Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы
Тест, 29 Января 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралаған және түрлерінің саны жағынан ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 23 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Работа состоит из 1 файл
Диплом жұмысы.docx
— 66.96 Кб (Скачать документ) Өндіріс пен тұрмыста
тазалық ережелерін қатаң
Бунақденелілердің систематикасы
Метаморфоздың, ауыз
аппараты және қанаттарының
Алғашқы қанатсыз бунақденелілер – Apterygota немесе жабық жақтылар класс тармағы – Entognatha
Протура немесе мұртсыздар отряды – Protura
Қосқұйрықтылар отряды – Diplura
Аяққұйрықтылар отряды – Collembola
Қанатты бунақденелілер – Pterygota немесе ашық жақтылар класс тармағы – Ectognotha
Қылқанқұйрықтылар отряды – Thysanura
Біркүндіктер отряды – Ephemeroptera
Біркүндіктер отряды – Odonata
Тікқанаттылар отряды – Orthoptera
Термиттер отряды – Isoptera
Тарақандар отряды – Blattoptera
Дәуіттер отряды – Mantoptera
Теріқанаттылар отряды – Dermaptera
Теңқанаттылар отряды – Homoptera
Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды – Hemiptera
Биттер отряды – Anoplura
Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер отряды – Lepidoptera
Қаттықанаттылар немесе қоңыздар отряды – Coleoptera
Жарғаққанаттылар отряды – Hymenoptera
Торқанаттылар отряды – Neuroptera
Жылғалықтар немесе түкқанаттылар отряды – Trichoptera
Бүргелер отряды – Aphaniptera
Қосқанаттылар отряды – Diptera
Қанатты бунақденелілер – Pterygota немесе ашық жақтылар класс тармағы – Ectognotha
Бұл класс тармағына 30-дан аса отрядтар жатады. Қанаттары жақ жетілген тек қылтанқұйрықтылар отрядының өкілдерінде қанаттары дамымаған, ал биттер, бүргелер, мамықжегіштер отрядтарының эктопаразиттік тіршілік етуіне байланысты қанаттары екінші реттік түрде жойылып кеткен. Ауыз бөлшектері бастың жоғарғы жағындағы ауыз тесігінің айналасында орналасқан, сырттай жақсы көрінеді (класс тармағының аталуы да осыдан). Күрделі фасеттелген көздері бар, трахея арқылы тыныс алады.
Қосқанаттылар отряды – Diptera
Бұл отрядытың басқа бунақденелілер отрядтарынан ең негізгі ерекшелігі – тек бір жұп жарғақты алдыңғы қанаттарыныңболуы( отряд аты да осыдан). Артқы қанаттары рудимент және ызылдауыққа айналған. Ол түйреуіш немесе колба тәріздес нәзік мүше, өте көп механрецепторлық сенсиллалары бар және ол ұшудың бағытын реттейді (бейімделген), сондай-ақ тепе-теңдік мүшесінің де қызметін атқарады. Ортаңғы кеуде сегменті өте жақсы дамыған. Қосқанаттылар жақсы ұшатын (ең ұшқыр), күрделі құрылысты, кең таралған бунақденелілер. Ауыз аппараттары жалағаыш, тесіп-сорғыш немесе тіліп-сорғыш. Толық түрленіп дамиды. Личинкалары құрт тәрізді, аяқсыз, суда топырақта, шіріген заттардың арасында, өсімдіктер, жануарлар мүшелерінде тіршілік етеді. Қуыршақтары ашық немесе жабық, жалған пілләнің ішінде жатады. Отрядтың 150-ден аса тұқымдасмы, 100000-ға жуық түрі бар.
Қосқанаттылар адамның
және жануардың қанын сорып,
жұқпалы аурулардың
Қоқанаттылар отрядтары
мұртшаларының құрылысына
Ұзынмұртшалылар – Nematocera отряд тармағы. Мұртшалары ұзын, көп бунақты (7-65-ке дейін). Жіңішке денелі, маса тәрізді бунақденелілер. Личинкаларының бас капсуласы жақсы жетілген. Қуыршағы ашық және жабық. Ересектері ұшып шығар алдында қуыршақ қабығын арқа жағынан бойлай сөгіп шығады. Негізгі тұқымдастары: ұзын сирақты масалар – Tіpulіdae, бұзғыншылар – Cecidomyiidae, қансорғыш масалар – Culicidae, шіркейлер – Sіmulііdae, құмытылар – Ceratopogonidae, москиттер немесе үнсіз масалар – Phlebotomidae, шыңғырауық масалар немесе мотыль - Chironomidae.
Ұзын сирақты масалар тұқымдасы – Tipulidae. 1500-ге жуық түрі бар. ұзындығы 12-30 мм, аяқтары жіңішке және ұзын. Ересек түрлері қоректенбейді. Личинкалары қара шірікпен, өсімдіктердің тамырларымен балдырлармен қоректенеді. Өсімдік зиянкестері: сазды ұзын сирақ (Tipula paludosa), капуста (T.oleracea) және көктемдік ұзын сирақты масалар (T.wernalis).
Бұзғыншылар тұқымдасы - Cecidomyiidae. 4000-ға жуық түрі бар, ұзындығы 1-5 мм. Ересек түрлері көп өмір сүрмейді, қоректенбейді. Личинкалары құрт тәрізді, аяқтары жоқ, топырақта, орман төсеніші мен шіріген сүректе тіршілік етеді, саңырауқұлақ мицелиін сору арқылы қоректенеді, жоғары сатыдағы бұзғыншылардың личинкалары өсімдіктің тірі ұлпасымен қоректенеді. Личинкалардың келтірген зардабынан (шығарған ферменттерінің әсерінен) өсімдіктің жапырақ, сабақ ұлпалары қалыптан тыс ұлғайып өсіп, үстінде бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген ісіктер пайда болады. Бұл ісіктер біртіндеп үлкейе береді. Осы бұзғыншаның ішінде личинкалар өсіп, қуыршаққа, кейін ересек түріне айналады. Кейбір түрлері жыртқыштар немесе паразиттер, бұларды өсімдік битімен, өсімдік қоректі кенелерімен биологиялық күресте қолданады. Негізгі өкілдері: гессен шыбыны (Mayetiola destructor), тары құмытысы (Stenodiplosis panici), қарақат құмытысы (Thomanthiniana ribis) – ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері.
Қазақстан Қызыл кітабына 5 түрі тіркелген: бөгеті құмытысы (Atraphaxiola bogutensis), жетілмеген эфедромия (Ephedromia debilpalpis), азиялық стенфаниола (Stefaniola asiatica), керемет стенфаниола (Stefaniola lepidora), түрлі мүйiздi псектросема (Psectrosema diverаicornis).
Қансорғыш қосқанаттылардың тұқымдастары: қансорғыш масалар – Culicidae,соналар – Tabanidae, шіркейлер – Simulidae, құмытылар – Cerotopogonidae, москиттер- Phlebotomidae шіркей немесе беймаза жәндіктер деп аталатын тобын құрайды. Барлық жерлерде таралған, тек Арктика мен Антарктидада жоқ. Бұлар көбейген кезде алам мен малға көп зиян келтіреді. Олар безгек, туляремия, топалаң, қарасан, анаплазмоз, жапон энцефалиті, менингоэнцефалиті, лейшманиоз, трипанозомоз, ауруларын таратады, сонымен қатар адмдардың жұмыс істеуіне, демалуына көп кедергі келтіреді, ауыл шаруашылық малынан алынатын өнімді де төмендететіні туралы көптеген деректер бар.
Қансорғыш масалар – Culicidae. 2500-ге жуық түрі бар, ұзындығы 8 мм-ге дейін. Денесі және қанаттары қабыршақтармен қапталған. Ауыз аппараты тесіп-сорғыш. Аталықтары өсімдік шырынымен, ал аналықтары адамның және сүтқоректілердің қанымен қоректенеді. Личикалары ақпайтын суларда жақсы дамиды. 4 рет түлеп кейін қуыршақ және ересек түріне айналады. Личинкаларының басы кеудесінен бөлектеніп тұрады. Кеудесінде аяқтары жоқ. Ересек түрлері күндіз үй-жайлардың, шөптің арасында қонып отырады да, ымыртта және түнде қоректенуге шығады.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтыратын негізгі тұқымдастары: Apheles, Culex, Aedes. Anopheles туысының өкілдері адамға безгек плазмодиясының барлық түрлерін жұқтырады. Қазақстанда кең тараған Anopheles maculipennis, An. hyrcanus түрлері. Culex құс безгегінің, Aedes адамға сары безгегінің қоздырғышын жұқтырады.
Москиттер немесе үнсіз масалар – Phlebotomidae. 130-дан аса түрі бар. Ұзындығы 1,3-3,5 мм. Денесі түкпен қапталған. Ересек түрлері тышқандардың, түлкілердің, бөрілердің індерінде, адамның мекен-жайында, ал личинкалары органикалық қалдықтарға бай жерлерде тіршілік етеді. Тері және ішкі (висцеральды) лейшманиоз ауруын таратушылар. Таяу Шығыста, Шығыс және Орталық Африкада, Жерорта теңізі елдерінде, оңтүстік Африкада, Орталық Азияда және Оңтүстік Қазақстанда кең таралған. Негізгі өкілдері: Phlebotomus paaptasi, Ph.mongolensis, Ph.andrejevi, Ph.smirnovi, Sergentomyia arpaklensis.
Қысқа мұртшалылар отряд тармағы – Brachycera. Мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан. Личинкаларының басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек бунақденелі қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабығының үстіңгі жағынан дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады. Негізгі тұқымдастары: соналар – Tabanidae, ызылдақ шыбындар – Syrphidae, нағыз шыбындар – Muscidae, өлексе шыбындар – Calliphoridae, еттің сұрғылт шыбындары – Sarcophagidae, кірпі шыбындар немесе тазиналар – Tachinidae, барылдақ шыбындар – Bombyliidae,астық шыбындары – Cаhloropidae, гүл шыбындары – Anthomiidae, бөгелектер – Oestridae, қансорғыш масалар – Hippoboscidae.
Соналар тұқымдасы – Tabanidae. Беймаза жәндіктер тобына кіретін қансорғыштар. 3000-ға жуық түрі бар. Ұзындығы 7-30 мм, денесі қысқа, жалпақ, алшақ қанатты. Ауыз аппараты тіліп-соорғыш. Ылғалды аймақтарда жиі кездеседі, адамға және жануарларға шабуыл жасайды, олардың терісін тіліп, қанын сорады. Туляремия, трипанозомоз, түйнеме, топалаң, қарасан ауруларын тартушылар. Негізгі туыстары және түрлері: Tabanus(T.bromius, T.autumnalis); Atylotus (A.flavoguttatus, A.karybensuns); Hybomitra (H.acuminata, A.erberi); Haematopota (H.turkestanica) қазақстанда кең тараған.
Әртүрлі шыбындар
тұқымдастарының өкілдері
Бірқатар шыбындардың личиекалары шіріген органикалық заттарда дамып, өсімдіктердің қалдықтары және жануарлардың өлекселерімен қоректеніп, санитарлық рөл атқарады. Мысалы, өлексе шыбыны (Cynomyia mortuorum).
Шыбындардың жыртқыштары мен паразиттері зиянды бунақденелілерді жояды. Мысалы, тахиналар тұқымдасының өкілдері астықтың қауіпті зиякестерін – бақашық, бізтұмсықты, шаршыгүлді қандалаларды зақымдайды. Солардың ішінде фазия шыбындары: сұр фазия (Alophore subcolloptrafa); алтын фазия (Clytiomyia helluo). Барылдақ шыбындар тұқымдасының (Bombyliidae) личинкалары көбелектердің, торқанаттылардың, жарғаққанаттыладрдың паразиттері. Саркофагидалар немесе еттің сұрғылт шыбындар тұқымдасының (Sarcophagidae) личинкалары шегірткелердің, өсімдік қандалалардың қоңыздардың, көбелектердің паразиттері.
Ересек шыбындар гүлді
өсімдіктердің шырынымен
Адам денсаулығына зиян келтіретін нағыз шыбындар тұқымдасының – Muscidae өкілдері, мысалы, үй шыбыны (Musca domestica). Олар барлық аймақта кең тараған, дизентерия, оба, іш сүзегі, полиемиелит және ондаған жұқпалы ауруларды таратады. Це-це шыбыны (Glosina palpalis) «ұйқы ауруын» таратушы. Қауіпті зиянкес – тірі туавтын вольфартов шыбыны (Wohlfahrita magnifica) личинкаларын сүтқоректілердің мұрнына, көзіне, құлағына, аналь тесігіне және жараланған жерлеріне салады. Личинкалар тірі ұлпалармен қоректеніп, сыртқа шығып жерге түскен соң қуыршаққа айналады. Вольфартов шыбыны личинкаларын ұйықтап жатқан адамдарға да салады: құлағына, мұрнына, көзіне, аузына. Личинкалар миаза ауруын қоздырады.
Бөгелектер тұқымдасының – Oestridae өкілдері мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Бұлар біршама ірі, еркін өмір сүретін түкті шыбындар. Ауыз аппараты дамымаған. Личинкалары толықтау, алдыңғы жағынан қысыңқы, қаттылау, сақина тәрізді белдеулері бар, артқы және алдыңғы жағында хитинделген жұп дем (тыныс) алғышы болады. Личинкаларын тірі туады немесе жұмыртқаларын малдың терісіне салады. Личинкалары тері астында, қарында, мұрын, маңдай және жақ қуысында тіршілік етіп, осы мүшелерді зақымдайды. Негізгі өкілдері: жылқы бөгелегі (Gastrophilus intestinalis), қой немесе кеңсірік бөгелегі (Oestrus ovis), оқыра немесе ірі қара бөгелегі (Hypoderma bovis).
Қансорғыштар тұқымдасының – Hippoboscidae 200-ден аса түрі бар, ұзындығы 4-8 мм, құстардың және сүтқоректілердің эктопаразиттері. Негізгі өкілдері: жылқы қангсорғышы (Hippobosca eguina), ит қансорғышы (H.longipennis).
Пайдаланылған әдебиеттер:
К.Ә. Дәуітбаева, Б.Е. Есжанов, Р.С. Сапарғалиева, С.Т. Нұртазин Жануарлар алуан түрлілігі. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы, 1-кітап, 2004: 2-кітап, 2005, Алматы.
Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. М.: Высшая школа, 1980.
Гиляров М.С. Особенности почвы как среды обитанич и ее значение в эволюции насекомых. ТИ-Л.: АН СССР, 1949.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. М.: Высшая школа, 1981.
Дубицкий А.М. Кровососущие комары Казахстана. Алматы: АН КазССР, 1970.
Иванов П.П. Руководство по общей и сравнительной эмбриологии. Л.: Учпедгиз, 1945.
Исторические развитие класса насекомых. М.: Наука, 1980.
Қазақстанның «Қызыл кітабы». Алматы: Ғылым 1996. І том. Жануарлар.
Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зинкестерімен биологиялық күрес тәсілдері. Алматы: Кайнар, 1980.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. М.: Просвщение, 1976.