Антигитлерлік коалицияның құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:22, реферат

Описание

АҚШ Кеңес Одагына «Ленд-лиз» заңын таратты. 1941 жылы тамызда Ньюфаунленд аралында У.Черчилль мен Ф.Рузвельттің кездесуі етті, онда соғыстың мақсаты талқыланды және «Атланти- калық хартия» деп аталған АҚШ пен Англияның бірлескен мәлімдемесі кабылданды. Онда екі мемлекет те басқа аумақтарды жаулап алудан бас тартты, халықаралық қатынаста халықтың өзін-өзі билеуін кұрметтеу, сауда мен дүниежүзілік шикізат көздерін пайдаланудағы барлық мемлекеттердің теңдігі, теңізде еркін жүзу, карусызданудың кажеттілігі сиякты жаћа принциптерін жариялады.
Антигитлерлік коалицияны нығайтуда Кеңес армиясының Мәскеу үшін күресте жеңіске жетуінің маңызы зор болды.

Работа состоит из  1 файл

МЕДЕУ РАУШАН 1 КУРС 5 ТОП.doc

— 339.00 Кб (Скачать документ)

                  АНТИГИТЛЕРЛІК КОАЛИЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.

               БКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ.

        БҰҰ-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

  Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Ұлыбритания мен АҚШ басшылары КСРО-ға шабуыл жасалғаннан кейін өздерінің ниеттерін білдіріп, Кеңес Одағына басқыншылармен күресуде қолдау көр- сететіндігі туралы мәлімдеді. 1941 жылы 12 шілдеде кеңес-ағылшын шартына қол қойылды, онда екі жак Германия және оның одақ- тастарымен күресуде бір-біріне көмектесетіндігі туралы айтылды.

  АҚШ Кеңес Одагына «Ленд-лиз» заңын таратты. 1941 жылы тамызда Ньюфаунленд аралында У.Черчилль мен Ф.Рузвельттің кездесуі етті, онда соғыстың мақсаты талқыланды және «Атланти- калық хартия» деп аталған АҚШ пен Англияның бірлескен мәлімдемесі кабылданды. Онда екі мемлекет те басқа аумақтарды жаулап алудан бас тартты, халықаралық қатынаста халықтың өзін-өзі билеуін кұрметтеу, сауда мен дүниежүзілік шикізат көздерін пайдаланудағы барлық мемлекеттердің теңдігі, теңізде еркін жүзу, карусызданудың кажеттілігі сиякты жаћа принциптерін жариялады.

  Антигитлерлік коалицияны нығайтуда Кеңес армиясының Мәскеу үшін күресте жеңіске жетуінің маңызы зор болды.

  1942 жылы 1 қаңтарда Вашингтонда Біріккен Ұлттар Ұйымының Мәлімдемесіне кол қойылды, онда дүние жүзінің 26 мемлекеті фашистік Германиямен және оның одактастарымен бірлесіп күресуге дайын екендігін жариялады.

  Антигитлерлік коалицияны кұрудың үлкен тарихи мәні болды. Дүние жүзінің әлеуметтік құрылысы, әр түрлі жетекші мемлекеттері басқыншы мемлекеттер одағымен күресу үшін бірікті.

  Соғыс барысындағы үлкен өзгеріс: 1942 жылы қараша — 1943 жылы желтоқсан. 1942 жылы жазда неміс-фашист әскерлеріне кеңес-герман майданының оңтүстік бөлігінде шабуылдар жасалды.

  Қиян-кескі ұрыстардан кейін 1942 жылы 23 тамызда Қырымдағы Кеңес әскерлерінің басым бөлігі қоршауға алынды және Кавказ тауларына өтуге мүмкіндік туды.

  Сталинградта үш ай бойы кескілескен шайкас болды. Кеңес Одағы- ның әскери басшылығы Сталинградтың стратегиялық маңызы зор екенін сезіп, әрбір қадам жер үшін шайкасты.

  1942 жылы 19 қарашада алдын ала жасалған жоспар бойынша Кеңес әскерлері Сталинград түбінде улкен шайқас бастады, соның нәтижесінде 22 фашист дивизиясы қоршауға алынды. Екі айға жуық қарсылык көрсетуден кейін генерал-фельдмаршал Паулюс басқарған 7-неміс армиясы тізе бүкті.

  Осы жеңістен кейін Кеңес әскерлері кеңес-герман майданында кеңінен шабуылдар жасады. Кеңес Одағының Сталинград түбіндегі шайқаста жеңіске жетуінің дүниежүзілік маңызы болды, бұл Екінші дүниежүзілік соғыс барысына түпкілікті өзгеріс әкелді.

  Африкадағы және Тынық мұхитындағы  әскери іс-қимылдар. 1942 жылы тамызда Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчилль келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге келді. И.Сталинмен және Кеңес елінің баска басшыларымен кездесуінде, 1942 жылы Еуропада екінші майданды ашуға мүмкіндіктің жоқтығы туралы хабарлады. Солтүстік Африкаға ағылшын-американ әскерлерін түсіру жөніндегі «Торч» (Факел) деп аталған іс-қимылдар, ағылшын армиясы Египетте жасаған шабуылдарынан кейін басталды.

  1942 жылы 8 карашада француз үкіметі Виши қарамағындағы Марокко мен Алжирге ағылшын-американ әскерлерінің түсірілгендігі және Францияның олардың жағына көшкендігін білгеннен кейін, 1942 жылы 11 қарашада Виши үкіметі басқарған Францияның оңтүстігін басып алды.

  Итальян-герман әскерлерінің қарсылығына қарамастан, олардың Солтүстік Африкадағы жағдайы 1943 жылы көктемге қарай өте киын болды.

  Тыньқ мұхитындағы негізгі әскери іс-қимылдар аралдар мен су байланысы орындары арқылы жүргізілді.

  1942 жылы мамыр айында АҚШ пен Ұлыбританияның әскери- теңіз күштері Коралл теңізінде, Мидуэй аралы үшін болған шайқаста жеңіске жетті.

  Бұл кезеңде жапонның кұрлыктағы әскерлерінің қозғалысы токтатылған еді. 1942 жылы жазда Тынық мұхитындағы әскери іс- қимылдар барысында өзгеріс байқалды.

  Курск шайқасы. Соғыстағы шұғыл өзгерістердің басталуы. Герман әскери басшылығы кеңес-герман майданында «Цитадель» операциясын іске асыра бастады. Олар Орел, Белгород жене Курск маңайындағы әскери іс-қимылдар нәтижесінде калыптаскан жағдайды пайдаланып қалуға тырысты.

  Кеңес елінің әскери басшылығы немістердің жазғы жоспарын алдын ала біліп алып, оларға қарсы шабуыл жоспарын дайындады.

  Немістердің шабуылынан бірнеше сағат бұрын Кеңес артиллериясы мен әуе књштері неміс-фашист әскерлері шоғырланған аймақтарға куатты соқкы берді. Неміс әскерлерінің 1943 жылы 5 шілдеде басталған шабуылы Кеңес әскерлерінің жақсы ұйымдастырылған қорғаныс шебіне тап болып, алдына қойылған максаттарына жетпеді. Олар Курск маңындағы шепті бұза алмады және Кеңес әскерлерін коршауға ала алмады. Прохоровка селосы маңындағы шайқасы әлемдегі ең ірі танк шайқасы болды, оған екі жактан 2 мыңнан астам танк қатысты. Ол Кеңес әскерінің жеңісімен аякталды.

  12 шілдеде Кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Соның нәтижесінде — Орел, Белгород жљне тағы бірқатар мекендер азат етілді.

  Осының артынша Кеңес әскерлері барлык майданда шабуылға шығып, 1943 жылдың жаз және күз айларында Кеңес әскерлері Смо- ленскіні, Киевті және Украинаның сол жағалауын түгелімен азат етті.

Неміс фашистерінің ойраны

 

  Курск шайқасынан кейін Кеңес әскерлері стратегиялық бастаманы өз қолдарына алды, ол соғыстағы өзгерісті кезеңнің аяқталғанын білдірді. Германия және оның одақтастары өздерінің күштері мен ресурстарының жетіспеуінен шабуыл жасай алмады.

  Партизандық қозғалыс және КСРО халқының гитлер басқыншы- ларына қарсылығы. Кеңес-герман соғысы басталысымен Кеңес Одағының батыс аудандарының халкы неміс-фашистік басқыншы- ларынан жәбір көрді.

  Гитлершілдер КСРО-ның басып алынған аумақтарында — еврейлерді, коммунистер мен комсомолдарды жаппай қырып-жоюға негізделген «жаңа тәртіп» орнатты.

  Тұрғын халыққа экономикалық міндеттілік жүктелді, ауыл шаруа- шылығы өнімдері герман армиясының қажеті үшін тартып алынды.

  Жастар Германияға мәжбүрлеп жұмысқа жіберілді.

  Тұрақты түрде жњргізілген жазалау және корқыту шараларына (тұтқындарды атып-асу аркылы елді мекендерді түгелдей қыру) қарамастан, 1942—1943 жылдарға карай, неміс әскерлерінің тылында күшті партизандык козғалыстар пайда болды және олар үнемі кеңейіп отырды.

  Украинада Ковпак, Федоров баскарған партизандық бөлімдер бакылаған тұтас аудандар пайда болды. Белоруссияда партизандык қозғалыс өріс алды. Партизандар мен астыртын ұйымдар фашистердің жекелеген гарнизондарын жойды. Темір жолдарда көпірлер мен эшелондарды жарып отырды.

  Италияның тізе бүгуі. Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы карсыласу қозғалыстары. 1943 жылы 10 шілдеде кећес-герман майданында Курск шайкасы шиеленіскен кезде, ағылшын-американ әскерлері Сицилия аралына тњсірілді.

  Солтүстік Африкада герман-итальян-жапон әскерлерінің талқан- далуы, Ресейде итальян әскерлерінің жеңілуі, Италияның өзінде партизандык козғалыстың өрлеуі сияқты соңғы кездегі окиғалардың әсерінен, Италияда офицерлер мен саяси кайраткерлер топтасты, олар АҚШ және Ұлыбританиямен оңаша келісім жасау арқылы Италияны соғыстан алып шығуға тырысты.

  1943 жылы 28 шілдеде Б.Муссолини њкімет билігінен түсірілді және тұтқынға алынды. Италиядағы жаңа үкіметтің басшысы болып маршал Бодольо тағайындалды, ол ағылшын-американ басшыларымен жасырын келіссөздер жүргізе отырып, Германия тарапында соғысты жалғастыратыны туралы мљлімдеді.

  Итальян үкіметі ағылшын-американ басшылығымен уақытша бітімге келу туралы келісімшарт жасады, ал 8 қыркүйекте оңтүстік Италияға ағылшын-американ әскерлері түсіріле бастады. Бњған жауап ретінде гитлер әскерлері Италияның солтүстігіне басып кіріп, итальян армиясын қарусыздандырды. Неапольден оңтүстікке қарай ағылшын- американ әскерлерімен қактығысып, итальян майданы өpic алды.

  Италияның немістер басып алған аймақтарында бұрынғы диктатор Муссолинидің басшылығымен қуыршақ үкіметі құрылды, ал Италияның оңтүстігіндегі ағылшын-американ аймағында Бодольо басқарған итальяндық үкімет басшылык етті.

  Сталинград пен Курск түбінде гитлер әскері жеңіліске жеткеннен кейін ғана фашистік одақ ыдырай бастады. 1943 жылдың акпанында Венгрияның саяси басшылығы Ұлыбритания және АҚШ-пен жасырьш келіссөздер жүргізді, Румыния диктаторы Антонеску Батыс мемлекет- терімен шарт жасауға тырысты.

  1943 жылдың басында Франция мен Испания үкіметі өздерінің «бейтараптығы» туралы бірнеше рет мәлімдеме жасады.

  Финляндияның басшы топтары соғыстан шығу жолдарын іздестірді.

  Югославияда Иосиф Броз Тито бастаған партизан армиясы іс- қимылдар жүргізді, ол Германия мен Италияның бірталай күшін козғалтпай тастады. Партизан жасақтары Франция, Италия, Грекия, Албания жерінде құрала бастады. Астыртын және партизан қозғалыс- тарын коммунистерден бастап дін өкілдеріне дейінгі халықтың барлық топтарының өкілдері, түрлі партиялар мен козғалыстардың қайрат- керлері басқарды. Осы елдердегі Қарсылық қозғалысына үкімет және антигитлерлік коалицияға біріккен мемлекеттерде құрылған козғалыстар колдау көрсетті. Олар қарсылық козғалысын қару- жарақпен, радио байланысымен, антифашистік әдебиетпен камтамасыз етті, іс-қимылдарын үйлестіріп отырды. Бұған жауап ретінде басқыншылар партизандарға қарсы жазалау, қорқыту шараларын күшейтті, оларды халык алдында жаппай әшкерелеп, өлтірді.

  Еуропа мемлекеттеріндегі фашистерге қарсы козғалыс, Герман фашизмімен күресуге баға жетпес үлес қосты. 

  Антигитлерлік коалиция басшыларының Тегерандағы конфе-ренциясы. Германия мен оның одақтастарын одан әрі талқандау, азат етілген елдерде жаңа саяси режім орнату мәселелерін шешу, антигитлерлік коалиция мемлекеттеріның үш басшысының кездесуін қажет етті. 1943 жылы 28 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Тегеранда антигитлерлік коалиция елдерінің басшылары — И. Сталин, У.Черчилль, Р. Рузвельт қатысқан конференция болды, конференцияда талқыланған басты мәселе екінші майдан ашу туралы болды. Ұзак уакытқа созылған айтыстардан кейін, Францияның солтүстік-батысында екінші майдан ашу туралы шешім кабылданды. Сонымен бірге конференция Польшаның шығыстағы шекарасын ауыстыру және соғысқа дейінгі шекарасынан батысқа карай орналаскан «Керзон шебі» деп аталатын жер бойынша белгілеу туралы Кеңес үкіметінің ұсынысын кабылдады. Одақтастардың Германияға қарсы жүргізетін әскери ұрыстарының жоспары үйлестірілді.

  Соғыстың соңғы кезеңі. 1944 жылы 6 маусымда Францияның солтүстік-батысында Нормандияда ағылшын-американ әскерлерін түсіру бойынша «Оверлорд» операциясы басталды, оның максаты екінші майданды ашу еді. Францияның солтүстік-батысында үлкен плацдарм құрылғаннан кейін одактастардың әскерлері 1944 жылы маусымның соңында неміс әскерлерінің шебін бұзып, Францияның орталық аудандарын азат ете бастады.

  Неміс-фашист әскерлерінің тылында француз қарсылық күштерінің күресі күшейе түсті.

  Бельгияда қарулы көтеріліс бұрк етті. Соның нәтижесінде, бірқатар провинциялар мен калалар, оның ішінде Антверпен ірі порты азат етілді.

  25 тамызда көтерілістің және ағылшын-американ әскерлерінің шабуылы нәтижесінде Париж азат етілді.

  1944 жылы 23 маусымда Нормандияға ағылшын-американ әскерлерін түсіріп, шабуыл жасағаннан кейін «Багратион» операциясы басталды. Кеңес армиясы Белоруссияда кең ауқымды шабуылдар жүргізді. Қарқынды шабуылдың нәтижесінде Минск босатылды. Сонымен бір мезгілде Кеңес армиясы Балтық маңында жљне Украинада шабуылдар жасады.

  1944 жылдың тамызына карай Кеңес Одағының барлық аумағы гитлерлік баскыншылардан азат етілді. Кеңес армиясы шығыс Еуропа елдерінің аумағын азат етуді бастады.

  «Яссы-Кишинев» операциясы басталганнан кейін Кеңес әскерінің бөлімдері, жаудың топтарын талқандады жэне Румынияның аумагына басып кірді.

  Румынияның астанасы Бухарестте румын патшасы Михай халық қозғалысын қолдап, диктатор Антонескудің үкіметін тақтан түсірді және антигитлерлік коалиция мемлекеттерімен бітімге келді, Германияға қарсы соғыс жариялады. 

  5 қыркүйекте Кеңес үкіметі Болгарияға соғыс жариялады. Болгар халқы көтеріліс нәтижесінде патша үкіметін тактан құлатты, Кеңес әскерлерінің алға жылжуын колдады. Болгария антигитлерлік коалиция елдеріне косылып, оларға фашистік Германияға карсы күресте көмек көрсетті.

  Маусымның соңында, Польшаның азат етілген аумағындағы Хелм каласында Поляк ұлт-азаттық комитеті құрылды, оның қатарында коммунистер болды. Бұл кезде Кеңес үкіметінің Поляк эмигранттық үкіметімен карым-катынасы өте шиеленіскен жағдайда болды.

  Кеңес әскерлері Польшаның астанасы Варшаваға жакындап келді. Осы кезде Варшавада Лондондағы Поляк эмигранттық үкіметімен тікелей байланысы бар Өлкелік армияның өкілдері бастауымен көтеріліс басталды. Ақыр соңында Варшава халқының бір айға жуық көтерілісін гитлерлік жазалаушы қосындары катал түрде басып жаншыды. 40 мың адам қаза болды. Варшава толықтай талкандалды. Кеңес әскерлері 1945 жылдың каңтарында жаңадан шабуыл жасады.

Информация о работе Антигитлерлік коалицияның құрылуы