Өсиет бойынша мұрагерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 23:20, реферат

Описание

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Жұмыстың бірінші тарауы, “ Түркі қағанатының қоғамдық саяси құрылысы” деп аталады. Бұл жерде көне түркі қағандығының құрылуы, террториясы, мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі қарастырылады. Далалық империяның ел басқару жүйесіндегі, әскери қүрылымындағы ерекшеліктері толық көрсетіледі.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………….........3-5 бет
I – тарау Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы.
1.Түркі халықтарының жазбаша ескерткіші.................... 6-9 бет
2.Түрік қағанатының құрылуы және территориясы....9-18 бет
3. Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі..........................................................18-27 бет.
II – тарау Түрік қағанатының саяси тарихы
2.1. Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы..........27-31 бет
2.Түрік қағандығының Византиямен соғысы..............31-35 бет
2.3. Түріктердің Иранға жорығы. ....................................... 35-41 бет
3. Түрік империясының құлдырауы және құлауы.....41-46 бет
4.Батыс және Шығыс Түрік қағандығы........................46-53 бет
Қорытынды……………………………………………………… 54-56 бет
Қолданылған әдебиеттер.....................................................57-60 бе

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Түрік-қағанаты.doc

— 273.00 Кб (Скачать документ)

 

             VI ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі  Көне Түркі империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түркі тілдес халықтардың іргесі қаланды.

      ‘’ Түрік мемлекетінің құрылуы  бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды’’ деп жазды белгілі ғалым Л.Гумилев өзінің ‘’ Көне түріктер’’ деген  іргелі зерттеуінде [ 5 ]. Көне түрік мемлекеті Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік      тарихта үлкен із қалдырды.

       ‘’ Түрік’’ сөзі (қытайша ‘’тукюе’’)  б.д. VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда Түркілер Монғолиядан және Қытайдың Солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы көшпелі империяның негізін қалады. [ 6 ]

Ұлы далада Түркі  мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу  дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: “ Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің, арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің балаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз  мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып, оны бекітті”. Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы Түркі қағандарының билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.

      ‘’ Түрік’ этнонимі алғаш  рет аталуы Қытай жылнамаларында  кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді сюнулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде Қытайдың Вэй княздігінің солтүстік өңірлеріне Солтүстік – батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап,  ойрандап кететін болды деп хабарланады. [ 7 ] Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуының өзек болған оқиғаларға байланысты.

     Түркі  қағанатына 552 – 744 жж негіз болған  басты 4 тайпа: түркі( ашина), оғыз( теле),қыпшақ (сір) және қырғыз  болатын.  [ 8]

      Түркі аңыздарымен Қытай тарихында Ашина Шығыс Түркістанда өмір сүрген кезде өздеріне жаңа бір этникалық топты   қабылдап, жергілікті тұрғындармен араласып кетті деген деректер бар. III ғасырдың  соңынан 460 жылға дейін аумақта   ашиналармен бірге Иран  (соғды)     және   Тохар      

( индоеуропалық)  тілдес тайпалар мекендейді. Олар  белгі бір дәрежеде ашина тайпасының  тілі мен мәдениетінің қалыптасуна  әсер еткен. Бұл кездері соғдылар  аумағы бүкіл Ұлы жібек жолы  бойымен Қытайдың ішкі қалаларына  дейінгі аралықты алып жатты.  Олардың ішіндегі ең ірісі Қытай тарихында ‘’ теле’’ деген атпен белгілі болған ірі тайпалар бірлестігіне кірген оғыздардың тайпалық одағы еді. IV – V ғасырларда осы бірлестікке кірген көптеген тайпалар Еуразия даласының Батыс жағында да пайда болды. Олардың негізгі аумағы Жоңғария мен Хинган жоталары болған еді. Түркілердің мәдениеті мен мемлекетіне аса зор ықпал    еткен түркі – соғды тілдерінің  жақындасуы дәл осы кезден басталды. Демек түріктер Л.Гумилевтың атап көрсеткеніндей тайпалардың этникалық араласуы нәтижесінде V ғасырдың аяғында пайда болған .   Келгіншілердің жергілікті халықпен біртуғандай ұласып кеткені сондай, арада жүз жыл өткеннен кейін,546 жылы олар көне түрік немесе түркіттер   деп аталатын тұтас бір халық боып шыға келеді. Сөйтіп, Қытайлар Тумынь деп атаған ( түркі жазбасында Бумынь)  империяның негізін қалаушы болып табылды.

       Солтүстік Қытайда жаңа соғыс  бұрқ етеді. Шығыс Вэй империясының  билеушісі Гао – Хуань  жужан  ханы Анағуймен және Тоғон  ханы Куалүймен одақтасып, Батыс  Вэй империясына шабуыл жасап, бәсекеші – бақталасы Юйвынь Тайды қысады: алайда одақтастар шешуші жеңіске жете алмайды. Батыс Вэй императоры Вэнь – ди Ань Нопаньто деген біреуді достық қатынас жасау үшін түрік қағаны Бумынға жібереді [ 9 ].

       545 жылы Түріктерге келген елші қуанышпен қарсы алынды.’’ Ордадағылар: бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді’’ – деп бірін – бірі құттықтай бастайды.

       Халқының  көңіл  күйіне  бейімделген  Бумынь өз алдияры – Жужан  ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп тарту таралғымен елшілерді аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен      одақ құрады.

       546 жылы  теле тайпалары қазіргі Монғолияның  Оңтүстігі мен Орталық бөліктерін  мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға ( жуань- жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген  теле әскерінің сан жағынан қаншалықты көп болған белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп      топшаланады, өйткені телелердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз  күштерімен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түркі қағаны  Бумынь күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бей – берекет жатқан теле әскерін қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, телелерді 50 мыңнан астам әсокерін түркілер тұтқынға      алады. Даланың әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзін - өзі жеңушінің   әскеріне қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір  көрінісі авар қағаны Анағуйға келіп, авар қағанының қызын Бумыньға әйелдікке бер деп үзілді – кесілді талап еткен түрік елшілігі болды. Мұның өзі қағанмен тең құқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар қағаны Анағуй: ‘’ Маған бас иетін – вассал бұлай деуге қайтіп дәтің барды?’’ – деп Бумынға жаулаушыларын   жібереді [ 10 ]. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған  әдіс қана болатын. Хан бетін қайырғасын Бумынь жәбірленуші болып шыға келеді, оған керегі де сол. Ымыраға келу жолын кесіп тастау үшін ол жужан елшісін жазалауға әмір етеді, енді осы арада оған Батыс Вэй үйімен жасаған одағы бірден  кәдеге асты. Ол дереу Вэнь – димен қайтадан келіссөз жүргізіп, 551 жылдың жазында Қытай  ханының қызы Чанлені әйелдікке алады, бұл оның көшпелілер арасындағы абырой – беделін біржолата арттыра түседі. Тосыннан шабуыл жасаудың артықшылығын пайданалануға тырысқан Бумынь 552 жылдың қысында жорыққа шығады да, жужандарды толығынан жеңіп шығады. Анағуй өзін - өзі өлтіреді, ал оның ұлы Яньлочен одақтасы циліктерге қашып кетеді   [ 11 ].

      Осы кезден  бастап түрік билеп – төстеушілері  қағандар атағын алады. Сөйтіп, аварлардың бұрынғы күш – қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. Бумын Ильхан ( Ельхан) лауазымын алады, бірақ 552 жылдың  аяғында қайтыс болады [8]. Таққа оның баласы ( кейбір деректерде оның інісі делінеді) Қара Ыссық ( Қара – Еске) отырады, оның бастауымен Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат ( Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара – Еске жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Қара – Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап  аты Йанту болады.

Мұқан қаған таққа отырысымен, әкесі мен ағасының ел басқарудағы  жүргізген саясатын әрі жалғап, қағанаттың ішкі тәртібін нығайтумен бірге, мемлекеттің іргесін кеңейтіп, еліне ел, жеріне жер  қосуды мақсат етіп, төңірегіндегі елдерді жаулап алуға кіріседі. Бұл бағыттағы ісін ол, алдымен, жыужандардың қалғандарының көзін жоюдан бастайды. Әскерін тікелей өзі бастап барып, жыужандардың Дуншу сылиін талқандайды. Дыншу сыли соңына ерген елден,       мал – мүліктен түгел айырылып, аман қалған үш мың жауынгерімен қашып барып, Батыс Вэй империясының қол астына тығылады.

Бұдан кейін жыужандар  тарапынан әзірге келер қауіп  жоғына көзі жеткізген Мұқан қаған  енді ат басын батыстағы күшті  көршісі идалдарды (эфталиттерді) жаулап алуға бұрды. Тәуелсіздікке жаңа қол жеткізіп, мемлекетін қалыптастырып жатқан түріктер тарапынан өздеріне басқыншылық шабуыл болады деп күтпеген идалдар қамсыз еді. Сол қамсыздықтың зардабын шеккен олар түріктерден күйрей жеңіліп, ата мекендерін тастай қашып, батысқа қоныс аударады.

Бұл Мұқан қағанның билік тізгінін қолға алғаннан кейінгі алғашқы ірі жеңісі еді. Ол осындай ұлы жеңіспен рухтанған әскерін бастап келіп, енді Шығыстағы мықты көршілерді чидандарға (қидандарға) тиіседі. Сөйтіп, олардың да күш біріктіріп, қарсыласуына мүмкіндік бермей, ата мекендерінен қуып шығырды.

Бұдан кейін ол сол бетінде  кідірмей, теріскей шетте жатқан қырғыздарды  да (чигудіде) жаулап алады.

 Мұқан қағанның Ұлы  Даладағы жорықтарын жергілікті халықтар жаулап алудан гөрі түрік тектес халықтарды  біріктіру мақсатындағы жорық деп қабылдағанын көрсетеді. Билігінен айырылғысы келмеген шағын топтың болымсыз қарсылығы болмаса, Мұқан қағанның қалың бұқара қарсылығын көрмей, айтулы ірі жеңістерге  соншалықты тез жетуінің сыры да осында болса керек.

Мықты деп есептелінетін  көрші елдердің бірінен соң бірін бағындырып, жолындағысыынң бәрін жапырып, жайпапа өте шығатын жойқын тасқын селдей тойтарыс көрмей келе жатқан Мұқан қағанның сұрапыл қимылдарынан қарадай зәресі ұшқан шекара сыртындағы басқа шағын елдер бұдан кейін оның айбынынан  именіп, елшілерін  жіберіп, өздерінің  еріктерімен қағанат құрамына кіретіндіктерін жарыса хабарлай бастайды.

Мұқан қаған әуелі батысындағы  көршісі идалдарды талқандааудан  бастап, содан кейін шығыстағы көршісі чидандарды ата мекнінен қуып шығып, Сары теңізге қарай айдап салады. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде, мемлекеттінің іргесін айтарлықтай кеңейтіп, шығыста Лиау – хайдан батысқа қарай Си- хайға дейін он мың ли, оңтүстікте шөл даладан солтүстікке қарай Бэй ханға дейін 5 – 6 мың ли жерді иеленді. Осылайша Түрік елі шын мәніндегі Ұлы қағанатқа айналады. Бұған дейін айдап салудың азғыруына еріп бір - бірімен қырқысып жатқан ұсақ хандықтар, тайпалар “Түрік” деп аталатын қоғамдық ірі бірліке ие болды. Осы бірлік арқылы олар өздерінің құдіретті қуатын сезінді. Жаңа өркениет – Түрік өркениеті  туды. Ұлы дала тұрғындары ортақ бір тілде- түрік тілінде сөйледі. Түрік халықтарының бәріне ортақ өз жазуы – Түрік жазуы жүйелене жетілдіріліп, халықаралық қатынаста қолданыла бастады.

Елінің күшейіп, қуатының артқанын толық сезінген Мұқан қаған енді Батыс Вэй империясына арнайы елші жіберіп, қол астына барып паналаған Дыншу сыли бастаған үш мың жыужанды өзіне шығарып беруді талап етеді. Шығыс Вэй мен аралары бұрынғыдан         да ушығып, әскери арбалар қозғалысқа түсіп тұрғанда, күні өтіп, енді жеке ел болудан қалған шешуші шайқасқа  серік болуға шамасы жоқ Дыншу сылиді қорғаймын деп, қаһарлы көршісін өзіне қарсы қойып алудан қорықан, бұл кезде бар билікті өз қолына алған Үй-він       Тай амалсыз Мұқан қағанның талабын орындауға мәжбүр      болады. Сөйтіп, олар Дыншу сыли бастаған үш мың жыужанды Батыс Вэй империясының астанасы Чанан қаласының шығыс жақ қақпасынан (көк қақпадан) шығарып, Түріктердің қолына береді. Талай жыл жыужандардың қорлығын көріп, қанына қарайып        қалған түріктер оларды сол жерде жас балаларына басқасын түгел қырып салады.

Осылайша күні кеше ғана бүкіл далаға дара қожалық жасап, әмірін жүргізіп тұрған құдіретті Жыужан қағандығының соңғы қағаны бастаған үш мың адамы, ең болмаса, қолдарына қару алып, жауларымен жағаласып    та өле алмай, қорлықпен мерт болады.

Бұдан кейін Түрік қағанатының  жағдайы бұрынғыдан да жақсара түседі. Шығыстан енді оған иық теңестіріп қарсы тұрар күш жоқ еді.    

 Мұның бәрі 552 – 554 жылдардың  арасында болған. Жаңа хан қатал  да рақымсыз, батыр да ақылды болады  және соғыстан өзге ештеңемен де      шұғылданбайды. 553 жылдың күзі бітер кезде ол      жыужандарды тағы да жеңеді. Ци императоры өзінің бақытсыз одақтастарын қабылдап, оларды өкшелеп келе жатқан түріктерді тойтарып тастайды. Бірақ жыужандар Қытайлармен санаспайды. Өздерінің          малынан, дүние мүлкінен айырылған, еңбек – бейнетке үйренбеген олар қарақшылық жасай бастайды да, Ци       үкіметі 554 жылдың көктемінде оларға қарсы әскер жібереді. Жужандар тағы да жеңіледі. Сосын 555 жылдың жазында Ци импреаторы оларды өз жерінен түзге қуып жібереді де, жыужандарды сонда түріктер тас – талқан етеді. Жуан –жуандардың бір бөлігі Кореямен Солтүстік Қытайға қашады, ал бір бөлігі батысқа келіп “аварлар” деген атпен орнығып қалады. Жыужандар            сөйтіп құрып бітеді де, түріктер ұлы Даланың бүкіл Шығыс бөлігінің қожасына айналады. Жужандарды талқандағаннан кейін, түріктер өздерінің көшпелі көршілеріне қарсы әрекеттер жасауға кіріседі  .

 Бумын қаған мен  Қара Еске қағанның мұрагері Мұқан қаған  (553 – 572)  Оңтүстік батыс Маньчжуриядағы монғолдың қидан тайпсы  мен Енисейдің   алу арқылы елінің Орталық Азия мен Оңтүстік Cібірдегі билігін түпкілікті  етеді.[12]

     VI ғасырдың 70 жылдары  түрік әскері шалғайдағы Қара  теңіз жағалауындағы Боспорға  жорық жжасап, оны  басып алады.  Сондай – ақ осы жылдары  қағанат Солтүстік Қытай мемлекеттері – Солтүстік Чжоумен Солтүстік Циді бағындырады. Мұны айқындайтын бір себеп, одақ жөніндегі шарт бойынша, Чжоу империясы түріктерге  жыл  сайын 100 мың кез  жібек төлеуге  мәжбүр  болды.

       572 жылы Мұқан қаған қайтыс  болады. Оның  інісі, әрі мұрагері  Тобохан  Чжоу империясымен қатынасын үзбей, Ци империясымен бітімге келеді. Чжоу салық     жарнасын төлеуден бас тартқан кезде, бұрынғы жағдайдың қалпына келуі үшін түріктердің әскер күшімен сес көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Түріктер жортылуынан қорыққан Ци империясы бітім салығын төлеймін деп            күллі қазынасын сарқады. Бұл мемлекеттердің тәуелділігі Мұқан мұрагері Таспар ( Тобохан) қаған кезінде тіпті күшейе түсті. Таспар қаған: Тек Оңтүстіктегі екі бала ( Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз – дейді екен  [13 ] .

     Ұлы  Түркі қағандығы өте қысқа мерзім ішінде Сары теңіз бен Қара теңіз арасында жатқан тайпаларды біріктіріп бір орталыққа қаратады – сол өлкені еркін жайлаған соғдылар Түркі қағандығына қарсы тұра алмайды.

     Қытайдың  қазіргі солтүстік – шығысындағы өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлан - байтақ  өңірде Түркі қағандығы құрылып, басқару ордасы Орхон өзенінің бойына орналасады. Монғолияны, Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар Түркі қағандығына бағынады.

 

 

 

    1. Көне Түріктердің мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі.

 

    Ерте  Түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық  – саяси жағдайда өмір сүрді.  Түріктердің бірнеше мемлекеттері  болғанымен олардың ішкі саяси құрылысы, тұрмысы мен шаруашылығы ұқсас, тілдері мен мәдениеті бірдей еді. Түріктер қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілері болды.

 Көне Түркі  мемлекеттерінің ең жоғарғы   билік иесі – Тәңір текті  Ұлы Қаған. Өкіметтің де, үкіметтің  де          жарлығын, үкімін, шешімін қабылджаушы бірінші  адам –  қаған. Қаған әскер  басылары мен мемлекеттік аппаратты және ұлыстарды билеген бектерді, жадтарды, елтеберлер мен жабғуларды т.б. бекітті, орнынан босатты. Сондай – ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп – қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот  билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің             ережелерін бекітті.

Информация о работе Өсиет бойынша мұрагерлік