Қазақстаның Ресей құрамына кіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 12:50, реферат

Описание

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. Жайылым жер ушін қырқысқан руаралық тартыстарға белсене қатысқан Шыңғыс тұқым-дарыңың алакөздігін уақытша болса да әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел хандар тұсындағы елден әлдеқайда берік болды. Алайда 1718 жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып танылды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде Әбілқайыр қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білді.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ресейге косылуы.docx

— 35.91 Кб (Скачать документ)

 

9

3. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі

Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі, Әбілқайыр ханның Ресей  империясына үміт артуына себепші  болды. Ол көрші ірі мемлекетпен  тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар  мен башқұрттардың Қазақстанды  мазалауын тоқтатуға тырысты. Әбілқайырдың сонымен қатар Петербург билеушілеріне  арқа сүйеп, Қазақстандағы өзінің жеке қарсыластарының сағын сындыруды  да көздегені анық. Ханның ең басты  мақсаты — батыстағы көршісі  Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға қарсы  күреске жұмылдыру еді.

Әбілқайырдың орыс үкіметіне ниет аударуы қазақ аулының шаруашылық даму мұқтаждығымен де байланысты. Жайықтың төменгі ағысы өңірінде Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойында ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген қазақ руларына мал шаруашылығын бабында ұстау үшін бейбіт өмір ауадай қажет болды. Ресеймен келісімге келу арқылы бұл мәселені де шешу.

  Әбілқайыр мен оның жақтастарының Ресейден тағы да бір күткені қазақ жері арқылы шығысқа, шығыстан батысқа Ресей және басқа елдерге өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалнына келтіру еді.

1716 жылы жоңғар  шапқьшшылыры кеулей  бастағанда-ақ Тәуке хан              Сібір губернаторы .князь М. П. Гагаринге елшісін жіберіп, қалмақтарға қарсы курестеқолдауды өтінген. Алайда Ресей Швециямен соғысып жатқандықтан, қазақ-жоңғар тартысына араласа алмады» 1726 ж. "Ақтабан шұбырынды" мейлінше қақап тұрған кезде Әбілқайыр патша үкіметіне әкілің жіберін, империя ерияның құрамына кіруге талпынған богын. Бұл жолы да ханның ұсынысы жауапсыз қалды.

1730 жылы  Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен одақ құруды тапсырды. Алайда хан билер мәжілісінін, шешімін бұзып, Петербургке аттандырылған елшілерге әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды.

Орыс өкіметінің Қазақстан жөніндегі  жоспары тіпті басқаша еді 1714-

1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің  жоғарғы ағысында,- Жәміш, Омбы, Колбасинсқ, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен бекіністерін бірінен  кейін бірін тұрғызған патша  акіметі қазақ жеріне ауыз  сала бастады. Қазақтардың жоңғарлармен алысып жатқанын пайдаланып, жергілікті көшпенді халықтың иелігінде бекіністер салу арқылы Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойлады, Қазақтарды башқұрттарға, башқұрттарды қазақтарға айдап салу арқылы өзінің отаршылдық саясатын жүргізуге

 

10

тырысқан орыс үкіметіне Әбілқайырдың елшілігі күтпеген олжа болды.

1731 жылғы ақпан айының 31-і күні қазақ елшілері Сейітқұл Құндағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабыл алды.

Кіші жүз қазақтарынын, Ресейге  қосылуға тілек білдірген феодалдық  топтары мен Әбілқайырдан ант  алу үшін Анна Иоанновна Қазақстанға  арнайы елшілік жіберді. Оны сыртқы істер коллегиясының тілмашы, қабілетті  дипломат А. И. Тевкелев басқарды.

Қазан айының басында бірінші, 10-ы күні екінші рет орыс елшісі Кіші жүз билерімен кездесті.

Әбілқайырдың төңірегі, соның ішіиде халық арасында құрметке ие болған атақты Бөгенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанмен, Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысты» Олар Тевкелев пеи Әбілқайыр тобына мейлінше қарсы болды. Тіпті, орыс елшісін өлтіруғе бел байлағандар да болды. Сейтіп, 1731 жылдың қазан айыньвд 10-ы күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

 Әбілқайырдың бұл шешімі қазақ өлкесінің империя құрамына қосылуының  алғашқы қадамы болды. Соның өзінде де Кіші жүздің Хиуа хандығымен, Қарақалпақстанмен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына қосылмады. Патша үкіметі Жайықтың бойында жыпырлатып бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қоланлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казақ-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатық ашық түрде жүргізді»

Әбілқайырдың шешімі, әрине, қазақ жерін басты жау-жоңғарлардан қорғауда белгілі рөл атқарды, Алайда жылдан-жылға Ресей мемлекеті отарлау саясатын үдете берді.

XVIII ғасырдың 30—40-жылдарындағы Кіші және Орта жүздің жағдайы. XVIII ғасырдың 30—40-жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең. Ресейдің құрамына қосылғанмен, Кіші жүздің жағдайы ауыр болды. 1740 жылы Иран әміршісі. Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақ руларының онсыз да қасіретті жағдайын мейлінше күрделендірді. Иран билеушісінің қазақ жерінде шабуылынан шошынған Әбілқайыр Ре» сеймен байланысын нығайтуға мүдделі болды.

л жоңғар қонтайшысы Қалдан-Цэренкің 1741— 1742 жылдары  Орта жүз бен Кіші жүзге жасаған  өзікің * зардабы    жағынан    "ақтабан    шұбырындыдан"    кем түспейтін шабуылдары Қазақстандағы саяси ахуалды мейлінше шиеленістіріп жіберді.

11

 

4. Қолданылған әдебиеттер

1.Қазақстан  тарихы. Очерк. 184-194-бб.

 
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.

  
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім

 
4.Моисеев В.А. Джунгарское ханство  и казахи XVII-XVIII вв. А., 1991.

  
5.Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. А., 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12


Информация о работе Қазақстаның Ресей құрамына кіру