Қазақстаның Ресей құрамына кіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 12:50, реферат

Описание

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. Жайылым жер ушін қырқысқан руаралық тартыстарға белсене қатысқан Шыңғыс тұқым-дарыңың алакөздігін уақытша болса да әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел хандар тұсындағы елден әлдеқайда берік болды. Алайда 1718 жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып танылды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде Әбілқайыр қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білді.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ресейге косылуы.docx

— 35.91 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

Реферат

тақырыбы: Қазақстаның Ресей             құрамына кіру

 

 

 

                                                                                  Орындаған 

                                                                                   Тексерген: 

 

 

 

 

 

Талдықорған  қаласы 2011ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1.Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосыла бастауының алғышарттары және барысы.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. Жайылым жер ушін қырқысқан руаралық тартыстарға белсене қатысқан Шыңғыс тұқым-дарыңың алакөздігін уақытша болса да әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел хандар тұсындағы елден әлдеқайда берік болды. Алайда 1718 жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып танылды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде Әбілқайыр қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білді.

Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндірген жоңғар хандығы еді. XVII ғасырдың 40-жылдарынан Қазақстанға сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырған жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды. 1711—1717 жылдар аралығындағы жоңғардың қаптаған қолы қазақ жүздеріне басып кіріп, халықты қан қақсатты. Жоңғария әскери ектемдігін пайдаланып, XVII ғасырдың аяғы.—. XVIII ғасырдың басында Жетісудың бір бөлігін жаулап алды, жоңғардың әскери топтары Сарысу өзені алқабына дейін жетті.

 Қалмақтардың  соққысының ауыр болғандығы соншалық, енді үш жүздің өкілдері жауға қарсы курес-ұйымдастыруды бірлесіп шешуді қажет деп таныды. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері. Қарақұм маңында бас қосьш, жоңғарларға қарсы төтеп беру мәселесін талқылады. Осы кеңестің шешіміне сай бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғар әскерлері шығысқа қарай ығыстырылды. Күшті біріктіру кейінгі  жылдары да тамаша нәтиже берді. 1711 жылы жоңғар феодаддары Қазақстанға шабуыл жасағанда қазақ батырлары тізе қосып халық жасақтарын бастап жауға соққы берді. 1712 жылы қазақ жасақтары Жоңғарияға кірді. 1718 жылғы жоңғар қонтайшысының қазақ жеріне жасаған жорығы да олар үшін сәтсіздікпен аяқталды. Алайда келесі жылы қазақ хандығы жоңғариядан жеңіліс тапты 1718 жылы Аягөз өзені бойында Қаракерей Қабанбай мен Шақантай (Жауғашар) батырлардың басшылығымен жоңғар қолын талқандаған жеңіс те қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек

3

жоңғар  елінің ұдайы шабуылдары болып қойған жоқ Солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір қазақтары елдің мазасын алса, оңтүстікке іргелес орналасқан Қоқан, Хиуа мемлекеттері де - қазақтардың қиын ахуалын өз мүдделеріне пайдалануға тырысты, Алайда - Қазақстанның тәуелсіздігіне әсіресе қауіп төндірген Жоңғария әскери-феодалдық мемлекеті еді. 1722 жылы Цинь (Қытай) императоры Канси (Юнь Чжен) өлғгеннен кейін осы елмен қарым-қатынасык ретке келтірғен Жоңғария барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алды.

1723 жылы  қазақ феодалдарының өзара қырқысын  әскерден жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан   баса-көктеп   кірді.  Жетісуды   жапыра,жоңғар әскері Қаратауды басып өтіп, Талас алқабында көшіп жүрген қазақ ауылдарына ойран салды. Бұл "Ақтабан шұбырындының" басы еді. Жаудың алғашқы соққысына төтеп бере алмаған ¥лы жүздің көпшілік рулары Орта жүздің бірқатар руларымен Шыршық өзенінің Сырдарияға құяр саласынан сәл жоғарырақ өтіп, Ходжентке қарай беттеді. Орта жүздің басқа рулары Самарқанға қарай ойысты. Кіші жүз Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне ығысты. Басқыншылармен арпалысқан қазақтардың бір бөлігі Тобыл губерниясының шекарасына жақындады.

Жоңғарлардың күтпеген жерден, бірнеше  бағытта ұйымдастырылған шапқыншылықтарының зардаптары бейқам жатқан қазақ ауылдары үшін тіпті ауыр болды. Мал-мүлкін, кей  жағдайда, тіпті отбасыларын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған осындай  қайғылы жағдай қазақ жерінде  монғол шапқыншылығынан бері болмаған еді. Ел басынан кешкен осынау қайғы-қасірет әйгілі "Елім-ай" әнінің мұңлы-зарлы шумақтарынан анық байқалады.

Қара таудың басынан  көш келеді,

Көшкен сайын бір  тайлақ бос келеді.

Қарындастан айрылған жаман  екен,

Қара көзден мөлтілдеп  жас келеді.

Мына заман қай заман, қысқан заман,

. Басымыздан бақ-дәулет  ұшқан заман»

Щұбырғанда ізіңнен  қар борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Жоңғар шапқыншылығы Орталық Азиядағы, халықаралық қатынастардың  өзгеруіне мейлінше әсерін тигізді. Қазақстанның Орта Азия хандықтары мен  батыста Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастың біршама салқындауына себепші болды. Жайық

 

4

бойындағы қазақтарға іргелес қоныстанған қазақтар, оңтүстік қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуыл жасап, жағдайды одақ да қиындатып жіберді. Әсіреесе,-қатты ойрандалған жер Жетісу өңірі еді.

Ел билігін  қолында ұстаған хаңдар мен сұлтандар халықтың басына түскен ауыр күндерде жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ойдағыдай үйлестіре алмады. Тіпті, қалмақтар ауылдарды талқандап жатқанда, Шыңғыстың тұқымдары өздерінің ескі кәсібін ұмытпады. Олар бір-бірімен қырқысып, халықтық хал-ахуалының тіпті ауырлап кетуіне себепші бодды, Есімдері аңызға айналған Есет, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек, тағы басқа батырлар жеке қолдарға бас болып, күресті тоқтатпады. Атақты жыраулардың толғауларында ерліктері сипатталған халық батырлары ата-мекенді жаудан тазартуда ерекше орын алды Қазақ жалқынық жоңғарларға қарсы азаттық күресі. 1725 жылы шабуылдарын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды Оңтүстік аудандарды елді мекендері мен керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалың қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар асқыншылардан туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Бір-біріне қарсы рулардың  басын    біріктіріп,     жоңғарларға         қарсы       біртұтас әскер   ұйымдастыруда, әсіресе белгілі би, Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. 

1726 жылы Сарысудағы орта ағысы алқабында, ұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға- ойсырата соққы берді. Зеңбіректер мен және мылтықпен жете қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батыр-ларының біріккен күшіне төтен бере алмады "Қара сиыр" деген-жерде болған қанды шайқас қазақтардың толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ қолдарының тасталқаны шыққан сол жер кейіннен «Қалмақ- қырылған" деп аталып кетті.

Бұл      жеңістің  қазақ    Әйтекеби халқының әскери, моральдық рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Шайқастың табысымен жігерленген қазақ руларының үш жүздің басын құрап қана жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенімі күшейді. Ендігі жалпы мақсат қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де қалмақтар үстемдік етті. Қауіпқатер әлі де жойылмады. Қазақстанның шетел басқыкншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса бірігіп күресу қажет еді.

 

5

Қазақ билеушілерінің өзара шешіміне сай жоңғарларға қарсы барлық жасақтарға дара қолбасшылық жасау бірауыздан Әбілқайыр ханға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы қазақ батырларын өз туының астына біріктіре білген тамаша қолбасшы Әбілқайыр халықтың мұңын терең түсінді.

Қазақстанның оңтүстігінде, Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтарының жиналуының  айқын себебі де бар еді. Осы жерден жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын болды. Сонымен қатар Алатау мен Қаратау сілемдерімең қоршалған, ал шығысқа қарай тегіс ашық дала болып келетін бұл жер мыңдаған адамнан  тұратын ондаған қолды 
жоңғарларға байқатпай шоғырландыруға мүмкіндік беретінді. Қазақ әскерінің одан әрі жылжу бағыттары Боралдай Қошқарата өзендерінің жоғарғы саласындағы   "Үлкенорда қонған",   "Кішіорда   қонған",              

" Әбілқайыр сайы" деген жер аттарынан байқалады. Бұл  топонимикалық,  мәліметтерге қарағанда,  қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1729 жылдың көктемінде Балқаш көлінің «қалмақтардың аңырауы, боздау», Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып, белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті, Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға қазақ халқының шет басқыншыларына қарсы күресінде ерекше орын алады. Мұндай жеңілісті көрмей мейманасы асқан қалмақтар осы жолы жаппай қырғынға ұшыран, ұрыс даласы қан сасыды. Талқаны шығып жеңіліп, "күңіренген" қалмақтардың хабарын алғанда қонтайшы Цэван-Раб-дан сенер-сенбесін білмей, қайран қалған. 5.

Алайда, осындай халық тағыдырының  жауапты сәтінде қазақ хандары  арасында туған ала ауыздық жоңғарларды  толығынан қуып тастауға кесірін  тигізді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Семеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана тамаша жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазақстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Семеке хан Орта жүздің жасағын жырып әкетті. Сырдария алқабына шегінген ¥лы жүздің әскері,. қайтып оралған қалмақтыд жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы еңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.

Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін жеткізілмеді. Солай бола тұрса да, қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы мемлекет билеушілерінен Қазақстанды сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.

6

2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.

 
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың  басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы  аса ауыр жағдайға душар болды.  Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ  даланы алып жатқан қазақ халқы  жерінің географиялық ерекшелігіне  қарай үш жүзге бөлініп өмір  сүрді. Қазақ хандығында үстемдік  еткен әскери-федалдық шонжарлар  арасында ішкі тартыс күшейе  түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде  қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше  шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз  шабуыл жасады.  
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.  
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.  
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.  
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» - дейді.  
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.  
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.  
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.  
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).  
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.  

7

Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының  күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында  болды.  
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.  
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.  
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.  
Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар батырларымыз да болды.  
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары.  
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.  
1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.  
Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды.  
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.  
Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді.

                                                           8

Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ  қырылған» деп аталады.  
1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.  
Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.  
Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.  
1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Содан 1758 жылы олардың түбіне Қытай империясы жеңді.  
Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.  
Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.  
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.

Информация о работе Қазақстаның Ресей құрамына кіру