Жүрек. жүректің анатомиялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:29, реферат

Описание

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Работа состоит из  1 файл

журек.docx

— 663.31 Кб (Скачать документ)

Қауіпсіздік шаралары.

     Электрокардиографпен жұмыс істеуге электрокардиографты қолдану туралы нұсқаумен танысқан және қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру (инструктаж) алған адамдарға ғана  рұқсат етіледі. Электрокардиограф ГОСТ Р 50267.25  талаптарына сәйкес қауіпті кернеу мен дефибриллятор энергиясынан қорғанған. 

 ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ

     Электрокардиографты басқару панеліндегі «Вкл/Выкл» батырманы басу  
 
 

арқылы іске  қос. Осы кезде  қосу индикаторы жарықталады. Біруақытта «БАТАРЕЯ ЗАРЯДКА» батырмасы да жануы  мүмкін, бұл орнатылған аккумулятордың зарядталуының жүріп жатқандығын білдіреді.  

ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕКТРЛІК ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Шығу блогын негізгі блокпен қосыңыз. Шығу блогы кабелінің 15 контактілі вилкасын қанқадағы негізгі блоктың  сәйкес розеткасына қосыңыз. Оны қаңқа вилкасына орнатылған винттармен бекітіңіз. Қоректендіру блогының кабеліндегі ұяны қаңқадағы негізгі блок ұясына орнатыңыз.Қоректендіру блогының вилкасын 220 В, 50 Гц желінің екі полюсті розеткасына қосыңыз.Ұяларды қайтадан алған кезде сақ болыңыздар , қатты күш түсірмеңіздер.Ұяларды алған кезде кабельді жұлқыламаңыз, кетік қаңқасын қатты ұстаңыз. Электрокардиографтың негізгі электрлік қосылыстарының жалпы сызбасы 9-суретке сәйкес келу керек.

Кесте 1.

Электродтың орналасуы Ұшының түсі Өткізгіш сым

ұшындағы

белгі

оң  қол Қызыл R
сол қол Сары L
оң  аяқ Қара N
сол аяқ Жасыл F
 

Кеуде тұсына электродтар  2-ші кестеге  сәйкес орналастырылады.  

Кесте 2.

Тіркелімдер Электродтың орналасуы Өткізгіш сым

ұшындағы белгі

V1 Төстен оңға қарай 4-ші қабырғааралығында C1
V2 Төстен солға  қарай 4-ші қабырғааралы ғында C2
V3 5- ші қабырғада,  V2 мен V4 аралығының геометриялық  ортасында C3
V4 5- ші қабырғааралықта,  сол жақ орта бұғана сызығы  бойымен C4
V5 V4 деңгейінде, алдыңғы қолтық сызығы бойымен  C5
V6 V4 деңгейінде, орта қолтық сызығы бойымен  C6
 
 

ЭКГ-ны тіркеу реті. Электродтарды орналастыру.

    Электродтарды  орналастыру алдында пациент  терісін контакт жерлерінде спиртпен  сүрту керек (майдың болмауы  керек).

   Электродтар мен пациент терісінің аралығына ток өткізетін орта ретінде электродты гельдер, пасталар не сұйықтар қолданылады; физиологиялық немесе гипертонды ертіндімен, ең болмағанда сумендымқылданған марлядан жасалған төсеніштерді қолдануға болады. Пациенттінің аяқ-қолдарына 1- ші кестеде көрсетілгендей электродтарды орналастыру керек. 

ЭКГ-ны тіркеу режимдері.

Электрокардиограф ЭКГ-ны әртүрлі режимде тіркеуді қамтамасыз етеді – автоматты (барлық 12 тіркелімді синхронды тіркеу және осы алынған ЭКГ- ны құралдың жадысына сақтап, оларды үш- үш тіркелімдер бойынша топтап, басып жазу) немесе мониторлы (кезкелген таңдап алынған тіркелімнің ЭКГ-сын құралдың жадысына сақтамай, тіркеу). Автоматты режимде алынған ЭКГ қосу индикаторы әлі жанып немесе жыпылықтап тұрғанда, электрокардиограф жадысында сақталады.

Автоматты режим үшін ЭКГ-ң ұзақтығын таңдауға болады: 5 (стандартты).

ЭКГ-ны тіркеу және соңғы  зерттеудің көшірмесін  алу.

  Басқару панеліндегі  «Вкл/Выкл» (не «СТАРТ»+«Вкл/Выкл») батырмасын басып, электрокардиографты іске қос. Осы кезде қосу индикаторы жану керек, ол   электрокардиографтың іске қосылғандығын білдіреді. Жанған  басқа да индикаторлар: эквивалентті жылдамдықтың индикаторы; таңдалынған сезімталдықтың индикаторы; тіркелімнің тіркелетін топтарының индикаторлары. 

 

   Егер  электрокардиографты іске қосқанда, қосу индикаторы жыпылықтамаса, онда алдымен жады тесті орындалады, осы уақытта индикаторлар жыпылықтайды.

   Егер  электрокардиографты іске қосқанда, қосу индикаторы жыпылықтаса, онда қондырғылар жөніндегі ақпарат (сүзгі, ығысу, тіркелімдер тобы, жылдамдық, сезімталдық) жадыда сақталынған болады, және қондырғылар қалпына келеді.

   Термопринтер  блогында термоқағаздың  бар  болуын тексеріңіз. Қағаз болмаған  жағдайда  «НЕТ БУМАГИ» индикаторы жанып тұрады.                      Сурет 10. Электродтарды орналастыру.   

Қажет болғанда қағазды салыңыз. Автоматты тіркеу режимін таңдаңыз.

Егер сіз  тіркеудің автоматты режимін  таңдасаңыз («АВТОМАТ» индикаторы жанады), онда «СТАРТ» батырмасын жылдам (қысқа уақыт) бассаңыз, барлық 12 тармақтың (тіркелім) сигналдары синхронды алынып, электрокардиограф жадысына жазылады. Егер автоматты режимде тіркелімнің барлық тобы таңдалынса, онда 12 тіркелімнің барлығы басылып шығарылғаннан кейін, жазылу тоқталады.  Осындай жазудың ұзындығы 12,5 мм/с жылдамдықта 345 мм {175 мм} болады.

    Егер «АВТОМАТ» режимінде «СТАРТ» батырмасын 5 секундтан көп басып тұрғанда {2,5 с} ( 125 секундқа дейін), онда электрокардиограф жадысына барлық тіркелімдер бойынша сигналдар жазылады және «СТАРТ» батырмасы басылып тұрған уақыттағы таңдалынған тіркелімдердің барлығы басылып жазылады.

   Электрокардиографтың жыдысына сақталған соңғы электрокардиограмманы  электрокардиогрфты  өшіргеннен кейін де «КОПИЯ» режимін басып, жазуға болады. Ақпараттың жадыда сақталғандығын қосу индикаторының жыпылықтауы  білдіреді. Егер индикатор өшсе, онда ақпаратты қайтадан қалпына келтіруге болмайды.

   ЭКГ-ны басып жазу алдында жадыдан қажетті параметрлерді таңдаңыз: тіркелімдер жинағы, сезімталдық, жылдамдық, сүзгі жиілігі және ығысу. Осыдан кейін «КОПИЯ» батырмасын басыңыз . ЭКГ-ны жазу басталады. Егер жазуды тоқтату қажет болса, «КОПИЯ». батырмасын қайтадан басыңыз.

      Егер мониторлы тіркеу режимі таңдалынса, яғни «АВТОМАТ» индикаторы жыпылықтамаса , онда «СТАРТ» батырмасын басқанда таңдалынған тіркелімнің тобының жадыда  сақталынбай жазылуы басталады. Тіркелімді тоқтату үшін «СТАРТ» батырмасын қайтадан басу керек.

ҚЫЗМЕТ  АҚПАРАТЫ.

Әр жазу ( «СТАРТ» не «КОПИЯ »батырмасын басу)  қызмет ақпаратымен қатар орындалады.

 Жазудың  басы былай белгіленеді: 

- Электрокардиограф  АЛЬТОН-03 -ЭКГ-00001  25мм/с  10мм/мВ  Сүзгі 30 Гц

Екінші  жолда алынатын электрокардиограмма нөмірі, эквивалентті жылдамдық, сезімталдық, сүзгілердің жағдайы көрсетіледі.

Информация о работе Жүрек. жүректің анатомиялық құрылысы