Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:05, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
1) қылмыс түсінігі мен құрамы жайында кеңірек тоқталып түсінік беру;
2) қылмыстың әрбір белгісін, яғни қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылықтың жалпы мәні мен мақсаттары туралы кеңірек ашу;
3) бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасындағы қылмыскерлікпен күрес мәселелерін қарастыру және оны алдын – алу шараларына кең түрде тоқталып өту және зерттеу болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстың түсінігі, белгілері.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Адамзат еш уақытта қылмыссыз және қылмыскерліксіз болған емес, ал жақын арада олардан арылады деп ойлау ағаттық болар.

Әңгіме — олардың ауқымында және қоғамға қарсы келуінде. Адамзат тарихы көрсетіп отырғандай, егер қылмыскерлікпен күрес нашар болса немесе мүлде болмаса, қылмыскерлік кең етек алып, қоғам түгелдей қылмыстанып кетеді екен.

Қылмыскерлікпен күрес бұл қоғамға қауіпті құбылысты тізгіндеуге, адамның жеке басының менмендік есебі мен басқа субъектілердің, қоғамның мүдделері арасындағы тендестікті сақтап тұруға мүмкіндік береді; мұктаждыктар мен мүдделерді қанағаттандырудың қоғам үшін неғұрлым қауіпті тәсілдеріне жол бермейді.

Қылмыскерлікпен күрестің ең маңызды негізге аларлык, бастаулары деп мыналарды санауға болады:

1. Алдын алу қызметінің құқық қорғау қызметінен басымдылығы, ал алдын алу қызметінде — мұктаждарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралардың занда көзделген шектеулерден басымдылығы.

2.                      Қылмыскерлікті айқындау, ашу және айыпты адамдарға қатысты занда көзделген шараларды қолдану.

3.                      Азаматтардың кұқыктары мен бостандығын шектейтін шараларды тек заңның бұзылғандық фактісі бойынша және занда көзделген жағдайларда ғана қолдану. Қылмыстық іс-қимылға ниетті, оның болу ықтималдығын ғана негізге алып мұндай сипаттағы алдын ала ықпал ету әрекетіне жол берілмейді.

4.                      Күресті жалпы қоғам болып, жалпы халық болып жүзеге асыру. Мұнда мемлекеттің рөлі ерекше, себебі мәжбүрлеу кұралдары мен институттары мемлекеттің колында. Кылмыскерлікпен күрестің бағытын да мемлекет анықтайды. Бірақ, мемлекеттің талпынысы азаматтық қоғамның барлық институттарының, занды және жеке тұлғаларының талпынысымен өзара байланыста ғана ойдағыдай жеміс беруі мүмкін. Мұны әлемнің барлық кримино-
логтері мойындаған, ол БҰҰ-ның бірқатар қарарларында бекімін тапқан.

5.                      Қылмыскерлікпен күресті зандылық режимінде, тек мемлекеттің Конституциясы, оған қайшы келмейтін басқа заңдар мен заңға тәуелді актілер шегінде, халыкаралық-құқықтық нормаларды сактай отырып жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конститутциясында заңдық күш бар, ол тікелей әрекет етеді және Қазақстан Республикасының барлык аумағында колданылады. Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдар мен басқа кұқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келуге тиіс емес. Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халыкаралық шарттары оның құкықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Егер Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарында занда көзделгеннен өзгеше ереже белгіленсе, онда халықаралык шарттын ережелері қолданылады.

Адамдардың құқықтары мен бостандығын реттеу және қорғау; қауіпсіздік; сот құрылысы; прокуратура; қылмыстық, қылмыстық іс жүргізушілік және қылмыстық-аткарушылық заңнама; рақымшылық және кешіру; федералдық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының басқаруында болады. Ал, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау, зандылықты, құқық тәртібін, қоғамдық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыскерлікпен күресте едәуір маңыздылығы бар бірқатар мәселелер Ресей Федерациясы мен оның субъектісінің баскаруында болады. Қылмыскерлікпен күреске қатысатын органдардың халыктың бақылауында болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «биліктің бірден-бір көзі оның көпұлтты халқы болып табылады», сол сияқты: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік заң шығарушы, аткарушы және сот тармақтарына бөліну негізінде жүзеге асырылады. Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары өзінше дербес». Өзекті мәселелердің бірі — халықтың сот органдарының, басқа да құқық қорғау органдарының қызметіне бақылау жасауының тиімді тетігін ойластыру.

6.                      Қылмыскерлікпен күресті кешенді жүзеге асыру: бір кезеңдерде қылмыскерліктің алдын алу шараларымен ғана, басқа кезендерде құқық қорғау, әсіресе жазалау шараларымен ғана әуестенуге жол бермеу.

7.                      Барлық жеке және занды тұлғалардың заң алдында тендігін қамтамасыз ету.

8.                      Қылмыстық қудалауды үнемдеу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қолдану, және де өлім жазасы сияқты айрықша жазаны, басқадай шешім қылмыстың жаңа құрбандарына және басқа елеулі зиянға алып келетін жағдайда ғана қолдану.

9.                      Жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану, қылмыскерлердің алдында жүру.

10.                  Қылмыскерлікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық және екі жақты ынтымақтастық.

Тек Біріккен Ұлттар Ұйымы шегінде ғана мыналар жұмыс істейді: БҰҰ-ның әділет және қылмыскерлік саласындағы зерттеулер мәселесі бойынша аймақтық институты — UNICRI; Қылмыскерліктің алдын алу жөніндегі Хельсинки институты -HEUNI; БҰҰ-ның Азия және Қиыр Шығыс елдерінде қылмыскерліктің алдын алу және құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі институты —UNAFEI; БҰҰ-ның Латын Америкасының елдерінде қылмыскерліктің алдын алу және балалар қылмысымен күрес жөніндегі институты —ILANUD; БҰҰ-ның қылмыскерліктің алдын алу және құқық бұзушылықпен күрес жөніндегі Африка аймақтық институты —UNAFRI. Кылмыскерлікпен күрес проблемалары және құқық бұзушыларға үндеу жөніндегі Халықаралық конгрестер, семинарлар, симпозиумдер жиі өткізіліп тұрады. [7, 193 б]

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

«Қылмыс түсінігі, белгілері» атты курстық жұмыстың І -тарауында «Қылмыс туралы жалпы түсінік» деп аталып, онда мынадай мәселелер қаралды: қылмыстың жалпы түсінігі, қылмыс ұғымын ашу, Қылмыстық Кодекстің 9 – бабына сәйкес қылмыстың анықтамасын беріп сол бойынша зерттеулер жүргізу заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салу мәселелері қаралды.

Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабында берілген. Осы бапқа сәйкес Кылмыстык  кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық кауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Занды бұзу фактілері, қылмыс жасау, мүлікті ұрлау, экономика аясындағы қылмыс, лауазымдық қылмыстар сияқты қауіпті қылмыс түрлері мейлінше кең тараған. Бұлар мемлекет, қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да қылмыспен аяусыз күрес жүргізу өзекті мәселе болып қалып отыр.

Егер қылмысты жасау – қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс –жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы – оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды. Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса, қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды.

Қылмыс құрамының негізгі белгілері:

5)  қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас;

6)  қылмыстың объективті жақтарын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс – әрекет немесе әрекетсіздігі;

7)  қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасаққаналық, абайсыздық;

8)  қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы.

І –тарау бойынша осындай мәселелер қаралып, кең түрде түсінік берілді.

ІІ-тарау: «Қылмыстың белгілері» деп аталып, онда мынадай мәселелер қозғалды: қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық мәселері.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекелеген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс–әрекеттер істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.

Қоғамға қауіптілік — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін кылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік).

        Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң шығарушы қылмыстың тек осы қоғамға кауіптілік белгісін ғана анықтаумен әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын - жатпайтындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік әрекеттің коғамдық қатынастарға зиян келтіруі немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталады.

Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қолсұғушылық туралы әңгіме болып тұр.

          Кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі саддарына психикалық қатынасы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 19-бабының 3-бөлігі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналық та, абайсыздық та жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Ал, айырмашылығы -  қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.

Қылмыстық Кодекстің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.

Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттің ғана қылмыстылығын және жазаланатындығын анықтауға болады.

ІІ-тарау бойынша негізге аларлық мәселелердің түйіндемесі осылар болып табылады

       ІІІ-тарауында: « Қылмыскерлікпен  күрес және қылмыскерліктің алдын – алу» деп аталып, онда мынадай мәселелер қаралды: қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны, қылмыскерліктің алдын алу, қылмыскерлікпен күрестің міндеті және негізге аларлық бастаулары мәселері.

«Қылмыскерлікпен күрес» термині құкықтық және басқа ресми құжаттарда, сондай-ақ ғылыми еңбектерде кеңінен қолданылады.

«Қылмыскерлікпен кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақстан Республикасында құкықтық тәртіп орнатуда ғана емес, сонымен қатар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда да зор. Соңғы жылдары тек қана жеке адамдардын өміріне, бостандығына, мүлкіне т.б. құндылықтарына қол сұғу қылмыстарының саны ғана өскен жок, сонымен қоса қазіргі күні ұйымдасқан қылмыскерлік, жемқорлық, тапсырыспен кісі өлтіру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды».

«Қылмыскерліктің алдын алу» дегеніміз, бұл — мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың әрі қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыскерліктің детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі. Адамзат еш уақытта қылмыссыз және қылмыскерліксіз болған емес, ал жақын арада олардан арылады деп ойлау ағаттық болар.

Адамзат тарихы көрсетіп отырғандай, егер қылмыскерлікпен күрес нашар болса немесе мүлде болмаса, қылмыскерлік кең етек алып, қоғам түгелдей қылмыстанып кетеді екен.

Қылмыскерлікпен күрес бұл қоғамға қауіпті құбылысты тізгіндеуге, адамның жеке басының менмендік есебі мен басқа субъектілердің, қоғамның мүдделері арасындағы тендестікті сақтап тұруға мүмкіндік береді; мұктаждыктар мен мүдделерді қанағаттандырудың қоғам үшін неғұрлым қауіпті тәсілдеріне жол бермейді.

ІІІ-тарау бойынша осындай мәселелер қаралып, жалпы түсініктер берілді.

Қорыта келгенде менің курстық жұмысымда қаралған мәселелер қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қазіргі таңда қылмыс және онымен күресу, оны алдын – алу сияқты проблемалар қоғамның өзекті де шиеленісті мәселесі.

Мен осы курстық жұмысты жазу барысында  жасаған түйінім: Қылмыс – ол қай кезде де адам өмір сүретін қоғамда болатын жағымсыз құбылыс. Қылмыстың қоғамда пайда болуының әртүрлі жолдары бар, олар негізінен жоқшылық, кедейшілік, маскүнемдіктің етек алуы, отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі сияқты жағдайлардан туындайды, оған қоса менмендік, байлыққа құнығу, бәсекелестік (бизнесте, кәсіпкерлікте т.б.) сияқты қоғамға теріс пиғылдардың әсерінен де туындауы мүмкін.

Адамзат қылмыспен түрліше күрес жүргізді: адамды қылмысы үшін отқа да өртеді, түрлі ауыр жазаларды да қолданды бірақ оны тоқтата алмады. Мүмкін, қылмыс дегеніміз адам өмір сүрген жерде міндетті орын алатын, мүлде жойылмайтын құбылыс шығар. Мұндай теорияларды көптеген ғалымдар ұсынған болатын. Адамзаттың тарихына көз жүгіртетін болсақ бұл тұжырымдаманың қисынға келетініне көз жеткізуге болады.

Сайып келгенде  «қылмысты түп – тамырымен жойып жіберу мүмкін емес, тек оны алдын – алуға болады» деген пікірге келдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1.     Ағыбаев А.Н.,  Қылмыстық құқық ./ Жалпы бөлім/  Алматы: «Жеті жарғы» 2007. – 360 бет.

2.     Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А./ Құқық негіздері/ Алматы: Заң әдебиеті, 2008. – 264 бет.

3.     Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. / Жалпы бөлім/, оқулық – Алматы «Жеті жарғы» 2001 ж, 272 бет.

4.     Ашитов З.О., Ашитов Б.З Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: «Жеті жарғы» 2003 – 296 бет.

5.     Қазақстанның қылмыстық құқығы, /Жалпы бөлім/, Алматы, ЖШС «Издательство Норма – К», 2004 жыл, 216 бет

6.      Мауленов Г.С «Оснавные характеристики преступности в Республике Казахстан». Алматы, «Ғылым» 1999 ж.

Информация о работе Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны