Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы
Тест, 29 Января 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралаған және түрлерінің саны жағынан ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 23 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Работа состоит из 1 файл
Диплом жұмысы.docx
— 66.96 Кб (Скачать документ)Буынаяқтылар типі – Arthropoda
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралаған және түрлерінің саны жағынан ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 23 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Буынаяқтылар типіне
шянтәрізділер,
Буынаяқтылар –
дара жыныстылар. Жыныс диморфизі
жақсы дамыған. Эмбриональды
Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда, ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада да көп кездеседі. Адам және жануарлар организмдерінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы өте зор.олар адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды таратушылар, сондай ақ егістік өсімдіктері мен орман өсімдіктерінің зиянкестері. Екінші жағынан буынаяқтылар азық түлік және техникалық шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады, топырақты құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам тамаққа да пайдаланады.
Эволюциялық даму
тұрғысынан қарағанда
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Буынаяқтылардың денесі кутикуламен қапталынған, буылтық құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Олардың құрамында хитин заты көп. Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин – өспейтін, созылмайтын, ешбір қышқылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитин (французша chitine, грекше chiton – тері, қабық) деген терминді, бунақденелілердың қатты кутикула қабығын зерттеп, 1823 жылы француз ғалымы Л. Одье ұсынды. Хитин – полисахаридтер тобындаңы табиғи қосынды, ұзын плимерлер бір-бірімен (В-1,4 глюкозоидты байланыстармен жалғастырған, N-ацетилглюкозаминдерден тұрады. Хитин кутикуланың яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, дененің қаттылығын қамтамасыз етіп қорғаныш және тірек қызметтерін атқарады.
Хитиннің осындай
қасиеттеріне байланысты
Хитинді кутикула
бөлшектеніп дененің әрбір
Буыеаяқтылардың
денесі сегменттелген,
Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім немесе үш тагма құрайды - бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen). Көп жағдайда сегменттердің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері бір-бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі баскеуде және құрсақ бөлімінен тұрады. Бұл шаянтәрізділер мен өрмекшітәрізділерге тән, бас және тұлға – көпаяқтыларға тән, ал бунақденелілердің денесі бас, кеуде және құрсақ тармағына айқын бөлінген.
Буынаяқтылардың
дене сегменттерінің саны
Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау, майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ – мандибула және астыңғы жақ – максилла I-ші мен максилла II-ші. Максилла II-ні астыңғы ерін деп те атайды.
Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардың жұп аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа бейімделген. Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, олардың қалдықтары құрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде қалған, мысалы, құйрық жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, шаншарлар, жұмыртқа салғыштар, тек өзен шаянының аналықтарында құрсақ аяқтары ұрықтанған жұмыртқаларын жинап ұстауға, ал аталықтарында жыныс өнімін аяғына құйып сақтауға бейімделген. Аяқтары өз сегментінде қозғалмалы түрде орналасқан.
Буынаяқтылардың тері-бұлшықет қапшығы барынша жіктеліп, бөлініп, шоғырланған бұлшық еттерге айналған. Олар көлденең жолақты, жиырылып босаңсуы арқылы мүшелерді қозғалысқа келтіреді, ұштарымен хитинді кутикуланың ішкі өсінділеріне тіркелген.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель. Ұрықтық даму кезінде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целом пайда болады да, кейін целомның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр жерден еріп, сонда екінші реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік қуыстың қалдығымен араласады да, миксоцель қуысына айналады, оның қызметі – тірек, тасымалдау және қор жинау.
Буынаятылар тек жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара жыныстылар, жыныс диморфизмі айқын.
Ұрықтануы іштей,
дамуы жұмыртқаның ішінде (эмбриональдық)
және жұмыртқадан шыққаннан
Буынаяқтылар типі төрт тип тармғына бөлінеді: желбезектыныстылар – Branchіata, трилобиттәрізділер – Trіlobіtomorрha, хелицералылар – Chelіcerata, трахея немесе кеңірдекпен тыныс алушылар – Tracheata.
Кеңірдектыныстылар тип тармағы немесе
қосмұршалылар – Tracheata, S.Antennata
Тип тармағына құрлықта тіршілік ететін, кеңірдек (трахея) арқылы тыныс алатын буынаяқтылар жатады. Бұлардың бас бөлімі денеден айқын ерекшеленіп акрон және төрт сегменттен құралған. Акронда жұп күрделі (фасеттік) көздері, бірнеше қарапайым көзшелері және жұп мұртшалары немесе антенналары орналасқан (қосмұртшалылар деп аталуы да осыдан).
Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың сыртқы тері жамылғысы, яғни хитинді кутикуласы өте жақсы дамыған, әсіресе іштегі ылғалды сыртқа шығармауға бейімделгендігі – эпикутикула қабаты. Сондай-ақ, бұлар тек қана кеңірдек немесе трахея арқылы тыныс алады (тип тармағының аты да осыдан). Трахеялары эктодермальды.
Кеңірдектыныстылар тек қана жыныстық жолымен дамиды, жыныс диморфизмі айқын, ұрықтануы іштей, постэмбриональды дамуы көп жағдайда метоморфоз (грекше metamorphosis – кенет өзгеруі) жолымен жүреді, ол әр алуан.
Кеңірдектыныстылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: көпаяқтылар – Myriapoda және бунақденелілер – Insecta немесе алтыаяқтылар – Hexapoda.
Бунақденелілер немесе алтыаяқтылар класы – Insecta, Hexapoda
Энтомология – (грекше entomon – бунақдене, logos – ғылым) – бунақденелілерді зерттейтін ғылым, яғни бунақденелілер әлемінің алуан түрлілігін, олардың құрылысы мен тіршілік әрекетін, дамуын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, систематикалық жағдайын, таралуын, маңызын зерттейтін ғылым.
Бунақденелілер класына 2,5 миллионнан аса түрлері жатады. Ғылыми әдебиеттерде жыл сайын жаңа түрлері сипатталуда.
Бунақденелілерді
жер шарының кез келген
Бунақденелілердің ең басты ерекшелігі – денесі айқын үш бөлімнен құралған: бас (cranium), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen), үш жұп немесе алты аяғы бар (алтыаяқтылар деген аты да осыдан), тек қана трахея (кеңірдек) арқылы тыныс алады және көпшілігі ұшуға бейімделген.
Бас (cranium). Бунақденелілердің басы мойын бунағы арқылы кеудесінен анық бөлектенген. Басы акроннан (acron) және бірігіп кеткен сегменттен құралған. Басының алдыңғы жағында (маңдайында) екі мұртшасы (antennae), екі күрделі фасеттік көзлері, қарапайым майда көзшелері орналасқан. Бунақденелілердің екі мұртшасы немесе антеннасы акронның өсіндісі, бірнеше буыннан құралып, негізінде дәм және иіс сезу мүшесіне айналған. Мұртшалардың түрі әрқилы: жіп тәрізді, қыл пластинка (тақта), ара, тарақ, ұршық, түйреуіш, қауырсын тәріздес.
Басындағы акронға жалғасқан төрт сегменттегі аяқтары түрі өзгеріп, ауыз аппаратына айналған. Қоректік заттардың түрлеріне және қоректену тәсілдеріне байланысты ауыз аппараты кеміргіш, кеміргіш-жалағыш, кеміргіш-сорғыш, шанышқыш-сорғыш, сорғыш, жалағыш тағы басқа типтес болып келеді.
Бунақденелілердің
басым көпшілігінің ауыз
Өсімдіктердің шырынымен
және адамның, жануарлардың
Сорғыш-түтік ауыз аппараты көбелектерде жақсы дамыған. Бұлардың – төменгі жақтары ұзарып, сорғыш түтікке айналған, ал қалғандары редукцияға ұшырап рудиментті түрде қалған. Жалағыш ауыз аппараты көбінесе шыбындарда кезедседі.
Бунақденелілердың басының орнатылуы қоректену тәсілдеріне және ауыз аппаратының орналасу бағыттарына байланысты. Ауыз аппараттары алға қарай бағытталса, онда басы прогнатикалық типті (жыртқыштарда), алтөмен қарай бағытталса, онда гипогнатикалық типті, артқа қарай – опистогнотикалық типті.
Бунақденелілердің кейбір түрлерінде ауыз аппараты редукцияға ұшыраған. Мысалы, бөгелектерде (Oestrus), біркүндіктерде (Cloeon, Ephemera), бұлар ересек сатысында қоректенбейді. Бунақденелілердің қарапайым формаларында ауыз аппараты ерекше ауыз капсуласының ішінде орналасып, сыртқы ұштары ғана шығып тұрады. Бұларды жабық жақтылар класс тармағына (Entognatha) біріктіреді. Басым көпшілігінің ауыз аппараттары ауыз тесігінің айналасында орналасып, сырттай жақсы көрінеді, олар ашық жақтылар (Ectognatha) класс тармағын құрайды.
Кеуде (thorax). Бунақденелілердің кеуде немесе көкірек бөлімдері үш сегменттен тұрады: алдыңғы кеуде (protothorax), ортаңғы (mesathorax) және (metathorax) артқы кеуде. Үш сегменттің әрқайсысында бір-бір жұп бунындалған аяқтары болады. Сонымен қатар, ортаңғы және артқы кеуде сегменттерінде бір-бір жұп қанаттары орналасқан. Тек қосқанаттыларда артқы кеуде сегменттеріндегі қанттары рудиментті болып, ызылдауыққа айналған.
Бунақденелілердің үш жұп аяқтарының құрылысы бірдей болып келеді және бес буыннан тұрады жамбасша (coxa) кеудеге тіркелетін буын; ұршықбас (trochanter); сан (femur); сирақ (tibia). Сан мен сирақ негізгі ұзын буындар. Ең соңғысы табан, ол 2-5 буыннан құралған. Табанның соңғы буынында екі тырнағы болады. Қосқанаттыларда тырнақтарының арасында жұмсақ жастықша тәрізді төмпешіктері болады, олар пульвиллалар (pulvilla) және эмподиялар (empodium). Солар арқылы, мысалы, масалар, шыбындар үй төбесіне жабысып тұрады.
Бунақденелілердің тіршілік ету жағдайларына және қозғалуына бейімделе дамыған аяқтары әртүрлі типтес: жүргіш, жүгіргіш аяқтары (тарақандарда, қоңыздарда және т.б.); секіргіш (шегірткелерде, шекшектерде, бүргелерде); жүзгіш (жүзгіш қоңыздарда); жинағыш (бал арасында); қазғыш (бұзаубастарда, қоңыздарда және т.б.); ұстап алғыш (дәуіттерде және т.б.).
Бунақденелілердің көпшілігі жақсы ұшатын жәндіктер, олардың ұшуы қанаттарының құрылысы мен қозғалысына байланысты. Қанаттары кеуде бөліміндегі хитинденген тері жамылғысының өсіндісі, дорзо-вентральды бағытта қабысып жұқа пластинкаға айналған, ұзына бойына да, көлденең де кесіп білеуленіп жатқан жіп тәрізді жүйкелер анық көрінеді. Жүйкелер – өте жіңішке қанат қуысында таралған трахея мен нерв түтікшелері, олар ішкі миксоцель қуысымен жалғасқан. Қанаттардың жүйкелену сипаты бунақденелілердің систематикасындағы басты белгілердің бірі.
Бунақденелілердің
көпшілігінің алдыңғы жұп