Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 10:49, реферат

Описание

Кітапхана-адамзат ақылының киелі мекені, ғасырлар бойы боз жусандай бұрқыраған далалық пәлсапаның қағазға түсіп хатталып сақталған қасиетті орны, жан әлемін жақсылыққа жетелеген даналық дарбазасы. Уақыт толқынында адамзаттың тұрмысына қарай жаңарып, санасына қарай кемелденіп келген кітапхана келбеті қазір мүлде басқа бағытта өзгерді. Озық ақпараттық технологиялар дәуірлеген қазіргі уақытта кітапхана заман ағымымен қатар дамып, мәуелі бәйтеректей жапырағын жайып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 24.00 Кб (Скачать документ)

23 сәуір – Бүкіләлемдік  кітап және авторлық құқықты  қорғау күні

Кітапхана-адамзат ақылының киелі мекені, ғасырлар бойы боз жусандай бұрқыраған далалық пәлсапаның қағазға түсіп хатталып сақталған қасиетті орны, жан әлемін жақсылыққа жетелеген даналық дарбазасы. Уақыт толқынында адамзаттың тұрмысына қарай жаңарып, санасына қарай кемелденіп келген кітапхана келбеті қазір мүлде басқа бағытта өзгерді. Озық ақпараттық технологиялар дәуірлеген қазіргі уақытта кітапхана заман ағымымен қатар дамып, мәуелі бәйтеректей жапырағын жайып келеді.           

23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. Бұл мереке Халықаралық баспагерлер ассосиациясының ұсынысымен қабылданған болатын.  ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1996 жылдан аталып келе жатқан бұл мереке шын мәнінде әлем алдында кітап пен кітапхананың беделін көтеруде. Мереке күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ашық есік күні өткізілді. Мәдени шараға ақын-жазушылар, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Ашық есік күні кітапхана оқырмандары қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер көрмесімен, мерзімді басылымдармен  танысты. «Кітапхана тынысы» деп аталатын слайд-шоу, балғын оқырмандар ойларынан туған сурет-галереясы да осы күні оқырмандар назарына ұсынылды. Ең бастысы, оқырмандар түрлі себептермен «кешіктіріп» алған кітаптарын «айыппұлсыз» бөлімдерге қайтарды. Кітапханаға алғаш келген пайдаланушыларымыз үшін бөлімдерге саяхат ұйымдастырылып, белсенді оқырмандарымыз Алғыс хатпен марапатталды.


Информация о работе Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күні