Қылмыстық іске кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептері және құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 04:39, реферат

Описание

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).

Работа состоит из  1 файл

қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)


Кулжанова Фарида Сатбаевна

«Тұран» университеті

Заңгер мамандығы, 3 курс

 

Қылмыстық іске кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептері және құқықтық жағдайы

 

         Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).

          Осы мәселенің өзектілігі, қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр. Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді. [1, 33-35 б.б.].

  Жасөсіпірімнің қылмыстық жолға түсуі ең алдымен тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамымағандығымен немесе деформациясымен байланысты. Қылмысқа барған жасөспірімдер мен заңды ұстанушылардың құқықтық, өнегелік және моральдық тыйым салулары туралы білімдері жуықтап алғанда бірдей болғанымен, қылмысқа барған жасөспірімдерде оларды түсіну тереңдігі көп төмен болып табылатындығын зерттеулер көрсеткен. Құқық бұзушылар әдетте қарастырылып отырған құбылыстардың мазмұнын ашпастан және жиі жағдайларда олардың түпнегіздік мәндерін түсінбестен ненің «жаман», ненің «жақсы» екендіктерін атаумен ғана шектеледі. Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің жеке мінез-құлықтарын – «барлығы осылай жасайды», «бұл үшін жазаламайды», «ойланбастан әрекет етіппін», «барлығы жаман» және т.б. деп біржақты және примитивті бағалап отырады. Өмірдің негативті жақтары, оның ішінде криминалды жоспар қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулері үшін жалпы қабылданған моральдық және өнегелі талаптарға қарағанда, біршама таныс және жақын болып келеді. Бұл жерде қоршаған адамдардың мінез-құлықтарын жағымсыз бағалау, негізінен, өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігімен, жұтаңдығымен сәйкестенеді, бұл балалық шақтан бастап спирттік ішімдіктерді қолдануда, ерте жыныстық өмірде, есірткі қабылдауда және т.б. көрінеді [2, 426-427 б.].

   Қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмысқа бару себептерін қарастыруда әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы мәселесі ерекше қатаң мәнге ие. Әлеуметтік құбылыстар сферасындағы себептіліктің үнемі тек объективті ғана емес, сонымен қатар субъективті де сипатқа ие болатындығы мәлім. Бұл қылмыс жасауға да – материалдық өмір, қоғамдық және жеке индивидуалды сана сфераларын қозғайтын себептік тәуелділіктің өзіндік заңдылықтары бар әлеуметтік құбылысқа да қатысты. Объективті түрде бар болып табылатын идеологиялық, моральдық, өнегелік және құқықтық ұстанымдар мен талаптар жеке индивидтің санасында орын алады, меңгеріледі, бағаланады, қабылданады, күшейтіледі немесе жоққа шығарылады.

   Қылмысқа барған  жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына әсер ететін шарттар ретінде, жасөспірім тұлғасының нашар өнегелік қалыптасуын, жанұядағы және мектептегі мәдени - тәрбие жұмыстарының кемшіліктерін, қожайын болудың, иелігін қорғаудың басқарулық кемшіліктерін және т.б. айтуға болады. Бұл себептер қылмысқа барған жасөспірімдердің әлеуметтік жағынан шартталғанын көрсетеді. Өсіп келе жатқан тұлғаның мінез-құлқында нормамен қатар ауытқуларды да туындататын биологиялық фактордың да әсері зор болатындығын ұмытпаған жөн.

   Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының себебін криминологтар әлеуметтік және биологиялық факторлармен байланыстыра отырып толық және арнайы деп бөліп қарастырады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының толық себебі - қылмыс жасаумен себептік және шарттандырушы байланыста болатын әлеуметтік құбылыстардың бүкіл жиынтығын білдіреді. Ал арнайы себеп (өзіндік себеп) бағынбаушылық дәстүрлерге, эгоизмнің, тәртіпсіздіктің және т.б. әдептері мен салттарына жататын әр түрлі жағымсыз құбылыстармен байланысты себептер. Бұндағы бір ғана объективті жағдай қылмыс жасауға тура алып келмейді.Тек барлық аталған себептердің жиынтығы тұлғаға әсер етудің нәтижесінде ғана қылмыстық әрекет немесе қылмыс жасау әрекеттері мүмкін болады [3, 321-325 б.б.].

          Негізінен қылмыстық заңда,қылмысқа барған жасөспірімді әр түрлі терминдармен анықтайды: «қылмыс істеген жасөспірім», «қылмысты тұлға», «айыпкер» т.б. Қалайша, неге осы жасөспірім қылмыс әрекеттеріне барды? Нақты бір қылмыс жасаған жасөспірім қандай жауапкершілік арту керек? Оның қайта түзеу жүйесі қандай болу керек? Қылмыскер жасөспірім қалыптаспас үшін қандай ескертулер болу керек? Деген сұрақтарға жауап алу үшін қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғалық ерекшеліктерін талдау керек.

   Заң шығарушы қылмыс барысында жасөспірімнің байқалынған ерекшеліктерін айқындап алуы міндетті. Нақты қылмыс құрамын құрастыруда, жаза мен қылмыстық жауапкершілігін жекелеуінде де қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының жеке индивидуалдылды ерекшеліктері еске алынады. Қылмыскер жасөспірімді сипаттау – жеке адамның маңызды қасиеттерін типологиялық – криминогендік анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Жасөспірімнің қылмыстық тұлғасы – ол сол тұлғамен істелінген қылмысқа себеп болатын, жеке адамның типологиялық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Қылмыс негізінен жеке адам қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағына қатысты шартталынған адамның ой құрылымы жүйесінің бұрмалануынан іске асады. Жасөспірімдер қылмыстық мінез-құлық себебін өздерінің жағымсыз жақтарынан емес, басқалардың мінез-құлқынан, сыртқы қоршаған ортадан көреді. Әдетте олардың өзіндік бағалауы жоғары болады, ал бұл олардың адекватты емес бағалауын,  тұлғасында құндылық аясының бұзылуын көрсетеді. Қылмыстың мотивациясы қылмысқа барған жасөспірімнің жағымсыз, яғни  пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты тұлғалық қасиеттерден құралады. [4, 142-144б.б.].

     Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:

1. қылмыстың түрімен–объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен; 

2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;

3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;

4. қылмыс жасаудың жағдайымен;

5. жұмсарту жағдайының бар болуы;

6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі мінез-құлқы. [5, 46-47 б.].

Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек  қараған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке  баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған  орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре  түзеліп кетер деп  қылмыстық әрекеттер істеген баласының  әрекетіне  немқұрайлы  қарайтын  ата-ана ма?

Қылмысқа барған жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Жасөспірімнің өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты  бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетке жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.

Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы  қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы, үрейлетуінің итермелеуі арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып  жатады. Осыған орай қазiргi кезде бiздiң жасөспірімдеріміз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар дамуының мазмұнына аса  маңызды көңiл аудару керек. Бүгiнгi таңдағы экономикалық әлеуметтiк жағдайлар отбасы жағдайына үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.

Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б.

Қылмыс жасаған жасөспірімдер ісі  жөніндегі комиссия мен милиция органдарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап, тәртіпке шақырмаушылық көптеп кездесіп жатыр. Қылмысқа барған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда психологтар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере білулері қажет. Себебі, қандай да бір психолог ықпалдар жасамасын, олар жасөспірімнің ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.

Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасаулары, көбінесе олардың ересектерге еліктеуiмен анықталады да, жалпы қылмыстың өсіп отырғанын осымен байланыстырамыз. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады. Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8  пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр [6, 21-23б.].

  Қылмыстық әрекеттің басты себебі – жасөспірімнің пайдалы iспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтiң «Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» – деген пікірімен келісуге болады. Белгілі іспен айналысатын жасөспірімнің қылмыстық әрекетке тек қана кездейсоқ  жолмен баратыны да белгілі. Мектептен тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде жасөспірімдердің әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыспен күй кешеді. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы, көркем өнер мен мәдениеттілікке қызығушылығын дамыту арқылы, көптеген пайдалы іспен  айналысуға итермелеу арқылы қайта тәрбиелеп, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысын азайтуға кішкене болса да ықпалын тигізуге болады.

  Көп жағдайда тасыған күштері бойына сыймай,  алып–ұшып тұратын жасөспірімдер көбінесе өз маңайына өзіне бейім келетін жасөспірімдерді жинап, топтасып қылмыс істеуге, бұзақылыққа әуес болады. Қылмыстың кіші жасөспірімдік шақтың арасында көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан болады. Қазіргі кезде Республикада кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3 пайызды құрайды. 1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық, тонау, ұрлау сияқты қылмыс түрлерінің сәл бәсеңдегенін айтса. Ал 1996 жылмен салыстырсақ, екі есе өскендігі айтылады. Ал, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жылдан-жылға көбейе түсуде. Осыған байланысты мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау органдарының басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесінде: «Біздің елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет құруға қадам басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты. Бұл – шын мәнінде саяси реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне ерекше қауіп төндіреді деп көрсеткен болатын» [7,117-119б.].

          Жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуінің тағы бір себебі, олардың ішімдікке әуес болуы болып табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы жасөспірімдердің басым көпшілігінің талап - тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдіке құмарлануынан көрінеді. Осыған байланысты А.Вайсберг – қылмыс істеп айыпталған жасөспірімдерді зерттей келе,олардың 41-пайызы, қылмысты мас күйде істеген деген тұжырым жасайды. Осы көрсеткіште қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының күннен-күнге ұлғаюын және олардың қылмыстық әрекеттерге көп жағдайда мас күйінде баратындығын көреміз.

           Қазақстан Республикасы территориясында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің қылмысына арнайы жүргізілген санақ олардың қылмысы азаймай отырғанын хабардар етті. Нақты жүргізілген талдаулар жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының криминогендік жақтарын ашуға көмектеседі.

           Біріншіден, Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған кезде де,  жылдар бойы статистикалық бақылау жүргізуін тоқтатпады. Сол кез бойына жасы толмағандар қылмысының өсуі жоғарылығымен ерекшеленеді, оның өсуі бір бес жылда орташа 14-17 пайызға жеткендігін көрсетті.

           Екіншіден, 1995 жылдан бастап, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының өсуі бір жерде азайғанын көрсетсе, екінші жерде көбейгенін дәлелдей түскендей.

           Үшіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы бір кездері олардың кейбір ауыр түрлеріне қарамастан асып түсті.

Информация о работе Қылмыстық іске кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептері және құқықтық жағдайы