Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:29, курсовая работа

Описание

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................3
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері......................................................................4
1.2 Бұлттартпау шараларының тарихы және түрлері ...............................................................8
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер ............................................17
2.2 Қамауға алудың құқықтық негізі және шарты.................................................................. 19
2.3 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі...................................................................................................26
2.4 Қамауға алу мерзімдері.........................................................................................................31
2.5 Қамауға алудың құқықтық реттелуі және қамаудан босату.............................................33
ІІІ ТАРАУ. Қамауға алуды прокурордың қадағалауы
3.1 Айыпкердің (сезіктінің) қамауға алудың заңдылығын прокурордың қадағалау.......................................................................................................................................36
Қортынды.....................................................................................................................................43
Қолданылған қайнар көздер тізімі.............................................................................................44

Работа состоит из  1 файл

БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 139.97 Кб (Скачать документ)

Қамауға алынғаннан басталған  мерзімді анықтау, сезіктіні ұстаннан басталып, анықтау мен алдын –  ала тергеуді, прокурорда істің жатуы, сотты іске жібергенге дейінгі мерзімді қамтиды. Тергеуді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мумкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе тоқтату үшін негіз болмаған кезде бұл мерзімді аудандық, қалалық прокурорлар тергеушінің дәлелді өтініші бойынша үш айға дейін, ал облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар қолданған дәлелді өтініші бойынша – алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Қамауға алу мерзімін алты айдан астам мерзімге ұзартудың тек істің ерекше күрделігіне орай тергеу бөлімі бастығының облыс прокуроры және орламен теңестірілген прокурорлар қолдаған дәлелді өтініші бойынша Бас прокурордың орынбасары, Бас әскери прокурор – тоғыз айға дейін жүзеге асыра алады. Қамауға алу мерзімін тоғыз айдан астам уақытқа ұзарту облыс прокурорының және онымен теңестірілген прокурорлардың дәлелді өтініші бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағанына айыпталған адамдарға қатысты ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас прокуроры – он екі айға дейін рұқсат етеді. Қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокуротурасының алқасында алдын – ала қаралады. Прокурор заңмен көзделген мерзімнің өтіп кетуі, егер ол заң тәртібінде ұзартылмаса айыпталушыны қамаудан босатудың негізі болатынын ескертуі керек. Тергеу изоляциясының бастығы алдын – ала тергеу кезіндегі қамауға алу мерзімі аяқталған кезде уақыт оздыртпай мерзімі аяқталар кезде жазбаша түрде лауазымды тұлға не органға, қылмыстық істі жүргізуші тұлғаға және прокурорға хабарлау керек. Мерзімі өткеннен кейін прокурордың қаулысымен айыпталушы не босатылады не болмаса мерзімі ұзартылады.

Прокурор қамауға алу  мерзімінің бұзылғандығын мынадай  төменгідей жолдармен анықтайды:

- қадалау өндірісімен  танысу, қамауға алу қаулысы мен  ұстау хаттамасының көшірмесіндегі  қамау мерзімі мен ұстау мерзімін  көру арқылы;

- қамауға алынғандарды  тіркеу кітабы бойынша тіркелген  күнді есептейді; 

- Қылмыстық іс материалдарымен  танысып, сол жерде қамауға  алу қаулысы, ұстау хаттамасы  және өзге де процессуалдық  құжаттармен танысу арқылы;

- Текгеу изоляторларындағы  қамауға алу мерзімін тексеру  арқылы;

Алдын – ала тергеу кезіндегі  қамауға алынғандар тергеу изоляторларында ( уақытша тергеу изоляторларында ) ұсталады. Уақытша тергеу изоляторында отыз тәулік бойы ұсталады. Қамауға алу мерзімін тексеруде прокурор өз мүддесі бойынша не алдын – ала қамауға ұстау бастығының хабарламасы бойынша тексереді. Қамауға алынғандармен сөйлесу, қамауға алынғандардың тіркеу журналы арқылы, құжаттар арқылы тексереді. Осындай құжаттарды зерттей келе прокурор айыпталушылардың ұстау мерзімінің заңдылығын қадағалайды.

«Азаматтарды қамауға  алудағы заңның бұзылған кездегі  прокурордың қадағалау шарасы».

Азаматтардың қамауға  алу кезіндегі заңның бұзылуы  кезінде прокурор алдын – ала  ескерту және бұлтартпаудың шараларын  жүргізу үшін төмендегідей нысандар мен қадағалау әдістерін қолдануға  міндетті.

Прокурор қамауға алуға  санкция бермеу арқылы, заңсыз тергеушінің  қамауға алу бұлтартпау шарасы қаулысын жою арқылы, заңның бұзушылығын болдырмауға  жол бермеу керек. Сонымен қатар тергеуші аса қауіпті қылмыскерлерді қамауға алмаса, айыпкерді қамауға алу бұлтартпау шарасын қолданбауы, оларға қатысты қажетті қамауға алуды жүргізбеу, прокурор жеке өзі айыпкерге қатысты қамауға алу туралы қаулы шығарады немесе тергеушіге нұсқау береді. Әрине, өзінің берген нұсқауының орындалғандығын міндетті түрде тексеру керек. Прокурордың барлық нұсқаулары қамауға алуға байланысты тергеу және анықтама органдарына атқарылуға міндетті.

Заңның бұзылуын анықтаған  кезде айыпталушыны қамауға алғаннан кейін прокурор заң бұзушылықты  болдырмау үшін төмендегідей шараларды  ұйымдастырады:

1. Заңсыз қамауда алынған  тұлғаларды кезек күттірмей қамаудан  босатады және заңға сәйкес  мерзімі өтіп кеткен кезде; 

Бұл шараны жүзеге асыру  үшін прокурор мынадай әдістерді қолданады.

Қамауға алынған тұлғаны  қамаудан босату туралы және бұлтартпау шарасының күшін жою туралы қаулы  шығарылады. Бұндай шешім қандай да болмасын бұлтартпау шарасының негізсіз және мақсатсыз қолданған кезде және кейінде қажеттілігі жойылған кезде қабылданады.1 Бұндай жағдайда прокурор тергеушіге айыпкерден шақыру бойынша келу туралы міндеттемелерден босату туралы нұсқау береді. Бірақ, тәжірибеде көптеген жағдайларда тергеуші бұндай міндеттеменің күшін жоюы аз кездеседі:

- қамауға алу бұлтартпау  шарасын жеңілірек бұлтартпау  шарасының түрімен ауыстыру туралы ( Мысалға, ешқайда кетпеу және  өзін дұрыс ұстау туралы ) қаулы  шығарады.

- тергеушіге қамауға алу  бұлтартпау шарасының күшін жою  туралы нұсқау береді.

Прокурордың, тергеушінің  айыпталушыны қамаудан босату туралы қаулысы кезек күттірмей алдын  – ала қамауда ұстау мекемелерінің  әкімшілігіне атқаруына жіберіледі

2. Сезіктіні ұстау мерзімі  өткеннен кейін, айыпталушы ретінде  жіберу туралы нұсқау береді.

3. Айыпталушының туыстарына, жұмыс істейтін орынның әкімшілігіне  хабарлау туралы және егер  де қамқорында балалары болса,  мүлкін сақтауға байланысты қорғаншылық  шарасын ұйымдастыруға 

4. Қамауға алынған айыпталушының,  бұлтарпау шарасының заң талаптарына  сәйкес келмеген жағдайда заң  бұзушылықты жою туралы ұйғарым  шығарады.

5. Заңсыз қамауға алған  туралы тергеушілер мен анықтама  органдарын тәртіптік жауапкершілікке  немесе қылмыстық іс қозғайды.

Бұлтартпау шарасының  тәжірибе жүзінде көптеп қолданыста болатыны: « ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат »  және « қамауға алу » мәселесі тергеушілер мен прокурорлар  үшін өте күрделі тақырып. Бұл жер екі түрлі қателік жіберіледі:

1/ толық түрде негіз  болмай тұрып ұстауға және  қамауға алу. 

2/ қажетті деген кезде  қамауға алмайды. 

Заңда ескерту бар: егер сезікті  немесе айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхатты бұзған жағдайда қолданылмауы керек. Қамауға алуды тергеуші тек заңда екі жылдан астам жаза тағайындалатын қылмысқа таңдауы керек. Ал санкциясы төмен қылмыскер үшін бұндай бұлтартпау шарасын қолданбайды.

Күнделікті қоғамда болып  жүрген құбылыстарға анализ жасайтын болсақ, тәжірибеде көптеген төмендегідей процессуалдық ұстау кезінде  қателіктер, ақаулықтар кетеді.

Тергеушінің бұлтартпау шарасының  түрі қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған кезде прокурор тергеушіден  дәлелдеменің барлық мән жайын талап  етпеуі керек. Қылмыстық іс жүргізу материалдарында:

а) қылмыстың нақты болғандығы туралы;

б) жасалған қылмысқа қатысты  сезіктіге ұсталғандығы;

Сондықтан прокурор тексеруге  жасалған әрекет дұрыс сараланды  ма, сезіктіге қатысты қамауға  алу дұрыс тұжырымдалды ма, іске қатысты қылмысты қысқарту жоқ па, сезіктіге қатысты толық мәліметтер жиналды ма? бұлтартпау шарасы туралы қаулы және ұстау хаттамасы процессуалдық  талаптарға сай келе ме. Прокурор жауапкершілікті жоятын мән – жайлар бар ма, деген мәселені шешкен кезде ескіру мерзімі өтіп кеткен жоқ па, Рақымшылық актісі болды ма, Қылмыстық жауапкершілік жасына жетті ме. Субъектінің есі дұрыс па.

Прокурордың қадағалауының  қарқынды жүруі алдын ала тергеу кезіндегі адам және азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз етуде  бірден бір кепіл болады. .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Құқықтық мемлекеттегі адам мен азаматтарға белгілі бір  күштеу шарасын қолдану заңда  көзделген негіздер болған кезде  жүзеге асады.Мемлекеттегі мәжбүрлеу  шараларын қолдануға қажеттілік, қылмыс жасаған тұлғаға қатысты  бұлтартпау шарасы, бұл тек құқықтық тәртіпті орнату үшін ғана емес,заңдылықты қамтамасыз ету үшін және қоғамдағы  жеке тұлғаның мүддесін қорғау үшін қажет.

Бұлтартпау шарасы алдын  ала тергеу өндірісі барысында сезікті  мен айыпталушыға қылмыстық істі жүргізуші тұлғаның қолданатын күштеу шарасы.

Қамауға алу- бұлтартпау шараларының  ішіндегі ең ерекше қатал шара және айыпталушының (сезіктіге) бас бостандығын  уақытша айырумен байланысты бұлтартпау шарасы.

Осы дипломдық жұмысты  жазу барысында біз келесідей  тұжырымға келдік;

1.Құқықтың түрлі салаларында  әртүрлі мағынаны білдіретін  бір термин яғни «қамау» қолданылады,  бұл түрлі түсінбеушілікті тудыртады.  «Қамау»термині қылмыстық құқықта , әкімшілік құқығында, қылмыстық атқару құқығында, қылмыстық істер жүргізу құқығында қолданғандықтан,біз «тұтқындау немесе тұтқынға алу» терминін ұсынамыз.

2.Әрекет етуші ҚІЖК  бұлттартпау шараларының нақты  анықтамасы берілмеген. Бұл теория  мен практикада бұлттартпау шаралар  қолданылды қарама-қайшылықты тудыруы  мүмкін. Біз бұлттартпау шарасының  келесідей анықтамасын ұсынамыз: Бұлтартпау шарасы дегеніміз  қылмыс жасаған тұлғаға қатысты  алдын ала тергеу кезінде қолсұқпаушылық  қағидасынан ауытқып, еріксіз  түрде тұлғаға қолданылатын күштеу  шарасының бірі.

3.Қамау – бұл тартпау  шараларының ең қатал түрі  ретінде қылмыстық іс жүргізу  кодексі бекітілген. Ол адам мен азаматтердың конституцияда көрсетілген негізгі заңды құқықтарымен бостандықтарын жүзеге асыруды шектейді, сондықтан да біз, ҚІЖҚ қамау ұғымының барлық белгілерін қамтитын анықтама берілген жөн деп ойлаймыз. Бұл заңсыз қамауға алудың алдын алудың бір шарты болар еді. Қамауға алу – бұлттартпау шараларының ішінде ерекше қатал шара және айыптауышының бас бостандығының уақытша айырумен байланысты, белгілі бір құқықтық шектеумен және қоғамнан оқшаулау арқылы тергеу изоляторының қатан талаптарына бағыну қажеттілігімен байланысты бұлттартпау шарасы.

4. ҚІЖК 150 бап көрсетілген  негіздер қатарына біз қылмыстың  нақты категориясын енгізуді  ұсынамыз. Бұл практикада прокурордың процессуалдық қателіктерін болдыртпау кепілі болра еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған қайнар көздер тізімі

1 Нормативтік құжаттар :

1.1 Қазақстан Республикасының  Конституциясы . Алматы 1995ж, толықтырырулар  мен өзгерістер 1998ж, Алматы «Жеті  Жарғы»

1.2 Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодексі. 1997ж. 16 шілде,  өзгерістер мен толықтырулар 2003ж. 

1.3 Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексі  Алматы 2001ж,толықтырулар мен өзгерістер 2002ж Алматы «Жеті Жарғы»

1.4 Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексіне  түсіндерме 2003ж,Алматы «Жеті Жарғы»

1.5 «ҚР прокуротура туралы»  заңы 1995ж. 21 желтоқсан

1.6 «Жедел іздестіру туралы»  заңы 1994ж. 25 қыркүйек 

1.7 «Ішкі істер органдары  туралы» заң 2002ж. 9 тамыз 

1.8 Комментарий к Уголовно-Процессуальному  Кодексу РСФСР Москва 1999г

2 Арнайы әдебиеттер:

2.2 Алексеев С.С Проблемы  теорий права Свердловск 1981г

2.3 Акинча Н.А Мера пресечения  к несовершеннолетнему обвиняемому  1989г Саратов

2.4 Ахпанов И.С Возбуждение  уголовного преследования и приминение  мер принуждение 1999г Алматы

2.5 Астаншенков В.И Меры  пресечения 1989г Москва

2.6 Белкин Р.А Собирание,исследование  и оценка докозательств. 1989г Москва

2.7 Бородин С.В Обосновонность  процессуальных актов следствия  1979г Волгоград 

2.8 Гуткин И.И Некоторые  вопросы теорий и практики  приминение мер пресечение в  Советском Уголовном процессе 1971г  Москва

2.9 Гуляев А.П , Коморов  В .В, Малиновкин С.М Комментарий  к положению о порядке кратковременного  задержания лиц подозреваемых  в совершений преступлений 1982г  Москва

2.10 Денежкин Б.А Гарантия  неприкосновенности личности и  избрание мер пресечение в  отношений подозреваемого 1986г Москва

2.11 Давлетов А.С основы  уголовно-процессуального познания 1992г Москва

2.12 Зинатуллин С.М Меры  уголовно-процессуального принуждения  1985 Киев

2.13 Заботин Б.Б Что за  показателем? «Известия»1999г 20 мая

2.14 Зинатуллин С.М Следственные  действия 1992г Киев

2.15 Кудин Ф.М Принуждение  в уголовном судопроизводстве 1996 Москва

2.16 Кудин Ф.М Охрана  прав личности и уголовно процессуальное  принуждение 1995 Москва

2.17 Кудин Ф.М Особенности  доказывание 1991 Красноярск

2.18 Кистяковский О.А Мера  принуждение 1995г Киев

2.19 Кудинов Л.Д Процессуальные  основания предворительного заключения  под стражу 1979г Москва

2.20 Куцова Э.Ф Гарантия  прав личности 1979 Ленинград

2.21 Корунков В.И Меры  процессуального принуждения в  уголовном судопроизводстве 1978г  Саратов

2.22 Коминков И.С Проверка  прокурором оснований для процессуального  принуждения 1985 Москва

2.23 Коминков И.С Заключения  под стражу –исключительная мера  пресечения 1988г Волгоград

Информация о работе Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы