Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:05, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
1) қылмыс түсінігі мен құрамы жайында кеңірек тоқталып түсінік беру;
2) қылмыстың әрбір белгісін, яғни қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылықтың жалпы мәні мен мақсаттары туралы кеңірек ашу;
3) бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасындағы қылмыскерлікпен күрес мәселелерін қарастыру және оны алдын – алу шараларына кең түрде тоқталып өту және зерттеу болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстың түсінігі, белгілері.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

Кінәнің қылмыстық-құқықтық мағынасын асыра бағаламасқа болмайды. Біріншіден, кінәлі жауаптылық қағидасына сүйене отырып, кінә - қылмысты іс-әрекетті қылмысты емесінен ажыратушы ретінде маңызды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес, объективті түрде, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Екіншіден, егер заң шығарушы жауаптылықты кінәнің түріне қарай ажыратса, кінә қылмысты саралауға әсер етеді деген сөз. Мысалы, кісі өлтіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96-бабымен бағаланса, абайсыздықтан өлімге соқтыру – Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 101-бабымен бағаланады. Кінәнің түрі сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянның қасақана әлде абайсыздан болуын (Қылмыстық Кодекстің 103, 111-баптары), ажырататын белгі болып табылады. Үшіншіден, кінәнің түрлері қылмыстарды заңды негізде саралау кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес,ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарға қасақана жасалғаны да, абайсыз жасалғаны да жатқызылса, ауыр, аса ауыр қылмыстар қатарына тек қасақана жасалғаны ғана жатады (ҚК 10-бап). Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар басқа да көптеген жағдайларда, қасақана және абайсыздық жағдайдағы кінәнің айырмашылығы ескеріліп отырады. [5, 67 б]

Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс – әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.

Кінәсіз қылмыста, жаза да жоқ. [1,39 б]

 

 

2.4 Жазаланушылық

 

 

Қылмысқа қарсы жүргізілетін күресте қылмыскерлерге қылмыстық жазаның шараларын, соның ішінде қаталын да қолданып қана қою арқылы ойдағыдай та-бысқа жету мүмкін еместігін күнделікті өмір дәлелдеп келеді. Бұл күресте ескерту шараларының алдын алу шараларының табысқа қосар үлесі анағұрлым мол.

Қылмысқа қарсы күрес барысында мемлекет басқа да шаралар қолданады. Жаза - сондай шаралардың бірі. Қылмыстық құқықтық нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы іске асырады. Себебі басқа құқықтық нормаларға қарағанда бұл - тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тигізетін залалы құқықтық басқа салаларының нормаларының бұзылуынан анағұрлым мол.

Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы мен аумақтық тұтастығын, сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қарастырады.

Қазақстан жерінде бұрын күші болған қылмыстық заңдылықта (1998 жыл-дың 1 қаңтарына дейін - РСФРО-ның 1922 және 1926 жылдардағы кодекстері, сосын Қазақ ССР-інің 1959 жылғы кодексі) жазаның анықтамасы туралы айтыл-мады. Сондықтан, жаңа ҚК қабылданғанға дейін жарық көрген қылмыстық-құқықтық әдебиетте жаза туралы айтылған әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Алайда, олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ және де мазмұндық тұрғысынан олардың бәрі де, жазаның, қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаларға қылмыстық заңдылықтың негізінде мемлекеттік мәжбүрлеудің сот арқылы қолданылатын ерекше шарасы екендігін мақұлдайды.

Біздің республикамыздың қылмыстық кодексі жаза туралы түсінікке төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды осы кодекспен көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады» (Қылмыстық Кодекс 38-бап). Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.

Жаза - мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган, яғни сот арқылы ғана, осы жөнінде шығарылған үкімнің негізінде қолданылады. Ал, үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан, немесе басқадай билік, басқару органдарының атынан қолданылады.

Соттың заңды күшіне енген үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады және Қазақстанның бар аумағында орындалуы тиіс. Үкімде тағайындалған жаза қатаң түрде жеке сипатта болады, яғни ол қылмыс жасаған тұлғаға ғана байланысты және де басқа тұлғаларға (мысалы: сотталған тұлғаның жақындары мен туыстарына) ешқандай қатысы жоқ.

Жазаның орындалуы мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Қоғамды ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы – олардың артында тұрған мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір екендігінде.

Қоғамдық ықпал жасаудың шаралары теріс қылықтар үшін, және де мемлекеттік орган болып табылатын сот арқылы емес, қоғамдық ұйымдар арқылы қолданылады. Сондықтан бұл шаралар теріс қылықты, оны жасаған тұлғаны жағымсыз бағалаудың, қоғамдық мәжбүрлеу мен тәрбиелеудің мемлекет тарапынан емес, қоғамдық орындар тарапынан қодданылатын тәсілі болып табылады.

Жаза - бұл мемлекеттік жазалаудың қылмыстық заңдылық арқылы орнатылған түрі. Қылмыстық Кодекстің 38-бабында жазаның түрлері толығымен қамтылған. Қылмыс жасаған тұлғаға сот жазаның басқа түрлерін қолдана алмайды.

Заңдылық тұрғыдан алып қарағанда, жаза қылмыстың құқықтық салдары болып табылады. Қылмыс пен жаза - бүл екі өзара тығыз байланысты құқықтық ұғым. Мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде жаза - қылмыс сияқты құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.

Жазаға тән оның міндетті қасиеті - жазалау. Жазаны - жазалаудың күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни, сотталған тұлғаны заңда көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді келтіретін жағы деп түсінуі керек. Жаза қылмыскерге қашан да белгілі бір айрылу, қайғы-қасірет шектіреді. Олар тән азабы, рухани азап, қаражатқа немесе басқа сипатта болуы мүмкін. Мысалы, бостандығынан айрылған, қамауға алынған кезде сотталушы тұлға жеке басының құқығының бірқатарынан айрылады. Ең алдымен, ол бостандығынан айрылады, өзінің отбасымен, достарымен, туған-туыстарымен қарым-қатынасы үзіледі. Мүлкі тәркіленіп немесе айыппұл салынғанда, сотталушының қаражатының жағдайы нашарлап кетеді. Ал жазаның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты шарасы лауазым, мамандық таңдау құқығын шектеуге ұласады. Жазаның жазалаушы элементтері оның қорқыныш тудыру сияқты қасиетін алға тартады. Жазалау - жазаның ауырлық деңгейін білдіреді. Жазаның мәжбүрлеуші, жазалаушы жақтары неғұрлым үдемелі болса, жаза да согұрлым ауыр болады. Тағайындалатын жазаның ауырлығы, өз кезегінде, жасалған қылмыстың ауырлық деңгейі мен сипатына, қылмыскердің жеке басына, және де іс бойынша кездесетін басқа да жағдайларға байланысты болып келеді.

Жазалау туралы оның жазаның өзіне тән, міндетті қасиеті екендігін айта отырып, жазалау Қылмыстық Кодексте жазаның мақсаты ретінде қарастырылмайтынын (Қылмыстық Кодекс 38-бап, 2-бөлік) ескеру қажет. Жазалау бұған дейін болған Қылмыстық Кодекстерде де жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. Алайда, жазалауды жазаның мақсаты деп қарастырған да бірталай ғалымдар болған. Атап айтқанда, Н. А. Беляев былай жазған: «Жазаның мақсаты болып табылатын жазалауды біз жасаған қылмысының құнын қайтару үшін құқық бұзушыға айрылу мен қайғы-қасірет шектіру деп түсінеміз». Дәл осындай пікірлер И. И. Карпецтің, А. Н. Таргабаевтың жұмысарында да кездеседі.

Жазаның мемлекеттің мәжбүрлеудің ерекше шарасы ретінде өзіне тән сипатты белгісі бар. Ол - жағымсыз құқықтық салдарға ұшырататын - сотталғандық. Егер де тұлға қайтадан қылмыс жасаса, оның алғашқы жасаған қылмыс үшін сотталғаны қылмыстық жауаптылықты ауырлатушы жағдай болып бағаланады.

Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар тұлғаның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (Қылмыстық Кодекс 13-бап). Қылмыстың қайталануы тағайындалатын жазаның түрі мен мөлшеріне, сол сияқты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде жіберілетін колонияның түріне әсер етеді (Қылмыстық Кодекс 48-бап).

Сот арқылы жазалау кезінде қылмыскер мен оның жасаған, ісіне жағымсыз баға тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, моральдық тұрғыдан да беріледі.

Сондықтан да жаза - қылмыс жасаған тұлғаның атына оның осы белгісі үшін мемлекеттің тарапынан көрсетілген жағымсыз баға болып табылады.

Сонымен, қылмыстық жаза - бұл соттың үкімінде қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаға қолданылатын, істеген қылық үшін жазалаушы қасиеті бар және қылмыс жасаған тұлға мен қылмыстың атына мемлекет тарапынан бетке басуды (жағымсыз бағаны) білдіретін, мемлекеттік мәжбүрлеудің қылмыстық заңдылық арқылы орнатылған шарасы. [5,122 б]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚЫЛМЫСКЕРЛІКПЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСКЕРЛІКТІ АЛДЫН – АЛУ

 

3.1 Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны

 

 

Қылмыскерлікпен күрес дегеніміз жүйелік-кұрылымдық қызмет, ол үш жүйенің жиынтығынан тұрады:

1) күресті жалпы ұйымдастыру;

2) қылмыскерліктен сақтандыру;

3) кұқық қорғау қызметі.

Бұл әлеуметтік басқару салаларының бірі және мыналарға ықпал етеді:

а) қылмыс және қылмыскерлік тудыратын себептер мен жағдайларға;

ә) қылмыскерліктің өз бетімен детерминациялануынан сақтандыру.

«Қылмыскерлікпен күрес» термині құкықтық және басқа ресми құжаттарда, сондай-ақ ғылыми еңбектерде кеңінен қолданылады.

«Қылмыскерлікпен кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақстан Республикасында құкықтық тәртіп орнатуда ғана емес, сонымен қатар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда да зор. Соңғы жылдары тек қана жеке адамдардын өміріне, бостандығына, мүлкіне т.б. құндылықтарына қол сұғу қылмыстарының саны ғана өскен жок, сонымен қоса қазіргі күні ұйымдасқан қылмыскерлік, жемқорлық, тапсырыспен кісі өлтіру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды». [6, 6 б]

        Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыскерлікпен күрес және кұқық бұзушылардың күтімі жөнінде Конгресс өткізіп тұрады. Сонымен қатар бірқатар жұмыстарда «бақылау», «қарсы әрекет», кейде «қылмыскерлікпен соғыс» сияқты ұғымдарды пайдалану керек деген ұсыныстар бар. Бірақ бұл терминдер қаралып отырған мәселенің мәнін толықтай аша алмайды.

«Күрес» — дегеніміз біріне-бірі үстемдік етуді мақсат тұтқан карама - қарсы мүдделердің, топтардың, пікірлердің белсенді қактығысы. Бұл — әр уакытта қандай да бір мақсатты көздейтін қызмет. Заң қорғайтындармен бітіспес қайшылықта болатын мүдделер, кұндылықтар, мақсаттар қылмыскерліктен өз көрінісін табады. Мұндай жағдайдағы мақсат — бәрінен бұрын қылмыскерліктің детерминация және себептілік процесіне, оның өзіне ықпал ете отырып қылмыстық заңның жаппай бұзылуына жол бермеу, ал ол бұзыла қалған жағдайда — айыптылардың қылмыстық іс-кимылдан бас тартуына қол жеткізу және кылмыскерлікті тыю үшін айыпкерлерге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану. Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Сонымен, қылмыскерлікпен күрес дегеніміз - қоғамның қылмыскерлікпен белсенді кақтығысы.

«Бақылау» деген сөз біреуді, бірдемені тексеруді, біреуді, бірдемені байқауды білдіреді.

Бұл ұғымды криминологияда пайдалану әлі күнге дейін көңілге қонарлықтай болған жоқ, себебі әңгіме бұл жерде қылмыскерлікті «байқау» жайында емес.

«Қарсы әрекет» басқа әрекетті жою, «бірдемеге қарама-қарсы жүру, оған кедергі келтіру» дегенді білдіреді. Ал, біріншіден, тек мемлекет қылмыскерлікке кедергі келтірмейді, қайта қылмыскерлік мемлекетке, қоғамға кедергі келтіреді. Екіншіден, күрделі себептік-салдарлық кешені бар, оның ішінде қылмыстық заңнын бұзылуына жол бермеуді, ол бұзыла қалғанда айыптыға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануды қарастыратын әлеуметтік кұбылыс ретіндегі, қылмыскерлікке ықпал ету шараларының барлық жиынтығын қамтымайды.

«Ықпал ету», бұл — бірдемеге қол жеткізу мақсатында біреуге немесе бірдемеге бағытталған біржақты әрекет. «Қылмыскерлікпен күрес» — екі қарама-қарсы тараптың өзара әрекеттестігінің айрықша түрі.

«Қылмыскерлікпен күрес» терминін қолданғанда қоғамның құқықтық негіздері мен қылмыскерлік арасындағы бітіспес қарама-қайшылыққа ғана бола назар аударылатын сияқты. Егер бұл соғысты өмір үшін емес, өлім үшін соғыспен тендестіретін болсақ, онда ол соңғының шеңберіне сыйыспайды. Қылмыскерлікпен күрестегі басты мақсат—оның, алдын алу, адамды қылмыс жасаудан сақтандыру, ал егер оның қылмыстык әрекеті айқындалса — ондай әрекеттің сылтауы мен себептерін білу, оған қолданылатын қылмыстық жазаны басқа шарамен алмастыру мүмкіндігін қарастыру, қажетті әлеуметтік көмек көрсету.

Соғыс жөніндегі дәстүрлі ұғымға бұл сәйкес келмейді, себебі нағыз соғыста бір жақ екінші жақты кез - келген кұралмен жоюға, қалайда оның шабуылын не қарсылығын жаныштауға тырысады. Соғыстың жариялануы дегеніміз, армияға тойтарыс беретін жақтың қажетті қорғаныс қабілеті болуын көздейді. Қылмыскерлікпен күреске қатысты алатын болсақ мұндай ұқсастықта үлкен қауіп жатыр: қылмыскер ұсталған жерде-ақ жазасын алар еді, оған заңсыз мәжбүрлеу әрекеттері қолданылар еді, ал одан қоғамға қауіпті салдарлар туындауы сөзсіз.

Сондықтан армияны қылмыскерлікпен күрес субъектілерінің қатарынан, мүмкін болса, шығарып тастау керек. Армия сыртқы жауларды жеңу үшін керек, ал мемлекетке оны өз азаматтарына қатысты қолдануға болмайды.

Екінші жағынан, қылмыс жасайтындармен келісімге келуге бола ма? Тәжірибеге сүйенсек, оларды тек өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінсе, ары қарай қылмыс жасаудан бас тартса ғана жазадан босатуға және оларға көмектесуге болады. Жаңа қылмыс жасалғанда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қатайып, өлім жазасы немесе өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Информация о работе Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны