Адам және жануарлар физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 20:01, реферат

Описание

Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады.

Содержание

1- ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
2 - ҚОЗУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
3 - ҚИМЫЛ -ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
4 - НЕРВ ЖҮЙЕСІ
5 –ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ
6 –СЕЗІМ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
7- ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ӘРЕКЕТІ
8 – ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
9 - ҚАН ЖҮЙЕСІ

Работа состоит из  1 файл

Адам және жануарлар физиологиясы.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Гипофиздің  артқы бөлігі, немесе нейрогипофиз, түрленген нейроглия торшаларынан — питуициттерден, қүралады. Қазіргі деректерге сәйкес нейрогипофизден бөлінетін гормовдар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет түйіршікгері түрівде пшоталамус-гипофиз жолы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Нейрогипофиз тек нейро-секреттер қоймасы ғана емес, олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз ететін құрылым болып табылады. Нейрогипофизде жинал-ған нейросекреттер окситоцин және вазопрессин гормондары түріңде бөлінеді. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин - паравентикулярлық ядроларында түзіледі.

Вазопрессин зәрдің түзілуін азайтады - антидиурездік әсер етеді, бүйрек түтікшелерінде алғашқы зәр қүрамындағы судың қайта сорылуын күшейтеді, калий, натрий және хлоридтердің кері сорылуын тежейді. Осымен байланысты оны антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Сонымен қатар, вазопрессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан кысымын жоғарылатады.

Окситоцин - холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді. Бүл гормон желіннің альвеолалық бөлігіндегі миоэпителийдің жиырылуын күшейтіп, ию процесін, сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді. Аталық организмде окситоцин шоуеттік жолдың бірыңғай салалы етгерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляцияны қамтамасыз етеді.

Әр түрлі  тосын, қолайсыз факторлардың әсерімен (инфекция, улану, қансырау, тоңазу т.с.с.) организм әрекеттері өзгеріп, ол шамадан тыс ширығады, булыгу (стресс) күйіне үшырайды. Стресс деген терминді канада ғалымы Ганс Селье ұсынған.

Күшті тосын әсер тек сол тітіркендіргіш табиғатына байланысты реакция тудырып қана қоймай (мысалы, суықта тері тамырларыньщ тарылуы), сонымен қатар нақтылы әсерге катысы жоқ басқа да жалпылама реакциялар тудырады. Осымен байланысты организм өз қызметін жаңа, тосын жағдайға үйрену, бейімделу үшін жүмылдырады. Осындай жалпылама реакциялар тудыратын факторларды стрессорлар деп атайды. Стрессорлардың әсер күші үйреншікті деңгейден жоғары болады, сондықтан олар организмнің бейімделу тетігінің тек нервтік жолын ғана емес, гормондық жолын да өрекетке қосады.


Булығу (стресс) жағдайында қан құрамындағы адреналиннің, норадреналиннің, глюкокортикоидтардың, АКТГ, СТГ, глюкагонның, тироксиннің және йодпен байланысқан белоктардың, қанттың, еркін май қышқылдарының деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар қанның үйығыштық қасиеті өзгеріп, қарын сөлінің бөлінуі азаяды, қан түйіршіктерінің саны көбейіп, жүрек жұмысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, жүректегі қан айналым күшейіп, организмнің қорғанғыштық қабілеті артады. Сондықтан стресс жағдайын жалпылама адаптациялық синдром (ауруға тән белгілер жиынтығы) деп атайды.

Огрессор  өсерімен алдымен рефлекс ретінде  адреналиннің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамуске әсер етіп, одан кортиколиберин бөлінеді. Кортиколиберин аденогапофизден АКТГ- бөлінуін үдетеді. Ал, АКТГ бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінен зат алмасу процесінің қарқынын реттейтін глюкокортикоидтардың бөлінуін күшейтеді.

Стресс үш сатыда өршиді.

  1. Дабыл сатысы - АКТГ мен глюкокортикоидтар секрециясы- 
    ның күшеюімен сипатталады.
  2. Төзімділік сатысы - зат алмасу процесі қарқыиының күшеюімен 
    байланысты организмнің қорғанысгық қабілетінің жоғарылауьшен, оның 
    өр түрлі қолайсыз осерлерге төзімділігінің артуымен сипатгалады.
  3. Қажу сатысы - стрессор әсері тым күшті болып, ұзаққа созыл- 
    са, глюкокортикоидтардың бөлінуі тиылып, зат алмасу процесінің 
    қарқыны басылады да, организмнің қолайсыз өсерге қарсыласу қабілеті 
    төмендейді, ауру дендейді.

8.6. Эпифиз, онық  маңызы

Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарлардың барлық класында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен кит тәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған.


Салқын қанды  жануарлар эпифизі фоторецепциялық аппарат болса, сүт қоректілерде ол эндокриндік без болып есептеледі. Мысалы, кесірткенің "төбелік көз" деп аталатын мүшесінде көз бүршағы мен көздің торлы қабығының элементгеріне ұқсас құрылымдар табылған. Бұл құрылым жарық өзгерістерін қабылдап, жануардың сыртқы орта жарықтығының өзгерістеріне байланысты реакцияларын туындатып отырады.

Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екі төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасады. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталғаны, көмескі бөлшектерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлшектері пынеальдық және глиялық торшалардан құралады. Бүл торшалар фоторецепциялық қабілетін жоғалтып, бездік ұлпаға айналған.

Эпифиз серотонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. Безде күңдіз серотониннің, түңце мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бүл заттар терінің пишентгік торшаларьша әсер етеді.

Эпифиз жыныс  бездеріне тежеуші ықпал етіп, жыныстық жетілу процесін реттейді. Жастық (ювенильдік) кезеңде без мезгілсізжыныс-тық жетілуден сақтайды, организмнің жалпы (физиологаялық) жетілуі мен жыныстық жетілуінің арасыңдағы үйлесімдікті қальштастырады.

8.7. Қалқанша безі

Қалқанша без кеңірдектің алғашқы екі-үш сақинасының вентральдық бетінде, комекейдің қалқанша шеміршегінің артыңда орналасқан жұп без. Оның массасы адамда 20-40 г, жылқы мен сиырда -25-40 г, шошқада - 15-20 г, қой-ешкіде 5-10 г, тауықта 40-100 мг. Без сырт жағынан дәнекер ұлпалы кабықшамен қапталады да, одан тараған перделермен жеке-жеке көпіршіктерден (фолликулалардан) тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір қабат эпителиальды торшалардан құралады да, оның ішінде тиреоглобулині бар біртекті коллоид жинақталады.

Қалқанша  без құрамында йод элементі бар тироксин және үш йодты тиронин атты гормондар бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нервтік қызметке әсер етеді. Тироксин белоктардың, кемірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп, ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды заттардың алмасуын реттейді, ас қорыту ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады.

Қалқанша без қызметі  нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсіреңді, бұлшық ет болжырал, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады.

Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздык, тершендік, ашушаңдық байқалады.

Организмде  йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп, бездің көлемі өседі, секрециялық торшалар қысылып, олардың қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі бәсендейді, организм жемсау (зоб) ауруына шалдығады. Без қызметі мүлдем тоқтаса шырышты ісік — мыкседема, байқалады. Мұндай сырқаттың өсуі тоқтап, сүйектің жетілуі тежеледі, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесі нашарлайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларьшың жұмысы бұзылады. Балалар өспей, жарым ес болып қалады. Ересек адамда зат алмасу қарқыны 30-40 пайызға төмендеп, белоктың алмасуы бүзылады, үлпааралық сұйықта муцин мен альбуминнің мелшері көбейіп, онкостық қысым жоғарылайды. Организм ісінеді, жоғары дәрежелі нервтік қызмет нашарлап, адамның ойлау қабілеті төмендейді.

Қалқанша  без кызметі жыл маусымына, организмнің  физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүтгену кезендерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.

Қалқанша  без фолликуласының сыртында орналасқан торшалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокальцитонин гормонын түзеді. Бүл гормон қан қүрамындағы кальцийдің сүйек үлпаларьша жинақтальш, үнемдеп жұмсалуын, бүйрек арқылы фосфордың бөлінуін қам-тамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфордың ара қатынасын реттейді.

Қалқанша  серік бездер қалқанша бездің арт  жағын ала, оған жабыса орналасқан кішкентай қүрылымдар. Бұл бездер балықтан басқа барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Жылқы, түйе, қой-ешкі, ит және қоянда бүл бездер қос жүптан, ал шошқада жалғыз жұптан түрады.

Без негізгі  және оксифлльдік торшалардан қүралады. Негізгі торшалар секрециялық қызмет атқарады, ал оксифильдік торшалардың маңызы әлі толық анықталмаған.

Қалқанша серік бездер паратгормон және кальцитонин деп аталатын гормондар бөледі. Паратгормон сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белокгармен, фосфатгармен қосылыс түзуін шапшаңдатады, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңіддетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады, бүйректе кальцийдің кері сорылуын жеңілдетеді. Кальцитонин қан қүрамында кальций деңгейін төмендетеді, сүйектен кальцийдің шаймалануын бөгейді. Оның әсері паратгармонға қарсы бағытталған.Бездің гипофункциясы жағдайында организм тынышсызданып, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, бұлшық ет тартылып, діріл байқалады, тәбет жойылып, шөл лайда болады, жүрек қағып, тыныс жиілейді, ішек қимылы нашарлайды, тыныс еттерінің сіреспе жиырылуы саддарынан организм тұншығып өледі. Без қызметі нашарласа аминсіздеу процесі бұзылып, бауырдың аммиакты несепнөрге айнаддыру қабілеті нашарлайды, денеде белоктың алмасу өнімі - гуанидин мен оның туындыларының мөлшері кебейіп, организм уланады.

Без қызметі  күшейсе қандағы кальций мөлшері  көбейіп, фосфор деңгейі төмендейді және бұл элементтер организмнен көп мөлшерде бөлінеді. Осының салдарынан сүйек борып, кеуектенеді, ет босаңсып, ішекке қан құйылады.

8.8. Айырша  без (тимус) 

Айырша без көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың вентральдық бетін ала орналасады. Ол бір-бірімен дәнекер ұлпамен жабысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөліктің алдыңғы жағы сүйірлене көкірек қуысынан мойынға шығып жатады да, артқы жағы толыса келіп, жүрек қапшығына дейін созыла орналасады.

Без ұлпасы боз заттан және қыртыстық бөліктен тұрады. Әр бөлік секрециялық торшалардан және қан түзуші мүшелерге тән торлы-эндотелийлі ұлпа торшаларынан құралады. Без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп-дамиды да, одан кейін өз қызметін тоқта-тып, инволюция (кері даму) процесіне ұшырайды.

Айырша без күрделі қызмет атқаратын құрылым. Оның секрециялық торшалары тимозин гормонын түзеді. Без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің қатаюын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді. Бұл безде лимфоциттер сұрыпталып, ұлпалық иммунитет қалыптастыруда маңызды рол атқаратын Т-лимфоциттер пайда болады.

Айырша безді  тәжірибе мақсатында сылып тастаса, организмнің өсіп-дамуы баяулап, минерадды тұздар мен белоктың алмасуы бұзылады, сүйек жұмсарып, майысады, бұлшық ет тонусы төмендеп, босаңсиды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылып, ацидоз жағдайында 2-3 ай ішінде мал өліп кетеді. Сақа малда аталған ауытқулар байқалмайды.

8.9. Аралшық  без (Ұйқы безі)

Үйкы безі әрі экнокриндік, әрі эндокриндік қызмет атқарады. Ішкі секрециялық қызметгі Лангерганс аралшықтары атқарады. Аралшықтар альфа-, бета және дельта торшалардан қүралады. Альфа-торшалар глюкагон гормонын, бета-торшалар - инсулин гормонын, ая делъта-торшала - соматостатин гормонын бөледі

Инсулин гормонын алғаш рет канада ғалымдары Бантинг және Бест анықтаған. Инсулин торша мембранасының глюкозага деген өтімділігін жоғарылатады, глюкозаның торшаға өтуін жандандырады, гликогеннің түзілуін күшейтіп, оның бауырда ыдырауын бәсендетеді, май қышқылдарының тотығуын, кетонды денелердің түзілуін тежейді майдың қорға жиналуын жақсартады, белок биосинтезін арттырады.

Бета-торшалар қызметі күшейіп, инсулин көп бөлінсе қан құрамында глюкозаның мөлшері азаяды. Гипогликемия жағдайында тыныс жиілеп, ОНЖ-ның қозғыш тығы жоғарылайды, дене дірілдеп, оны тер басады, бұлшық ет босаңсып, температура төмендейді, инсулиндік немесе гапогликемиялық шок (талықсу) байқалады.

Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозурия орын алып, қан құрамында кетоңды заттар мөлшері артады, организм диа-бет ауруына шалдығады. Диабет ауруы зәрдің көп бөлінуімен (поли-урия), судың көп ішілуімен (сусамыр - полидипсия) сипагталады.

Глюкагон - инсулиннің антагонисі. Ол гликогеннің глюкозаға айналуын шапшандататын фосфорилаза ферментін белсендіріп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, май қышқыддарының тотығуын жандандырып, кетонды затгардың түзілуін күшейтеді, май ұлпаларынан глицерин мен май қышқылдарының босануын шапшандатады. Глюкагонның бір түрі ащы ішектің эндокриндік бездерінде де түзіледі. Ол аралшық без глюкагонынан құрылысы мен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл гормон ішек қуысындағы глюкозаның әсерімен бөлінеді де, қанға сіңгеннен кейін инсулиннің бөлінуін күшейтеді.

Соматостатин гормоны тек түзілген жеріңде ғана әсер етеді, оған паракриңдік эффект тән. Бұл гормон инсулин мен глюкагонның бөлінуін тежейді.

Информация о работе Адам және жануарлар физиологиясы