Қазақстаның Ресей құрамына кіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 12:50, реферат

Описание

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. Жайылым жер ушін қырқысқан руаралық тартыстарға белсене қатысқан Шыңғыс тұқым-дарыңың алакөздігін уақытша болса да әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел хандар тұсындағы елден әлдеқайда берік болды. Алайда 1718 жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып танылды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде Әбілқайыр қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білді.

Работа состоит из  1 файл