Әбілқайыр туралы ақиақт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 23:32, реферат

Описание

Кеңес заманында көп айтылған жалған тарихтың бірі «Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы» болатын. Сексенінші жылдардың басында бұл әңгіменің үдеп кеткені соншалық, ақыры «өз еркімен қосылудың» екі жүз елу жылдығы Алматыда дүбірлетіп атап өтілді. Жалпы «өз еркімен қосылды» деген жорамал қағиданың өзі де сол кезде қалыптасып еді. Осы дақпырттың шындықтан алыс екенін екінің бірі білетін, алайда баспасөз бетінде ашық пікір білдіру мүмкін емес еді

Работа состоит из  1 файл

Самат ӨТЕНИЯЗОВ.doc

— 94.00 Кб (Скачать документ)


Самат ӨТЕНИЯЗОВ,

тарих ғылымының кандидаты,

Абылайхан атындағы Әлем тілдері университетінің

және Мадрид университетінің профессоры.

ӘБІЛҚАЙЫР ТУРАЛЫ АҚИҚАТ

Кеңес заманында көп айтылған жалған тарихтың бірі «Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы» болатын. Сексенінші жылдардың басында бұл әңгіменің үдеп кеткені соншалық, ақыры «өз еркімен қосылудың» екі жүз елу жылдығы Алматыда дүбірлетіп  атап өтілді. Жалпы «өз еркімен қосылды» деген жорамал қағиданың өзі де сол кезде қалыптасып еді. Осы дақпырттың шындықтан алыс екенін екінің бірі білетін, алайда баспасөз бетінде ашық пікір білдіру мүмкін емес еді. Сонау өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ақталған А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов сынды қазақ елі көсемдерінің еңбектерін жарыққа шығармады. Тек «Қайта құру» науқаны дағдарысқа ұшыраған сексенінші жылдардың соңында олардың шығармалары оқырман қолына тиіп, қазақтардың төбесін көкке жеткізді. Оның өзі Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақтардың өзіне керегін талап ете бастағанының нәтижесі еді.

1991 жылы Х.Досмұхамедұлының «Аламан» атты кітабы жарық көріп, «Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғанын» түгелдей жоққа шығарды. Бұл кітап алаш азаматтарының қуғын-сүргінге ұшырауынан бұрын, 1923 жылы Ташкентте шыққандықтан, көне көз қарттарымыз білгенмен, кейінгі ұрпақтың бұдан хабары жоқ-ты. Тұлғалы Тахауи Ахтанов қана «өз еркімен қосылудың», Әбілқайыр хан туралы жазылып жүрген дақпырттың шындыққа он қайнаса сорпасы қосылмайтынын ашық айтушы еді.

Х.Досмұхамбетұлының еңбектері жарық көрген соң, тарихшыларымыз Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуына қатысты айыптың бәрін Әбілқайыр хан тұлғасынан іздеді. Өйткені Кеңес заманында оны «прогрессивный» хан деп жазатын.

Көп ұзамай қазақ тарихшылары, шындыққа көз жеткізді. Шындықтың ащы болатыны белгілі, ол бұрынғы айтылып келген жалған тарихты мүлдем кері бұрып жіберді. Әбілқайырды жеріне жеткізе жамандап, Абылайды асыра мақтағандар енді өз қателеріне көз жеткізіп, үнсіз қалды. Алайда тарихты жете зерттемегендері бұрынғы бағытпен мақалаларын да, оқулықтарын да жарыса шығарып жатты. Мысалы, 1999 жылдан бері талай рет баспа бетін көрген Г.Канның кітабы, Г.Қ.Кәдірқұлованың оқулықтары және т.б. Сондай-ақ көп жылғы құнды зерттеу еңбегі болса да, И.Ерофеева еңбегінің негізгі кемшілігі сол — Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы ақиқат шындық ашылмай қалды.

И.Ерофееваның «Абулхаир» атты құнды зерттеуінде бұрынғыдай, Қазақ мемлекетін құлатқан жоңғарлар екені қайталанады. Және Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің Ресейдің қол астына бағынуын «Под патронатом России» деп жалған дәріптейді. Қазақ еліне патшалық Ресейдің ешқандай көмек бермегені, керісінше оның бұрынғыдай шығыстан жоңғарды, батыстан казак әскерлерімен бірге қалмақтарды айдап салып отырған саясаты туралы ештеңе айтылмайды. Біз енді Қазақ хандығын әлсіреткен Жоңғар емес, Ресей екенін ашық айтуға міндеттіміз. Кеңестік идеология кезінде-ақ В.А.Мойсеевтің: «…Как бы ни были тяжелы последствия джунгарских вторжений в Казахстан, результаты наших многолетних исследований свидетельствует, что никогда угрозы физического уничтожения казахского народа джунгарами не было…» деген пікірі шындыққа дәл келеді.

Алайда, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылмағанын іштей сезе тұра, көп зерттеушілердің Әбілқайырға қатысты күдіктенгені рас. Себебі, Х. Досмұхамедұлы да, алаштың басқа көсемдері де, сондай-ақ кейінгі зерттеушілер де (И.Крафт және т.б.) Әбілқайырдың 1730 жылы жазған хатының түпнұсқасын көрмеген еді. Барлық қате осыдан басталды. Зерттеушілер оның орысша аудармасын ғана пайдаланып келді. Түпнұсқаны көргеннен соң барып тарихшылар санын соқты. Бүгінгі ұрпақ осынау масқараны көрсін және білсін деп белгілі тарихшы Амантай Исин, оны орысша қате аудармасымен салыстырып, 2001 жылдың басында «Абай» журналына (екінші нөмірінде) жариялаған еді. Соны осы уақытқа дейін Қазақстан тарихын жарыса жазып жүргендердің көрмегені қалай?

Оқушының көзін жеткізу үшін осы материалдан үзінді келтірейін. «Хан сөздері ұстамды, белгілі бір тұстарында асқақ. Кішіреюі де, өзге мемлекет иесімен тең сезінуі де, құрмет көрсетуі, сыпайы сөз саптауы, мүдделі ісі де үйлесімді, салмақты өлшеммен жеткізілген. Бұл хаттан артық жалбарыну, Ресей патшалыгына ашық мойынсұну, құлдана сөйлеу деген байқалмайды» дей келіп, А.Исин хаттың түпнұсқа мәтінін ұсынады.

«Ұлұғларың аууа марһаматы биік, дәулеті артық, йер жузіне билеген ақна ұлұг падша хазыретлерің хузырына бенделік етеміз. Кунден кун, айдан айга, йылдан йылга дәулет сәлемет зияда олар анша тасыеай.

Біз гарызбанда хазыретіңізге бу дәрге. Сі ұлұг хазыретінің Орал ештегі башқурт халайықы бірле арада еллігіміз йоқ ерді.

Емді ел — хал, Сіз дәулеті ұлұг падша хазыретіңе саясында панаһ олып, сатиғ мунқаз олмақ  учін тогай йолы Орал ештегі бендеңіз Алдарбайга елші қосып йібердім. Ол Алдарбай Сіз ұлұғ падшаның хазіретіге елші тілегені учін біз, Әбілхайыр хан қырық сан қазақ Орта йуз, Кіші йуз барша раәайат царашаларым бірле баш салдым.

Йарлық:  Сізнің—дүр ол қулларыңыз Орал ештегі бірле ел қылып ірішу(і)ңні тілейміз. Сізнің йарлығыңыз бірле ел болғаймыз.

Сейітқул йіберген елші баш Құтлымет йолдашлары бірле.

(Хаттың тупнусқасы)

Хаттың ресми аудармаға арқа сүйеген, 1960 жылғы басылымдагы орыс мәтіні:

«8 сентября 1730 г.

Послание в Петербург ее величеству

Величайшей, благородной, богатой и умной обладательнице многих земель, ее величеству государыне иператрице ежедневно, ежемесячно и ежегодно желаем божией милостью благополучного государствования. Наше заявление Вашему величеству состоит в том, что с подданным Вам башкирским народом, который находится за Уралом, у нас близких отношений не было. Желая бытъ совершенно подвластным Вашему величеству. я посылаю своего посланника вместе с Вашим подданным Алдарбаем. Этот Алдарбай требовал посланника от нас к Вашему величеству, и поэтому мы, Абулхаир-хан с подвластным мне многочисленным казахским народом Среднего м Малого жузов, все преклоняемся перед Вами, являемся Вашими слугамии все вместе е простым народом желаем Вашего покровителъства и ожидаем Вашей помощи, чтобы с подданным Вам башкирским народом, находящимся за Уралом, жить в соласии.

Желаем Вам всякого благополучия и будем Вашими подданными,

(Передали): Сеиткул. Главный посланник Куттумбет с товарищами.»

Мәтіндегі асты сызылған сөздер түпнұсқада жоқ немесе мағынасы өзгертіліп берілген.

Бұл хаттың мынадай жаңа аудармасын ұсынамыз:

«Величия и милости высокой, государстеа превыше, правящей (всеми) землями ее величеству белой великой императрице обращаемся с обыденным намерением. Изо дня в день, из месяца в месяц, из года в год государство (Ваше) да пребывает в здравии и приумножается.

Наше заявление Вашему величеству следующее. С народом Вашего величества уральскими ештек-башкортами меж нами нет согласия.

Теперъ, желая получить под покровом Вашего императорского величества защиту и спокойствие, посылаю, присоединив к лесной дороги уральскому ештеку подданному Вашему Алдарбаю, своего посла. Поскольку этот Алдарбай просил посла к Вашему императорскому величию, мы, Абулхаир—хан, сорок санов казахов, Средний и Младший жузы со всеми подвластными мне караша склоняем голову.

Ярлык: с Вашими слугами уралъскими ештеками хотим достичь согласия. С Вашим ярлыком да будем в согласии.

Посланный посол Сеиткул во главе с Кутлыметом с товарищи.»

Келтірілген түпнұсқада байқалғандай, аталған хатта бодандық туралы, не Ресейге қосылу туралы ештеңе де жоқ, ондай әңгіменің болуы мүмкін де емес еді. Ресей бодандығындағы туысқан башқұрт халқының жағдайын Әбілқайыр өте жақсы білетін. Хат Ресейдің қол астындағы туысқан башқұрт халқымен бұрынғы достық жағдайды орнату үшін ғана жазылған еді. Сол хатты алып кету үшін башқұрт өкілі Алдарбай келмегенде, ондай хатты Әбілқайыр ешқашан жазбаған да болар еді.

Алдарбайдың Әбілқайырдың ордасына келуі өздігінен емес, оны осы мәселе үшін әдейі жіберген Ресей өкіметінің басшылары. Ш.Уәлиханов та жинаған құжаттарының бірінде қазақтар мен башқұрттардың қайтадан мәмілеге келіп, достасып кетуінен қауіптенген Ресей үкіметінің Жоғары Ертіс бекінісінің секунд-майоры Нелюбовқа «…чтобы киргиз-кайсаки с башкирами не помирилисъ…» деп қатаң ескерткенін жазып қалдырған….

… Татар мен башқұрт халықтарын ХҮІ ғасырдың ортасында Иван Грозный жаулап алып, Ресей құрамына кіргізгені белгілі. Осы екі халық Қыпшақ мәдениетінің жалғастырушылары және ежелден көрші, аралас-құралас болса да, екі түрлі халық және екі басқа тағдыры бар халық. Мысалы башқұрттар ХҮІІІ ғасырдың ақырына дейін Ресей бұғауынан босау үшін талай рет шайқасты. Көптеген халық батырлары халқын ұлт-азаттық көтеріліске бастап шықты… Солардың ішінде біздің халықтың көп білетіні — Салават Юлаев, 1770 жылдардағы Пугачев көтерілісіне белсене қатысқандардың бірі. Ал татар халқы ешқашан Ресей отарлығына қарсы күреспеген. Сондықтан олар патша өкіметіне өте сыйлы болды және басқа халықтарды отарлауда Ресейдің оң қолы болды.  Тевкелев секілді татарлар Ресейдің дипломаттық қызметін жақсы жүргізу үшін қазақ еліне барғанда өзін башқұртпын деп таныстыратын болған. Себебі, қазақтар — башқұрттармен дос, сыйлас, тағдырлас халық.

Башқұрттардың Ресейге қарсы кезекті көтерілістерінің бірі 1707-1709 жылдары болды. Соған көмектесуге Әбілқайыр батыр үш мың әскермен келді. Сонда көп жеңіске жетіп, аса ырза болған башқұрт елінің игі жақсылары Әбілқайырға «Біздің ханымыз бол» деп шын жүректен тілек еткен еді. Алайда ол 1709 жылдың күзінде қазақ билерінің шақыруымен Түркістан жаққа кетті де, башқұрт көтерілісі жеңіліске ұшырады.

Қазақ билері Әбілқайырды текке шақыртпаған екен. Қазақ елі басшыларының сол жиналысында екі үлкен мәселе қаралды. Бірі Жоңғар шабуылына қарсы күш біріктіру болса, екіншісі Әбілқайырды Кіші жүз ханы етіп сайлады. Бұрын Кіші жүзде хан болған жоқ еді, оны орталық хан билейтін. Алайда, соңғы он жылда Ресей тарапынан Жайық казактарының шабуылы қатты күшейді. I Петр Еділ қалмақтарына Аюкені хан қойды және оларды мұздай қаруландырды, олардың да Кіші жүз жеріне шабуылды үдеткеніне он бес жылдан асып бара жатқан. Осынау қырғын соғыста қазақ жерін қызғыштай қорғап, батырлығымен, жанкештілігімен және ұйымдастыру қабілетімен көзге түскен, Әз Жәнібектің Сүйік деген баласынан тараған ұрпағы Әбілқайыр алғаш рет Кіші жүздің ханы болды. Ол енді Кіші жүз жерін хан болып басқаратын және қорғайтын болды.

Башқұрттар мен қазақтар арасындағы тағдырлас достық қатынастар осылай жалғасып жатты. Екеуінің де қарсыласы, яғни ата жауы патшалық Ресей болатын. Сондықтан Ресей басшылары екі халықтың арасындағы достыққа қалай да сызат түсіру үшін көп жылдар бойы неше түрлі айла-шарғылар жасады. Мысалы, түнде барып, казак отрядтары башқұрт ауылын шабады, кісілерін өлтіреді және малын айдап кетеді де жаланы қазақтарға жабады. Сонсоң башқұрттарға көмектесіп, қазақ ауылын шабады. Қысқасын айтқанда, 1730 жылға дейін қазақ пен башқұрттың арасындағы достық бұзылған еді. Әбілқайырдың жанына батқаны да осы. Ал сол достықты қалпына келтіру үшін патша ағзамға хат жазу керек деп башқұрт Алдарбай айтып келгенде Әбілқайыр алданып қалған еді. Бұл 1730 жылдың маусым айы болатын. Ресейге де керегі осы еді. Хат жазды деген факті бар, оның түпнұсқасын ешкімге көрсетпей, аудармасымен келешекте талай қазақ төресін алдауға болады…

Әбілқайыр башқұрттармен достық қатынасты нығайта берді. 1736 жылы башқұрт көтерілісі бұрқ еткен кезде патша өкіметі қазақтар мен башқұрттарды және бір рет жауластырмақ ниетімен көп ақша бөлді. 1738 жылдың ақпан айында Татищев «Әрбір башқұрттың басын әкелген қазаққа 60 рубльден ақша беріледі. Кек алатын және байып қалатын жағдайыңыз бар» деп қазақ еліне жар салды. Кейбір қылмысты істерді башқұрттан көріп жүрген қазақтар осыны пайдаланып кек алмақшы және ақша таппақшы болған еді, бірақ олардың бірде-бірін Әбілқайыр жібермеді, керісінше ол бұрынғыдай башқұрт халқына көмегін жалғастыра берді…

… 1731 жылдан бері орысша аудармасы арқылы оқылған хаттың, осы уақытқа дейін қазақ елінің Кіші жүзі мен Орта жүзінің бір бөлігі өз еркімен Ресейдің боданы болды деген жалған ұғымның мәнісі осындай. Әбілқайыр хатының түпнұсқасын көрмесе де, кезінде бұған талай ғалымдардың күдікпен қарағаны рас. Мысалы, белгілі зерттеуші В.Я.Басин: «…широко употребляемый термин о подданстве казахов … правомерен лишь на завершающем этапе присоединения Казахстана к России» дей келіп, қазақ елінің түгелдей Ресей отары болғаны — 1865 жыл деп, Шымкент пен Ташкентті алған кездерді көрсетеді. Шын мәнінде өмір бойы Ресеймен соғысқан Кіші жүздің және оның әйгілі батыр ханы Әбілқайыр сынды тарихи тұлғаның ата жауының етегіне жармасуының ешқандай қисыны жоқ. Өзі жалынып, бодан болған адам осындай әрекет жасауы мүмкін емес. Бұрын біз осылай күдіктеніп келген едік, ал ойымызды дәлелдеуге Әбілқайырдың «тарихи хатының» түпнұсқасын көргенде ғана қол жеткіздік.

Осы уақытқа дейін елімізде Әбілқайыр туралы жалған пікір қалыптасып келді. Бұған Ресей империясы көп еңбек сіңірсе, кеңестік тоталитарлық режим оны түгелдей қолдады.

Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылмағаны туралы нақты құжаттар 1989 жылы Алаш ардагерлері ақталған соң жарыққа шыға бастады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, 1991 жылы Х.Досмұхамедұлының «Аламан» атты кітабы жарыққа шыққан соң, бұл тақырып келмеске кеткен еді, алайда Әбілқайырды толық ақтауға әлі бірнеше жыл керек болды. Ақырында Әбілқайыр Қазақстанды «өзі хан болу үшін» Ресейге қосқан, яғни тарихшыларымыз айтып келгендей, «екі ел арасындағы дәнекер» тұлға емес, керісінше өмір бойы қазақ елін қызғыштай қорғап, патшалық Ресейге қарсы соғысқан, халықтың ХҮІІІ ғасырдағы ұлы батыры болып шықты.

Жасыратыны жоқ, қазақ арасында хандыққа ұмтылып Ресейге бодан болғысы келген Қайып, Барақ сұлтан сияқтылар кездесті, бірақ олардың қатарына Әбілқайырды қосу жөн емес.

Кіші жүз қазақтары мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар, яғни қақтығыстар мен соғыстар әрқайсысы жүз елу жылдан екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі туралы белгілі зерттеуші Мұрат Әбдіров: «С конца ХҮІІ — начала ХҮІІІ в.начинается ожесточенная и кровополитная, длившаяся 150 лет, казахско-казачъя война. С этого момента вся история взаимоотношений казахов с яицкими (Жайық өзені) казаками заполнена взаимными набегами, враждой, захватом пленных и угоном скота. Борьба шла не на жизнь, а на смерть, с переменным успехом, и в этой боръбе не было ни победителей, ни побежденных, никто не хотел уступать» деп жазған болса, екінші жүз елу жылдық (ХҮІІІ бен XIX ғасыр) қиын кезеңді Х.Досмұхамедұлы: «Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты әбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының капиталымен жауласам деп Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды» — деп толық бейнелеп берді.

Жалпы қазақтың сыртқы жауы шығыста — Жоңғар, батыста Ресей (яғни казак отрядтары мен қалмақтар) болды. 1758 жылы қазақ елі Жоңғардан құтылды. Оның есесіне Орта Азия хандықтары қазаққа оңтүстіктен бүйідей тиді. Бұл мәселеде олардың қазаққа шабуылы Ресеймен одақтастығын көрсетті. Кіші жүздегі жиырма алты тайпа ел Ресейге бодан болғысы келмеді. Соның ішінде Маңғыстау, оны мекендеген «..адай секілді рулар шындығында патша өкіметі Хиуа мен түрікменді алғаннан кейін ғана бағынды…» (Х. Досмұхамедұлы). Қазақ еліне жан-жақтан қысым көбейді. Мұнан кейін қазақтарға тек орыстармен ғана емес, атамекенді қорғау үшін Хиуа хандығымен де соғысуға тура келді.

1580 жылы құрылған Ресейдің (Уральское) казачьи войскосы ХҮІІ ғасырдың ақырында Кіші жүз жеріне қиян-кескі шабуылын үдетті. Осындай жанкешті соғыстарда ерлік көрсетіп, елімізді сыртқы жаулардан қорғаған талай ерлердің аты қалды. Солардың жуан ортасында Қазақ елін Ресей шапқыншыларынан қызғыштай қорғаған Әбілқайырдан үлкен тұлға болған жоқ. Кіші жүздің Ресеймен соғысы Әбілқайыр хан болған соң бір жүйеге келіп, жақсы ұйымдастырылды.

Информация о работе Әбілқайыр туралы ақиақт