Қылмыстық іске кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептері және құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 04:39, реферат

Описание

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).

Работа состоит из  1 файл

қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

          Төртіншіден,  жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы көбінесе, толық есепке алынбайды. Сарапшы мамандардың баға беруіне қарағанда көптеген қылмыстар ашылмайды немесе тіркеудің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан жасөспірімдер  қылмысқа жеңіл-желпі қарап, келесі қылмысқа оп оңай қадам басады [8, 57-62 б.].

            Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын салалық жағынан талдау маңызды орын алады. Осы тұрғыдан алсақ, жасы толмаған жасөспірімдердің қолымен іске асқан қылмыстарына кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, қорқытып алу, кісі тонау, адамды кепілдікке алу, бұзақылық, мүлікті ұрлау  жатататыны белгілі. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің көп жасайтын ұрлық сияқты қылмысына қоса, соңғы кезде көп кездесетін қылмыстарының көп тараған тағы бір түрі – бұзақылық болып отыр. Қандай да болмасын, болмашы нәрсеге кектенген баладан өшін алу, көше-көшеге бөлініп алып, төбелес ашу немесе ара-тұра болса да кездесетін жайт, ауыл-ауыл болып төбелесу, өтіп бара жатқан баланы мазалап, ұрып-соғу, күш көрсету, жасы толмаған жасөспірімнің бұзақылығына жататын қалыптасқан құбылыс [9, 69-72 б.].

   Жасөспірімнің адамгершілік және қоғамдық саяси мақсатқа деген оң көзқарасын жас күнінен қалыптастыру қылмысқа барған жасөспірімнің ақыл ойы мен өнегелік пісіп-жетілуі деңгейін, олардың өз нанымын кез-келген жағдайда қорғауға дайын болуын, өзін-өзі басқара білуін қамтамасыз етеді. Жасөспірім бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру аса маңызды мәнге ие. Өйткені кез-келген жасөспірімді ең әуелі отбасы, одан кейін мектеп және барлық жағдайда еңбек тәрбиелейді. Еңбек ету қажеттілігі болған жерде тәртіптің бұзылуы және жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өте сирек кездеседі. Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын жер-жерлерде көптеп құру көптеген тиімді нәтижелерді береді

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.       Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.

2.       Столяренко А.М. Прикладная юридическая психология. Юнити, 2001.-639с.

3.       Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.

4.       Романов В.В. Юридическая психология.

5.       Еникеев М.И.  Общая, социальная и юридическая психология. Учебное пособие для вузов.Москва, 2002.-400с.

6.       Абдрасулов Е. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушының алдын-алу».// Заң. 2005.- №6. 21-23 бет.

7.       Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы: Жеті-жарғы. 2004.-504 б.

8.       Ерменбетова Л. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алудағы құқықтық тәрбиенің рөлі». //Юриспруденция сериясы вестник КазНПУ. 2006.- №1. 57-62 б.

9.       Короленко Ц.П. Донских Т.А. Семь путей к катастрофе: Деструктив, поведение в современном мире. Новосибирск, 1990.

 



Информация о работе Қылмыстық іске кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептері және құқықтық жағдайы