Жүрек. жүректің анатомиялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:29, реферат

Описание

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Работа состоит из  1 файл

журек.docx

— 663.31 Кб (Скачать документ)

   Қарыншалардың қозумен қамтылуы  қозудың өткізгіштік жүйенің  элементтерінен жиырылғыш миокардқа  берілуі арқылы жүзеге  асырылады,  бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын  айқындайтын  QRS жиынтығының сипатының күрделілігін білдіреді. Осы кезде        Q тісі жүректің төбесінің қозғанын, оң емізікше  бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.

   R тісі– жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық  қамтылу үрдісі S тісінің қалыптасуы аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы салдарынан изопотенциалды  сызықта болады.

   Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы үрдістер әр жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың әлі деполяризацияланған бөліктері ( яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасындағы изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар айырмасы  болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін  сәйкес тістің  кескіні   ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен сәйкес келіп, олармен жұтылады. Әрбір Р тістің QRS жиынтығымен сүйемелденбеген кезінде, жүректің көлденең қоршауы кезінде жүрекшелердің реполяризациясын білдіретін  жүрекше тісі Т (T-атриум) байқалады.

     Қарыншалалардың электрлік систоласының жалпы ұзақтығы (Q—T) механикалық систоланың ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікке қарағанда біршама кеш басталады).

    Электрокардиограмма жүректе қозудың  таралуының  бұзылу сипатын бағалауға  мүмкіндік береді. Р—Q ( Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа тең. QRS жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с (сурет 5) құрайды.

    Деполяризация және реполяризация үрдістері миокардтың әртүрлі бөліктерінде бір уақытта пайда болмайды, сондықтан жүрек бұлшықетінің түрлі бөліктері арасындағы потенциалдар айырмасының шамасы жүрек циклі бойы өзгереді. Әрбір берілген мезеттегі  потенциалдар айырмасы аса жоғары болатын екі нүктені қосатын шартты сызық жүректің электрлік осі деп аталады. Әрбір берілген мезеттегі жүректің электрлік осі белгілі бір шамамен  және бағытпен сипатталады, яғни векторлық шаманың қасиеттеріне ие. Миокардтың әр бөліктерінің қозуымен бір уақытта қамтылмауы салдарынан осы вектор өзінің бағытын өзгертеді. Тек жүрек бұлшықетінің потенциалдар айырмасын ғана тіркеу пайдалы болған жоқ (яғни ЭКГ-ғы тістердің амплитудалары), сонымен қатар жүрек қарыншаларының электрлік өсінің бағытының өзгерісін тіркеу де пайдалы болды. Потенциалдар айырмасы шамасының өзгеруі мен электрлік осьтің бағытының өзгерісін біруақытта жазу векторэлектрокардиограмма (ВЭКГ) деген атқа ие болды. 

Жүрек қызметі ырғағының  өзгеруі. 

     Электрокардиография жүрек ырғағының өзгерісін тыңғылықты талдауға мүмкіндік береді. Жүректің қалыпты жиырылу жиілігі минутына 60—80 рет, аса сирек ырғақта- брадикардия кезінде - 40—50 рет, ал аса жиі ырғақта - тахикардияда - минутына  90—100-ден асады және 150- ге жетеді, одан да жоғары болады. Брадикардия спортшылардың тыныштық күйінде жиі тіркеледі, ал тахикардия — интенсивті бұлшықет жұмысы мен эмоционалды қозу кезінде тіркеледі.

     Жастарда тыныс алумен- тынысты аритмиямен байланысты жүрек қызметінің ырғағының үнемі өзгеруі байқалады. Оның мәні әр дем шығарудың соңында жүректің жиырылу жиілігі сирейді.

   Экстрасистолалар.  Жүректің кейбір патологиялық жағдайларында дұрыс ырғақ эпизодты не үнемі кезексіз жиырылуымен (экстрасистола) бұзылады. Егер кезексіз қозу синусты –жүрекше түйіншегінде рефрактерлік период аяқталған мезетте пайда болса, бірақ кезекті автоматты серпініс әлі пайда болмаса, жүректің ерте жиырылуы басталады- синусты экстрасистола. Осындай экстрасистоладан кейінгі үзіліс әдеттегі систола уақытындай созылады. Қарыншалар миокардында пайда болатын кезексіз қозу синусты-жүрекше түйіншегінің автоматиясына әсер етпейді. Осы түйіншек кезекті серпіністі уақытында жібереді, ол қарыншалардың экстрасистоладан кейін әлі рефрактерлік күйде болған моментте қарыншаларға жетеді, сол себепті қарыншалар миокарды жүрекшеден келетін кезекті серпініске жауап бермейді. Содан кейін жүрекшелердің рефрактерлік периоды аяқталады және олар қозуға қайтадан жауап бере алады, бірақ синусты-жүрекше түйіншегінен екінші серпініс келгенше, біраз уақыт өтеді. Сөйтіп, қарыншаның бірінде пайда болған қозумен туған экстрасистола (қарыншалы экстрасистола) жүрекшелердің өзгермеген ырғақты жұмысы кезіндегі қарыншаның ұзақ компенсаторлы үзілісіне әкеліп соғады.

    Адамда экстрасистолалар миокардтың өзінде тітіркену көздері болған кезде, жүрекше немесе қарынша ырғағын  басқарушы аймағында пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке  жүйесінен жүрекке келетін әсерлер экстрасистолаға ықпал ете алады.

Жүректің  дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы.

Патология кезінде жүректің жүрекшелері немесе қарыншаларының бұлшықеттерінің өзіндік бір күйін бақылауға болады. Ол жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы деп аталады (фибрилляция). Осы кезде жүрекшелердің не қарыншалардың бұлшықетті талшықтарының өте жиі және асинхронды жиырылулары  орындалады- минутына 400-ге дейін (дірілдеу, қалтырауы кезінде) және 600-ге дейін (жыпылықтауы кезінде). Фибрилляцияның басты айрықша белгісі жүректің берілген бөлігінің жеке бұлшықетті талшықтарының біруақытта жиырылмауы. Осындай жиырулар  кезінде жүрекшелер немесе қарыншалар бұлшықеттері қанның ығыстырылуын жүргізе  алмайды. Адамда қарыншалар  фибрилляциясы егер оны тоқтату үшін шаралар жылдам қабылданбаса, өлімге әкеліп соғады. Оны тоқтатудың аса тиімді тәсілі электр тогының  күшті соққысымен әсер ету (бірнеше киловольт кернеулі), ол қарыншаның бұлшықетті талшықтарының қозуын тудырады, одан соң олардың синхронды жиырылуы қалпына келеді.

     ЭКГ және ВЭКГ  миокардтың әрекет потенциалының бағыты мен шамасының өзгерісін  кескіндейді, бірақ жүректің ығыстырушы қызметінің ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік бермейді. Миокард жасушаларының мембранасының әрекет потенциалы миокард жасушаларының    жиырылуын жүргізуші механизм ғана болып табылады, ол миофибрилдердің қысқаруымен аяқталатын жасуша ішіндегі үрдістердің белгілі бір тізбектілігін жүзеге асырады.  Тізбектелген үрдістердің осы топтамасы қозу мен  жиырылудың  түйіндесуі деп аталады. 

Электрокардиографтың  құрылысы, жұмыс істеу  принципі.

  Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографының техникалық мәліметтері:

Электрокардиограф кернеуі 110- 220 Вт-қа дейінгі, жиілігі 50 Гц айнымалы токпен; ішкі қоректендіру көзінен- 12,6 В аккумулятордан  қоректенеді.

Электрокардиосигналдардың ену кернеуінің диапазоны  0,03 - 10 мВ шамасындай.

2 Гц  жиілікте кернеуді өлшеудің салыстырмалы  қателігі 0,1- 0,5 мВ диапазонында  10%- тен артық емес; ал 0,5- тен жоғары- 5 мВ-қа дейінгі диапазонда- 5%- тен артық емес.

Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографы- әртүрлі жағдайларда электрокардиограмманы оперативті алуға мүмкіндік беретін портативті 

электрокардиограф. Электрокардиограф құрылысының жасалуы пациент пен жұмыс істейтін персоналдың сенімді электроқауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

                                                                                                                                                            

  
 
 

Сурет 6. Электрокардиографтың  негізгі блогының сыртқы көрінісі

                                                                    

Электрокардиограф негізгі блоктан, пациентінің кабелі бар шығу блогынан және қоректендіру  блогынан тұрады. Негізгі блокта орналасқан:

- микропроцессорлы блок;

- электрокардиографтың жұмыс істеу режимдерін басқару элементтері;

- сигналдар  мен  жұмыс режимдерінің индикаторлары;

-термобаспа  қондырғысы.

Электрокардиографтың  негізгі блогының сыртқы көрінісі 6- шы суретте көрсетілген.

   Қаңқаның түбінде қуыс бар, оған автономды қоректендіру көзі, яғни аккумулятор орнатылады (сурет 7). 
 

 
 
 
 

 

                                                       Сурет 8. Аккумуляторды орнату. 

Аккумуляторды орнату.

  Ұзақ уақыт сақталғанда аккумулятор электрокардиографтың негізгі блогынан алынып тасталады. Жұмыс жасау үшін аккумуляторды 8- ші суретте көрсетілгендей орналастыру керек. Электрокардиографты клавиатурасымен төмен аударыңыз. Қаңқа шетінен 3- 8 мм шығып тұратындай қылып,  аккумуляторды қаңқа қуысына орналастыру керек. Оны қаңқа

қуысына тығыз енгізіңіз. Оны көрсетілген  тілдің бағытымен жылжытыңыз. Аккумулятордың ілмегі қаңқа ойысына ену керек және мықты бекітілуі керек. Аккумулятордың ілмегі жоғары бөлікте болатындай электрокардиографты бұрыңыз. Аккумулятордың жақсы бекітілгендігін білу үшін, құралды сәл сілкіңіз . Назар аударыңыздар! Егер нашар бекітілсе , ауыр аккумулятор құлап кетуі мүмкін, ол аккумулятордың  зақымдануына, ілмегінің сынуына әкеліп соғады. Электрокардиографтың шығу блогы құрылысы жағынан қорғаныш  элементтері бар пациенттің кабелі ретінде жасалған. Ол биопотенциалдарды алуға, оларды сандық түрге  түрлендіріп, негізгі блоқа жіберу үшін қолданылады.  

Басқару және индикация мүшелері.

Суретте электрокардиографтың басқару панелі мен индикацияларының жалпы көрінісі

көрсетілген.

 «Вкл/Выкл» батырмасы аккумулятор жұмыс істеп тұрған кезде электрокардиографты қосып, ажырату үшін қолданылады. Индикатор жанып тұрғанда, электрокардиограф ЭКГ-ны алуға дайын. Егер индикатор жыпылықтап тұрса, онда алдында алынған ЭКГ жадыда сақталады.

  «СТАРТ» батырмасы ЭКГ-ны алу режимін және термоқағазға  оның жазылу режимін ажыратып, қосады. Егер тіркелімнің (тармақтың) белгілі бір тобы таңдап алынса, ал «АВТОМАТ» режимі өшіп тұрса, онда «СТАРТ» батырмасын басу осы таңдалынған тіркелім тобының ЭКГ-ң үздіксіз жазылуын орындайды. Жазуды тоқтату үшін осы батырманы қайтадан басу керек. Индикатор  ЭКГ-ны алу кезінде ғана жарықталынады. «АВТОМАТ» режимін таңдаған соң «СТАРТ» батырмасын қысқа мерзімде басқан кезде, индикатор

5 секунд жарықтанып  тұрады {2,5 с}. Осы уақытта электрокардиограмманың барлық 12 тіркелімінің барлығы электрокардиографтың жадысына жазылады.

«КОПИЯ» батырмасы. Осы батырманы басу АВТОМАТ режимінде алынған соңғы зерттеудің көшірмесін жазу режимін қосады.

 АВТОМАТ режимінде барлық 12 тіркелімді синхронды алу мен жадыға жазу орындалады. Сондықтан КОПИЯ режимінде барлық тіркелімді не оның кезкелген таңдап алынған тобын басып жазуға болады.

   Жылдамдық  «мм/с», батырмасы,  «12,5», «25», «50» индикаторлары-  эквивалентті жылдамдықты қосатын батырма. Тізбектей басқан кезде эквивалентті жылдамдықтың мәні өзгереді. Жылдамдықтың таңдалынған мәні светодиод арқылы жарықталынады.

   50 мм/с эквивалентті жылдамдықтың мәні барлық тіркелімінің синхронды алынуы кезінде мүмкін (режим WW «АВТОМАТ»), немесе көшірменің алынуы кезінде. Осы кезде қағаздың қозғалысының нақты жылдамдығы 25 мм/сболады.

«Масштаб» тобы  «мм/мВ» батырмасы, «5», «10», «20» индикаторлары - эквивалентті сезімталдықты қосу батырмасы. Тізбектей басқан кезде сезімталдықтың  мәні өзгереді. Сезімталдықты таңдалынған мәні светодиод арқылы жарықталынады.

 «Фильтр»  тобы,  «Гц», батырмасы, «30», «25» индикаторлары – сүзгіш кесігінің жиілігін таңдау батырмасы. Егер индикаторлар жарықталынбаса, онда сүзгіштер өшілген.

  «Гц» батырмасын басып, минимал шу болатындай жиілікті таңдауға болады.

 «Смещение» тобы « » батырмасы, «макс/мин», «среднее» индикаторлары- жазудың ортасындағы терезеге салыстырмалы ЭКГ жазуының ығысуын таңдау батырмасы. Толық ЭКГ –ны жазу кезінде тіркелімдер  топтасқан: алдымен I. II- ші және III- ші тіркелімдер    басылып, жазылады, содан кейін-  аVR. aVI және aVF; 01, 02 және СЗ; С4, С5 және 06. Тіркелімнің бір тобын таңдаған кезде қағазға осы таңдалған топ басылады.

Аяқ- қолдағы электродтарда (R, N, L, F) контактінің болмауы мүмкін емес, себебі кеуде тіркеліміндегі және бірнеше тіркелімдегі ЭКГ –ның біруақытта дұрыс тіркелмеуіне әкеліп соғады. Аяқ- қолдағы электродтар ұшында контактінің  болмауын  көрсететін индикаторлар қызыл түсті; әрбір ЭКГ-ң тіркелімі алдында екі индикатордың жарықтанбай тұрғанына көз жеткізіңіздер. Кеуде электродтарының кезкелгенінде контактінің болмауы (С1 - С6) басқа тіркелімдердегі тіркеу қателіктерін тудырмайды. Сары түсті индикатор кеуде электродтарының біреуінің не бірнешеуінің тізбектегі үзілуін не нашар контактісін білдіреді. 

Информация о работе Жүрек. жүректің анатомиялық құрылысы