын тілде дегенді қуаттайды. Сонымен, үздіксіз жылжыған заманалар көшінде классизмнің «табиғат» пен «ақылын» романтизмнің «мәнін», әсіре реализмнің «аңдаусыз санасын» символизмнің «жасампаздықты сөзге берейік»-ін, конструктивизмнің «бәрін тіл орындайды»-сын басынан кешірген қазіргі Франция поэзия әлемі жүгін енді аңдаусыз сана образы мен осы заманданған тілдің ұштасуына салып отырған тәрізді. Мәселен, сол елдің қазіргі табиғат ақыны, өзгеше лирик делінетін Жан Гросжанның «Жас» деген бір өлеңін келтіріп кетсек теріс болмас:

Жазғы ағаштың көлеңкесі 
Жол бойына құлады. 
Шілделіктің дауысы 
Таңғы ауамен тұнады.

Барады жетім баладай, 
Жол кезіп қиыр-қияқты. 
Қозғалып кетті көлеңке, 
Ал, мен сол қалпым сияқты.

Шақырса да жер түбі, 
Тәуекелге арт деп жүгіңді. 
Сырқырап менің табаным, 
Шаршағаным білінді.

Көлеңкеде дем алдым, 
Кітаптан ашпай бір парақ, 
Айлар-күндер қасымнан, 
Өте берді сипалап   [1]

 

2 Франциядағы университеттік және мектептік библиография және Британ мұражайындағы франция қорлары

 

      Тарих ғылымы Университетінің, мектептегі білімнің, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы тәрбиеші, әрі ірі ұйымдастырушысы Эрнест Лависс (1842 – 1922) болды, ол А. Рембомен бірге 12- томдық «Всеобщую историю» еңбекті шығарған, сонымен қатар, 1884 – 1950 жылдары  миллиондаған басылымдарымен  бастауыш сыныптарға Франция тарихына байланысты кітаптар шығарған.

      Мектепке арнаған еңбегінде отанына деген патриотизмін көрсетіп жазады, ал республика деген барлық Франция тарихының қорытындысы деп есептейді. Лависс кітабын жасырын есіммен Пьер Лалуа (la loi по – французша – «құқық») басып шығарады. Оның айтуынша, революцияларды айтқанда, олар өткенге қажет болды, бірақ Үшінші республика тұсында олардың қажеттліктері түсіп қалды.

      ХХ ғасырдың басына таман Ұлыбританияда тарихи білімнің мамандану үрдісі жалғасын тапты. 1917 жылы Оксфордта және  1920 жылы  Кембриджде тарихи мәселелер бойынша диссертациялар дайындаған университет бітірушілеріне берілетін философия докторлары ғылыми дәрежесі тағайындалды.  1921 жылы  Лондонда алғашқы басшысы  А. Поллард болған, тарихшы мамандығын жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ретіндегі тарихи зерттеулер Институты ашылды.     уақытылы жүйеге айналған, бірінші ағылшындық – американдық конференциясы өтті.   1930 – жылдары тарихи зерттеулердің лондондық Институты «Графтықтардың викториандық тарихы» атты көп томдық кітапты шығаруды басшылыққа алды. Корольдік тарихи қоғам өз қызметін  жалғастырды.  1918 жылы онда мұрағат құжаттарын жариялаумен және дықкомитет құрылды.   1921 жылдан бастап  британдық сыртқы саясат тарихы бойынша құжаттар баспаға шыға бастады. 1937 жылдан бастап 1900 жылдан кейінгі кезеңді қамтыған британ тарихының библиографиясы жүйелі түрде шыға бастады. Елде 1930 жылдары мүшелер саны – 4.5 мыңға  жеткен тарихшылар ассоциациясы жұмыс істеді. Ол жыл сайын шығатын тарихи әдебиеттің  «Тарих» атты шағын  журналын шығарды.   Аймақтық тарихты зерттеу кеңейе бастады, және бұл үшін жергілікті мұрағаттық және антикварлық қоғамдар мен графтықтар мұрағаттар қызметін үйлестіретін аймақтық тарих бойынша комитет құрылды.   1932 жылы Британдық мұрағат ассоциациясы құрылып, «Мұрағаттар» журналы шыға бастады. 1924 жылы ақпараттық қамсыздандыру бойынша кітапханалық Ассоциация құрылды(«Аслиб» қызметі).

Информация о работе Француз тарихнамасында