Құқық бұзушылыққа жол бермеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:30, реферат

Описание

Осындай кең ауқымды науқанға дайындық барысында шетелдегі құқық қорғаушылар тәжірибесі, атап айтқанда, АҚШ, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Польша, Швеция, Шотландия және басқалардың тәжірибелері жан-жақты зерттеліп, енді солардың озық үлгілері біздің қоғамда да көрініс табады деп күтілуде.

Работа состоит из  1 файл

Документ WordPad.doc

— 27.44 Кб (Скачать документ)

         

          Құқық бұзушылыққа жол бермеу

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарын модернизациялау, сапалы кадрлық жаңарту мәселесін шешу, қысқа мерзім ішінде оның бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу туралы нақты нұсқау бергендігі белгілі. Одан соң ел Президентінің 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» атты Жарлығы шығып, е

ліміздің тарихында алғаш рет құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру жөнінен кең ауқымды іс-шаралар бастау алды.

 

Осындай кең ауқымды науқанға дайындық барысында шетелдегі құқық қорғаушылар тәжірибесі, атап айтқанда, АҚШ, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Польша, Швеция, Шотландия және басқалардың тәжірибелері жан-жақты зерттеліп, енді солардың озық үлгілері біздің қоғамда да көрініс табады деп күтілуде.

 

Бүгінгі күнге дейін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау саласы жұмысының тиімділігін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Жыл сайын материалдық-техникалық базаны нығайту үшін қыруар қаржы бөлінуде. Осының бәрі құқық қорғау жүйесінің қоғамның күткеніне сай келетіндей жаңа бейнесін қалыптастыру үшін заманауи негіз қалауға жағдай жасады.

 

Сонымен бірге, бүгінде құқық қорғау органдарының қызметін заманға сай сапалы жаңғыртуды талап етеді. Бұл салада мемлекеттің құқықтық дамуына тежеу келтіретін бірқатар объективті себептерді айта кетсек.

 

Құқық қорғау органдарының басты кеселінің бірі, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа бейімдігі. ҚР Президенті Әкімшілігінен алынған мәліметке сәйкес, 2011 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық бәрінен де ішкі істер органдарында жиі тіркелген - 379 рет. ІІБ қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық баптары бойынша 246 қылмыстық іс қозғалған, мұның өзі бүкіл мемлекеттік құрылымдар ішіндегі ең нашар нәтиже болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметшілер үстінен қозғалған қылмыстық істердің жалпы санының 14 пайызы. ҰҚК Шекара қызметі (33), төтенше жағдайлар (36), Қаржы полициясы (50 қылмыстық іс) органдары сыбайлас жемқорлыққа жол берген.

 

Келесі маңызды мәселе, ол қызметкерлердің Ар-ождан кодексін білмеуі, немесе білсе де оны елемеуі, яғни, олардың дөрекі әрекеттері. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заман көшінен қалып келе жатуы. Яғни, құқық қорғаушы, ол қазақстандағы әрбір азаматтың құқығын қорғауға тырысуы керек емес пе?! Ал егерде ол азаматтың тілін түсінбесе ше?

 

Құқық қорғаушы нәсіліне, ұлтына қарамай кемінде үш тілді меңгеруі қажеттігін Елбасы баса айтты емес пе? Сондықтан, ең бірінші, мемлекетқұраушы ұлт қазақтың құқығын қоғау үшін оның тілін жетік біліп, сөйлеп қана қоймай, жаза да білуі керек. Өкінішке орай, бұған әлі жете алмай отырмыз. Қазір заман өзгеріп, елімізде қазақ ұлтының саны өзгелерден бірнеше есе артып, 70% жеткенінен құқық қорғау органдары әлі бейхабар ма деп қаласың. Кеңестік кезеңнің «сарқыншағы» дейміз бе, құқық қорғау саласы әлі мемлекеттік тілге бет бұрмай, керісінше орысша сайрай жөнеледі, «батпандап кірген ауру, мысқалдап шығады» дегендей бұл сырқат әлі де бар. Сондықтан да құлдық психологиядан арылатын кез жеткенін олар білуі тиіс.

 

Тілге қатысты тағы бір мәселе, ол халықаралық қатынас тілі - ағылшын тілі, елімізге жыл сайын қаншама шетелдік қонақтар келуде, түрлі халықаралық шаралар ұйымдастырылуда, әрі елімізді туризм орталығына айналдырамыз десек, оған біздің тіл білетін құқық қорғаушыларымыз дайын болуы керектігі айқын. Елімізде өткен Азиада ойындары кезінде құқық қорғаушы қызметкерлердің тіл білмей абдырап қалғанының еріксіз куәсі болдық.

 

Еліміздің дамуы үшін құқық тәртібі мен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең басты мәселе, сондықтан да, құқық қорғау органдары ел өмірінде айрықша рөл атқаратыны белгілі. Ендігі басты міндет, қызметкерлер арасынан өз міндеттерін қоғам күткендей тиімді атқаруға толық қабілетті құқық қорғау органдарының бөлімдерін қалыптастыру. Сондықтан да осы міндетке қол жеткізу үшін құқық қорғау қызметкерлерін аттестаттауды өткізуді қоғам болып мейлінше жіті қадағалауымыз қажет. Бұл науқан шын мәнінде өз натижелілігін көрсету үшін, оған қоғамдық бақылау қажеттігі сөзсіз.

 

Сонда ғана, қоғам азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жоғары деңгейде қорғауға қабілетті білікті адал қызметкерлерден, өз елінің патриоттарынан тұратын құқық қорғау органдарының сапалық жағынан жаңарған жеке құрамына қол жеткізетін болады.

 

Қоғамның міндеті - мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына сыни көзқараспен бағдарлай отырып, оның жақсы жүзеге асуына атсалысу. Осылайша, алдымызда жалпы мемлекеттік маңызға ие жауапты жұмыстар тұрғанда, бұл істе қоғам, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар тыс қалмауы керек деп білеміз. 

 

Осындай ел дамуы үшін маңызды сәтте,Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалының басшылығыҚалалық Кеңесімен ақылдаса келе жақында, дәлірек айтсақ үстіміздегі жылдың 18-маусым күні, көтерілген мәселеге өз үлесін қосу мақсатымен Қалалық филиал жанынан Мемлекеттік әрі құқық қорғау органдарының қызметін бақылау және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық комиссия құрды.

 

Бұл комиссияға мүшелікке Партияның Қалалық кеңесінің мүшелері, саясаткерлер, заңгерлер, экономистер, журналистер және т.б. кіріп отыр.

 

Қоғамдық Комиссия өз Ережесін бекітті, әрі алдағы уақытта Партияның Жарғысына, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамаларына сәйкес әрекет ететін болады.

 

Бұл Комиссияның міндеті қоғамдық мониторинг жүргізу және Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қарсы әрекет ету, партияның жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының бағытын түзу, мемлекеттік қызметті арам ниетте пайдаланумен күрес, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

 

Комиссия қызметінің мәніне мыналар кірді: «Ақ жол» ҚДП, қаржы полициясының органдары, мемлекеттік органдар және өзге де қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына қатысу; сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бағдарламасын әзірлеу, жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру, жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру; мемлекет пен қоғамға зор нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы конференциялар, дөңгелек үстелдер және сараптамалық тыңдаулар өткізу; сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметін асыра пайдалануы және өзге де жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып рейдтер өткізу; Партия Жарғысы мен бағдарламасына, Қазақстан Республикасы заңнамасы мен осы Ереженің нормаларына қайшы келмейтін өзге де қызметтер.

 

Комиссия Төрағасы, төраға орынбасары, жауапты хатшы, комиссия мүшелері Партия филиалының Кеңесімен жекелей, немесе, Комиссияның қызметі Партияның саяси бағытына, ҚР заңнамаларына, Партия Жарғысы мен осы Ереженің нормаларына сәйкес сайланып отыратын болады.

 

Сөз соңында қоғам дамуының дамуына бей-жай қарамайтын азаматтарды, тұрлі қоғамдық ұйым өкілдерін, БАҚ өкілдері мен жекелеген журналистерді әріптестікке шақырамын.


Информация о работе Құқық бұзушылыққа жол бермеу