Авторлық құқық бұзушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:28, курсовая работа

Описание

Қазіргі қоғамның кез келген, яғни саяси, әлеуметтік , өндірістік саласының мемлекеттің эконмикалық дамуымен байланысты процестер эконимкалық жағбдайларды нашарлатуға әкелңп соқты. Аталған қылмыстың экономикалық құрылымдағы мотиві әртүрлі болып келеді, оның ішінде адам өміріне және денсаулығына қарсы, жеке басының бостандығы, ар- намысына қарсы, отбасы мен жасөспірімдерге қарсы, халық денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қылмыстарды жасауда доминантты болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

авторлық құқық бұзушылық.doc

— 289.28 Кб (Скачать документ)

Фонограммаларды пайдалануда сабақтас құқық объектілерін заңсыз пайдалану деп  орындаушылардың құқықтары н бұзуды айқындайды(«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 37 бабының 2 тармағы). Яғни бұл құқық бұзушылыққа  бұрын жазылмаған орындауды немесе қойылымды жазу, орындау немесе қойылым жазбасын орындаушы келісімнсіз  ойнату(«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 37- бабының 3 тармақшасынан басқа).

Фонограмманы жасаушы құқықтың  объектілерін заңсыз пайдалану деп фонограмма жасаушының келісімінсіз  келесі әрекеттерді пайдалану жатады:

8        фонограмма таралымдарын тарату: сату, өткізу және прокат т.с.с;

9        тарату мақсатымен фонограмма таралымдарын импортқа шығару.

Фонограмма таралымдрын импортқа шығару жөніндегі фонограмма жасаушының  құқығы  келесі екі жағдайда көрініс табады:

1        егер фонограмма таралымдары  Қазақстанға енгізіп, осы жерде таралса, онда оларды тарату тарату құқығына түседі;

2        егер фонограмма  таралымдары Қазақстан шекарасына оларджы тарату үшін енгізіліп, бірақ таратылмаса, онда бұл әрекеттер  фонограмма жасаушылар рұқсатымен   жүзеге асуы тиіс.

Аталған баптың бірінші бөлігі жауапкершілікті  келесі жағдайларға қарастырады:

10   авторлықты иемдену;

11   авторлас болуға мәжбүр ету.

Қылмыстың объективтік жағының екінші белгісі болып  авторлықты иемденіп алу  табылады. Бұл жерде бөтен тұлғаның туындысын  толық көлемде немесе жартылай өз атынан шығаруы (плагиант); авторлас кезінде басқа тұлғаның аты- жөнін көрсетпей, туындыны өз атымен шығару;  өз  шығармашылық еңбектерінде басқа авторлардың туындыларын сол авторға сілтеме көрсетпей пайдалану.

Бейнекассеталар түріндегі бейне туындыларды жасауда авторлық құқықтың осындай объектілеріне қатысты    авторлықты иемденіп алу болмайды. Себебі, контрафактілі бейне кассеталарды жасаушы тұлға әрқашан белгілі бір тұлғаның(құқық иеленушінің)  құқығы болып табылатын  бейне туындыны көшіреді.  Сондықтан бейне қарақшылық  авторлықты өзіне иемдене алмайды.

Контрафактілі бейне өнімді таратушы тұлға  авторлықты иемденбей,керісінше,  шынайы атын,  өзінің қылмыстық ниетін жасыру  немесе  контрафактілі тауарды белгілі құқық иеленушінің арнайы рұқсаты бар туынды ретінде көрсету  мақсатымен  бейнекассеталар ды, беткі қабын, фирманың тауар белгісін , тіпті голограммаларын жалған етуі мүмкін.

«Авторлықты иемдену деп  белгілі бір еңбекте өзінің шығармашылық  үлесін қоспаған тұлға  өзін басқа тұлғамен жасалған  әзірлеменің авторы деп есептеуін айтады».(5)  бейне туындыны жасау кезінде авторлықты иемденіп алу теориялық жағынан бір ғана жағдайда мүмкін. Мысалы, 10 таралымда бейне компания бейнефильм шығарып, бірақ белгілі себептер бойынша оны таратпады делік. Қандайда бір бейнеқарақшы  бұл фильмнің бір таралымын ұрлап немесе оны көшіріп алып, кейіннен оны көп таралымда басып шығарып, титрларында өзінің атын жазады. Бұл жерде, әрине, авторлықты иемденіп алу (плагиант) болады, бірақ  тәжірибеде мұндай жағдайлар жоқ.

Контрафактілі бейнетуындыларды анықтау, егер авторлық құқық әрекетін ҚР ҚК –нің 184- бабының объективтік белгісін дәрежелеуге жатқызса, онда авторлық құқық объектілерді пайдалану бейнетуындылардың контрафактілік даналарын таралымға жіберу және (немесе)  сату түрінде жүргізіледі.

Авторлық құқықты беру  әрқашан жазбаша түрде бекітілген авторлық келісімшарт бойынша жүргізілетінін білу маңызды(«Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 32- бабы 1 тармағы). Сондықтан тергеу (алдын ала тергеу) барлық жағдайларда қылмыстық іске авторлық келісім- шартты тігіуі керек. Авторлық келісім- шартта келесі жағдайлар қарастырылады:

а) автор айрықша авторлық құқықты құқық иеленушіге береді;

б) автор айрықша емес құқықты  береді.

Осы жағдайларда айрықша авторлық құқық кез келген үшінші тұлғалардан бұл құқықты қорғау мүмкіндігін береді. Ал айрықша емес авторлық құқық талаптарды тек келісілген әріптестерге ғана қоя алатындығын ескеру қажет. Сонымен айрықша құқық- шексіз құқық, ал айрықша емес авторлық құқық- қатысты(міндетті) құқық.

Авторлық келісім- шарт жағдайларын қылмыстық істің нақты жағдайларынмен (туындыны пайдалану тәсілдері, авторлық құқықты беру көлемі, мерзімі, оларды пайдалану т.б.) салыстыру жолымен тергеу (алдын ала тергеу) авторлық құқықтың айрықша объектілері заңсыз  пайдалану фактілерін анықтауы керек. Осыған байланысты келесі бес жағдай маңызды болып табылады:

1        авторлық келісім- шартта авторлық құқықтың жүзеге асырылу территориясы туралы көрсетілмесе, онда келісім- шарт бойынша берілетін құқықтық  әрекет ҚР территориясымен шектеледі;

2        авторлық келісім- шартта авторлық құқық  берілетін мерзімі анықталмаса, келісім- шарт қол қойылған кезден бастап, егер қолданушы келісім- шарт бұзылуы туралы 6 ай бұрын ескертілсе, онда 5 жылдан кейін бұзылады.

3        Авторлық келісім – шарт бойынша  туындыны пайдаланудың барлық  құқығы тура берілмесе, онда берілмеген болып есептеледі;

4        Авторлық құқық бойынша берілген құқықтар, егер келісім- шартта тура көрсетілсе,  басқа тұлғаларға толықтай немесе жартылай берілуі мүмкін.

5        Авторлық келісім- шарт  бойынша  міндеттемелерді орындамаған немесе дұрыс орындамаған жақ басқа жаққа келітірілген барлық шығын мен жоғалтып алған пайдасының орнын толтыру керек «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 34- бабының 1 тармағы).

Практикадан қарағанда теориялық түрде авторлық құқықты, сондай- ақ «өңдеуші – режиссерлердің» құқықтарын  құқық иеленушілердің өздері де бұзады. Мысалы, өңдеуші- режиссер әрқашан  бір уақытта бейнетуындының  әрі авторы  немесе қосалқы автор(кітап бойынша  туындылардан бейнетуынды жасауда) болып табылуы мүмкін және ол айрықша авторлық құқықты бейнекомпонияға 3 жыл мерзімге Қазақстан шекарасында ғана бейнетуындыны тарату талабымен береді. 5 жылдан кейін авторлар мен қосалқы авторлар олар жасаған бейнетуындыны Болгарияда,Ресейде көрсетіліп, онымен қоймай бейнетуынды аударылғанын(дубляждалған) біледі. Авторлар шетелде өз туындыларының көрсетуге рұқсат бермегендіктен, қазақстандық бейнекомпания шетел фирмасына бейнефильмды таралымға беруге ресми құқық берді ме, әлде жоқ па, осы сұрақты анықтау ғана қалады. Егер Қазақстан бейнекомпаниясы  бұл бейнефильмді көрсетуге дегенмен өзінің ресми рұқсатын берсе, онда ол- авторлық құқықты бұзушы. Егер мұндай жазбаша рұқсат берілмесе, онда авторлық құқықты бұзушы- шетел фирмасы.

Келесі залал келтіру түрлерінің болуы кезінде қылмыс аяқталған деп есептеледі:

12   Авторға немесе басқа құқық иеленушіге келтірілген залал;

13   Авторға немесе басқа құқық иеленушіге келтірілген зиян.

Автор болып оның шығармашылық еңбегімен туынды жасалған  жеке тұлға танылады.

«Үлкен  шығын болып 100 айлық есептік көрсеткіштерден асатын сомадағы шығын табылады.  Маңызды зиян оның мөлшерімен, сипатымен, сондай- ақ жәбірленуші үшін бағалы болып табылатын мінезімен анықталады. ҚР ҚК-нің 184- бабының бірінші тармағында көрсетілетін қылмыс құрамы материялды болып табылады».(6)

Аталған баптың екінші тармағы жауаптылықты келесілер үшін қарастырады:

14   Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтың объектілерін заңсыз пайдалану;

15   Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілі даналарын сатып алу;

16   Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілі даналарын тасымалдау;

17   Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілі даналарын дайындау.

Авторлық немесе сабақтас құқықтың объектілерінің контрафактілі данасы- бұл ҚР ратификациялаған халықаралық келісім- шарт немесе Заң ережелерінің күшіндегі авторлық және сабақтас  құқықтарды  бұзғандығымен ұштасатын туындылар, жазып алыған орындаулардың,фонограммалардың, эфирлік және кабельдік көрсетілім ұйымдардың бағдарламалардың дайындалған, таралған немесе басқаша қолдану данасы. Сондай- ақ контрафактілі  деп авторлық және сабақтас құқықтарының объектілерін құқық иеленуші рұқсатынсыз  жойылған, немесе  оларда құқықт басқару туралы мәліметтер өзгертілген, немесе объектілерді қорғаудың техникалық тәсілдерін айналып өтетін заңсыз пайдалынылған құрылымдар көмегімен дайындалған авторлық және сабақтас құқық объектілері.

ҚР ҚК-нің 184- бабының екінші тармағында көрсетілген іс- әрекет үшін жауапкершіліктің болуының қажетті жағдайы болып аталған әрекеттерді үлкен мөлшерде жасалуы тиістілігі табылады. Егер интеллектуалдық меншік объектілерін пайдалануға құқық бағасы 100 айлық есептік көрсеткіштен асса,онда  үлкен мөлшер деп танылады.

Аталған баптың үшінші тармағы, егер екінші тармақта көрсетілген әрекет келесідей жасалса, қолданылады:

18   бірнеше рет;

19   адамдар тобының алдын ала  сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса;

20   ірі мөлшерде немесе ірі мөлшерде шығын келтірілсе;

21   өз қызмет бабын пайдаланған тұлғамен жасалса.

Бірнеше рет жасалғн деп осы баппен көрсетілген қылмыстық әрекетті екі немесе одан да көп рет жасауы түсіндіріледі. Ірі мөлшердегі шығын деп, егер ол бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, саналады. Аталған әрекеттерді  ірі мөлшерде жасау деп, егер интеллектуалдық меншік объектілерін пайдаланудағы құқықтың құны немесе туындылардың немесе фонограммалардың даналарының құны бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, саналады(7).

Қылмыс құрамы формальды болып табылады.

Қылмыс субъектісі болып есі дұрыс, 16- ға толған тұлға танылады,

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. ҚР ҚК- нің 184- бабының екінші тармағымен қарастырылған қылмыс құрамының міндетті белгісі  туындылар немесе фонограммалардың контрафактілік даналарын өткізу мақсаты болып табылады.

ҚР ҚК –нің 184- бабының 2 тармағымен қарастырылған қылмыстың белгілері: бірнеше рет жасалуы, алдын ал сөз байласқан топпен  жасалуы- тергеушілер үшін қиындық туғызбайдығ, себебі бұл белгілер біздің Қылмыстық кодекс үшін типтік және олардың сипаттамасы мәні бойынша басқа қылмыс құрамынан еш айырмашылығы жоқ. Бағдарламаларды, фонограммаларды, фильмдерді заңсыз таралымға жіберуші тұлғалар және осы өнімді жүзеге асуымен айналысатын , сондай- ақ контрафактілі даналарға қап, этикетка жасайтын тұлғалар- бұлардың барлығы қосымша орындаушылар болып табылады, себебі олар өз әрекеттерімен қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл қылмыстарда қосалқы субъектілер болып , егер бұл жағдайда топтың барлық мүшелері бір қылмыстылық мақсатпен әрекет еткен және міндеттерді өзара бөлісіп алған ұйымдасқан топтың әрекеті екені дәлелденбесе, осы мақсат үшін техника, көлік, өзінің сауда орнын берген азаматтар танылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.              Авторлық құқықты бұзумен байланысты қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы.

Қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасының проблемасы криминология мен криминалистикада біріккен нақты мәліметтерді бағалау маңыздылық деңгейінде оны оқып үйренумен қатар, қылмыскер тұлғасының қылмыстық- құқықтық сипаттамасының, зерттеу  объектілерді мінездейтін статистикалық мәліметтерінің қорытындылауын талап етеді.

Құқық бұзушылардың қарапайым модельдерін құру, бұл адамдардың жалпы белгілерін зерттеу қылмыскерді іздестіруді жүргізуде тұлғаларды табу процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтың бұзылуы  жөніндегі істер  бойынша  шетел және отандық соттық- тергеу пактикасын , сондай- ақ ҚР ҚК –нің 184- бабына сәйкес қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерттегенде  айыпталушының ( күдіктінің)  жеке басын сипаттайтын келесі мәліметтерді айқындады. Жағдайлардың  абсолюттік көпшілігінде (80 %) бұл 18-30 арлығындағы жас мөлшеріндегі ер адамдар. Жас мөлшері үлкен тұлғалар, әдетте, қылмыстық топ құрамдарына кіреді. Аталған тұлғалар, әдетте, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте жоқ,  көпшілігі бұрын сотталмаған, бірақ  осыған ұқсас, ҚР ҚК-нің әртүлі баптар (ұрлық, т.б.) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар да бар.

Көп жағдайларда аталған тұлғаларда тұрақты жұмыс орындары болмаған, сол себепті олар белгілі тұлғамен контрафактілік компьютерлік компакт- дискілерді сатумен және қорғаумен байланысты жұмысты орындауға келісім- шартқа отырады.  Тергеу барысында жүзеге асырылған өнімнің контрафактілік екенін  олар біле ме,әлде жоқ па деген сұраққа  жауап берушілер, әдетте бұл жағдайды жоққа шығарады,ал кейбіреулерінің ойынша, аталған өнімді, соның ішінде контрафактілік сипаттағы өнімді сату  қылмыстық  әрекет емес, тек әкімшілік жауапкершілікті ғана қарастырады.

Көп жағдайда контрафактілік тауарды жүзеге асырушы аталған өнімнің сипатын, әсіресе, оның белгілері бойынша, сондай- ақ сәйкес тауардың нағыз бағасы  бойынша таниды. Контрафактілік өнімді (компакт- дискілерді) жүзеге асыру түріндегі авторлық құқық пен  сабақтас  құқықты  бұзу фактілері бойынша тергеу жүргізілген тұлғалардығң көбі жергілікғті тұрғындар болып табылады, яғни олар нәтижесінде қылмыстық әрекет жасаған  қалаларда, қала типтік жерлерде тіркеуде болған. Аталған тұлғалардың ішінде  ауылды жерлердің тұрғындары  көп кездеспейді. Бұл контрафактілі  өнімді өткізу орындары болып, әдетте, қалалық тұрғын жерлерде,көп жағдайларда облыстық және (немесе) аудандық орталықтарда сауда орындары  болып табылады.

Компьютерлік компакт- дискілерді жүзеге асыру бойынша жұмыс техникаға қатысты салада қарапайым білімнің болуын талап етуін ескере отырып (мысалы, сатып алушыға кеңес беру қажеттілігі кезінде), қылмыстық істің материалдарын зерттеу кезінде біз аталған тұлғаның пайда болу сипаты мен деңгейіне көңіл бөліп қарадық. Контрафактілік өнімді жүзеге асырушылар да көп жағдайларда  жоғарғы немесе аяқталмаған жоғарғы білімі бар, немесе жоғарғы оқу орындарында техникалық мамандар бойынша іштеі және сырттай бөлімдерде оқиды, немесе орта мамандықта техникалық білімі бар.

Жұмыс және оқу орындары бойынша тұлғалар негізінде жақсы мінезделеді: мысалы, оқушыларда, студенттерде  көрсетілген анықтамалар бойынша  оқу жөнінде академиялық қарызы, немесе әкімшілік жақтан ешқандай  талабы  жоқ. Бірақ тергеу сұранысы бойынша тұрғын жерден келген жауптар көп жағдайда формальды болады, яғни онда тұлға  аталған мекен- жай бойыша  тұратындығы және оған қатысты көршілерден ешқандай шағымы жоқ екендігі көрсетіледі.  Тергеу нәтижелерін бағалау кезінде   осы категориядағы қылмыстық істер бойынша  куәгер, күдікті,айыпталушы тұлғалар туралы мәліметтерді  тергеумен іздеу  оңтайланбайды.

Қылмыстық істер материалдарының көпшілігініде   жауап беруші контрафактілік өнімді жүзеге асырушылардың  кәрсетілімі бойынша қарасақ, олардың көпшілігі осындай жұмыстарға негізінен, тауар иеленушілермен отбасы және жеке қажеттіліктер үшін демалыс уақыттарында ақша табу мақсатымен ауызша келісімге отырады екен.қылмыс істеріне қарасақ, кғөп жағдайларда қылмыстық топ құрамына туыстары- әйелі немесе зейнеткер ата- аналары, ағасы, апайы; кәмелетке толмағандар және еңбек қабілеттілігі жоқтар кіреді. Қылмыскерлер контрафактілі өнімді алдымен  арзан бағамен сауда орындарынан, қоймалардан аз мөлшерде (20-30 д аналар) алып,осындай сауда  орындарында көтерме бағалармен сатады. Нәтижесінде, егер базарларда жүзеге асырса, сатушылар сауда орындарына бір реттік билет алады.

Интеллектуалдық меншікке қарсы ұымдасқан қылмыс түрлеріне   ( ұйымдасқан қылмыс  ретінде) бұл құбылысты сапалы сипаттамасының нәтиже беретін маңызды белгісі  ұйымдасу деңгейі болып табылады.  А.И.Долгова ұйымдасу деңгейін үшке бөлуді ұсынды. Бірінші деңгейі- ең төменгісі. Қылмыс ұйымдасқан топпен жасалса да, оның ұйымдасуы мен тұрақтылығына қарамастан, онда күрделі құрылым, иерархиясы жоқ және ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасында функциялары нақты бөлінбеген. Осындай жеке топтар   өзінің қауіпсіздігі бойынша ұйымдасуы жоғарғы деңгейлі топтардағы басқа қылмыстық құрылымдарға тез арада өз орнын береді.

Информация о работе Авторлық құқық бұзушылық