Геоақпараттық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:29, реферат

Описание

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

гис1.docx

— 121.24 Кб (Скачать документ)

 

14.Arc Catalog қосымшасы. Қызметі мен ерекшелігі

ArcCatalog – геомәліметтердің  базасын құрастыру мен кеңістік  мәліметтерді басқару үшін, сонымен  қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын  атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың  барлық мәліметтерін құрылымдауға  және басқаруға көмектеседі. Ол  географиялық мәліметтерді іздеуге,  көруге арналған құралдар, метамәліметтерді  құрастыру, көру, басқару, әртүрлі  мәліметтер жиынын тез ашып  көруге, географиялық мәліметтерді  құрылымдауға арналған құралдар  ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды, бірақ  ерекшелігі – редакция жасалмайды.

ArcCatalog қосымшасына содержание, просмотр, методанные жатады. Мысалы  Вектордан шейп файлдың біреуін  таңдап содержаниядан – имясын  типін біле аламыз; ал Просмотрдан  – ArcMapта жасалынған жұмысын  көреміз; Методанныйдан – координатасын  атрибут кестенің бағандарын  көруге болады. Біз ArcCatalogта шейп  файл, персанальная база геоданных  құрамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

15.ArcGIS бағдарламасында географиялық объектілерді бейнелеу әдістері.

Полигоналды әдіс

Нүктелік

Сызықтық

Полигондық әдіс пен мемлекет аумағын, аудандарды, көлдерді бейнелейміз.

Нүктелік əдіс елді-мекендерді белгілейміз.

Сызықтық белгілер әдісі  де көп қолданылады., Жер бетінде  немесе теңізде өзінің нақты бір  орны мен пішіні бар құбылыстар картада  сызықпен белгіленеді. Бұл құбылыстар мен нысандар тобына теңіз, өзендердің жағалық сызықтары, жол, шекаралар  және т.б. жатады.Ерекшелігі - картада  объектінің нақты бейнесі мен  алып жатқан орны, объектінің ұзындығы бойынша сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16.Arc GIS 9.3 бағдарламасында мәліметтерді енгізу және сақтау.Атрибуттар кестесі түсінігі, баған түрлері

Мәліметтерді  алу Географиялық мәліметтер базасы ГАЖ-нің қымбат және берік компоненттерінің бірі, сондықтан оған енгізілген мәліметтер назар аударуға тұрарлық. ГАЖ бағдарламалары әртүрлі мәлімет көздерінен алынатын ақпараттардың әртүрлі типтерін біріктіретіндіктен, мәліметтерді енгізудің көптеген варианттарын қамтамасыз етуі қажет. Бағдарламалық қамтамасыз етулер қағаз карталары мен басқа да сандық емес мәліметтер көзінен автоматты түрде мәліметтерді енгізудің тиімді әдістерін ұсынады. Сандық форматтағы географиялық мәліметтердің жиынтығын қолданушы өз мүддесіне пайдалану үшін, мәліметтерді қызмет көрсету нарығындағы кез-келген ГАЖ-ге айналдырудың сан алуан мүмкіндіктері баршылық.

Мәліметтерді  сақтау. Географиялық объекттерді веторлық немесе растрлық форматта ұсынуға болады. Векторлық мәліметтер: мәліметтердің векторлық үлгісі нүктелер, сызықтар және полигондарды пайдалана отырып карталарды құру арқылы географиялық объекттерді ұсынады. Координаттардың Декарт жүйесі (Х, Y) объекттердің шынайы-әлемдік орналасуына сілтеме жасайды. Векторлық үлгідегі нүктелер, сызықтар және полигондар туралы ақпараттар Х, Y координаттар жинағы түрінде кодталады және сақталады. Сызықты объекттер, нақтырақ айтсақ жолдар, өзендер немесе құбырлар Х, Y координаттарының жинағы ретінде сақталады. Өзендердің су жинайтын орындары, жер телімдері немесе қызмет көрсету облыстары сияқты полигондық объекттер тұйық координаттар жинағы ретінде сақталады. Векторлық үлгі дискреттік объекттерді сипаттау үшін ыңғайлы және топырақ типтері немесе объекттердің қол жетімділігі сияқты үздіксіз өзгермелі қасиеттерді сипаттауға аз сәйкес келеді.

Растрлық мәліметтер: объекттердің Х, Y координаттарынан басқа, мәліметтердің  растрлық үлгісі пиксельдер санын белгілейді. Растрлық формат кеңістіктік талдау және грид-форматта мәліметтерді сақтау үшін жақсы сәйкес келеді. Растрлық үлгі үздіксіз қасиеттері бар жұмыстар үшін оңтайлы. Растрлық бейне жеке қарапайым  құрамдастар үшін мағыналар жиынтығын  құрайды, ол сканерленген карта немесе суретке ұқсас. Сипатталған екі  үлгінің де өздеріне сәйкес келетін  артықшылықтары мен кемшіліктері бар, бірақ ГАЖ-де екі үлгі де бірдей пайдаланылады.

Атрибуттық деректер –  географиялық нысан туралы қосымша  дерек береді. Кеңістіктік деректер базалық карта құрастырудың негізі болса, атрибуттық деректер бұл картаға  үлкен мағына мен арнайы ерекшелігін  береді. Векторлық деректер моделі-графикалық ақпарттардың нүкте, сызық, көп бұрышты  түрде берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы, құбыр, жол, аудан шекараларына қолданғанға ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең ұяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде көрінеді. Олар деректерді сақтауға және талдауға ыңғайлы. Әр ұяшықтың класқа немесе категорияға қатыстылығын анықтайтын мәні болады.

Əрбір нүктедегі объектінің сандық сипаттамасы  бар, яғни биіктік  өлшемі бар. Осы бізде бар мəліметтерді карта бетінде көрсету үшін атрибуттар кестесіне (Atribute Table) енгіземіз. Ол үшін биіктік белгілері қабатына барып, тышқанның оң жағын басамыз. Ашылған  терезеден Open Atribute Table деген команданы  таңдаймыз. Atribute Table кестесінде кез-келген қабаттың үш бағыты болады: FID,SHEP,ID.

              FID- реттік номері;

              SHEP- атауы (полигон, сызық, нүкте);

              ID- поля;

Жаңа мəліметтерді енгізу үшін Atribute кестесінің ішіндегі Options қатарына барамыз, ашылған терезеде қосылатын  поляның атын жазамыз. Оның типін  таңдаймыз.  Геометриялық үшінші əдіспен  берілген кеңістіктегі объектілер туралы мəліметтер карта бетінде жазу арқылы беріледі. Мұндай карталық мəліметтерсіз  картаны оқу мүмкін емес. Содықтан əрбір объектіні салғанда оның сандық жəне  сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне  толтырамыз.

 

 

 

 

19.ArcМар қабаттырының символдары

ArcМар қабаттарының символдарымен жұмыс жасау үшін; өзімізге керекті қабатқа барып, мысалы, нас-пункты (оң жақ кнопка)→ свойства→ симболыды ашамыз. Показать:

Пространственные объекты: единый симбол

Категории: Уникальные значения

Уникальные значения. много  полей

Сопоставить с символами  стиля

Количество: Градированные цвета

Градированные симболы

Пропорциональные симболы

Точечный способ

Диаграммы: Круговая диаграмма

Столбчатая/Линейчатая

Стековая

По нескольким атрибутам: Количество по категориям

Осы арқылы біз диаграмма  құрай аламыз, категорияларға бөле аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20.Arc Toolbox қосымшасының қызметі

ArcToolbox. ArcToolbox мәліметтерді  өзгерту, картаның координат жүйелерін  басқару және проекциясын өзгерту  үшін қажетті құралдармен қамтамасыз  етеді. ArcToolbox пайдаланудың қарапайымдылығы  үшін ArcCatalog-тан тасу операцияларын  қолдайды. ArcToolbox мәліметтерді қайта  өзгерту және кеңістікте талдау  үшін қосымша және біршама  күрделі құралдармен қамтамасыз  етеді. 18 құралдар жинағы бар. Оларға:

  1. Data Interoperability Tools
  2. Mobile Tools
  3. Анализ
  4. Геокодирование
  5. Инструменты  3D Analyst
  6. Инструменты Geostatistical Analyst
  7. Инструменты Network Analyst
  8. Инструменты Spatial Analyst
  9. Инструменты Trancking Analyst
  10. Картография
  11. Конвертация
  12. Многомерные данные
  13. Примеры
  14. Пространственная статистика
  15. Серверные инструменты
  16. Системы линейных координат

17.Схематика, 18.Управление данными

22.Картаны безендіру  жұмыстары

Кез-келген ArcGIS-программасында құрастырған картаны электронды түрде сақтауға жəне қағаз бетіне шығаруға болады. Осы мақсатқа сай  оларды безендіруде əртүрлі талаптар қолданылады. ArcGIS-программасында барлық редакциялық жұмыстар Вид данныхта жүргізіледі, ал Вид компоновкиде безендіру  жұмыстары жүргізіледі. Картаны  безендіру жұмыстары төмендегідей жүргізіледі: Вид данныхтан Вид  компоновкиға өтеміз.

1. Карта масштабын нақты масштабқа келтіреміз. Ол үшін Слои →Свойство→Фрейм данных→фиксированный масштаб командасына белгі қоямыз→ОК. Карта масштабы қағаз өлшемін қалай өзгертсек те өзгермейді.

2. Карта тақырыбын жазу: Вставка →Заголовок→карта бетінде текст пайда болады→картаның атын тереміз→ENTER. Карта тақырыбын карта масштабына сай шрифт өлшемін, түсін береміз, тиісті орнына қоямыз.

3. Карта масштабын шақыру. Масштабтың екі түрін көрсетуге болады: сандық жəне сызықты_;

а) сандық масштабта:Вставка → текст масштабы→ ашылған терезеде масштабты_

бірнеше текстік түрлері болады. өзімізге қажетті түрін таңдаймыз→ОК.

б) сызықтық масштабта: Вставка  →масштабная линейка→ашылған терезеде сызықтық масштабтық бірнеше түрі болады, керектісін та_даймыз→ОК.

4. Солтүстік бағыт белгісі ( Стрелка севера). Вставка→Стрелка севера→ашылған терезеде бірнеше түрлері болады, керектісін таңдаймыз→ОК.

5. Карта легендасын шақыру. Вставка→ Мастер легенды терезесі ашылады, картаның бетіне шығарылатын қабаттарды екінші қабатқа өткіземіз.→Далее→Далее→ГОТОВА. Карта бетіне барлық қабаттардың  шартты белгілері шығады.

Картаны баспаға шығару процедуралары. Картаны безендіру жұмыстарынан кейін дайын болған картаны қағаз бетіне басып шығару үшін төмендегі операциялар орындалады. Карта өлшемін тексереміз.Оның 3 түрі бар. Ол үшін, яғни оң жағын басып,

  1. Бет пен баспа параметрі ( параметры страницы и печати ) → Use printer paper settings → Show printer margins on layout
  2. Файл → Print previe
  3. Файл→ Печать → Число копий → OK

 

 

 

 

 

 

 

21.Карта бетіндегі объектілерді жазу технологиясы. Оларға қойылатын картографиялық талаптар

   Шартты белгілерден басқа , карталарда көп санды жазуларды қатысады. Олар құрамның маңызды элементін құрастырады , бейнеленген обьектіні түсіндіреді , олардың сапалық және сандық мінездемесін көрсетеді ,анықтамалық мәлімет алу үшін қызмет етеді . Жазулар картаны байытады , бірақ оның оқуын бір уақытта төмендете алады . Жазулардың үйлесімді сан құруы және олардың дұрыс орналастырылуы картографиялық туынды жасауда маңызды мақсатты құрастырады.

Карта бетіне жазу ең бірінші  надпис жасап аламыз, сосын, аннотация  құрамыз. Геометриялық әдіспен – полигон, сызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі нысандар туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір нысанды салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау барысында аннотация жасау міндетті емес.

Аннотация дегеніміз –  нысандардың сандық және мәтіндік мәліметтерден  тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:

Нысандардың қажетті мәліметтері  жазылған соң, мысалы, елді мекендердің  атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Нысандардың атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын ауыстыруға болады. Осы жұмысты іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation) → ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады → байланысты нысандар(feature linked). Feature Linked → объектімен байланысты анотация. Сол объектімен байланыста болады, объектіні алып тастағанда аннотация өшіп қалады → Convert карта бетінде аннотация қабаты қосылады. NP_Anno

1. Астана  2. облыс орталықтары 

3. қала     4. басқалары

Аннотация жасаған кезде  ескерілетін жағдайлар:

  • карта масштабын көрсету керек;
  • аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі обьекттердің картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек. .  Аннотация қабатында объектілер қанша класқа бөлінсе, сонша кластан туратын категорияны көрсетеді. Керек уакқытта бір категорияға кіретін барлық объектілердің автоматты түрде өлшемін, түсін, штифтін өзгертуге болады

 

Жазу ерекшеліктері –  карта бетінде объекттерді маркерлеу, пайдаланушыларға тез идентификациялап, карталарды біршама тез интерпретациялауға көмектеседі. ArcMap-та объекттерді олардың  атрибуттарын пайдалана отырып немесе интерактивті режимдегі картада  текстті теріп маркерлеуге болады. Қандай объекттер белгіленген, ярлыктар қайда орналасқан және жазуларды  көрсету масштабын реттеу сияқты көрсеткіштер ақпараттың және картаның дәлдігін жеткізуде өте маңызды. Ярлык символының графикалық сипаттамалары  тексттің дәлдігі мен қандай да бір  мағынасын анықтайды. Текст ярлыгының  орналасуы тексттің шрифтына, көлеміне, орналасуына, масштабына, объекттер  санына тәуелді. Көмекші ретінде ArcMap орналастыру, көлемі және масштабын  өзгертетін және басқа да жазу қасиеттерін  басқаруға мүмкіндік беретін  құралдармен қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28.Электронды карталар  түсінігі. Қарапайым қағаз карталардан  айырмашылығы

Электронды карта- катографиялық  карта, сандық карталар негізінде түрлендірілген. Электрондық карта – сандық картографиялық модель, көзбен көруге немесе көруге дайындалған  экран бетіндегі кескін. Электронды картаның мазмұны кәдімгі белгілі  бір түрдегі және масштабтағы  картаның мазмұнымен сәйкес келеді. Электронды картаның шартты белгілер жүйесіне арнайы шрифттер кіреді. Э. К. қолданылатын  шартты белгілері кәдімгі қағаз  карталардың шартты белгілерінен айырмашылығы бар.

Электронды карталардың  қағаз карталардан айырмашылығы:

Егер картаның легендасы өзгерген жағдайда, картаны өзгертуге болады. Керек жерді үлкейтіп қарауға болады

 

 

 

 

 

29.«Вид компоновки»  мен «Вид данных» панелінің  қызметі.

Вид данных - географиялық қабаттармен  жұмыс жасауға, əртүрлі символдарды  анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік  береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалынады.

Вид компоновки  - вид данныхта жасалған картаны безендіру, яғни легенда  құрастырылады, тақырыбы жазылады, мəліметтер базасы, қағаз көлемі, масштабы жəне т.б. көрсетіледі.

23.Географиялық мәліметтер базасы. Құрылысы, кеңістіктік объектілер класының шейп файлдан айырмашылығы.

Информация о работе Геоақпараттық жүйе