Антигитлерлік коалицияның құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:22, реферат

Описание

АҚШ Кеңес Одагына «Ленд-лиз» заңын таратты. 1941 жылы тамызда Ньюфаунленд аралында У.Черчилль мен Ф.Рузвельттің кездесуі етті, онда соғыстың мақсаты талқыланды және «Атланти- калық хартия» деп аталған АҚШ пен Англияның бірлескен мәлімдемесі кабылданды. Онда екі мемлекет те басқа аумақтарды жаулап алудан бас тартты, халықаралық қатынаста халықтың өзін-өзі билеуін кұрметтеу, сауда мен дүниежүзілік шикізат көздерін пайдаланудағы барлық мемлекеттердің теңдігі, теңізде еркін жүзу, карусызданудың кажеттілігі сиякты жаћа принциптерін жариялады.
Антигитлерлік коалицияны нығайтуда Кеңес армиясының Мәскеу үшін күресте жеңіске жетуінің маңызы зор болды.

Работа состоит из  1 файл

МЕДЕУ РАУШАН 1 КУРС 5 ТОП.doc

— 339.00 Кб (Скачать документ)

  Югославияның көп бөлігі 1944 жылдың күзіне карай партизан- дармен азат етілгеніне қарамастан, Кеңес әскерінің, Югославия халық армиясының және Болгария халық армиясының біріктірілген күштері аймактарды азат етуді жалғастырды, астанасы Белград каласын азат етті.

  Әсіресе Кеңес армиясының Венгрияны азат етуі қан төгісті болды, неміс-фашист әскерлері қиян-кескі қарсылық көрсетті. Венгрия аумағын азат ету 1945 жылдың сәуір айында аяқталды.

  1944 жылдың 16 желтоқсанында ағылшын-американ әскерлері Германия шекарасына шыққаннан кейін Германия әскери басшылығы Арденнге карсы шабуыл бастады. Бұл қарсы шабуыл АҚШ және Ұлыбритания әскери басшылығы үшін күтпеген жағдай болды. Ағылшын-американ әскерлері өздерінің басып алған жерлерінен үнемі шегіне берді. Батыс майданда қалыптасқан осындай жағдай Батыстағы одақтастарды Кеңес Одағынан көмек сұрауға мәжбүр етті, Кеңес Одағы олардың өтінішін белгіленген мерзімнен бұрын орындады. Кеңес әскерлерінің шығыс майдандағы шабуылы басталды. Бұл одақтас- тардың жағдайын жақсартты, немістердің «Арденн» операциясы сәтсіздікке ұшырады және ағылшын-американ әскерлері шабуылға шықты.

  БҰҰ-ны құру туралы келісім. 1944 жылы тамыз—қазан аралыгыпда АҚШ-тагы Вашингтонның маңындагы Думбартон-Окста КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттері өкілдерінің конференциясы болып өтті, онда болашақ Біріккен Ұлттар Ұйымныћ (БҰҰ) Жарғысы дайындалды. Конференцияға катысушылар БҰҰ-ның маңызды органы — Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру рәсімі туралы келісімге келе алмады.

  Қырым конференциясы. 1945 жылдың 2 акпан аралығында Қырымдағы Ялтада антигитлерлік коалиция мемлекеттері басшы- ларының конференциясы болды, оған И.Сталин, У.Черчилль, Ф.Д.Рузвельт катысты. Конференцияда әскери және саяси сипаттағы көптеген мәселелер талқыланды.

  Германияны бірлесіп жаулап алу, оның аумағын үш басқыншылық аумаққа бөлу, Германия мен оның одақтастарынан алымдар алу және олардың мөлшері туралы шешім қабылданды.

  Бұдан баска конференцияда Германияны тізе бүктіргеннен кейін, њш айдан соң Кеңес Одағының Жапонияға шабуыл жасауын көздейтін кұпия келісімге қол қойылды.

  Еуропадағы соғыстың соңғы кезеңі Берлин үшін болған шайқас болатын. Фашистік Германияның әскери басшылығы Берлиннің маңайына өз әскерлерінің үлкен тобын шоғырландырды және ең мықты эшелонды қорғаныс жасады.

  Кеңес армиясының әскери басшылығы Берлинді алудың маңызды- лығын түсіне отырып, Берлин бағытына жалпы саны 2,5 млн адамды шоғырландырды. Берлин операциясы 1945 жылдың 16 сәуірінде дайындыктан және үш жақтан жасалған ірі шабуылдан басталды.

  Неміс-фашист әскерінің кажырлы қарсылығына карамастан Берлин коршауға алынды. А.Гитлер және оның жақын серіктері 1945 жылы 30 сәуірде өздерін өлтірді.

Рейхстаг. 9 мамыр 1945 жыл

 
 
 
 

  2 мамырда гарнизон тізе бүккеннен кейін Берлин алынды. 5 мамырда Кеңес армиясының жеңісінен рухтанған Прага халкы көтеріліс жасады, Чехия аумағында батысқа карай жылжуды және ағылшын-американ әскеріне берілуді көздеген неміс-фашист әскерінің үлкен бір тобы Прагадағы кљөерілісті басты. Сол кезде көтерілісшілерге көмек ретінде кеңес танк бөлімшелері жіберілді, олар үш тәулік бойғы жеңісті шабуылдан кейін Прагага басып кірді және көтерілісшілерге қаланы қорғап қалуға көмек көрсетті.

  1945 жылы 8 мамырда Берлин жанындагы Карл Хорсте сљзсіз тізе бүгу туралы актіге қол қойылды. Еуропадағы әскери іс-кимылдар осылай аякталды.

  Еуропадағы соғыс тамамдалған кезеңде, яғни 1945 жылы 25 сәуірде Сан-Францискода (АҚШ) Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы болды. Конференцияда БҰҰ-ның Жарғысы дайындалды және бекітілді.

  50 мемлекеттің өкілдері БҰҰ-ның Жарғысына кол койды жљне 1945 жылы 24 қазанда Жарғы бекітілгеннен кейін ол күшіне енді. Осылай Біріккен Ұлттар Ұйымы кұрылды.

  Потсдам конференциясы. 1945 жылы 17 мамырда Берлин маћын- дагы Потсдамда КСРО, АҚІП және Ұлыбритания басшыларының конференциясы ашылды. Кеңестік делегацияны И.Сталин, американдық делегацияны Г.Трумэн, британдық делегацияны У.Черчилль, ал оны 28 маусымда Ұлыбританиядағы сайлауда либерал партиясы женгеннен кейін К.Эттли басқарды. Конференцияда соғыстан кейінгі Еуропада шекараны белгілеу, соғыс шығындарын өтеу тәртібі және баска да маңызды мәселелер шешілді.

  Конференцияда Кенигсберг каласымен бірге шығыс Пруссияның бір бөлігін Кећес Одағьна, ал бір бөлігін Польшаға беру туралы шешім қабылданды. Польшаның батыс шекарасы Германияға карай жылжы- тылатыны және Одер, Нейс өзендері аркылы өтетін болып белгіленді.

Потсдам конференциясы

 
 

  Конференцияда одақтастар, жеңіске жеткен мемлекеттер арасында жекеленген мәселелер бойынша дипломатиялық талас туды, сондай- ақ соғыстан кейін қоғамды қалпына келтіру бойынша негізгі шешімдер кабылданды.

  1944 және 1945 жылдың бірінші жартысындағы Тынық мұхит пен Азиядағы әскери іс-қимылдар. 1944 жылы АҚШ әскерлері Жапонияға қарсы қарқынды басқыншылық шабуыл жасады, жапондықтар қармағындағы Тынық мұхит аралдарын басып алып, оларды Маршалл аралдарынан шығарды.

  1. жылы сәуірде американ әскерлері генерал Макартурдың басшылығымен жапондықтарды Филиппин аралдарынан қуып шығарды. Қазан айында Лейт аралы маңындағы ірі теңіз шайқасында жапон флоты талқандалды. Бирма мен Қытайда құрлықтағы іс- кимылдар өріс алды.
  2. жылы мамырда ағылшын және кытай әскерлері жапондықтарды Бирмадан қуып шықты, ал ағылшын-американ әскерлері Индонезия аралын азат етті. Американ әскерлері жапон аралдарына жол ашатын Окинава аралын басып алу үшін ұрыстар жүргізді.

  Қытайдағы, Маньчжуриядағы, Кореядағы аукымды аумақ Жапонияның қарамағында болды, бұл оған ұзак уакыт бойы карсылық көрсетуге мүмкіндік берді. Жапония КСРО-ға карсы Маньчжурия мен Сахалинде жарақталған армияны шоғырландырды.

  26 маусымда Жапония АҚШ, Ұлыбританияның және Қытайдың тізе бүгуі туралы талабынан бас тартты және соғысты одан әрі жал- ғастырды. 1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚПІ Хиросима мен Нагасакиге екі атом бомбасын тастады. Жапонияның тізе бүгуден бас тартуы АҚШ атом қаруын пайдалануын ақтай алмады, бұл Кеңес Одағын корқытуға бағытталған дөрекі қадам еді, себебі осы уакытта АҚШ пен КСРО арасында келіспеушілік туындаған болатын. 9 тамызда КСРО Жапонияга қарсы соғыс жариялады және Маньчжурия мен Приморъеде әскери іс- қимылдарды бастады.

  14 тамызда Жапония өкіметі тізе бүгетіндігі туралы мәлімдеді. Кеңес әскерлері Маньчжурия аумағына кіріп, Корея түбегінің ортасына жетіп, халықтан колдау тапты. Американ әскерлері жапон солдаттарының қарсылығына жолықпастан, Жапония аралдарына кіргізілді. Олардың артынша 1945 жылы 2 кыркүйекте Американың «Миссури» крейсерінде КСРО, АҚШ және Ұлыбритания өкілдерінің катысуымен Жапонияның сөзсіз тізе бүккендігі туралы Актіге қол қойылды. Осылай адамзат тарихындағы ең канды соғыс аякталды.

     Сұрақтар мен тапсырмалар

    1. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай?
    2. Екінші дүниежүзілік соғыс кай уакытта басталды?
    3. 1939—1941 жылдардағы Германия, Италия, Жапония соғыс күштерінің сәтті әрекеттерінің себебін ашыңдар.
    4. Антигитлерлік одак кай жылы кұрылды?
    5. Қырымдары халыкаралык конференция кандай мәселелерге ерекше көңіл бөлді?

Информация о работе Антигитлерлік коалицияның құрылуы