Экология туралы жалпы түсінік. Экологияның бөлімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:07, реферат

Описание

Бұл жұмысымның негізгі мақсаты экологияға жалпы түсінік бере отырып, экологияның негізгі бөлімдеріне айырықша тоқталу. Негізінен адамзат баласы үшін бұл жас ғылымның, яғни экологияның маңызы өте зор, әсіресе қазіргі өмір сүріп жатқан ортамызға. Себебі, экология тек тірі ағзаларды ғана оқытпайды, оның қамту аймағы кең.Экология - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Содержание

1. Экология туралы жалпы түсінік
2. Экологияның негізгі бөлімдері
а) Аутэкология
ғ) Демэкология
б) Синэкология
3. Экологиялық бөлімдердің атқаратын қызметі
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

экология.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Экология туралы жалпы түсінік. Экологияның  бөлімдері.

 

 

                                       Орындаған: Халықаралық қатынастар

                                                         кафедрасының 1-ші курс студенті

                                                         Жакенова Бағдат Ғарыпжанқызы

                                       Тексерген: Бакешева Жұмабике Уәлиханқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013 жыл

Кіріспе

 

       Бұл жұмысымның негізгі мақсаты экологияға жалпы түсінік бере отырып, экологияның негізгі бөлімдеріне айырықша тоқталу. Негізінен адамзат баласы үшін бұл жас ғылымның, яғни экологияның маңызы өте зор, әсіресе қазіргі өмір сүріп жатқан ортамызға. Себебі, экология тек тірі ағзаларды ғана оқытпайды, оның қамту аймағы кең.Экология - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бүгінде бұл ғылымсыз өмірімізде орын алып жатқан алуан түрлі жағдайлардың алдын алу мүмкін емес еді. Экологиялық мәселелер тек ортаға ғана емес, онда мекен ететін барлық ағзаларға кері зиянын келтіруде. Соның бір көрінісі жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі кейбір түрлердің тіршілігін жою. Дәл осы түр, популяция түсінігі менің жұмысымда көрініс табады. Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде және т.б. жағдайларда. Оған қоса экологияның негізгі бөлімдеріне де, атқаратын қызметтеріне де тоқталамын.

Жалпы, бұл жұмысымның өзектілігі тек экология терминіне  тоқталмай, оның барлық құрамдас бөліктерін қамтуында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Экология туралы жалпы түсінік...........................................................

 

  1. Экологияның негізгі бөлімдері...............................................................

а)   Аутэкология..................................................................................

ғ)   Демэкология...................................................................................

б)   Синэкология................................................................................

  1. Экологиялық бөлімдердің атқаратын қызметі....................................

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология  туралы жалпы түсінік

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты. «Экология» терминін 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп отыр. Экология грекше oicos - мекен, үй және logos- ғылым деген ұғымды білдіреді. Экология сөзбе– сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген анықтамалар бар. Дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса мағына берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады.  Мысалы, «ұзақ мерзімдік қолданыс» үшін ең қолайлысы «Экология – қоршаған ортаның биологиясы» деген анықтама болар еді.Отандық экологтардың бірі А.С.Данилевский: «Экология- экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым» деп анықтама берген.

        Экология мынандай  3 бөлімнен тұрады:

  1. Аутэкология
  2. Демэкология
  3. Синэкология

Қандай да бір  түрге жататын дара организмнің немесе организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен қарым – қатынасын зерттеу жалпы экологияның негізгі бөлімдерінің бірі – аутэкологияның үлесіне тиеді. Әдетте, аутэкологиялық зерттеулер осы күнгі ботаникалық, зоологиялық, салыстырмалы – физиологиялық және басқа да еңбектердің маңызды бөлігін құрайды. Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны – жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасын зерттейді.

   Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған, яғни оған мұраға өткен табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді. Қоршаған ортаға бұл ағзаны қоршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.

   Тірі  ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп атайды.

   Экологиялық фактор дегеніміз – ағза бейімдеушілік реакциялар, немесе адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы. Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі.

   Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі. Яғни температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы.

      Биотикалық факторлар  – бұл тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері. Яғни қоршаған ортаның жан – жануарларға әсер етуі.

      Антропогендік факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы. Яғни зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы.

    Осы  берілген жіктелу шартты болып  табылады. Себебі, температураны абиотикалық  фактор ретінде қарастырсақ, ол  тірі ағзалардың әрекетіне байланысты жиі өзгеріп отырады. Мысалы, ауаның температурасы +13 С-дан төмендеген кезде бал араларының қозғалыстық белсенділігі артады, ал бұл ұядағы температураны  25 – 30 С – ға дейін көтереді.  Жоғарыда келтірілген жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген жіктелу бар. Бұл жіктелу бойынша барлық экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді.  Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Мысалы, Жер шарының  тікелей өз осінен  және  Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы.

Аталған факторлардың тұрақты түрде қайталану циклдері Жердегі тіршілікке дейін де болған, сондықтан да ағзалардың бұл бірінші ретті периодты факторларға бейімделуі олардың тұқым қуалау негізінде ертеден қалыптасқан.

Температура,  жарық толысуы мен қайту факторлары  көптеген мекен ету орталарында ерекше орын алады. Тек ең терең мұхит түбінде – абиссаль зонасында бұл бірінші ретті факторлардың өзгерісі болмашы ғана. Тәжірибелік зерттеулер жүргізгенде тұрақты температура немесе жарықта зертханадағы жануарлардың мінез-құлық табиғи жағдайлардан өзгеше болатынын есепке алу қажет.

Екінші ретті  периодтық факторлардың өзгеруі бірінші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы – температураға тәуелді екінші ретті фактор.

Су ортасы үшін еріген оттегінің, еріген тұздардың мөлшері, лайлану дәрежесі, ағыстың ағу жылдамдығы және т.б. екінші ретті периодты факторлар болып табылғанымен, олардың бірінші ретті периодтық факторларға тәуелділігі әлсіз. Ағзалардың екінші реттік периодтық факторларға бейімделгеніне көп уақыт болған жоқ, сондықтан олардың бейімделуі анық көрінбейді. Әдетте, екінші ретті периодты факторлар түрлердің белгілі бір ареалдар ішіндегі санына әсер еткенімен, ареалдардың ауданына, шекарасына әсер етпейді.

Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жағдайда болмайды. Олар кездейсоқ әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері пайда болып үлгере алмайды. Периодты емес факторларға мысал ретінде климаттық факторларды – дауылды желдер, найзағай, өрттер, сонымен қатар адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.

Иесінің паразитке тигізетін әсерін екінші ретті периодтық факторларға жатқызу керек. Себебі, паразит мекен ететін орта ретінде иесінің денесі оның қалыпты мекен ету ортасы болып табылады. Ал иесі үшін паразиттің болуы міндетті емес, бұл периодты емес фактор.

Ағзалардың ортаға икемделуі бейімделу (адаптация) деп аталады. Бейімделуге қабілеттілік - тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндігін, ағзалардың тірі қалуы мен көбеюінің мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бейімделулер түрлі деңгейлерде көрінеді: жасушалардың биохимияны мен жеке ағзалардың іс – қылықтарынан топтар мен экологиялық жүйелердің құрылып, жұмыс істеуіне дейін. Бейімдеулер түрлер эволюциясының барысында пайда болып, өзгереді.

Демэкологияны (популяциялық экологияны) жекелеген түрлер популяцияларының құрылымы мен динамикасын зерттеумен айналысатын аутэкологияның арнайы бөлімі ретінде қарастыруға болады. Организмдер санының реттелу механизмдері, пайдаланылатын түрлер популяцияларының оптималды тығыздығы, мысалы, олар өндірістік негізде ауланатын болса, аулаудың шекті нормасы; зиянкестермен күресте олардың популяцияларын тоздырып жіберу немесе біржола жою проблемалардың шешілуі популяциялық экология жетістіктерімен тікелей байланысты. Теориялық мәселелер ғана емес, бірқатар маңызды практикалық міндеттер де шешілетіндіктен, бұл бағыттың болашағы мейлінше зор.

Популяция – белгілі бір жерде белгілі бір уақытта мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың жиынтығы. Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде т.б. жағдайларда. Популяцияны зерттегенде олардың сол уақыттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі. Популяциялық экологияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады.

Популяцияның жыныстық, жастық, территориялық түрлері бар. Егер популяция ішінде әр жастағы түрлердің сандары бірдей деңгейде болса, онда бұл популяцияның өмір сүрушілік қасиеті жоғары болады. Бұндай популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция деп атайды. Бұл жағдайдың себебін табу үшін және олардың әсерін азайту үшін шұғыл түрде шара қолдану керек. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық немесе өніп жатқан популяция деп аталады.

Әр түрлі түрлердің саны белгілі бір уақытта қалайша өзгеретіндігі туралы мәліметтер, энергия мен биомассалардың ағынын зерттегенде қолданылып, экожүйелер теориясының жасалуына жәрдемдеседі. Егер фитопланктон динамикасы бойынша жүргізілген бірқатар ұзақ зерттеулерді есепке алмасақ, популяция динамикасы бойынша жұмыстардың басым бөлігі жануарларда және микроағзаларда жүргізілді. өсімдіктермен, әсіресе, дақылдармен жұмыс жүргізгенде дарақтардың санын емес, биомассасын есепке алған орынды, әрі, кейде оңтайлы. өсімдіктер популяциясының динамикасы жануарлар популяциясының динамикасына қатты әсер етеді. Сондықтан, мысалы, адам популяциясын (демографияны) зерттегенде ғдетте негізін өсімдіктер құрайтын азық – түлік ресурстарын да санатқа алады.

Туу және өлу. Популяциялар көлемі көрші популяциялардан иммиграциялану нәтижесінде немесе дарақтардың көбеюі есебінен өсуі мүмкін. Көбеюдің көрсеткіштерінің бірі ұрықтылық болып табылады, ол бір аналық дарақтың ұрпақтарының санымен өлшенеді. Ұрықтылықты зерттелетін ағзаның ерекшеліктеріне және зерттеу мақсатына байланысты түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы, оны көбеюдің бір циклінде немесе бүтін тіршілік барысында салынған ұрықтанған жұмыртқалардың орташа саны ретінде анықтауға болады. Сүт қоректілер туралы сөз еткенде туу термині қолданылады, оны бір аналықтың жыл ішінде туған ұрпақтарының саны ретінде анықтайды. Адамға әдетте тууды жыл ішіндегі тууларды 1000 адамға шаққандағы санмен көрсетеді. Туу деңгейі дамушы елдерде  дамыған елдерге қарағанда шамамен екі есе жоғары. Әлеуметтанушылар қоғамдағы туудың жоғары сатысынан  төменгісіне көшуде туындаған мәдени өзгерістерді демографиялық өткел деп атайды.

Популяциялар  көлемі көшудің немесе өлудің нәтижесінде кемуі мүмкін. Популяциялық биологияда өлімділік өлімнің ықтималдығын білдіріп, не дарақтардың жалпы санынан пайыздармен, немесе жыл ішіндегі өлімдерді 1000 дарақтарға шаққандағы орташа санмен айқындалады.

Тірі  қалудың қисық сызығы. Популяцияның көлеміне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – жыныстық пісіп – жетілуге жеткенге дейін өліп қалатын дарақтардың пайызы. Берілген түр арасында бұл мөлшер ұрықтылықтан гөрі құбылмалы. Популяциялардың саны тұрақты болып қалуы үшін орташа алғанда әр жұптың екі ұрпағы репродуктивті жасқа дейін жетуі тиіс.

Тірі қалудың қисық сызығын жаңа туған дарақтардың кейбір популяцияларынан бастап, сосын тірі қалғандардың санын уақытына байланысты белгілеп қою арқылы алуға болады. Тік ось бойынша әдетте немесе тірі қалған дарақтардың абсолютті санын немесе олардың бастапқы популяциялардан пайызын бөліп қояды.

Информация о работе Экология туралы жалпы түсінік. Экологияның бөлімдері