Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:05, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
1) қылмыс түсінігі мен құрамы жайында кеңірек тоқталып түсінік беру;
2) қылмыстың әрбір белгісін, яғни қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылықтың жалпы мәні мен мақсаттары туралы кеңірек ашу;
3) бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасындағы қылмыскерлікпен күрес мәселелерін қарастыру және оны алдын – алу шараларына кең түрде тоқталып өту және зерттеу болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстың түсінігі, белгілері.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

Әңгіме тұрақты кәсіби қылмыскерлер, ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың басшылары, олардын белсенді қатысушылары жайында болса, кейбір шаралардың тиімділігі төмен болады.

Қоғам, қаншалықты мейірбанды, адамгершілікті болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе жоғарыда аталған адамдардың қылмыстык, әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң шараларын қолдануы тиіс. Өйтпеген жағдайда көптеген адамдардың өмірін, ар-ожданын, тыныштығын, денсаулығын, мал-мүлкін құрбан етеді. Азаматтардың өздері де өз азаматтарын қылмыскерліктің құрбаны еткен мемлекетке төзе қоймас. Қылмыскерлік пен саясат өзара тығыз байланысты.

Кейбір авторлар «ұстамдылық керек, қылмыскерлікпен күресті соғыс жағдайына дейін жеткізудің қажеті жоқ», дейді, олар уақыт өзгере келе бүгінгі қылмыскер мен жәбірленуші ертең орындарын алмастыруы мүмкін, ал шоқпардын екінші басы бүгінгі шоқпар ұстап тұрғанның басына тиіп қалуы ғажап емес дегенді айтады. Бұл — аса криминологиялық пессимизм теориясы. Өкінішке орай, біздің елдің тарихы, саяси режимі тұрақты емес басқа елдердің тарихы солай деп айтуға әжептәуір негіз берді. Әрине, өмір болған соң қорқынышсыз болмайды, бірақ, күндердің күні сол қылмыстың кұрбаны болып кетпейміз бе? Олай болмас үшін мемлекеттегі саяси және кұқықтық режимнің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап, оларды жүзеге асыру керек, азаматтардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғаудың сенімді жүйесі жасалып, оның тиімділігін көтеретін заңнамалар шығару қажет.

Кез-келген өркениетті қоғам қылмыскерлікке қарсы тұрады, олай болмаған жағдайда ол өз өркениеттігін сақтай алмайды. Ал бұл қарсы тұрушылық қылмыс жасаған адамға қатысты да, жәбірленушіге қатысты да заң шеңберінде жүзеге асырылуға, онда өркениеттік нысан болуға тиіс.

Сонымен, қылмыскерлікпен күресті толық көлемде жүргізу керек. [7, 168 б]

 

 

3.2  Қылмыскерліктің алдын - алу

 

 

«Қылмыскерліктің алдын алу» дегеніміз, бұл — мемлекеттің, коғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыскерліктің детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі.

Біз бұрындары қылмыстылық дегеніміз - күрделі әлеуметтік кұбылыс, сондықтан да оның себептерін ең тиімді қылмыстық саясат та жоя алмайды деп санағанбыз. Қылмыстық заң жүйесі қандайда бір қылмыстың алдын алу мақсатында қылмыскерге, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, жасауға тиіс те. Әңгіме-сол ықпалдың неге тұратындығында, қаншалықты және қандай әдістермен жасалатындығында.

Бұл мәселелерде маңызды саяси-әлеуметтік және идеологиялық мазмұн бар. Қылмыстық саясат құралдары қылмыстылықтың субъективтік және бірқатар жақындау объективтік себептеріне және оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларға ғана ықпал жасай алады.

И. П. Портновтың пікірінше, «таза» түрде қылмыстын алдын-алу дегеніміз - криминогендік факторларды жою және қылмысқа дейінгі кезеңде адамның мінез-құлқын түзету арқылы қылмыстың жасалуына жол бермеу.

Ал, Г. А. Аванесовтың ойынша, қылмыстың алдын-алу мақсатында ықпал жасалынатын объект «өте күрделі құбылыс», онан жеке адам, адамдар тобы, оларды қоршаған орта (оның ішінде тікелей қоршаған орта) және әр түрлі «заттар» - факторлар, себептер мен жағдайлар, мән-жайлар, т.б. жатады.

Алдын-алу объектілері жайында сөз қозғағанда, тіптен, нақты кәсіпорын, аудан, қала, қандай да бір аймақ жайында айтуға болады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын-алуға анықтама берсек, қылмыстылықтың себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою мақсатында мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әр түрлі шараларының жиынтығы [8, 187 б]

       Әңгіме әр түрлі субъектілерден тарайтын кең деңгейлі шаралар жүйесі жайында болып отыр.

«Қылмыскерліктің алдын алу» термині даусыз деп саналмайды, себебі орын алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыскерлік, ол - бар нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда оған дау айтуға болады, бірақ ол ғылыми айналымға кіріп кеткендіктен қалыптасқан ұғымды өзгертіп жатқанның қажеті болмас. Мұндағы басты мақсат - қылмыскерліктің себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, адамдарды қылмысқа жібермеу.

Бұл терминмен қатар «сақтандыру» термині де қолданылады. Кейбір авторлар бұл екі ұғымды синонимдер дейді, кейбіреулері олардың арасында айырмашылық бар дейді. «Сақтандыру» туралы, көбіне, нақты қылмыстардың жолын кесуге қатысты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны жасауға дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара қолдану жайында сөз болады. Бұл тұрғыдан алғанда «сақтандыру» жоғарыда көрсетілген «классикалык» мәндегі қылмыскерліктің алдын алу мен құқық қорғау қызметінің ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жақын тұрған сияқты.

Адам көп жыл бұрын босануға тиіс еді немесе жаңа қылмыс бұрынғымен байланысты емес бұрынғысы - лауазымдық, ал екіншісі — зорлық-пайдақорлық қылмыс, бұл жай адамның жеке басының бағыттылығын көрсетпейді, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу фактісінің өзі оған қатаң режим тағайындауға негіз болады. Қатаң режимдегі колонияны тағайындау туралы мәселені шешуге ықпал ететін маңызды фактор — бұрынғы жазадан босанғаннан бергі еткен уакыт мерзімі.

Егер одан бері неше жылдар өтіп, сол кезеңде адам дұрыс өмір салтын құрса, онда жаңа қылмыс кездейсок, мән-жайлардың салдары деп есептелінеді, ол бұрынғы қылмыспен байланыстырылмайды . [9, 136 б]

        Қылмыскерліктің алдын алу жүйесінде үш түр бөлініп алынады: жалпы, арнаулы және жеке дара алдын алу. Бұлай бөлуге алдын алу қызметінің ауқымы негіз болған.

Қылмыскерліктің жалпы алдын алу дегеніміз — қылмыскерліктің барлық халыққа немесе оның топтарына ықпал ететін, жалпы экономикалық, әлеуметтік және өзге критерийлер бойынша бөлініп алынатын және бұл ретте ондай әлеуметтік топтардың іс жүзінде барлық өкілдеріне қылмыстық іс-қимыл мүмкіндігін жасайтын детерминация және себептілік процестерін жою жөніндегі шаралар жүйесі. Жалпы алдын алуға қатысты алатын болсақ, әңгіме бұл жерде — халыктың басым көпшілігінің қайыршылыққа ұшырау, ал ат төбеліндей адамдардың тікелей қылмыстық іс-әрекеттер жасап байып кету процесін тыйып тастау жайында адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру (жуып-шаю) әрекетіне қарсы қатаң шара қолдану жайында болып отыр. Бұл аса мұқтаждықтан немесе қолы жүріп тұрғандар қатарына қосылсам ба деп криминалдық әрекет-ке ниеттенушілерге тосқауыл болады. Мысалга мынандай жалпы алдын алу шаралары жүзеге асу керек:

1.                      Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, адамдардың іскерлік белсенділігі мен ынтасын көтерудің негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру.

2.                      Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және басқадай жағдайларын жақсартуға, олардың өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржымен, заңмен қамтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру.

3.                      Оқу орындарында «Мемлекет және құқық негіздері» және «Құқықтану» пәндерін оқытудың сапасын жақсарту. Оқылатын сағат санын 60%-ға дейін көбейтіп, курс аяғында емтихан алуды қарастыру.

4.                      Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын-алуды жалпы қоғамдық деңгейде қарастырғанда Қазақстан үшін өзекті проблема-адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу қажет. Нарықтык қатынастарға көшу жұмыссыздар санының көбеюіне әкеліп соқты. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы негізінде Қазақстан халқын еңбекпен қамтамасыз етудің 2004—2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек. Бұл бағдарлама халықты еңбекпен қамтамасыз етудің облыстық, қалалық және аудандык бағдарламалары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін әр түрлі мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыста болуы шарт. Мемлекеттік бағдарлама 4 бөлімнен тұруға тиіс:

а)көрсетілген кезеңде республиканың еңбек рыногінде қалыптасқан жағдай;

ә) еңбек рыногін болжау;

б) еңбекпен қамтамасыз ету, жұмыссыздар санын азайту және жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары;

в) 2004—2010 жылдардағы еңбекпен қамтамасыз ету қоры.

5.                      Республиканың ірі қалаларында кұқық бұзушылықтан алдын алудың кешенді шаралары жасалуға, онда қаланың экономикалық, әлеуметтік, географиялық және басқа ерекшеліктері тескерілуге тиіс. Онда қылмыстылықпен күрестің негізгі проблемаларын жан-жақты қамтитын нақты шаралар және күрестің озық тәжірибелері көрініс табады. Құқықтық тәртіпті қорғау шаралары тар мағынада емес (халық жасақшыларын құру, маскүнемдермен күрес, жатақханаларда тәртіп) кең мағынада қарастырылады, мысалы, халықтың көш-қонын реттеу, қоғамға көндіктіру процесін баскару, қаланың инфракұрылымын дамытуға белсенді қатысу, халықты қоғамдык тәртіпті қорғауға жұмылдыру.т.б.

6.Заңды жалпыға бірдей оқытуды және заңға тәрбиелеуді ұйымдастыру. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, оқитын жастардың және басқа да азаматтардың құқықтық оқу жүйесін кұру.

Халық арасында заңды жан-жақты насихаттау, атап айтқанда, жасалған қылмыс үшін жазаланбай қалу мүмкін еместігіне көз жеткізу, адамды қастерлеуге, оның жеке басын сыйлауға баулу, занды, қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.

7.                      Құқық бұзушылықтың алдын алудың әлеуметтік базасын нығайту. Әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы көпбалалы отбасыларын, зейнеткерлерді, халықтың нашар тұратын топта- рын мемлекеттік қамқорлыққа алу. Ең аз табысты және күн көріс үшін кажетті азық-түлік мөлшерін ауық-ауық қайта қарау. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, ата-анасының қамқорынсыз қалған, жетім қалған балаларға, қарттарға арналған үйлерді көбейту.

8.                      Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру. Құкық тәртібін сақтауға азаматтарды тартудың жаңа нысандарын табу. Жәбірленушілерді, куәлерді қорғауды заң бойынша реттеу. Заңдылықты нығайту ісінде белсенділік танытқан адамдарға әлеуметтік қолдау жасау.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босанған адамдардың әлеуметтік ақталуына көмектесу. Оларды жұмысқа орналастыру жүйесін кұру. Сотталған адамдардың қажетті жұмысшы мамандығын игеру үшін жаза өтейтін колониялардың жұмысын жақсарту және жетілдіру. Әлеуметгік ақтау орталықтарының, бас бостандығынан айыру орындарынан босанып келген адамдарды қоғамға көндіктірудің басқа да нысандарының кызметін ұйымдастыруға көмектесу, оларға қолдау жасау [10, 201 б]

9.                      Жалпы алдын алу шеңберінде жеткіншек ұрпақтың оңтайлы тәндік, рухани және өнегелік дамуы, қандай да бір психо-физикалық ерекшеліктері бар адамдарды (құлағы естімейтін, зағип және т.б.) тиімді әлеуметтендіру мәселесі шешіледі.

Қылмыскерліктің жалпы алдын алу қоғам өмірінің әлеуметтік те, экономикалық та, саяси да, рухани да саласын сауықтыру жөніндегі шараларды қамтиды. Қылмыскерлікпен күрес қоғамның барлық саясатының: мемлекеттік те, әр түрлі мемлекетті емес құрылымдар мен азаматтық қоғамның институттарының қызметінің де ажырамас бөлігі болуға тиіс.

Қоғам өмірінің әр түрлі салаларының өзара әрекеттестік факторларын ескеру керек. Егер экономикадағы немесе әлеуметтік өмірдегі қандай да бір теріс құбылысты тез жою мүмкін болса, оның саяси немесе рухани өмірдің белгілі бір факторларымен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етіп, оны біршама бейтараптандыруға болады.

Жалпы алдын алу шараларын криминологтер емес, басқа мамандар (экономистер, социологтер, саясаттанушылар, әлеуметгік психологтер, басқару мамандары және т.б.) ойластырады.

Қылмыскерліктің жалпы алдын алудағы криминологтің рөлі мыналарға тіреледі:

Біріншіден, қылмыскерліктің себептілігі және детерминациясы жайындағы белгілі бір кезеңнің ақпаратын береді, атап айтқанда, қандай өзара әрекеттестіктердің қандай мән-жайларда қылмыскерлік ретінде қабылданатынын және криминогендік деп бағалануы мүмкін екендігін көрсетеді.

Бұл ақпаратты одан кейін экономистер, социологтер және басқа мамандар өңдейді, ол қайта құру бағдарламаларын, елдің экономикалық, әлеуметтік және басқадай дамуынын мақсатты бағдарламаларын жасау процесінде қоғамдық катынастарды жетілдіру үшін бағдар болады. Криминолог ауа райын болжап, онын қандай болатынын білетін, бірақ азаматтарға плащ кию немесе қолшатыр алу керектігін айтып жатпайтын метеоролог сияқты, дейді профессор А. Д. Берензов. Криминолог, зерттеулерге сүйеніп, неден аулақ болу, неменеге жол бермеу керектігін ғана көрсетеді. Бұл да аз емес. Оңтайлы экономикалық және басқа шешімдерді іздестіру белгілі бір шектерде жүзеге асырылады.

Екіншіден, криминолог, коғамды дамытудың және сауықтырудың әр түрлі бағдарламаларын жасауда консультант ретінде тартылады. Мысалы, қоғамдағы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың жалпы алдын алушылықгағы нәтижелілігін немесе балаларға көмек көрсету бағдарламаларын алдын ала бағалау үшін, немесе қылмыскерлікпен күресті жетілдіру жөніндегі арнайы ұсыныстар қаншалыкты толық ескерілгендігін бағалау үшін тартылады. [7, 176 б]

 

 

         3.3  Қылмыскерлікпен күрестің міндеті мен негізге аларлық бастаулары

Информация о работе Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны