Өсиет бойынша мұрагерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 23:20, реферат

Описание

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Жұмыстың бірінші тарауы, “ Түркі қағанатының қоғамдық саяси құрылысы” деп аталады. Бұл жерде көне түркі қағандығының құрылуы, террториясы, мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі қарастырылады. Далалық империяның ел басқару жүйесіндегі, әскери қүрылымындағы ерекшеліктері толық көрсетіледі.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………….........3-5 бет
I – тарау Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы.
1.Түркі халықтарының жазбаша ескерткіші.................... 6-9 бет
2.Түрік қағанатының құрылуы және территориясы....9-18 бет
3. Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі..........................................................18-27 бет.
II – тарау Түрік қағанатының саяси тарихы
2.1. Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы..........27-31 бет
2.Түрік қағандығының Византиямен соғысы..............31-35 бет
2.3. Түріктердің Иранға жорығы. ....................................... 35-41 бет
3. Түрік империясының құлдырауы және құлауы.....41-46 бет
4.Батыс және Шығыс Түрік қағандығы........................46-53 бет
Қорытынды……………………………………………………… 54-56 бет
Қолданылған әдебиеттер.....................................................57-60 бе

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Түрік-қағанаты.doc

— 273.00 Кб (Скачать документ)

       Түрік қағандары Ашина әулетінен  тарағандардан ғана сайланатын . Қытай мәліметтеріне қарағанда елде ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып. Күн жолының ыңғайымен қаумалаған  қалың жұрттың құттықтаған айқай қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып, дереу жібек бұғау салып, оны қрлма – қол босаңсытып одан  неше жыл хан болғың келеді?’’ – деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел              басқару мерзіміне анықтау ісінде қандай рөл атқарғаны жайлы түріктер тарихында онша мәлім емес. Бәрінен де дұрысы,  бұл әдет хан тйпа көсемі болып саналатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж – нақты  мұраға   қалдыру  күрделі  жүйе  арқылы  жүргізілетін     болған [14].

Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол  қанатынан  ашина фратриясының өкілдері отыратын. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайына бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады.Ол әлеметтік фратриядан шыққан шонжарларға сүйенді. Қаған тек билеші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі болды.Алайда көшпелі     қоғам жағдайында билік негізінен алғанда жереге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді  [15].

Қаған сондай –  ақ жоғарғы абыздың да рөлін атқарды. Кейбір деректерде қағанның” аспан тектес” , “аспаннан жаратылғаны“ туралы да көп айтылған. Осыған қарағанда қаған әулетінің артықшылығы үнемі дәріптеліп, көне түрік жазбаларында қаған мен              бектерді халықтың құрмет қылып сайлауы қажет екендігі, тек қаған мен оның әулетінің “ халықты асырауға” қабілетті екендігі жазылған. Мәселен Мұқан қаған (553 – 572) “ халықты жақсы тойындырды” десе, Білге қаған    туралы “ жалаңаш халықты киіндірді” , “ Аш халықты тойындырды” , “ Кедей халықты ауқатты етті”, соның арқасында “ Түрік халқы көп нәрсеге қол жеткізді” , ол және оның інісі Күлтегін “ Түрік халқы үшін күндіз әрекет жасап, түнде ұйықтамады” деп жазылған.

Мемлекеттің ханнан кейінгі бірінші адамы жабғы  болған. Түптеп келгенде, жағбы ханның бас уәзірі, бұл қызметте көбінесе хандық құрып тұрған әулеттің        мүшесі сайланатын болған.

Қағанның жанында  қаған әулетінің белді мүшелерінен, әскер басылар мен ұлыстар басшыларынан, т.б. беделді қоғам мүшелеріне тұратын қаған кеңесі болған. Көне дәстүр бойынша қаған өзін орнынан сырғытып жіберуге құқылы кеңестің шешімін жоққа шығара алмайтын [16]. Қағанның билігін осындай шектеу     мемлекеттің тек алғашқы кезеңінде орын алған болса керек. Қаған шынында мүшелерін өзі тағайындайтын қаған жанындағы  кеңеске ешқандай  тәуелді  болмаған.

Қаған билігі билеуші  әулет ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан жақсы үлгілі ініге берілу дәстүрі осы Түркі қағандықтары тұсында қалыптасқан. Биліктің дәл кімге берілуі көп жағдайда нақты қалыптасқан әлеуметтік                   –саяси жағдайға қарай шешіліп отырған деп тұжырымдауға болады [17].

Мәселен Құтлық (Елтеріс) (679 – 691) қағаннан соң оның інісі Қапаған қаған (691 –716), одон соң елді Білге қаған мен оның інісі Күлтегін басқарды. Қағанның билігі ағадан ініге өтетін болғандықтан жаңа қағанды елдің беделді адамдардың жиыны сайлап қойған.  Ал         билік атадан балаға тікелей мұрагерлік жолмен өткенде сайлаудың ешқандай қажеті болмады. Көне Түркі қағанаттарының да қалыптасқан хан сайлаудың мұндай дәстүрі кейін қазақ хандарын сайлау кезінде жалғасты.

Көшпелі Түрік  қағанатының ел басқару құрылымы үштік жүйеге негізделген. Олар қағанатты тардуш(оң қанат), төлес (сол қанат) және ічрекі (орталық) деп үшке бөлген.

Күлтегін мәтініне жүгінсек:

Ілгері “оңтүстіке), кейін (солтүстіккке) аттанып жинады, басын қосты (жинақтады). Барлығы жеті жүз ер ( сарбаз) болды. Жеті жүз ер бас қосқанда елін аңсаған халыққа, құлданған, күнденген халыққа Түрік төрінен (өкіметінен) айырылған халыққа, Ата – бабам         төрін (өкіметін) құрып орнықтырды. Төлес, Тардуш қанатқа (бөліп), шабғу, шад (ат) берді.

Қағанатты Тардуш Төлес қанатқа бөліп басшыларына  шабғу, шад лауазымы сыйлағанын мәлімдеген. [ 18]

Далалық көшпелі  қағанаттардың ел басқару жүйесін  отырықшы елдердің жүйесімен салыстыруға келмейді. Екеуі екі бөлек әлем. Әрине бірінен бірінің үйренгені,        алғаны бар.

Еуразия құрлығының қақ ортасын көктей тіліп орналасқан көшпелілер империясы шығысы Хянган жотасынан, батысы Жерорта теңізіне дейін, оңтүстігі Тибеттен, сотүстігі Сібірге дейінгі өлкені алып жатты. Бұлардың шаруашылығының негізігі кәсібі бері      айтсақ үш мың жыл бойы мал шаруашылығы болды. Бір текті этникалық процесстің экономикалық тұғыры осы мал шаруашылығы еді. Ол әлемдегі түркі тектес халықтардың этникалық жаратылысын қалыптастырған    негізгі фактор. Әрине, мал мал шаруашылығымен                 қоса оңтүстікте егін, солтүстігінде аң шаруашылықтары айтарлықтай өрістегенмен оның үлесі мал  шаруашылығының үштен бірінен аспады. Экономикалық осы тұғырға негізделген көшпелілер дүние танымы, наным – сенімі, этникалық дәстүрі (қандас – туыстық жалғастығы) сол мал шаруашылығы құрылымын үш мың жыл бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса отырып, дәстүрге         айналған.

Далалық көшпелелілердің атқарушы үкімет жүйесі мен әскери басшылығы араласып кеткен. Өйткені көшпелі өмір салты, шаруашылықты жүргізу, ұйымдастыру, кеңістік пен уақытты игеру ерекшілігі осыған бейімделген. Сондықтан Еуропа зерттеушілері Еуразия көшпелілерінің мемлекетін әскери аристократия деп атаған. Зерттеу барысында көне және орта ғасырлық көшпелілер мемлекетінің ел басқару құрылымын әсркери - әкімшілік жүйеге құрылғанына көзіміз жетіп отыр.

Деректерді  алға тартсақ, Түркі қағанатының ічрекі деп аталған орталық Ел – етміш білге қағанның үлес еншісі (құтлығы).Бірақ оның барлық ісін Бойла Баға Тарқан лауазымды іч – Бұйрық (Орталық қанаттың қолбасшысы) жүргізіп отырған. Ол бейбіт өмірде шаруашылығын жүргшізсе, соғыс уақытында бүкіл             қолды бастаған. Тардуш, Төлес қанатының ябғу,                   шад лауазымды басшылары да дәл солай үкіметтік және әскери қызметін қатар жүргізіп  отырған.

Осы қанаттарға тайпалар мен тайпалар одағын бөліп орналастырып, олардың жоғарыдағы  Ічрекі, Тардуш, Төлес қанат басшыларының үлесіне бөліп берген. Қанаттардың қол астындағы тайпалар қаласа да, қаламаса да оған басыбайлы болған.          Оның себебі, шаруашылықы игеру ерекшелігіне байланысты,            әрі үкіметті басқару жүйесі көшпелілер ортасында осылайша қалыптасқан. Егер қандай бір адам өз тайпасынан шығып басқа тайпаға баратын болса, олрдың ішіне  өмір сүретін  болмыс та,  орын  да  жоқ. Өйткені “ кірме” деген атпен адами психология жағынан да, өмір сүру, тірі жүріп тіршілік ету көзі болған шаруашылық – экономика жағынан да қысым көріп отыратын болған. Ешкім кірменің жаттың жоғын жоқтап, құқығын қорғамайды.Түркілер дәуіріне қандай адам бомасын  өз тайпасынан шығып кетуге құқылы. Бірақ жат тайпаның ішіне кіріп өмір сүру мүмкіндігі жоқ. Далалық басқару жүйесі осылай құрылған. Сонау ерте заманнан дәстүр болып жалғасқан ата жолы бойынша берілген енші ел      иелері қол астындағы елін, жұртын бейбіт кезде де, соғыс кезінде де басқарып, әкімшілік және әскери істі қатар      жүргізіп отырған.

Осылапйша қағанат ішіндегі қанаттар ары қарай тайпаға, тайпа ішінен руға, ру мен ру арасынан біріктіріп ебке ( курень – лагерге) бөліп әкімшілік атқару жұмыстарын жүргізіп, халықтан алатын салықты алып, жер бөлісін жолғп қойып, адам күшін                         ілкімді ұйымдастырып, өкімет аппаратын іске жегіп келді.

Жоғарыдағы  жүйені  схемамен  көрсетсек:

 


 

 

 

Қағанат төрі (өкімет) халықтан арнайы тоқтам бойынша алым – салық алып отырған. Қанаттар тайпа көсемдерінің, ру басшыларының салығының сыртында қаған салығын рудан бастап қанаттарға дейін төлеп келген. Егер кімде кім салығын төлемесе төр (өкімет) тарапынан жаза жүктелетін болған.

Қағанат қалыптасып өмір сүру, ішкі ісін жүргізу үшін экономикалық фактор шешу рөль атқаратыны түсінікті. Мемлекет қазынасын құрушы бір компонент халықтан түсетін салық. Міне, сондай салықты байырғы түркілер “ берім” (берешек) деп атаған. Сондай – ақ салық төлемінің сыртында ішкі – сыртқы соғыс, қақтығыс кезінде көптеген дүниелерді олжалап, хан қазынасына қосып   отырған.

Байырғы түркілер қол астындағы  тайпалармен тайпалық одақтардан олардың айналысатын шаруашылық кәсібіне байланысты заттай салық алып отырған. Салық  жинау қаған қазынасына салу сияқты жауапты істің барлығын жергілікті жердегі өкіметтің (төр) қол – аяғы болған атқарушы әкімшіліктер іске асырып отырған. [ 19 ]

Байырғы түркілер әкімшілікке  де, әскерге де ондық жүйені мықтап енгізді. Ондық жүйе қағанат ішіндегі байып дәулеттеніп бара жатқан феодалдар мен қоғамның жоғарғы сатыдағы лауазым иелерінің құқығын қорғаумен қатар қол астындағыларды өкімет тарапынан қозғалтпай ұстап отыруға өте тиімді болды.Сөйтіп,             ондық жүйе бір жағынан әкімшілік, екінші жағынан әскер функцияны қатар атқарып отырды.

Жоғарыдағы әкімшілікке берілген үш қанат ішіндегі тайпалар мен тайпалар одағын түмен (он мыңдық), бес мыңдық, мыңдық, бесжүздік, жүздікке бөліп, әкімшілік жүйеге жүгіндірді. Олар бұл жерде тайпалық құрылымды бұзбады.Бір тайпаның ішінен бірнеше             жүздік ұйымдастырған да жүздікке толмай қалған кезде екніші бір тайпаның адамдарын алып келіп қоспады. Сөйтіп, тайпа ішіндегі жүз басы болған ру басшыларына  әскер сеңүндеріне Ұлығ Өз Ынан–Чу деген әскери шен, әрі әкімшілік лауазым беріп отырды. Жүздік бес жүздікке, ол мыңдыққа, мыңдық бесмыңдыққа, бесмыңдық  түменге бағынды.

Түркі мемлекетінің ішкі әлеуметтік ерекшелігіне байланысты иерархия мықты  орын алған. Ел ішіндегі тайпалардың  қоғамда иеленетін орнын қатаң  белгіліп      берген. Қоғамдағы  орын алған сол иерархияға байланысты әскер әкімшілік іс – жүргізетін өкімет (төр) адамдарының лауазым шені, оның дәрежесі үкімет тарапынан                  қатаң белгіленген. Мәселен, Төлес бектері, Төлес мыңдығы  Тардуш бектері мен мыңдығының дәрежесін  иеленбейді.

Әскери - әкімшіліктің осы жүйесі бойынша бейбіт уақытта шаруашылығын жүргізіп, отбасын асырап, салығын төлеумен қатар қаған қазынасын молайтуға  күш жұмсап отырған. Ал егер ел ішінде тынышсыздық        пайда болса, ел шетіне жау тисе, немесе басқа            қағанатқа соғыс жарияласа, өкіметтік бұл әскери - әкімшілік жүйесі алдан – ала жасалып қалыптасқан тәртіп бойынша тура әскерге айналып, міндетін ешқандай ауыртпалықсыз – ақ атқарып жүре беретін болған.

Жүздік, бесжүздік ,мыңдық, бесмыңдық, түмендердің орналасу құрылымын көне түркілерде  “еб” деп атаған. Ондық жүйесі осылайша байырғы түркілердің өкімет әкімшілігінің күнделікті ісін атқарушыға темірдей тәртіп ұстанған тетікке айналған.

Түрік қағандығында қағаннан бастап ру - тайпа бастығы бектерге дейін  жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған. [ 20 ]

Далалық көшпелілер қағанаты – мыңдаған жылдар бойы ел басқару  сабақтастығы үзілмеген,  үкіметтік әкімшілік жүйесі қалыптасқан байырғы халықтардың бірі болды.

Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі жете зерттелмеген.Ол туралы деректерде де аз айтылады.Түріктердің құқығының негізгі бастауы қайнар  көзі -  әдет ғұрып болған.

Қытай жылнамасында көрсетілген  көне түркілердің мемлекеттік заңының  негізгі ірі – ірі жеті баптан тұрған: 1 –бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған); 2- бап. Түркі жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3 – бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4 – бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы     бұйырылсын (ат – қағандықтың соғыс күші); 5 – бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін; 67  Сонымен қатар, Түрік қоғамында малға, түрлі қарулар мен өндіріс құралдарына жеке меншік болған.Жер жеке адамның жеке меншігі болмаған. Жер қауымның, ру – тайпаның меншігінде болды. Жерді бөлуді,      пайдалануды қаған, оның атынан ру тайпа басшылары                            шешті.

Түріктер көшпелі халық  болғандықтан отбасы патриархиалдық сипатта  болды. Әке отбасы басшысы     болды әрі оның айтқаны  орындалатын.

Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әр түрі қолданылды. Сатқындық, әсркер тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлағаны үшін оның құны 10 есе артығымен төленді.

Сот билігі қағанның және оның атынан іс  жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді.

Түркі қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Оның мемлекеттік аппаратында көптеген лауазым иелері  қызмет етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

 

 

II – Тарау.

 Түрік қағанатының  саяси тарихы.

2.1. Түрік қағандағының  эфталиттерді талқандауы.

 

       Л.  Н. Гумилев Түрік қағанаты сыртқы  қарым – қатынасында дүние  жүзілік саяси процестерге белсенді  қатысқанын көрсетеді.

552 – 553 жылдары  түркілер Орта Азиядағы қуатты  мемлекеттердің бірі – эфталиттерді  бағындырды. Отырықшы аудандардың  байлығын иеленуге ұмтылу түркілердің  батыстағы, Орта Азиядағы онан  арғы саясатының негізі болды.  Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелектері Каспий теңізіне Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің әскерінің орасан зор, икемді құрамына қарамастан,  мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскер Одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзық уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазумен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді.[21] Сондықтан түріктердің  эфталиттерге қысым жасауы Ираннның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды.

Информация о работе Өсиет бойынша мұрагерлік