Қысқаша дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:39, реферат

Описание

Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтіи ілі.м. Грекше kytos — клетка, logos— ілім деген мағынаны білдіреді.
Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканының құрылысын ғана емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Краткий курс лекций БТ цитология.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

         Екінші классификация  бойынша атқаратын қызметіне  байланысты негізінде құрылысына қарайды.

       Эпителий бір қабатты және  көп қабатты болып бөлінеді. 

   Бір қабатты эпителий    Көп қабатты эпителий
бір қатарлы
Көп қатарлы
   Мүйізді қыртысы бар эпителий    
Тегіс куб тәрізді, цилиндр тәрізді
Цилиндр тәрізді
   Мүйізделмеген тегіс немесе қыртысы жоқ 

   Ауыспалы  эпителий

   Морфологиялық классификация

         Эпителий бір  қабатты көп қатарлы клетка пішініне қарай бөледі? Пішіні пирамида, куб тәрізді, жалпақ, цилиндр тәрізді.Онтофилогенетикалық классификация эпителийдің қай ұрық жапырақшасының қай өсімімен шығуына байланысты. Эктодерма, эндодерма, мезодерманы шығарған Хлопин.

         Эпидермальді эктодермадан-жабынды, тері, без эпителиялары, ауыз қуысындағы эпителий, сілекей безінің эпителиясы пайда болады. Эпендима пекальді эпителий негізінде нерв трубкасынан және эпендимадан пайда болады.

   Қызметіне қарай классификациялау.

  1. Жабынды эпителий (тері эпителийі)
  2. Шырышты органдардың қабатын астарлап жататын эпителий.
  3. Эпителий превральді перикордиальді және құрсақ қабаттарын алып жататын эпителийі.
  4. Ішкі органдардың паренхимасын алып жататын эпителий.

   Осылардың ішіндегі жақсы зерттелген тері эпителиясы. Бұл омыртқалы және омыртқасыз жануарларда әртүрлі.

         Омыртқасыз жануарларда  жабынды эпителий бірнеше қызмет атқарады:

         Қорғаныштық- бұл  қаңқа қызметімен байланысты. Осы  жабынды эпителий омыртқасыз жануарларда  қимыл қызметін атқарады. Өйткені  тері арқылы қимылдайды.

         Омыртқасыз жануарларда  талшықтар, өсінділер көп болады. Олардың тері эпителиясы экскреторлы (бездер өзінің құрамындағы) қызмет атқарады. Олардың құрамындағы секретті сыртқа шығарады. Ішек қуыстарында стрекательді клетка болады. Бұлар әртүрлі улы зат жіберу арқылы өзінің қорегін тауып алады.

         Омыртқасыз жануарлардың тері эпителиясы бірнеше қызмет атқарады.

   Ас  қорту жүйесінің  эпителийі

   Омыртқалы жануарлардың шырышты  эпителий қабаттары

         Жоғарғы сатылы жануарлардың шырышты эпителийі бүкіл асқорту  жүйесін, тыныс алу жүйесін, жыныс  және зәр шығару жолдарын алып жатады. Шырышты эпителий мынандай қызмет атқарады:

  1. Қорғаныштық (ішкі ортамен сыртқы ортаның)
  2. Зат алмасу қызметін- секрет бөлу, кейбір жағдайда оларды жинақтау.
  3. Сұйық заттарды және қатты түйіршіктерді шырышты қабаттар арқылы жылжыту. Астың, бөгде заттардың, жыныс органдардың продуктыларын, зәрдің және слиздің жылжуы.

   Шырышты эпителийдің құрылымы оның атқаратын  қызметіне байланысты болады. Қорғаныштық  қызметін іске асыру үшін клетканың  апикальді бетінде талшықтар  мен микробүртіктер болады ал көп қабатты эпителийде- мүйізді құрылым болады. Клетка байланыстары және клетка органоидтары жақсы жетілген. Эпителий қабатында бір клеткалы бездер орналасады.

         Шырышты қабаттың эпителийінің шығу тегі жағынан бір-бірінен  көптеген айырмашылығы бар. Мысалы: ауыз қуысының ішектің анальді бөлімі влагалища эктодермадан пайда болған. Жұтқыншақ, тыныс жолдары және өңеш эпителийлері бірінші желбезек ішектерінен пайда болады. Олар көп қабатты және көп қатарлы болып келеді. Ішек, асқазан, қуық эпителийі-энтодермадан пайда болады. Жатырдың эпителийі- целом эпителийінен пайда болады. Ауыспалы эпителийдің шығу тегі әлі белгісіз.

   Асқазанның  шырышты эпителийі.

         Омыртқалы жануарлардың ас қорту жүйесінің алдыңғы бөлімінің  эпителийі жақсы зерттелген. Өңештің  эпителийінің құрлысы оның тек қана жапырақшадан пайда болуында ғана емес, жануарлардың қандай тамақпен тамақтануына да байланысты.

         Адамдарда және сүтқоректілерде  өңештің эпителийі көп қабатты  болып келеді. Сыртқы қабаты кейбір жануарларда мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен тамақтануына байланысты. Базальді қабатында толық қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде бұл эпителий тері эпителийіне морфология жағынан өте ұқсас келеді.

         Құстарда өңеш эпителийі  көп қабатты болып келеді. Көбінесе шырышты-талшықты. Бауырмен жорғалаушылар да (рептилийде) жабынды эпителийден айырмашылығы бар. Бұлар негізінде көп қабатты кейде көп қатпарлы призма тәрізді эпителийден құралады. Олардың Құрамында шырышты эпителий көп кездеседі.

         Амфибийде және кейбір балықтарда (бекіреде) өңештің эпителийі көп қатарлы, шырышты, талшықты.

         Салыстырмалы гистологиялық  зерттеулер бұлардың бәрі энтодермадан пайда болғанын көрсетеді. Филогенезде  және онтогенезде эпителий бір қабатты  негізгі ішектен пайда болды.

   Ішектің шырышты эпителийі

         Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда ас ішектің шырышты  эпителийінің апикальді бетінде  ворсинкалар (бүртіктер) кездеседі. Ворсинкалар  мен крипталар тереңірек орналасқан. Ворсинкалар мен крипталар бір  қабатты энтероциттер орналасқан. Энтероциттер өздерінің бөлінуінің арқасында жоғары варсинка жағына шығады.

         Эпителий қабатында  энтероциттерден басқа бокал  тәрізді без клеткасы, энтероэндокринді клеткалар болады. Адамда және кеміргіш отрядтарында пещеристый клеткалар кездеседі.

         Суда жүзетін  құстарда ерекше осмос реттейтін құрылым болады, «солевые железы» тұзды бездер және ректальді бездер мысалы акулада кездеседі. 

          10 – дәріс.  Тақырыбы: «Осмореттеуші және  зәр шығару эпителийі.  Без      эпителийі»  (2 сағат)

    Дәрістің  мақсаты: Осмореттеуші және зәр шығару эпителийі. Әр түрлі жануарлардағы  аралас осмореттеуші және зәр шығару каналшаларының құрылымының жалпы принциптері. Сүзгіш аппараттың цистоцитті және голоцитті түрлерінің құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері. Нефронның реабсорбциялық бөлімінің құрылысы және қызметі. Зәр шығару жолдарының ауыспалы эпителийінің құрылысы.

     Без эпителийі, экзокринді және эндокринді бездер. Олардың онто- және филогенезде  пайда болуы, классификациясы, жалпы  жалпы морфофункционалдық сипаттамасы. Безді клеткалардың ультрақұрылысы. Секреторлы цикл туралы түсінік. Безді эпителийдің эволюциялық динамикасы және биологиялық маңызы.

    Кілтті  сөздер: 

         Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды организмнен  шығарып қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.

         Бүйректің іші біртекті құрлыстан келген нефрондардан тұрады. Олардың саны 2 млн-ға дейін барады. Осы нефрондар арқылы қаннан несеп бөлініп шығады.

         Нефронның құрлысына  келсек, ол капилляр шумағын орап жатқан капсуладан басталады. Капсула мен  капилляр шумағын бүйрек денешігі деп  атайды. Капсула қос қабырғалы тостақанша тәрізді. Оның капилляр шумағына тығыз байланысқан ішкі қабырғасы мен сыртқы қабырғасының арасында саңлау кеңістігі жатады. Осы кеңістікте қаннан сүзіліп шыққан сқйықтық жиналады.

   Фильтрация  және реабсорбция

   Жоғары  дәрежеде маманданған бүйрек эпителийі шығару және осмос реттеуші эпителий болып саналады (тұздардың тұрақтылығын сақтайды) мұнда сүзу, реабсорбция және секреция процестері жүреді. Әртүрлі тұзды суда өмір сүретін жануарларда осмос реттеуші эпителий үлкен роль атқарады.

   Безді эпителий

   Ең  ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тосқауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер атқарады.

   Без эпителийі метаболизм прцессінде пайда  болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.

   Паталогиялық  процестерге ұшырауы:

   Бір ғана соратын клетка 1000 клетканы қоректік заттармен қамтамасыз етеді. 4,9%безді  клеткалар-бокал тәрізді.

         Клетканың 2-ші түрі Панетов безді клеткалары. Олар криптінің түбінде орналасқан. Ішектегі бактериальді флораны реттейді, антибактериальді фактор жасайды мөлшері 7,5 %. Энтерохромофин клеткалары-қанға сероптонин шығарады. Өз өмір циклін олар варсинканың үстіңгі бетінде аяқтайды 0,5%.

   Безді эпителийдің түрлері:

  1. Экзопринді бездер
  2. Эндопринді бездер
  3. Паракринді бездер-секретін интерстицияға, клетка аралық заттарға бөледі.

   Секреция- клеткадағы биосинтезді айтамыз. Жинақталуы және оның клеткадан тыс шығуы  организмнің қалыпты физиологиялық процесстерін қамтамасыз етеді.

   Рекреция- клеткадан кейбір заттардың шығуы (су, иондар) олар химиялық өзгерістерге ұшырамайды.

   Экскреция- клеткадан зиянды, керек емес заттардың  шығарылуы (несеп, несеп қышқылы).

   Бөлінетін секретті заттардың химиялық құрамы алуан түрлі (белок түрінде табиғатта пептидті болуы мүмкін)

   Секрет  липидті мысалы стероидты гормондар, май тамшылары.

   Мезотелий - әр жануарларда әртүрлі. Дөңгелек ауыздыларда - цилиндр тәрізді ал қосмекенділерде-куб тәрізді немесе жалпақ. Рептилийде және құстарда мезотелийдің талшықтары жойылған.

   Бездердің көбісі эпителий ұлпасының құрамында  болады.Тек бүйрек үсті безінің, гипофиздің және эпидермистің паренхималары нейрогенді. Бездер қан тамырларымен, нервтермен және дәнекер ұлпалармен жақсы қамтамасыз етілген. Бездер бір клеткалы және көп клеткалы болып келеді.

   Экзокринді  без-шырышты бокал тәрізді клеткалардан тұрады. Қалқанша без-жалпы организмдердегі  зат алмасу процессін реттейді. Аденогипофизге- картинотропты, тиреотропты, гонадотропты гормондар жатады. Секреция процессі гипоталамус арқылы реттеледі. Клеткалар-оксофильді, базофильді, хромофобты. 

11 – дәріс.  Тақырыбы:  «Қан. Лимфа. Гемопоэз  ». (2 сағат)

    Дәрістің  мақсаты: Гемолимфа, қан, лимфа, гемопоэтикалық ұлпалар, иммундық жүйе. Ішкі орта ұлпаларының фило- және онтогенезде шығу тегі. Ішкі орта ұлпаларының жалпы сипаттамасы, құрылысы және қызметі, олардың морфофункционалдық сипаттамасы. Сүтқоректілер қанының формалық элементтерінің классификациясы және жалпы сипаттамасы.

    Омыртқалылар  қанының қан клеткалары. Олардың құрылысы, қызметі, шығу тегі. Тромбоциттер, қан пластинкалары, қан ұю механизмі және гемолимфа.     Омыртқалы жануарлардың және адамның қан жасау мүшелері. Постэмбироналдық гемопоэз. Миелопоэз және лимфопоэз. Қанның баған (дің) клеткалары туралы түсінік. Эритропоэзге, гранулоцитопоэзге, мегакариоцитопоэзге, моноцитопоэзге, лимфоцитопоэзге сипаттама. Қан жасалудың  реттелуі.

    Кілтті  сөздер:

   Ішкі  орта ұлпалары өзінің морфологиялық  ерекшелігі жағынан және атқаратын  қызметтері жағынан әртүрлі ұлпаларды топтастырады. Негізінде сыртқы ортамен қарым-қатынаста болмайды. Жануарлар мүшесінің ішкі ортасын құрайды. Бұл ұлпаларды кейбір оқулықтарда шығу тегі жағынан ұқсас келетіндігі айтылады. Мысалы эмбриогенезде (мезодерма, эктодерма клеткаларының көшуі кезінде) мезенхимадан пайда болады деген ұғым да бар. Қазіргі уақытта бұл көзқарас қайтадан қаралуда, өйткені «ствол» бастапқы бағана клеткалары ұлпалардың дамуындағы негізгі көзі деген көзқарастар да дәлелденген. Немесе ұлпалар бағана клеткаларынан пайда болады деген ұғым эксперименттер арқылы дәлелденген. Бастапқы бағана клеткаларының детерминациясы гаструла кезеңінде жүреді. Бұл кезеңде ұлпаларға арналған гендердің дерепрессиясы жүреді. Бұл кезеңде мезенхима әлі пайда болған жоқ.

   Кейбір  ақырғы жылғы шыққын жұмыстарда дәнекер ұлпасының әртүрлі клеткалары, әртүрлі бағана клеткаларынан пайда болған. Мысалы, макрофагтар,толық клеткалар (тучные клетки), плазматикалық клеткалар қан жасайтын бағана клеткаларынан пайда болса, ұзақ өмір сүретін фибробластар басқа бағана клеткаларынан пайда болады. Н.Г.Хрушов 1976 ғылыми жұмыстары арқылы фибробластардың екі түрінің (қысқа, ұзақ өмір сүретін) екі түрлі бағана клеткаларынан болатынын дәлелдеді.

Информация о работе Қысқаша дәрістер жинағы