Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:24, курсовая работа

Описание

Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады.

Содержание

1.Кіріспе 3
1.1.Жергілікті өзін-өзі басқару
1.2.Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік
2.Үкімет 3. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды және күшті буыны болуы тиіс 19
4.Пайдаланған әдебиет 22

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ.docx

— 60.83 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

1.Кіріспе                                                                                                             3                                                                                                     

1.1.Жергілікті өзін-өзі басқару                                                                           

1.2.Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік                                    

2.Үкімет                                                                                                                                                                                                                                         3. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды және күшті буыны болуы тиіс                                                                                          19

4.Пайдаланған әдебиет                                                                                    22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Кіріспе

                   1.1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады. Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба, ҚХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды. Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі. Рубасылары мен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайлары мен жиындарында сайланды. Оларға тартыс-таластарды шешуге, өз алдына әскер жасақтарын құруға құқықты өкілет беріліп, рулық қауымдастықтар кең көлемде автономияға айналды. Қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналғаннан кейін, қалыптасқан дәстүрлер түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1867 — 68 жылдардағы реформалардан кейін қазақ даласы ауылдық, болыстық, округтік әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлініп, Ресей империясының қатаң бақылауында ұсталынды. Аға сұлтандар мен болыстарды, билерді сайлау шартты түрде жүргізілді. Басқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті қалыптасқан дәстүрлі басқаруды ішінара сақтап қалды. Сол арқылы қазақ халқының жергілікті маңызы бар мәселелерді ауыл және болыстық жиналыс арқылы өз бетінше шешуіне мүмкіндік берілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қазақстан біртұтас кеңестік басқару жүйесінің құрамына енгізілді. Бір орталықтан басқаруға негізделген қоғам жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырмауға, барынша шектеп ұстауға тырысты. Қазақ КСР-ның 1937 жылғы Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы “Облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, селолық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік билік органдары Халық депутаттары кеңесі болып саналады” деп жазылып, жергілікті кеңестердің құрылуына жол ашылған болатын. Алайда, шын мәніндегі жергілікті өзін-өзі басқару болмады, жергілікті мемлекеттік басқарудың жетегінде кетіп отырды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында бұрынғы жүйеге көп өзгеріс енгізілген жоқ, мұнда да: “Мемлекеттік биліктің органдары болып еңбекшілер депутаттарының кеңесі саналады” деп жазылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық сипатының негіздері көрініс таппады. Қоғамдық-саяси өмірді қатаң бақылауда ұстаған тоталитарлық мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару тәрізді мемлекеттік емес институттардың қызметіне мүдделі болмады. Жергілікті кеңестер партиялық бюрократияның бет пердесіне айналды. Меншікті түгелдей мемлекет иелігіне алу мен бір партиялық идеология жергілікті халыққа өз бетінше іс-әрекет етудің, өзін-өзі басқарудың ешқандай мүмкіндігін қалдырмады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір нышандарының (жолдастық соттар, аудандық, облыстық, қалалық бақылау коммитеттері, т.б.) қызмет аясы мен құзыреті реттелінді. КСРО тарихында тұңғыш рет 1990 жылы сәуір айында жарияланған “КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен шаруашылық жүргізудің жалпы бастаулары туралы” заң жергілікті жерлердегі билікті демократияландыруға қарай жасалынған маңызды бетбұрыс болған еді. Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы әзірленуде.

1.2. Жергілікті мемлекеттік басқару

Жергілікті мемлекеттік  басқару — Қазақстан Республикасының “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңында (23.1.2001) және басқа да заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатын жүзеге асыратын және сол аймақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Жергілікті атқарушы органның құрамына (әкімият) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган кіреді. Жергілікті өкілді органға (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын, халық еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган жатады

Мемлекеттік билік

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

  • заң шығарушы;
  • атқарушы;
  • сот билігі

болып бөлінеді. Билік объектісі  мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

  • авторитарлық;
  • тоталитарлық;
  • демократиялық

болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз  болатын Мемлекеттік биліктің белгілері  мыналар:

  • пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  • пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  • жария-саяси сипатта жүруі,

мемлекеттік мәжбүрлеуге  сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.

2. Үкімет

Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б

Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін.

Парламенттік елдерде Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте — партиялар көшбасшыларының бірі); президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады.

Парламенттік елдерде Үкіметке парламенттің алдында (қос палаталы парламентте төм. палатаның алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның  мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік  коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы  басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен  және парламентке сенім білдірілуімен  аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

 

Президент.

Президент (латын тілінде praesіdens — басшы, алдыңғы қатарда отыратын) — 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т.б.) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды. Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін;

2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т.б.  ұйымдардың басшысы. 

 

Премьер-Министр.

Премьер-министр (ағылшын тілінде prіme — бірінші, mіnіster — басқарушы) — үкіметті басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Премьер-министрді барлық елдерде ресми түрде мемлекет. басшысы тағайындайды. Абсолюттік монархия, дуалистік монархияларда және президенттік республикаларда мемлекет басшысы жеке-дара өз қалауымен тағайындаса, парламенттік елдерде парламентте көп орынға ие болған партияның жетекшісі премьер-министр болады. Премьер-министр үкімет жұмысына жауап береді, үкімет отырысын ұйымдастырып, оған төрағалық етеді, үкіметтің күн тәртібін белгілейді, министрлерге тапсырма береді, олардың жұмысын бақылайды, үкімет қаулыларына қол қояды, өз атынан қаулы мен өкім шығарады. Премьер-министр қызметтен босаса, бүкіл үкімет мүшелері де қызметтен кетеді. Көп елдерде премьер-министр мәртебесі бойынша мемлекет басшысынан кейін екінші лауазымды тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның өкілеттігі уақытша премьер-министрге ауысады. Премьер-министр қылмыстық жауапкершілікке айрықша тәртіпте тартылады (мемлекеттің бас прокуроры ғана іс қозғай алады, ол істі тек жоғарғы сот қарайды, т.б.)

 

Әкім.

Әкім - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

Облыстық (республикалық маңызы бар  қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Облыстық (республикалық маңызы бар  қалалық, астаналық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.

Облыстық (республикалық маңызы бар  қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.

Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдіктің  әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының  басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардың бiрiншi басшыларын тағайындайды.

Қазақстан Республикасындағы  әртүрлі деңгейдегі әкімдер

  • Облыс (республикаслық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімі - (басқа елдерде көбінесе губернатор, префект деп аталады). Оны Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
  • Қала әкімі - (басқа елдерде көбінесе мэр, бургомистр деп аталады). Облыстағы қала әкімдерін облыс әкімі тағайындайды.
  • Аудан әкімі - (басқа елдерде көбінесе супрефект деп аталады). Аудан әкімін облыс әкімі тағайындайды.
  • Ауыл әкімі - Облыстық әкімшіліктің келісімімен аудан әкімі тағайындайды.

Мәслихат.

Мәслихат — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару  туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:

  • аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
  • қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
  • әкім ұсынған әкімшілік — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
  • әкімнің ұсынысы бойынша әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
  • атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
  • ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
  • ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
  • жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
  • мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;
  • халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
  • ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша акимат жанынан консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
  • ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  • ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.

Информация о работе Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік