Бил Геитс жайында мағлұматтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:35, доклад

Описание

Гейтс, Билл (Вильям Генри III) (1955 жылы туған) — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрыңғы президенті. Онымен бірге «Майкрософт» туған еді. Әлемдегі ең бай адам, Билл Гейтстің жеке байлығын есептеудің мағынасы жоқ. Ең биік шыңында ол 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, қайта жасады. Мемлекет «Майкрософтпен» сотта- сады, президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды.

Работа состоит из  1 файл

Бил Геитс жайында мағлұматтар.docx

— 25.59 Кб (Скачать документ)

Бил Геитс жайында  мағлұматтар  
Гейтс, Билл (Вильям Генри III) (1955 жылы туған) — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрыңғы президенті. Онымен бірге «Майкрософт» туған еді. Әлемдегі ең бай адам, Билл Гейтстің жеке байлығын есептеудің мағынасы жоқ. Ең биік шыңында ол 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, қайта жасады. Мемлекет «Майкрософтпен» сотта- сады, президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны – оның кенже баласы – қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 40,7 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады. 
Өмірі 
Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell директор- лар кеңесінің және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді. 
Оның әкесінің айтуынша: «Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді». Тербетпелі бесіктен Гейтс әлсіз және кішкентай болып шықса да, оның рухы күшті болатын. Ата-анасы Биллді жергілікті жекеше мек- тепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары бағаларды алушы еді. 
Өмір бойы Гейтс өз «менін» бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата- анасы болды. Биллдің анасы – Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын. Ол өзінің қиқар ұлына өз бөлмесін жината алмаған соң, оны жертөлеге көшірді. Түскі ас кезінде ол Биллді асқа шақырды. Ол жауап бер- меді. Соңында шыдамаған ол интерком арқылы сұрады: 
– Неге жауап бермейсің? Не істеп жатсың? 
– Мен ойланып жатырмын, – деп жауап берді ұлы. 
– Демек сен ойланып жатсың ғой? – деп ызаланды анасы. 
– Иә, мамашым, мен ойланып жатырмын. Ал сен өміріңде ойланып көрдің бе? – Ұлы жанжалға дайын тұр еді. Гейтс бұл кезде алтыншы сыныпта оқитын еді. 
Ұлының бүлігіне алаңдаған ата-анасы психиатр көмегіне жүгінді. Бірнеше сеанстан кейін психиатр былай деді: 
«Ұлдарыңмен айқастан сіздер жеңілесіздер. Сондықтан мен оған жол табуға кеңес беремін. Тіпті физикалық жазалаудың өзі көмектеспейді. Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз». Гейтстің ата-анасы саналы адамдар болатын еді. Олар кеңеске құлақ түрді. «Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз» ... Жылдар өтті, америкалық бизнестің көптеген алыптары өз тәжірибесінде «онымен бәсекелесудің» не екенін біл- ді. Екі онжылдық аралығында Вильям Генри Гейтс III көптеген бәсекелестерді шаң қаптырды. Бірақ ең басты- сы – әлемдегі ең бай адам компьютер дәуірінің символына айналды. 
Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша «А» әріпі) бітірді және «қабілеттілікке» тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сы- ныбы үшін бағдарламасын жасады. 
Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. «Біз бірге әлемді жаулап алуды арман- даушы едік, – деп есіне алады Гейтс. – Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін». Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. «О’кей, – деді Гейтс, – бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын». 
Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Майкрософт» компаниясы келді. Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен жур- нал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Таны- мал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла ала- тын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, олар- да Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мек- теп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды. 
«Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» – деп айқайлап жіберді Гейтс.

Миллиардерлер әлемінде

Баффет, Уоррен Эдвард (1931 жылы туған) — американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекемен- шік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы екінші аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30,5 миллиард доллар есебінде — Forbes тізіміндегі екінші адам.

Әлемдегі ең бай  инвестор, “Berkshire Hathaway” жарналық инвестициялық  қордың басшысы, миллиардерлердің “дәреже  бойынша табеліндегі” №1 адам, Соростың идеялық қарсыласы Уоррен Эдвард Баффет 1930 жылы Небраска штатының үлкен  қаласы Омахада туған. Уоррен мектеп- те жүргенде-ақ капиталист боламын деп шешкен, ал он екі жасында Уоррен миллиардер болуға бекем бел буған. Жас кәсіпкердің дарынды және қабілетті бала болғандығын айта кету керек. Санау жағынан оның таңғаларлық жадысы әлі күнге дейін сақталған.

Қаржылық “гуру” өзі толық түсінбейтін салаларда  іс жүргізуден аулақ жүреді. Және жалпы, ол өмірде “Кең болсаң, кем болмассың” деген ережені уағыздай жүріп, қарапайым ғана ауыл адамының рөлін ойнағанды жақсы көреді. Ол жеңілдікпен 700 долларға сатылған ескі “Хонда” (бір құшақ темір) жүргізеді, көне костюмдер киіп, елге осын- дай тақуа көрінгісі келеді. Магнат арзан пластик жиһазбен жасақталған кеңсесіне шашы ұйпа-тұйпа күйде келеді. Бірнеше ай бойы ауыстырылмайтын галстук пен шалбар тартқышының да әбден тозығы жеткен.

Уоррен Баффет шындығында көп нәрсені керек қылмайды, өзіне көп ақша жұмсамайды. Қызы Сьюзи әкесінен автотұраққа төлейтін ақша сұрағанда, ол одан алынған 20 долларға қолхат сұраған. Говард атты ұлы фер- ма сатып алмақшы болып, әкесінің көмегін сұраған. Бірақ, әкесі бір қызық қылық жасады. Ол ферманы сатуын сатып алып, ұлына жалға берген! Ол фермаға алты жылда екі-ақ рет барып шыққан екен. Мүмкін, миллиардерлердің көзі тірі кезінде балаларын осылай ұстағаны дұрыс та шығар? Бірақ, жуықта Баффет байлығының 99%-ын өзінің Қорына мұраға қалдырғысы келетіндігін айтқан.

Дегенмен, ол өз абыройын да сақтаудан қашпайды. “Беделіңді өсіру үшін жиырма жыл уақыт кетіріп, бес минуттың ішінде түсіріп алуың мүмкін. Кімде-кім осы ту- ралы мықтап ойланып жүрсе, сол бизнесті тиісті түрде жүргізеді”, - деп ақыл айтады ол. Ол өз қызметкерлерін бір ғана сөзбен арқасынан қағып қояды екен: “Істеп жатқандарыңды жалғастырыңдар”.

Әрине, мұның бәрі көзбояушылық. Магнатты мезі қылатын адамдар мен журналистердің артық көзқарасынан қорғайтын, сәтті табылған бейне. Осылайша, акционерлер жиналысында мыңдаған адамдар алдында ол өзінің досы мен орынбасары болып келетін 77-жастағы Чарли Манжер мен өзін былай деп таныстырыпты: “Мен - Уоррен. Ал мынау - Чарли. Ол әлі естиді. Мен әлі көремін”.

Бірақ, Баффет өзі  көрінгісі келетіндей осал, қарапайым адам емес. Бұл алып адам ақшаны төмендегілерге салу керек деп есептейді:

• түсінікті және қарапайым бизнес (мысалы, азық- түлік  өндірісі немесе банк ісіне);

• жағымды ұзақ мерзімді перспективалары бар сенімді компанияларға (мысалы, “Жилетт”, “Кока-кола”);

• халықаралық  франчайзингтік желісі мен кепілдендірілген өсім перспективасы бар фирмаларға (мысалы, “Кока- кола”, “Макдоналдс”);

• күшті командасы бар және берік қаланған тұғыры бар компаниялар (мысалы, “Уолт Дисней”).34

Гейтс, Билл (Вильям Генри III) (1955 жылы туған) — әлемдегі ең бай адам, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрыңғы президенті. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайын- дау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 40,7 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.

Билл Гейтс  – нағыз еңбекқор адам. Гейтсің  өзінің ай- туынша кейде ол шындығында да таңғы сағат 4-ке дейін жұмыс істейтін күндері болады, бірақ жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдары бұл туралы арттырып ай- тады. Өзінің еңбегі күнделікті жұмысы екенін дәлелдеуге тырысып оның «Плейбой» журналының тілшісі Дэвид Ренсинге өзінің әдеттегі жұмыс күнін сипаттауы: «Мен әдетте түнгі сағат он екіге дейін жұмыс істеймін және түскі асымды әріптестерімнің біреуімен бірге ішемін. Жұмыстан кейін үйге қайтамын да, бір сағат шамасында кітап немесе «Экономист» журналын оқимын. Кеңсеге мен әдетте келесі күннің тоғызында жетемін». Отыз миллиард доллары иесінің жұмысқа деген қатынасы осындай. 1993 жылы Билл Гейтс күніне он үш сағаттан, аптасына алты күн жұмыс істейтін болған. Гейтстің жұмысқа қатысты әдеттерін кішірейтіп және маңызды емес нәрсе сияқты си- паттауы Том Монагеннің әңгімесін еске түсіреді. Том Мона- ген ауа райы жағдайына қарамастан аптасына алты күн, үш сағаттан жаттығатын болған – бұл да тек қана күн тәртібін ұстана отырып өмір сүруге ұмтылыс. Осылай- ша Монаген де Гейтс сияқты өздерінің өмір салтын дұрыс деп санап, бұқаралық ақпарат құралдарының шектен тыс қызығушылығына түсінбеушілікпен қараған. Мақсатқа бағытталған новаторлардың ерекшелігі олардың өз мінез- құлқын қалыпты санауында, ал ұмтылысы бұдан төмен болып келетін жұмысшылар мен басшылар мұндай өмір салтын шектен шығу немесе ерсілік ретінде қабылдайды. Гейтс бірінші дәрежелі орынмен ұшудан бас тартқан. Сенбілік кештерді бейнетаспаға жазылған физика бойын- ша дәрістерді тыңдаумен өткізеді. Гейтсті сәнді киім- кешек қызықтырмайды және ол жиі жыртылған киімді де кие береді. Ол үшін киім де ақша тәрізді өзіне қызмет етуі тиіс. Билл кәдімгі жігіт болып көрінуге тырысады және сәнді киім оның басымдылықтары тізімінен соңғы орынды алады. Гейтсті әдетте зияткерлік қабілеттіліктері бойын- ша өзінен қалыс қалатын қызметкерлерге шыдамсыздықпен қарайтындығы үшін сынайды. Бірақ Гейтс сынды қабылдай алатын адам және жылдар өте келе өзі де жақсарып келе жатқандығы туралы айтады. Гейтс түскі асын негізінен өз жұмыс орнында немесе «Фаст-Фуд» мейрамханалары- нан ішеді. Ол ешқашан түскі асты өз үйінен ішпейді деу- ге болады. Силикондық алқап капиталистерінің бірі Энн Винбладтың айтуынша: «Ол әркез тәуекелді қадамдар жасағанды ұнатады».

1990 жылы «Инк»  журналында «Триумф чудака» атты  мақала жарық көрді. Ол мақала Гейтсті былайша сипаттайды: «кинетикалық энергияның тынымсыз шоғыры ... Балалық келбет астында қатыгез бәсекелестікке бейім кәсіпкер жасырынуда ... Соған қоса ол қиқар және зияткерлік тұрғыда тәкаппар бола алады және компьютерлік технологияларды жетік түрде түсінуге қабілетсіз адамдарға қатысты шыдамсыз болып келеді. Өзінің қайсарлығының арқасында Гейтс ойламаған шыңдарға жетуде» (Стивене, 1990). «Уолл-Срит» журналы да Гейтсті «оғаш мінезді миллионерлер» қатарына қосады. Оның жас болуы, киім киісі, бойының ұзындығы, қалыпты емес мінез- құлығы, зияткерлік даму деңгейі мен ойының тереңдігі бұқаралық ақпарат құралдарына оны жоғары технология- лар негізінде өскен нағыз оғаш мінезді адам деп атауға себеп болды. Гейтстің досы Верн Реберн оны былайша сипаттай- ды: «Билл бәсекелестікке бас ұрған адам. Жарысушыларда «қызыл тұман» деген түсінік бар. Олар өздерін ынталан- дыру үшін шырмайтыны соншалық, олардың көздері қанға толады. Билл «қызыл тұман» деген не екенін біледі» (Ю-Эс- Эй, Тудей, 16 қаңтар, 1991жыл). Карл Юнгтің тұлғалық типологиясы бойынша Гейтс интуитивті-ойлаушы типіне жатқызылады. Ол интроверт және «бағалаушы» (жабық) тип. Прометей темпераментіне ие, бұл оған кәсіпкер- инноватор болуына көмектеседі. Билл тәуекелді ұнатады және оның барлық іс-әрекеті қалыптан тыс зияткерлік даму мен тәуекелді бәсекелестікке ұмтылыспен анықталады. Ол жұмысқа табынатын адамдардың бірі. Оның IQ дәрежесі өте жоғары және ол математикалық және рационалды жол- мен ойланады. Оның зияты талдау мен мәселелерді шешугебағдарланған. «Майкрософт» бағдарламашыларының бірі Пол Маритцтің айтуынша: «Билл жай ғана бәрінен де ақылды».

«Майкрософт»  компаниясының бас вице-президенті Скотт Окидің айтуынша Билл «сексен  жасты адамның зияты мен жасөспірімнің гормон алмасуына» ие. Ол өз қабілеттерінің бірегей қайталанбастығын 7-ші сыныпта математикалық тесттен алған бағасымен (800 балл) дәлелдеді.

«Пипл»журналының пікірінше Гейтс нағыз кәсіпкер- инноватордың өзі. «Электр лампочкасын ойлап шығаруда Эдисонның үлесі қаншалықты болса, Гейтстің бағдарламалау саласындағы қосқан үлесі сондай: инноватор, кәсіпкер, сауда- гер және міндетті түрде данышпан».

1991 жылдың сәуірінде «Форбс» журналы мұқаба бетіне Гейтстің суретін орналастырып «Оны біреу тоқтата ала- ды ма?» деген сұрақ берген болатын. Осыдан көп ұзамай, Гейтстің бәсекелестері бірігіп «Майкрософт» компани- ясын күйретуге бел буды. Мақала жарық көргеннен кейін 1980 жылдары Гейтстің бұрыңғы бәсекелестері «Ай-Би- Эм» мен «Эппл» аталған кампанияға араласты. Бұл кам- пания Гейтске қарсы ұйымдастырылған шаралардың ең ауыры еді.

Кәсіби психолог Кэтрин Дункан 1991 жылғы қаңтарда «Ю-Эс-Эй Тудей» журналына Гейтс жеке тұлғасының мінез- демесін берді: «Гейтс бала күнінде кәдімгі болу өзіне сәйкес келмейтінін сезініп, ешкім жүрмеген жолдарды таңдайтын болған... Оның әлемдегі мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол жанып тұрған алау сияқты, оты ыстық және жанармайды қажет етпейді».35


Информация о работе Бил Геитс жайында мағлұматтар