Қысқаша дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:39, реферат

Описание

Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтіи ілі.м. Грекше kytos — клетка, logos— ілім деген мағынаны білдіреді.
Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканының құрылысын ғана емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Краткий курс лекций БТ цитология.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

   Адам  ұрығында бағана клеткаларының қай  кезеңде пайда болатыны жайында  деректер жоқ. Ал тышқандарда 7-9 күндері  пайда болады. Әрі қарай бірінші  эритробластар, бірінші лейкоциттер  пайда болады.

   Эритроциттердің түзілуі гемоцитобластарда гемоглабиннің жиналуынан басталады. Ересек адамдарда қанның пішіндік элементтері арнаулы қан жасаушы мүшелерде түзіледі. Олардың біразы-көк бауыр, жілік майында түзіледі. Ал лимфоциттер- көк бауырда лимфа тамырларында түзіледі. Жілік майында эритроциттердің, гранулоциттердің және қан пластинкаларында жаңадан түзілу процессі жүреді. Жілік майының қан жасаушы ұлпасы-миелоидті ұлпа деп аталады. Моноциттер миелоидті және лимфоидті ұлпаларда түзіледі.

   Қан жасалудың ең көп тараған теориясы бойынша миелоидты және лимфоидты ұлпалардың қан жасаушы ретінде детерминделген ортақ бастама клеткалары бар. Бұл дің клеткалары өзінің түрі жағынан кішкене лимфоциттерге ұқсайды. Қан жасаушы жүйенің түрлі учаскелерінің үздіксіз дің клеткаларын алмастыруы және олардың қоныстануы жүреді.

   Гемоцитобластардың  бөлінуі арқылы пайда болған клеткалар  эритропоэз кезінде амеба тәрізді  қозғалуға қабілетсіз, ең бастысы  цитоплазма күшті базофилияланады. Бұл клеткалар проэмбриобластар немесе базофильді эритробластар деп  аталады. Қайталап көбею және гемоглобиннің мөлшерінің артуы нәтижесінде полихромофильді деп аталатын бірқатар эритробластар пайда болады.

   Гемоцитобластар гранулоцитопоэзде митоздық жолмен бөлініп, промелиоциттер-сопақ ядросы бар, цитоплазмасы әлсіз базофильді, центрисомасы жақсы байқалатын және жалпы түйіршікті клеткалар түзіледі.  
 

12 – дәріс. Тақырыбы: «Омыртқалы жануарлардың  борпылдақ дәнекер  ұлпасы. Омыртқасыз  жануарлардың интерстициалды  ұлпасы». (2 сағат)

    Дәрістің  мақсаты: Омыртқасыз жануарлардың интерстициалды ұлпасы және омыртқалы жануарлардың борпылдақ дәнекер ұлпасы. Омыртқалы жануарлардың борпылдақ дәнекер ұлпасының талшықтары мен аморфты заттарына, клеткаларына биохимиялық жалпы морфофункционалды сипаттама. Борпылдақ дәнекер ұлпасының гистогенезі, талшықтары мен аморфты заттарының құрылу механизмдері. Омыртқасыз жануарлардың интерстициалды трофикалық ұлпаларының  құрылысы мен қызметі.

    Кілтті  сөздер:

   Дәнекер ұлпасы нағыз дәнекер ұлпасынан, шеміршек, сүйек ұлпалары жатады. Олар мезенхимадан дамыған. Дәнекер ұлпасының бір ерекшелігі клетка аралық заттары жақсы жетілген (аморфты және талшықты заттар түрінде кездеседі). Дәнекер ұлпасын әр органның құрамынан кездестіруге болады. Дәнекер ұлпасы қоректік, қорғаныш, механикалық қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасының әртүрлі өз алдына қызмет атқарады. Мысалы борпылдақ ұлпаны алсақ бұл ұлпада клеткаларды қоректендіру процесіне қатысады. Қорғаныштық қызметі (фагоцитоз, пиноцитоз) «заместительная» орнын толықтыру процесіне қатысады. Мысалы: жараның орны жазыларда осы ұлпа роль атқарады.

   Шеміршек және сүйек ұлпалары мезенхималық қызмет атқарады, скелеттің құрамына кіреді.

   Осы дәнекер ұлпасы 2 түрден дұрады:

  1. талшықты дәнекер ұлпасы
  2. ерекше дәнекер ұлпасы

   Талшықты  дәнекер ұлпасы: борпылдақ (жинақталмаған) және тығыз дәнекер ұлпаларына бөлінеді.

   Тығыз дәнекер ұлпасы-жинақталмаған тығыз, жинақталған тығыз(сіңір, пластикалық және эластикалық ұлпа) болып бөлінеді. Ерекше қаситеттері бар дәнекер ұлпасына: ретикуль, май, пигмент, шырышты ұлпалар жатады.

   Борпылдақ жинақталмаған дәнекер ұлпасын  алып қарасақ, ол дәнекер ұлпасының нағыз прототипі болып саналады. Мұнда барлық клетка элементтері және клетка аралық заттары жақсы жетілген. Борпылдақ дәнекер ұлпасы бүкіл дәнекер ұлпа атқаратын қызметін өзіне жинақтаған. Қоректендіру, қорғаныштық, орын толықтыру және механикалық қызметтер атқарады.

   Организмді  тұрақты сақтайтын-гемостаз процесін осы дәнекер ұлпасының клеткалары мен клетка аралық заттардың көмегімен  жүргізеді.

   Бұл организмде көп таралған. Қан тамырларын алып жатады. Органдардың құрамына кіреді, терінің астыңғы жағында жатады. Бұл ұлпаның құрамына әртүрлі клеткалар және клетка аралық заттар кіреді. Клетка аралық заттар аморфты және талшықтар кіреді. Талшықты заттар әр бағытта жатады. Сондықтан да бұл ұлпаны борпылдақ жинақталмаған ұлпа дейді.

   Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары-фибробластар және гистоциттер.

   Фибробласт-көп  таралған ұзынша келген, 2 зонасы бар  клетка. Эктоплазма (сыртқы) және эндоплазма (ішкі) макрофибрильдері болады. Цитоплазмада микротүтікшелер болады. Клетка аралық заттарды синтездейді.

   Гистоциттер-макрофагтар  фибробластардан кішірек келеді. «макрофаг» деп те атала береді. Фагацитоз процесіне қатысады. Антиген  информациясын иммунокомпонентті  клеткаларына береді. Гистоциттер борпылдақ  дәнекер ұлпасының уақытша клеткалары болып табылады. Макрофагтарда клетка органоидтарынан басқа көптеген пиноцитоз көпіршіктері лизосомалар, фагосомалар болады. Макрофагтардың цитоплазмасында мукополисахаридтердің болуы олардың дәнекер ұлпаның негізгі клетка аралық затының түзілуіне қатысатынын дәлелдейді. Макрофагтар организмде тағы бір маңызды қызмет атқарады-антиденелердің жасалуына қатысады.

   Антиденелердің  түзілуінің негізгі процесі лимфоидты  ұлпада болады. Қан жасаушы мүшелер-лимфа  түйіндері мен көкбауырдың ұлпаларында  жүреді. Антигендерді (фагоцитоз жолымен) тоолы клеткалар, көбінесе макрофактар қармап алғанда, бұл туралы хабарды плазмалық клеткаларға немесе плазмоциттерге дифференциялана бастайтын лимфоциттер иммуногенез жүйесі мүшелеріне жеткізеді.

   Фибробластар-ірі  көп өсінділері бар клетка. Тілмесінен қарағанда олардың пішіні, ядро жатқан жеріне қарай кеңейіп ұршық тәріздене түседі. Цитоплазмада клеткаға тән барлық органоибтар бар. Фибробластар мукополиқанттарды бөліп синтездеп отырады.

   Қазіргі уақытта электронды микроскоптың көмегімен  фибриллогенездің бастапқы сатылары фибробластардың цитоплазмасында жүретіндігі, ал коллаген талшықтардың қалыптасуы енді солардың маңайында қоршаған негізгі клетка аралық затта аяқталатындығы айқындалды.

   Рибосомаларда синтезделетін тропокаллоген белогы эндоплазмалық тор арқылы синтезделіп клетка аралық затқа бөлінеді де ірі каллоген молекулаларына полимерленеді. Онымен қатар мукополиқанттарды синтездеп отырады. Фибробластар сырғанау арқылы қозғалуға және жиырылуға қабілетті. 

13 – дәріс.  Тақырыбы: «Тірек-механикалық  ұлпалар»  (2 сағат)

    Дәрістің  мақсаты: Тірек-механикалық ұлпалардың топтары. Тығыз қалыптасқан және қалыптаспаған дәнекер ұлпалары, классификациясы, құрылымы, гистогенезі, тығыз және талшықты шеміршектердің биохимиясы және физиологиясы. Шеміршек ұлпалары. Классификациясы, топографиясының құрылысы, қызмметі, биохимиялық ерекшеліктері, гиалинді, эластикалық және талшықты шеміршектердің хондрогенезі. Сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының классификациясы, құрылысы, қызметі, химиялық құрамы. Эмбриогенезде және репаративтә регенерация кезіндегі остеогенздің түрлері. Онтогенезде және регенерация кезінде қаңқа ұлпаларының әртүрінің өзара байланысы. Омыртқалылардың ішкі орта ұлпаларының әртүрінің өзара қарым-қатынасы.

    Кілтті  сөздер:

   Шеміршек  ұлпасы қаңқа ұлпаларының құрамына кіріп, организмге механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындағы негізгі заты тығыз болып келеді де оның беріктілігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шеміршектің серпімділігі де сақталады. Шеміршектің осындай құрлысы сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. Шеміршек әсіресе төменгі сатыдағы омыртқалылар мен жоғарғы сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адам организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстіңгі қабатын, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронханың және құлақтың қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпаларының аралық заты өте тығыз болатындықтан қан мен дәнекер ұлпаларының клеткалары және жүйке мен қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Сондықтан шеміршектің қоректенуі- перихондр (peri-айнала,chondros-шеміршек) арқылы орындалады. Аралық заттың құрлысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып, бөлінеді.

   Гиалинді  шеміршек-ұлпаның ең көп тараған  негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 клеткалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір клетканың бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.

   Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, клеткалары дискі тәрізді  және бұрыш тәрізді болады.

   Шеміршек  клеткалары көбінесе бір ядролы кейде  екі ядролы болады. Органоидтары жақсы жетілген. Шеміршектің клетка аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшықтары да байқалады.Талшықтар өзара шырматылып тор түзеді. Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заты протеиндерден хондриотино күкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі хондриотино күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол жануарлар мен адамдардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала түседі. Онда тұздар көп жиналып, кәрі шеміршек опырылғыш келеді.

   Серпімді  шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне  ұқсас, бұның да клеткалары капсуламен қоршалып изогенді топтар  құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен  құлақ қалқаны,  кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.

   Талшықты  шеміршек мұның негізгі затында каллоген талшықтары жинақталған. Омыртқа аралығында кездеседі.

   Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дәнекер  ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың тығыздалуынан  басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда  болады. Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, аралық заты және клеткасы айқындала басталады және клеткалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді топ құрамай клеткалары бір-бірінен бөлек орналасады

   Мезенхима эмбриондық дамудың бастапқы кезінде  ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан  кейін түзілетін дәнекер ұлпасы. Мезенхима негізінде мезодермадан бөлініп шығатын ұрықтық жапырақшалардың арасын толтырып тұратын, тармақтары бір-бірімен ұштасып тор құрайтын жұлдыз пішінді клеткалардан тұрады. Мезодермадан пайда болатын мезенхиманы энтомезенхима деп атайды. Мезенхима қан клеткаларына, алғашқы қан тамырларына, дәнекер ұлпасына, шеміршек, сүйек ұлпаларына жіктеледі. Мезенхима клеткаларының ядросы ірі, пішіні сопақша болып келеді. Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген және митохондриялар көп болады. Клетка аралық заттарда негізінде белоктар, қанттар кездеседі.

   Сүйек ұлпасы механикалық қызметтері жақсы  жетілген дәнекер ұлпасының бір  түрі. Организмдегі минералды заттардың  алмасуын реттейді. Сүйектің негізгі  заттарының құрамында кальцийдің, магнийдің, фтордың, фосфор қышқылы тұздары  кездеседі. Cүйек ұлпасы тығыз ұлпалардың бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз ететін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналасуына сәйкес торлы талшықты және пластинкалы құрылысы сүйектер деп ажыратылады.

   Егер  жуандығы әртүрлі және талшықты немесе олардың шоғырлары сүйектің негізгі  затында әртүрлі бағытта бірін-бірі қиып өтіп орналасса, ондай сүйекті- торлы сүйек деп атайды. Мұндай сүйектерден жоғарғы сатыдағы омыртқалылар ұрығының қаңқасы даму процесінде біртіндеп пластинкалы сүйекке айналады.

   Пластинкалы сүйектер өте жұқа және күрделі құрылысты  болып келеді. Бұл сүйектің негізін  дұрыс орналасқан тығыз коллаген талшықтарының шоғырларынан тұратын сүйек пластинкаларын құрайды. Пластинкалы сүйек филогенездік дамуында талшықты сүйектен кейін пайда болып, тығыз ұлпалардың ең жоғары формасына жатады.

   Остеобластар

   Остеоциттер

   Остеокластар  болып бөлінеді.

   Ұлпаның негізгі қызметі- минералды зат алмасуында. Құрғақ сүйектің 65-70%-і минералды заттардан, ал 30-35%-і органикалық компоненттерінен тұрады.

   Сүйек ұлпасы сүйек клеткаларынан және клетка аралық заттардан тұрады. Бірақ  клетка аралық заттары-өте жақсы  жетілген. Клетка аралық заттарды қарайық, онда каллоген талшықтарының басқа түрі-оссеин кездеседі, бұл талшық барлық ұлпаның 20-40%-ін алып жатады.

   Сүйек ұлпасының серпімділігі және беріктігі  ондағы каллоген талшықтары мен минералды  тұздарға байланысты. Талшықтардың қалыңдығы 15-600А°-дей. Ересек адамдарда 1500А°.

   Тірі  сүйектің: 50%-су

                           15,7%-майлар

                           12,45%-орг.заттар

                           21,85%-тұздар

   Беріктілігі және серпімділігі каллоген және минералды  тұздарға байланысты. Минералды заттар негізінде гидрокси және оксиапатит кристаллдарынан тұрады. Сүйектің ізбестелінуі бірінші фибриллдер пайда болғаннан кейін жүреді.

Информация о работе Қысқаша дәрістер жинағы