Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:39, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5
1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары........................5
1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................11
ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................23
III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................33
3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................33
Қорытынды......................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................40

Работа состоит из  1 файл

курсавой мемлекеттик.doc

— 604.00 Кб (Скачать документ)

Экономиканың  қаржы секторын мемлекеттік басқару

 

Мазмұны:

 

Кіріспе.................................................................................................................3

 

 

Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5

 

1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары........................5

1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................11

 

 

ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17

 

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17

2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі  бюджет.................................................23

 

III. Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................33

 

3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................33

 

 

Қорытынды......................................................................................................37

 

Қолданылған  әдебиеттер..............................................................................40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.

Сонымен қатар, қазіргі  кезде мемлекеттік қаржылардың  қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің  өзіне тән әралуан қызметтерін  қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Бүгінгі, мемлекеттік  қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себебін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.

Мемлекеттік қаржылардың  материалдық негізін ақша нысанындағы  құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.

Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.

Экономикалық категория  ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.

Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің  экономикалық негізін мемлекеттік  қаржылық қатынастар, ал нормативтік  – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.

Курстық жұмысымның тақырыбы: "Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты  – қаржы жүйесінің мәні мен  маңызын ашу, Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің негізгі буындарымен  таныстыру.

Курстық жұмыстың мақсатына  сәйкес, осы жұмысты жазуды келесідей  міндеттер қойылады:

- Қаржы жүйесінің ұғымын  ашу және Қазақстна Республикасының қары жүйесінің құрылымымен таныстыру;

- Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен  таныстыру;

- Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесін дамытудың алғы  шарттарының маңызын ашу. 

Курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. I – бөлімінде қаржы жүйесінің ұйымдастырылуы, оның қызметі мен қағидаттары туралы толық талданады. II – бөлімде Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесіне, қаржы министрлігіне сипаттама беріледі. Ал III – бөлімде Қазақстандағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары, яғни, дағдарысқа қарсы саясаттың тиімділігін көрсетуге тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру

 

1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

 

        Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді).

     Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді. Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекетті бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды.[1,25]

       Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.

     «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы; 
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы; 
3) басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық  сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны  жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.

Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа  қаржы жүйесін звенолар бойынша  шектеуге мүмкіндік беретін қаржы  субъектілерінің нышаны бойынша  мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. 
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. 
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды. 
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. 
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.[1,77] 
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.  
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны. 

Оның негізгі қалыптасу  көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар; 

Ә) бюджет субсидиялары; 
 Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;  

В) ерікті түрдегі жарналар.

Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы  қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде  пайдалануға кепілдік береді; қаржы  қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады. 
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. 
 Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.  
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы. 
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала. 

Қазақстан Республикасында  макро- және микроэкономиканың қаржы  жүйесін реттеліп отыратын қаржы  қатынастары мен ақша ресурстарының  жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.[2,45] 
 Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

-  мемлекеттің бюджет жүйесі; 
  - арнаулы бюджеттен тыс қорлар; 
  - мемлекеттік несие; 
  - жергілікті қаржы; 
  - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; 
  - халықтың қаржысы. 

Қаржы қатынастарының алғашқы  үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.  Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл  құрамы екі ірілендірілген бөлікке  біріктіріледі: 

- мемлекеттік және муниципалдық қаржы; 
-  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. 

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды. 
 Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады. [2,84]

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы. 

 
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде  буыншаларға(ондағы қаржының өзара  байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.[3,15] 

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы  жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.  

Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс: 

-  біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

-  екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс. Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:  
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды. 

Информация о работе Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару