Қысқаша дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:39, реферат

Описание

Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтіи ілі.м. Грекше kytos — клетка, logos— ілім деген мағынаны білдіреді.
Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканының құрылысын ғана емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Краткий курс лекций БТ цитология.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

   Клетка  аралық заттарына байланысты сүйек  ірі талшықты және пластинкалы. Сүйек  пластинкасы сүйек ұлпасының  негізгі бөлігі. Сүйек пластинкалары бір-біріне өте тығыз орналасады. Сүйек пластинкасының арасында остеоциттер орналасады.

   Сүйек организмдегі кальцийдің  депосы. Адам қанында 100 мл қанда кальций 7 мл шамасындай келеді. Кейде оның мөлшері қанда 10-20мг% ке дейін өседі. Оның көбею себебі қалқан снрік безінің активті қызметіне байланысты. Мұндай жағдайда сүйек жұмсарады, остеобластар фибриобластарға ауысады да фиброзды заттар синтездеп ол сүйектің орнын басады.

   Қалқан  серік безі кальцийтони гормонын синтездеп қандағы кальцийдің мөлшерін азайтады. Сонымен қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері 2 жерден бақыланады. Сүйек ұлпасының минералдануына құлақ асты безінің гормоны паротин және қалқан безінің гормондары үлкен роль атқарады.

   Са  және Р сүйекте қалыптасуына организмінде Д витаминінің мөлшеріне байланысты. Д витаминінің гиповитаминозға байланысты сүйектену рахит ауруында жай жүреді.

   Гистоавтографиялық  методтар арқылы сүйек ұлпасында  минералды заттардың, кальцийдің сүйек  ұлпасына қосылуын жақсы байқауға болады. Остеобластар сүйек ұлпасының минералдануында үлкен роль атқарады.

   Жасалған  сүйектің құрамында мукополиқанттар  коллагенге қарағанда көп. Сүйек  ұлпасы организмнің құрамында өзгеріп  отырады. Органикалық және минералды  заттар алмасуы гормональді түрде  жүреді.

   Сүйектің  гистогенезі.

   Бағана  клеткасының дифференцияцасы арқылы жүреді. Сүйек майында ерекше остогендік детермиленген клеткалар болады. Егер сүйек майын терінің, бұлшық етке салсақ кейін сүйек пайда  болады. Жілік майында бағана клеткаларының  бір-бірне бағынбайтын 2 түрлі популяциясы болуы керек. Біреулері қан кдеткаларының және дәнекер ұлпасының клеткаларын эритроциттерге, гранулоциттерге, лимфоциттерге, моноциттерге бөледі.

   Организмнің өмір сүру процесінде сүйек ұлпасы жаңарып отырады. Физиологиялық  регенерацияның көзі преостеобластар және қанмен келетін дифференцияланбаған клетка.

   Эмбриогенез кезінде сүйек 2 жолмен пайда болады: мезенхимадан (бас сүйектер) және шеміршек ұлпасының орнын басады.

   Сүйектің  мезенхимадан пайда  болуы

   Келешекте сүйек болатын жерге клеткалар жинақталады. Ол жерде каллоген талшықтары пайда болады олар өте қалың болып келеді. Преостеобласт клеткалары тропокаллоген және гликозоаминогликандар синтездейді. Клетка аралық заттар базофильді болады.

   Преостелобласт  остеобластқа айналып, сүйектің клетка аралық заттарын активті түрде синтездейді. Бұл клеткаларда эндоплазмалық тор және Гольджи аппарты жақсы жетілген, гистохимиялық тәсілдермен зерттегенде оларда сілтілі фосфатаза бар екені анықталды.

   Сүйек затының көлденең салмасы гистогенезде әр бағытта орналасып күрделі өрнек суретіне ұқсайды. Сүйектің көлденең салмасының шектерінде қатарласып остеобластар орналасады, оссеин ұлпасының ішінде остеоциттер орналасады. Сүйек затының көлденең салмасы қалыңдап көлденең және ұзынша болып өседі. Сүйек затының көлденең салмасы ізбестелінеді. Алғашқы пайда болатын талшықты дәнекер ұлпасы бірте-бірте пластинкалы сүйек ұлпасына айналады.

   Сүйектің  шеміршектен дамуы

   Қуыс  сүйектері шеміршектен тұрады. Кейін  ол сүйек ұлпасына ауысады. Шеміршек қалыбының орнына сүйек пайда болады. Олар шеміршек қабатымен қапталған, шеміршектің ішінде қан тамырлары жақсы жетілген.

Шеміршектің сүйектенуі ең бірінші дияфизінде жүреді, одан кейін эпифизге ауысады. Клетка аралық заттарында кальций тұздары  болады. Сүйектену нүктесі пайда болады. Перихондриальді сүйектену эндохондриальді сүйектену оссеин ұлпасының ішіне остеобластар кіруі арқылы жүреді. 

            14-дәріс. Тақырыбы: «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың бұлшықет ұлпалары”  (2 сағат)

    Дәрістің  мақсаты: Фило- және онтогенезде жиырылғыш ұлпалардың дамуы, бұлшықет ұлапаларының жалпы сипаттамасы және классификациясы. Жиырғыш белоктар және жиырылу теориясы. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті. Бұлшықеттің гистологиялық түрлері. Омыртқалылардың қаңқа бұлшықетінің гистогенезі.

    Жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы. Сүтқоректілердің жүрек бұлшықетінің гистогенезі, құрылысы, регенерациясы, қызметтік ерекшеліктері. Кардиомиоциттердің әртүрлерінің ультрақұрылымы. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалылардың жүрек бұлшықет ұлпасы.

    Омыртқасыз  және омыртқалы жануарлардың тегіс бұлшықет ұлпасы. Гистогенезі, регенерациясы, құрылысы, биохимиясы, қызметтік ерекшеліктері.

    Кілтті  сөздер:

   Жүректің  әртүрлі бөлімінде бұлшық ет ұлпасы әртүрлі құрылымға ие. Миокардтың бұлшық ет ұлпасын 2 түрге бөледі: 1. жұмыс істейтін; 2. өткізетін;

    Миокардтың  негізгі бөлімі жүректің жұмыс істейтін бөлімінен тұрады. Миокардтың бұлшық ет ұлпасы клеткалық құрылымға ие, әрі клеткалар (кардиомиоциттер) бірінен  кейін бірі тізбектеліп орналасады. Бұл клеткаларда ұзындау пішінге  ие ядро дәл ортасында орналасқан және саркоплазмамен қоршалған, ал миофибрилдер перифирияда орналасқан. Миофибрилдер көлденең жолақты соматикалық бұлшық етке ұқсас. Миофибрилдер жіңішке (актин) және жуан (миозин) протофибрилдерден тұрады.

    Жүректің  жұмыс істейтін бұлшық ет бөлімінде, соматикалыққа қарағанда митохондриялар өте көп кездеседі, олар миофибрилдердің арасында қатарларға орналасқан. Митохондрияда кристалар өте көп. Оған дәлел миокардты тыныс алу процессінің қарқынды жүруі және АТФ-тің белсенді шығарылуы. Энергиямен жақсы қамтылғандықтан жүрек бұлшық ет өмір бойы демалыссыз қызмет жасайды.

      Жүрек бұлшық етіндегі саркоплазматикалық ретикулум  миофибрилдерге  бағытталған кеңейген каналға ұқсас болады. Ол соматикалық  бұлшық етке қарағанда аз деңгейде дамыған.

      Жүрек бұлшық етінің өзіндік ерекшелігі онда ендірме пластинкасы болады. Бұл  эволюция процесінде қалыптасқан. Құрамында  бұлшық ет үзілмеуі үшін қажет, яғни беріктік қасиет береді.

      Көршілес  клеткалардың плазмолеммаларының арасында ені 20-30нм болатын кеңістік болады.

      Миофибрилдер  ендірмелі пластинка аймағында  Z жолақ деңгейінде плазмолемаға бөлінеді. Бұл жерде плазмолемма қалыңырақ болады және Z-жолағының затымен араласып кетеді. Ендірме пластинкасының фибриллярлы аймағында қалыптасады. Кейбір көршілес бұлшық ет клеткаларының арасында плазмолеммалардың түйісуі жүзеге асады. Олар тығыз немесе саңылыу тәрізді байланыстар түзеді.

      Жүректің  бұлшық ет клеткалары плазмолеммадан басқа базальді мембранамен қапталған. Клеткалардың арасынан дәнекер ұлпалардың қабаттары, көптеген қан тамырлар және нерв талшықтары өтеді.

      Жүрек бұлшық еті күшті жиырылғыш қасиетке ие, бірақ жиырылудың қарқындылығы мен жиілігі нерв импульстарымен реттеліп отырады. Жүректің қалқаншасы мен құлақшасымен жиырылуындағы  келісімділік жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын арнайы бұлшық ет клеткаларының жұмысыман байланысты. Бұл жүйе импульстің құлақшадан қалқаншаға өтуіне қатынасады.

      Өткізгіш  жүйенің бұлшық ет ұлпасы өткізгіш бұлшық етті қалыптастырады. Олар әлсіз  жиырылғыш болып келеді, бірақ  импульсті құлақшадан қалқаншаға өткізуге үлкен қабілетті болып келеді. Өткізгіш жүйенің цитоплазмасында гликоген және аздаған митохондриялар кездеседі. Көлденең жолақты мифибрильдер сирек орналасқан. Өткізгіш жүйенің бұлшық ет клеткаларындағы Т-жүйесінің каналдары кездеспейді ядро орталыққа орналасқан. Өткізгіш жүйелердің клеткалары жақсы жүйкеленген.

Жүрек бұлшық етінің дамуы  мен регенерациясы.

      Сүтқоректілерде жүрек қос симметриялы орналасқан қан тамырлары түтік түрінде  болады. Бұл ұрықтың үш қабатты  пластинкалы түрге ие кезеңінде болады. Бұл түтіктер мезодерманың эктодермалы және висцеральді жапырақшаларының арасындағы кеңістікте орналасады. Даму процессі кезінде түтіктер бірігіп кетеді. Олар басқа қан тамырлары тәрізді мезенхималы шығу тегіне ие және эндокардқа бастама береді. Біріккен түтіктерді қоршаған мезодерма миоэпикардты пластинка деп аталады. Мезенхималы түтікке бағытталған ішкі бөлімнен миокард ал сыртқысынан-эпикард пайда болады.

      Миокардтың  қалыптасу процесінде мезодермальді  клеткалар ұзарады және дифференциалданады; оларда саны өсіп тұратын миофибрилдер пайда болады; клеткалар арасында байланыстар қалыптасады, ендірмелі жолақтар пайда болады және клеткалар жиырылуы қабілетіне ие бола бастайды. П.П. Румянцевтің көрсетуі бойынша онтогенездің постнатальді процесінде кардиомиоциттер бөліну қабілетін сақтайды. Осымен бірге Z-жасақ аймағында миофибрильдердің үзілуі жүзеге асады. Әйткенмен, кардиомиоциттердің цитогенезі біртіндеп тежеледі. Егеуқұйрықтарда 5-7 тәуліктегі даму аралығында цитокенездің тежелуі нәтижесінде екі ядролы кардиомиоциттер пайда болады. Бұлшық ет клеткаларының ядролары эмбриональді кезеңінде циклден шығып қалады, яғни олар g○ немесе g, кезеңінде қалып қояды. Бұл клеткалардың плоидтылығы артады. Мезенхимадан бұлшық ет клеткалары қоршаған дәнекер қабаттар пайда болады. Бұлшық етке мезенхимамен бірге қан тамырлары мен нервтер де кіреді.

      Жүрек бұлшық етінің зақымдануы кезінде, мысалы, инфаркт кезінде дәнекер ұлпасы арқылы регенерация жүзеге асады. Жүрек  бұлшық етінің функциясының компенсациясы зақымдалған аймақты қоршаған бұлшық ет клеткаларының гипертрофиясы арқылы жүзеге асады.

      Миокард зақымдалған кезде кардиомиоциттерде  митоздың шығуын байқауға болады. Митоздар әсіресе сол жақ құлақшада, субэпикардиальді аймақта байқалады. Жүректің қарыншаларында олардың дамуынан кейін миокардиоциттер тимидинді қоса бастайды, қалыпты жағдайда қарыншалардың бұл клеткалары бөлінбейді. Бұл миокардта бағаналы клеткалардың болуымен байланысты.

      Миокардта компенсация ішінен процестердің деңгейінде жүзеге асады; (гипертрофия және клетка ішілік регенерация), сонымен қатар клеткалардың пролеферациясы арқылы да жүзеге асады.

            Бұлшықет ұлпасы жануарлардың және адамның организмдегі маманданған ұлпа. Осы бұлшықетті зерттейтін ілімді миология деп атайды. Негізгі ерекшелігі атқаратын қызметінде. Бұлшықет кеңістікте жиырылу, созылу процесіне қатысады. Организмде кеңістікте қозғау, жиырылу, қысқару қызметіне атқарады. Бұлшықеттің құрамында ерекше белоктар миозин (жуан) және актин (жіңішке) болады.

            Омыртқалы жануарлардың бұлшықеті микроқұрылысына қарай тегіс және көлденең жолақты болып бөлінеді.

            Организмде орналасуына  қарай:

  1. виссеральді (ішкі орган еттері)
  2. соматикалық (қаңқа еттері)
  3. жүрек бұлшықеті болып бөлінеді.

  Бұлшықетті  шығу тегіне қарай 3-ке бөлеміз. Бұлшықет ұлпасы эктодермадан және мезодермадан пайда болады.

  Тегіс бұлшықеттер

  Тегіс бұлшықеттер негізінде қантамырлардың ішінде жатады. Қан қысымын реттейді. Тегіс бұлшықеті ішкі органдардың, әсіресе қуыс органдардың құрамына кіреді. Мысалы, өңеш, асқазан, ішек, зәр шығару органдарында, жатырда орналасады. Бұлар ұзын клеткалар болып табылады, ұзындығы 10-20мкм. Ұршық тәрізді екі жағы үшкірленіп келеді. Атқаратын қызметіне байланысты ұзын болады. Эмбрионды даму кезінде, мезенхимадан пайда болады.

  Морфологиялық   ерекшелігі

  Миофибрилдерге  байланысты олардың атқаратын қызметі  қысқару, созылу. Бұлшықет ұлпасы клеткалық  құрылымнан тұрады. Жұмыс істеуі бәсең, бірақ ұзақ уақыт жүреді. Бұл бұлшықет Адам организміндегі вегетативті жүйке  жүйесіне бағынады.

  Негізгі құрлысы: тегіс бұлшықет ұлпасының негізгі құрылымы клетка бір-бірімен тығыз орналасқан.

  Жиырылу процесіне қатысатын компонентін  мифибрилдер деп атаймыз. Ресмосомальді  байланыс болады. Қоректік элементі: клетканы негізінен қоректендіретін ядро және цитоплазма. Бұлшықет құрамында митохондрия  жақсы жетілген кристалар болады. Онда АТФ синтезделеді эндоплазмалық тор және рибосомдар тор және рибосомдар жақсы жетілген. Жиырылғыш компонентінің көлденең кесіндісі 1-2мкм болады.

Информация о работе Қысқаша дәрістер жинағы