Өсиет бойынша мұрагерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 23:20, реферат

Описание

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Жұмыстың бірінші тарауы, “ Түркі қағанатының қоғамдық саяси құрылысы” деп аталады. Бұл жерде көне түркі қағандығының құрылуы, террториясы, мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі қарастырылады. Далалық империяның ел басқару жүйесіндегі, әскери қүрылымындағы ерекшеліктері толық көрсетіледі.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………….........3-5 бет
I – тарау Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы.
1.Түркі халықтарының жазбаша ескерткіші.................... 6-9 бет
2.Түрік қағанатының құрылуы және территориясы....9-18 бет
3. Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі..........................................................18-27 бет.
II – тарау Түрік қағанатының саяси тарихы
2.1. Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы..........27-31 бет
2.Түрік қағандығының Византиямен соғысы..............31-35 бет
2.3. Түріктердің Иранға жорығы. ....................................... 35-41 бет
3. Түрік империясының құлдырауы және құлауы.....41-46 бет
4.Батыс және Шығыс Түрік қағандығы........................46-53 бет
Қорытынды……………………………………………………… 54-56 бет
Қолданылған әдебиеттер.....................................................57-60 бе

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Түрік-қағанаты.doc

— 273.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекет қиын саяси жағдайға тап болады: Батыс  
Түркі қағандығының құрамына кірген екі тайпалық одақ – дулу мен нушиби билік үшін тартысқа түседі. 634 жылы қағандық нушибилердің қолдауына сүйенген Ышбыра Эльтериш  Ширдің қолына тиеді. «Он оқ будун»  кезіндегі әскери  әкімшілікті  жаңғыртып, ілгері дамытуға күш салады. [32 ] Алайда қағандықтың әскери – саяси диктатурасы тайпаларды толық бағыныштылыққа  ұстауға жеткіліксіз  болып шығады. 638 жылы екі тайпа арасындағы               қантөгіс соғыстың тууына себеп болды. Осыдан кейін қағандық екіге бөлінді. Олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтті. Ышбара қаған орнынан алынғанымен қоймай, ол Ферғанаға қашады. Тайпалар арасындағы соғыс және династиялық күрес 17 жылға ( 640 – 657 ) созылып, бұл Қытай әскерлерінің баса көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. Он оқ будун елі жеңіліске ұшырады. Олардың тәуелсіз соңғы қағаны Нивар Ышбара – яғбу тұтқынға алынып, сонда екі жылдан соң (659ж) қайтыс  болады. Тань империясы өзінің қағандық ішіндегі қанаушыларына сүйене отырып, Батыс Түркі қағандығын билеуге тырысады. Олар біраз уақыт өз үстемдігін        жүргізеді, бірақ батыс түркілері түпкілікті тәуелсіздіктерін сақтап қалуға әрекеттене  береді. Батыс Түркі    қағандығының шаңырағын құлатпай сақтап қалуға, байырғы қуатын       қалпына келтіруге жанын сала кіріскен қағандықтың соңғы дербес қағаны Ашина Хэлудің қолы 658 жылы өз бауырлары  - теленің атты әскрі мен Тань мемлекеті әскерінің біріккен күшінен жеңіліс тапты. Себебі батыста түркілер Шығысқа қарағанда аз болды.                                                                  Батыс Түркі қағандығы құлағанмен, оның құрамындағы түркі тайпаларының бәрі бірдей Тань мемлекетіне бағынып, оның билігін мойындаған жоқ. Мәселен, осы Батыс Түркі қағандығына кіретін « он оқ » халқының ішінен  түргештер бас көтеріп, өз алдына қағандық құрып, Тань мемлекетінің жаулап алу саясатына қарсы тұрады. Сөйтіп 704 жылы Батыс Түркі қағандығынан соң Түргеш қағандығы тарих сахнасына шықты. [33]

Ескере кететін бір жайт: соғдылардың қағанедық өміріндегі рөлі жоғары дәрезжеде болды, бүкіл экономикалық және ақша қатынастары соғдылардың тікелей қатынасуымен жүрді.[ 34 ]

 Қытаймен  арадағы соғыста жеңіліс тапқан  Шығыс Түркі қағандығы 630 жылы  біржол құлады. Түркілер жарты ғасыр бойы Қытайға тәуелділіктің қамытын киюге мәжбүр болды. 682 жылы мемлекет қалпына келеді.

Осы елу жыл  ішінде талай қаған еркіндікке ұмтылып, ешқайсысы халыққа бостандық  алып бере алмады.  Солардың бірі –  Құтлық қаған ғана қағандықтың басынбіріктіріп, үлкен күшке айналдырады. Құтлықтың тасқа қашалған сөзі былай дейді: « Қытай қолында қандай  ерлеріміз құл болып қалды, қандай таза, сұлу әйелдеріміз күң болып қалды. Біз бұларға елу жылдық күшімізді бердік. Мемлекеттің заң жосағын жасап бердік.»

Тоныкөк жазбалары, профессор Хирттың зерттеулері  және қытай тарихшылары Елтеріс ( Құтлық) қаған туралы мына деректерді ұсынады: Қытай үстемдігіне қарсы  қозғалыс 682 жылы болған.

Көтеріліс басшысы  – Ашина руынан шыққан Елтерістің әкесі қытай үстемдігі кезінде  бағынышты Ашина тайпаларының бірін басқарған. Қозғалыс Юнь – чжун провинциясының солтүстігінде – қазіргі Датунфу қаласына жақын жерде өтеді. Бұл аймақты байырғы түркілер қоныстанған еді. 682 – 687 жылдары шығыс түркілер       Қытайға қарсы азаттық күрестің нәтижесінде өз мемлекетін қайта құрады. Елтеріс қаған болып сайланып, Құтлығ қаған деген атқа ие болады. Оның ең жақын көмекшісі әрі ақылшысы болып Тоныкөк сайланды. Бұл тасқа қашалып жазылған көне түркі жазба мәліметтерінен белгілі.

691 жылы таққа Елтеріс марқұмның інісі Қапаған  (Мочжо) қаған ( 691 – 716) отырып,Шығыс Түркі қағандығы әскери, саяси дамуы жағынан шарықтап өсті: солтүстік қытай армиясына қарсы бірнеше шабуылдар жасады, қидандарды талқандады ( 696 -697жж), Туваны жеңді. Енисейлік қырғыздарды бағындырды ( 709 –710ж). Қапаған бүкіәл Орта Азияны билеуге қол жеткізді. Бұл кезде Батыс қағандықтың халі мүшкіл болғнадығын пайдаланып оны басып алады да, мол олжаға кенеледі. 689 жылы Құтлық қағанның інісі Қапаған өз әскерін Қытайға бастап келеді. Ал қырғыздарға қарсы жорық 688 – 689 жылдардың аралығындағы қыста болған сияқты. Қытай әскерінің басында ұлы мәртебелінің сүйіктісі Сэ Хуай – и болған.Оған мызғымайтын шекараны бұзушыларды жазалау тапсырылған болатын. Шекара Шаньютай құзына дейін созылатын еді. [35]

Қапаған өз әскерінің  аздығынан қытай әскерімен соғысуға тәуекел жасай алмайды. Ал Хуай –  и ешқандай әскери дарыны болмағандықтан, жауына қарсы шығуға батылсызданып, тосыла берді. Түркілер ұрыс салмай кете салысымен, Хуай – и шекараға келіп, істің сәтті аяқталғанына қуанды.

Могилянның  Тангутқа жорығы – 700 жылы, түркілердің  қытай әскерін жеңуі шамамен 702 жылы , түркілердің батысқа жорытары 709 – 713 жылдары болған. 706 жылы қырғыздардың басқарушысы Барысбек Мочжодан қаған  титулын алып, Могилянның қарындасына үйленген. 709 жылы Могилян Кем өзені мен Оргенді басып өтіп, чик халқын қарған. Қытай хабарламалары бойынша Тоыкөк, Могилян, Күлтегін 710 жылдың аяғы мен 711 жылдың басында Кегмен (Саян жоталары) тауы мен Сунганда (Алтай тауының бір бөлігі болса керек) қыс ішінде жорық жасаған. Барысбек хан қайтыс болған соң, оның халқы түркілерге бағынған.

715 – 716 жылдары Қытай  хабары бойынша түркі елінің  іші дағдарыс жағдайында болды. 716 жылы Оғыздардан қайтар жолда,  Қытай хабарлары бойынша, Мачжо  өлтіріледі де, басы Қытайға жіберіледі. [ 36 ]

Қаған өлімі  жаңа абыржулар туғызды, осы кезде  хан тұқымынан шыққан Күлтегін Мачжоның баласын өлтіріп, таққа өз  ағасы  Могилянды отырғызады. Жазбаларда ол өзін Білге қаған деп атайды.

721 немесе 722 жылы  түркілер Қытайға, ал 723 жылы татабицеге жорықтар жасаған. Қытай мен бітім жасасқанннан кейін (721 жылдын кейін) түркілердің көршілермен қарым – қатынасы едәуір жақсарды. 722-733 жылдар аралығында бірде – бір соғыс болмаған. Хирттың мәліметтеріне қарағанда түркі елшілігі Қытайда жиі болып тұрған. 731 жылдың күзінде Күлтегін асына татабице, түркеш, қырғыз елдерінің қағандары, арнаулы өкілдері қатысты.

Шығыс Түркі  қағандығы кезінде түркі әскерлерінің даңқы Ұлы даланы шарлап кетті. Қағандық өзінің шырқау биігіне көтерілді. Қағандық пен Тань империясы арасында талай жылғы соғыстан кейін шын мәнінде бейбіт қатынас орнады.  Грумм – Гржимайло айтқандай: Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін даңқты түркі елінің ақыры болды.

Шығыс Түркі  қағандығының соңғы қағаны Озмыш  тегін қаған 744 жылы ұйғырлар қолынан қазатабады. Бос қалған түркі қағанының орнына Құтлық Білге Құл қаған отырып, Ұйғыр мемлекетін құрды.

Осымен Шығыс  Түркі қағандығы ел есебінде өмір сүруін тоқтатты. [37]

Шығыс Түркі қағандығы негізінен феодалдық мемлекет болып, түркілердің қоғамдық құрлысына рулық – тайпалық қалдықтар сақталды. Шығыс Түркі мемлекеті қираған соң батыс жағындағы жерлерге найман, керей, меркіт, қимақ, қыпшақ тайпалары ие болды.   Түркі қағандарының әлденеше буыны айналысындағы дұшпандармен ғасырлар бойында сұрапыл күрес жүргізіп ірі жетістіктерге қол жеткізгенін Орхон ескерткіштерінен айқын аңғарамыз. Сонымен қатар заманында ешбір жаудан беті қайтпаған қайсар халықтың әлсіз тұстары болғандығын да тас жазулар баянынан білеміз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

“Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды” деп жазды белгііл ғалым Лев Гумилев өзінің “ Көне түріктер” деген іргелі зертеуінде. Көне түркі мемлекеті шығыс мәдениеті мен батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.

Түркі империясы  ғұндардан кейінгі екінші ірі  еуразиялық империя болды. Түріктердің бірнеше мемлекеті болды.  Көне Түркі мемлекеті ( 552 – 603); Батыс Түрік қағанаты (603 –704); Шығыс Түрік қағанаты ( 603 – 679); Екінші Түрік қағандығы (607 – 744); Түргеш қағандығы ( 704 – 756); Қарлұқ мемлекеті (756 – 970);

Үйсін мемлекеті  ыдыраған соң Жетісу мен Орталық  Қазақстанда аварлардың билігі орнады. Осы аварларды VI ғасырдың ортасында Ашина тайпалары талқандайды. Осы тайпалар ұзамай түріктер деп аталды.

Түріктердің қағаны Бумын,Қара қаған, Мұқан қаған аварларды  талқандауды ақырына дейін жеткізді. Осылай Түркі қағанаты нығайған болатын.

759 жылы Батыс Түркі қағанаты нашарлап әлсірей бастады да мұның өзі Жетісуға Қытайдың тан әулеті империясы  әскерінің басып кіруіне себеп болды. Түріктер қытай басқыншыларына қарсы азаттық күреске шықты. 704 жылы түргеш тайпаларының көсемі Үшеліктің басшылығымен түріктер жеңіске жетіп, жаңа Түргеш қағандығы құрылды.

679 – 687 жылдарда  жүргізілген табанды азаттық  күрес, нәтижесінде шығыс түріктері қытай басқыншыларын қуып шығып, өз мемлекетін  қалпына келтірді немесе екінші Түркі қағандығын құрды. Бірінші қаған Құтлық болды, оны Елтеріс қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлпытастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691 – 716) екінші Түркі қағанаты өзінің әскери – саяси қуатының гүлдену дәрежесіне            жетті. Түріктер солтүстік Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлері Соғды жеріне дейін барды. Білге және Күлтегін қағандардың  тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы Екінші Түркі қағандығы құлап, Ашина әулиетінің билігі тоқтады.

Дипломдық жұмысымды  қорытындылай келе мен мынадай тұжырымға  келдім, Көне түркілер біздің заманымыздың VI – VIII ғасырларында жалпы адамзаттық өркениетке жаңа өріс қосылғанын паш етті. Дәурені жүріп тұрған Қытайдан Қырымға дейінгі жерге иелік еткен көне түркілер іргелі мемлекет құрумен қатар, өрелі  мәдениетті қалыптастырды. Монғолия, Сібір, Қазақстан, Қырғызстан жерлерінен табылып жатқан жәдігерлер соның жанды куәсі. Бұл жазбалардың ең басты қасиеті – оларды жасаушылардың асқақ рухы мен өр намысында, өлмес  еркі мен мұқалмас жігерінде. Мұндай бекем рухсыз  шығысы Хинган, Сарыөзен, батысы Көктеңіз, оңтүстігі – Ұлы Қытай қорғаны, солтүстігі – Сібір аралығында осыншалықты өркениеттік өрлеу орын алмас еді, осыншалықты терің тарих тарқатылмас еді, ұлт ұлы, халық жасампаз болмас       еді. Еліміздің тәкелсіздік алғаннан кейінгі кезеңі сол ұлылық пен жасампаздық рухының, бірлік пен ерлік идеяларының сонау есте жоқ ескі заманннан – ақ халық үшін киелі ұғымға айналғандығын айғақтайды. Бұл жөнінде Елбасымыз да үнемі тоқталып, байсалды, жүйелі бағыт ұстанып әрі оны тереңдетіп келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаев “ Тарих толқынында” атты кітабында: “ Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздерінің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп, шебер пайдалана білді. Ол томаға - тұйықтықтан  мүлде бөлек мәдениет болды” , деп жазған [ 38 ]

        Тарих атаулының өткен өмірді сөз ететіні белгілі. Алайда, тарихтың тағлымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді. Осыдан мың жарым жылдай бұрын тас ұстынға өшпестей болып қашалған Күлтегін жазбаларындағы тұжырымды ойлардың қазіргі Қазақстан жұртшылығының да арман-мұраттарымен үндес естілетіні қайран қалдырады. Күлтегін ел мүддесінің тұтастығын, мемлекеттің қауіпсіздігін, туған жердің бөлшекітенбеуін , ұрпақтардың жарастықты өмір сүруін өсиет етеді.

     "Бектерінің, халқының ымырасыздығынан, Табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен, Арбауына көнгендінен іні-ағаларының дауласқандығынан, бекті халқының жауласқандығынан    Түркі халқы елдігін жойды. Қағандығынан айырыдды; табғаш халқына бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды. Түркі бектер түркі атын жоғалтып, Табғаш атын тұтынып, Табғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін-күшін берді... Әкем қаған осынша... Қырық жеті рет атанды... Жиырма айқас жасады. Тәңірі жарылқағандықтан, Елдігін елсіретті, Қағандығын қағансыратты, жауын бейбіт етті, Тізеліні бүктірді, Бастыны еңкейтті» - дейді Күлтегін.

   Елдің  елдігі, халықтың бақыты жарастықпен  өмір кеше білуде екенін ұрпаққа өсиет етеді. Әлеуметтік үйлесімділікті халықаралық ахуал мен шендестіре зерделейді. Ел ішінде тәртіп пен заңдылық сақталса, яғни ата-баба салтына адалдық болса – ұрпақтың бақытты өмір сүруіне кепіл бола өнеге сол дейді. Осы өсиет қазақстандықтар үшін бүгін де үлгі-өнеге. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, әлемдік қауымдастықта өз орнымызды орнықтырудың, сөйтіп баянды бақыт пен қауышудың кепілі ауыз бірлікте екенін бүгінгі өміріміз көрсетіп беріп отыр. Тарихтың тағылымы, тәуелсіздігіміздің тағылымы дегеніміз осы болса керек.

 

 

  

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Қолданылған әдебиеттер:

  1. Амажолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1- кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: “Білім”, 2002.

2. Кляшторный  С.Г. Древнетюркские рунические  памятники как источник по  историй Средней Азий. М., 1964

3.  Бернштам  А. Н. Социольно – экономический  строй Орхоно – Енисейских (VI – VIIвв). Москва, 1946.

4. Малов С.Е.  Памятники древнетюркской писменности.  Тексты и исследовнаия. Москва  – Ленинград.1951. 408-бет 

5. Гумилев Л.Н.  Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 4-бет.

  1. Аманжолов К.Р. Түркі халқының түп тамыры (тарихи – этнографиялық шолу).  // Қазақ тарихы. 1993. №1. 47 –бет.
  2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 1-том. Алматы. 2001. 296 –бет.
  3. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена. Том 1., М-Л., 1950. С 228
  4. Цэнь Чжун – Мянь. Туцзюе цзиши ( Түріктердің жиынтық тарихы), 500- бет   
  5. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994.

Информация о работе Өсиет бойынша мұрагерлік